ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 750
Скачиваний: 11
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5) ата-аналарды дамыту жұмысына белсенді тарту. Осы принциптерді іске асыру үшін мынадай шарттарды сақтау қажет:
- өмірдің түрлі салаларында баланың әлеуетін, күшті жақтарын және проблемаларын жақсы түсіну үшін ата-аналардың пікірін есепке алу;
- балаға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу үшін ата-аналармен әріптестік қарым-қатынасты және ынтымақтастықты дамыту;
- дамыту жұмысының бағдарламасын әзірлеу кезінде ата-аналардың сұранымын есепке алу;
- ата-аналарды үй жағдайында мамандардың ұсыныстарын орындауға (үй тапсырмалары) ата-аналардың мүмкіндіктері мен ресурстарына сүйене отырып және отбасы туралы мәліметті біле отырып тарту.
Әрбір бала үшін бағдарламаның әзірленуі оның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, жеке әдістерді, тәсілдерді таңдауды және пайдалануды көздейді. Әрбір маман жеке зерттеу негізінде қандай бағыттар бойынша жұмыс істейтін, қандай әдістер мен тәсілдерді пайдалануға болатынын өзі шешеді. Маман психологиялық-педагогикалық жұмыстың адекватты әдістерін таңдау, баламен өз жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін заманауи және инновациялық психологиялық-педагогикалық технологияларын (арнайы және баламалы әдістерді) білуі және жақсы меңгеруі тиіс.
Психологиялық- педагогикалық қолдау- педагогтар мен мамандардың жүйелі ұйымдастырылған қызметі, оның барысында баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалады:
- оқыту қиындықтары бар оқушыларды анықтайды, қиындықтардың сипатын және олардың пайда болу себептерін бағалау мақсатында психологиялық-педагогикалық тексеру жүргізеді;
- тексеру нәтижелерін тиісті формаларда құжаттайды;
- зерттеу нәтижелері бойынша оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтайды;
- оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламаларын жасайды;
- оқушылармен жеке және топтық сабақтар жүргізеді;
- мұғалімдерге, ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне кеңес береді;
- психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағдарламаларын іске асыру нәтижелерінің мониторингін жүзеге асырады;
- әлеуметтік серіктестермен өзара қарым-қатынас жасайды.
ППҚК мамандары мектептің педагогикалық кеңесінің құрамына енгізіледі. Олардың педагогикалық кеңестің жұмысына қатысуы оқушылардың үлгермеушілігінің және мінез-құлқының бұзылу себептерін анықтауға және оларды жеңу тәсілдерін талқылауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында мамандар жоспарлы түрде мұғалімдерді оқытудың арнайы әдістері және тәсілдерімен, жеке және сараланған тәсілдердің технологиясымен таныстырады.
Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысы келесі принципте құрылады:
а) бағалаудың кешенді (пәнаралық) тәсілі:медициналық мәліметтер мен баланың әлеуметтік-психологиялық даму тарихының зерттелуі, әр түрлі мамандардың (психолог, логопед, арнайы және әлеуметтік педагогпен) тексеруі;
б) жүйелі және біртұтас тәсіл: оқыту қиындықтарының пайда болу себептері мен механизмдерін белгілеу, табысты оқытуға кедергі келтіретін бастапқы (жетекші) және қайталама қиындықтардың арақатынасын белгілеу;
в) оқушылардың өзгеріп отыратын қажеттіліктерін динамикалық зерттеу: оқыту процесінде жаңа қажеттіліктерді қанағаттандырудың және олардың пайда болуының мониторингі;
г) командалық жұмыс негізінде:
-
ЕБҚ мен мектепте оқытудың қиындықтарын анықтау мен бағалауға қойылатын бірыңғай амал мен талаптарды сақтау; -
бірыңғай құндылықтарын ұстану: оқушының жеке тұлғасына деген құрмет, оның ішінде отбасы берген бала туралы ақпараттың құпиялылығын сақтауды болжайды; -
білім беру үрдісінің қатысушылардың ынтымақтастығы өзара құрметті және сенім артуы: мұғалімнің, маманның, ата-ананың және баланың; -
қолдау көрсету мамандары арасындағы жауапкершілікті бөлу.
Мектептің ағымдағы жағдайын талдау мен бағалауды мектеп әкімшілігі және ППҚК мамандары төмендегі көрсетілген мақсаттар үшін жүргізеді:
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетуге мектеп ұжымының дайындығын зерттеу. Сауалнама, сұрақтар, әңгімелеуді қолдану
-ерекше білім беру қажеттілігі әлі айқындалмаған оқыту қиындықтары бар балаларды анықтау.
Мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау. Мектеп әкімшілігі инклюзивті білім берудің принциптері мен құндылықтары, оқушыларды оқыту қиындықтарының көріністері мен себептері, оқытудың бейімдік әдістері, оқушыларға жеке әдістер технологиялары, жеке және қысқартылған оқу бағдарламаларын құрастыру әдістері туралы педагогтардың ақпараттарын арттыруға бағытталып, ұйымдастыруы тиіс.Кәсіби дайындық біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстарға, конференцияларға және т.б. іс-шараларға педагогтардың қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
Мектеп қауымдастығын дайындау мектеп әкімшілігі мен ППҚК мамандарының педагогикалық ұжыммен,
оқушылармен, ата-аналармен толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында алдын ала және ағымдағы жұмысын болжайды. Әңгіме, семинарлар, дидактикалық ойындар, әлеуметтік роликтерді қарау, кинофильмдерді, мақалаларды, кітаптарды талқылау сияқты жұмыс түрлері қолданылады.
Одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу қосымша ресурстар ретінде мектеп әкімшілігі, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандары жүзеге асырады. Мұндай әріптестер арнайы білім беру ұйымдарының педагогтары (ПМПК, ППКК, арнайы мектептер), ғылыми-зерттеу орталықтары, зертханалар; жоғары оқу орындары; қоғамдық ұйымдар; ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарының ұйымдары, басқа да мүдделі ұйымдар мен тұлғалар бола алады.
14.2 Ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және оқушының психологиялық-педагогикалық қолдау мазмұнын анықтау үшін мұғалім мен мамандардың құжаттамасы.
Көптеген мемлекеттерде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың қажеттіліктерін бағалаудың және оқыту барысында қолдауды ұйымдастырудың әлеуметтік-педагогикалық моделі қалыптасты. Ал, ол біздің еліміздегі білім беру жүйесінде осы күнге дейін сақталып келген медициналық және дефектологиялық модельден түбегейлі ерекшеленеді.
1-кесте. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету және бағалау моделі.
БЕҚ бар балаларға қолдау көрсетумен бағалаудың клиникалық-дефектологиялық моделі | БЕҚ бар балаларға қолдау көрсетумен бағалаудың әлеуметтік-білім беру моделі |
«білім алуындағы қиындықтар мен проблемалар баланың бойында қалыптасқан және ол мына ұғымдарға негізделген: «мүгедек, қабілетсіз, ауытқушылығы бар» бағалау –медициналық, ал білім беру-түзету тұрғысына бағытталған [3]. | «білім алуында ерекше қажеттілікке мұқтаж бала қиындыққа бейім сондықтан да белгілі бір тосқауылдарға теәуелді. Бағалау- адамның қажеттілігі, ал білім беру- білі алуға қолдау көрсету қоршаған ортаға бейімдеуге бағытталған [3]. |
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың табысты оқуы үшін мектеп олардың жеке ерекшеліктеріне қарай барлық қажетті оқу жағдайлары мен қызметтерін жасауы керек [4].
Сапалы білім алудың жағдайларына халықаралық қауымдастық төмендегілерді жатқызады:
- оқушылардың алауантүрлі мүмкіндіктерін қабылдай алатын мұғалім;
- білім алушының қажеттілігіне қарай білім мазмұнын бейімдеу;
- білім алушының түрлі мүмкіндіктеріне қарай оқу процесінің формасын ұйымдастыру, оқытудың көпнұсқаулығы мен амал-тәсілдерін қолдану;
- білім алушылардың жетістіктерін әртүрлі тәсілмен бағалау;
- мамандардың көмегі;
- жеке сабақтарды жүргізу үшін техникалық құралдармен, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
- ерекше білім беру қажеттіліктерін барлық деңгейде (орталық, аудан, мектеп) қамтамасыздандыру процесін басқару.
Оқушылардың оқу үлгерімін бағалау әдістерін төмендегі көрсетілген жағдайларда өзгерту қажет:
- оқушы арнайы, қысқартылған немесе жеке бағдарламамен оқытылған кезде;
- оқушыларды оқытуда альтернативті әдісті қолданғанда.
Мұндай ерекше білім беру қажеттілігін қанағаттандыру ПМПК ұсынысы негізінде жүзеге асырылады: «жеке амал және баланың оқу үлгерімін бағалаудың вариативтілігі». Егер оқушылар (ЕБҚ 2 және3 топ балалары) үшін мектеп өз бетінше оқу бағдарламасын уақытша қысқарту туралы шешім қабылдаса, онда дәл сол мектеп Кеңесі баланың оқу үлгерімін бағалаудың нұсқауларын және жеке тәсілдерін ұсынады.
Ақыл-ойы бұзылған балаларды оқыту кезінде кез келген нәтиже оң болып саналады. Оқушының жетіктіктерін бағалау акценті жеке бағдарлама шеңберінде қойылады.
Бағалау тәсілдері (рәсімдері) мен бақылау материалдарын өзгерту ықтималдылығы 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері мен бақылау материалдарын өзгерту.
| Оқытудың нәтижесін бағалау әдістерін өзгерту |
1. | Мұғалімнің қайталау, баяу, қысқаша, ауызша нұсаулығы (жазбаша нұсқаудың орнына) |
2. | Тапсырманы орындау үшін қосымша уақыт беру |
3. | Тапсырманы тек ауызша/жазбаша орындауға мүмкіндік беру |
4. | Планшет, ноутбукты қолдану арқылы бақылау тапсырмаларын оырндауға мүмкіндік беру |
5. | Басқа |
| Бақылауматериалдарынөзгерту |
1. | Нұсқаулықты қайта құрастыруға бейімдеу: тапсырманы орындау кезеңіне сәйкес бірнеше бөлімге бөлу |
2. | Бақылау тапсырмаларының санын азайту |
3. | Барлық сыныпқа арналған бақылау тапсырмаларынан өзгеше жеке бақылау тапсырмалары (жеке оқу мақсаттарына сәйкес) |
4. | Бақылау тапсырмасын орындауын жеңілдететін иллюстративті және тірек материалдарды (кесте, сызба, үлгі, сөздік материалдар) қолдану |