Файл: ыса мерзімді жоспары Блім Апаратты жйелер Педагогты атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 15

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Ақпараттық жүйелер

Педагогтың аты-жөні

Сахиева А.

Күні

21.04.2023 ж.

Сынып

Қатысушылар саны:




Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы

КОНСТРУКТОР РЕЖИМІНДЕ ФОРМАЛАР ҚҰРУ. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

10.3.2.5 Алынған мәліметтерді қолдана отырып, есептерді жасау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: MS Access программасында Форма шеберінің көмегімен форма жасау жолын анықтайды

Көпшілік оқушы: MS Access программасында деректер базасының

кестесін жасап формаға ауыстырады

Кейбір оқушы: Деректерден кесте құрастырып, формасын жасауды ұсынады

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Үй тапсырмасын тексеру.



1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4.Өткен сабаққа пысықтау


«Басбармақ» әдісі

арқылы

бағалау

Интербелсенді тақта, слайд, кітап, дәптер


Сабақтың ортасы

32 мин

Практикалық жұмыс

Access программасын іске қосып, «Емтихан» кестесі бойынша деректер базасын құру

1. Конструктор режимінде мәліметтер қорын 1-кесте бойынша құру:
Өрістердің қасиеттері:

Білім алушының реттік нөмірі: типі санауыш, өрісі -

№, индекстелген, қайталаусыз.

Тегі: типі мәтіндік, өрістің өлшемі 50, міндетті, бос жолсыз, индекстелген.

Есімі: типі мәтіндік, өрістің өлшемі 25, міндетті, бос

Оқушыныңреттік

нөмірі

Тегі

Есімі

Сыны п

1-

емтих ан

2-

емтих ан

3-

емтих ан






















Сынып: типі мәтіндік, өрістің өлшемі 7, жазу Сынып, міндетті, бос жолсыз, индекстелген.

Емтихандағы баға: типі сандық, байттық форматы, өрістердің жазуларын, пәндердің аттарын қойыңыз, мысалы, тарих, биология, Between 2 and 5 пайдаланыңыз, ал бағаны «қате енгізіңіз» деген қате мәтінін пайдаланыңыз.

Білім алушының реттік нөмірі өрісін кілттік етіп қойыңыз. Кестені Емтихандар деген атпен сақтаңыз да, кесте шеберін жабыңыз.

Емтихандар кестесін толтыру және өзгертуге арналған шеберді қолдану формасын құрыңыз. Оны Емтихандар деген атпен сақтаңыз. Құралдар тақтасындағы «Жасау (создать)» батырмасын шеберді шақыру үшін қолданады. Осы форманы пайдаланып мәліметтер қорын толтырыңыз.

Конструкторды пайдаланып форманы құрыңыз (қолдан құрылады). Негізі ретінде кесте немесе сұраныс болады.

Құралдар тақтасындағы «Құру» батырмасын таңдап, Емтихандар кестесін негізі ретінде таңдап алыңыз. Одан кейін форманың конструктор шеберін таңдаңыз. Мәліметтер аймағында форманың бос бланкісі ашылады. Олармен танысып алыңыз. Егер мәліметтер аймағы ғана болса, онда түр мәзірінде аты/форманың ескертулері дегенді қосыңыз. Басқару элементтерінен форма құрылады. Олар құралдар тақтасында орналасады.

«Жазу» элементі жазбаларды жазуға арналған. Өріс кестедегі мәліметтерді көрсетеді және санауға арналған элементі.

Форманың мәліметтер аймағына өрістерді сүйретуді пайдаланып, барлық өрістерді апарыңыз. Сонымен қатар, форманың мәліметтері сәйкес келетін кестенің мәндерімен байланысады («Мәліметтер» – өрістің қасиеті). Мәліметтер аймағындағы әр өріске жазу қосылады, оның қасиеті өрістің атымен сәйкес келеді. Оны алып тастаңыз.

Кестенің бағандарына жазбаларды енгізіңіз.

«Емтиханның ведомосі» деген жазбамен қойыңыз.

Түгел форманың қасиетін өзгертіңіз. Ол үшін тышқанның оң жақ батырмасын форманың сол жағындағы жоғары жағынан шерту керек . Үнсіз бойынша форма бір бағанды болады. Макеттің «Үнсіз бойынша» қасиетін «Ленталық формаға» ауыстыру керек. Онда форманың түрі жазбалардың кестесі болады.

Ведомость деген атпен форманы сақтаңыз. Қайтадан конструктор шеберіне кіріп, форманы түзетіп алыңыз. Өлшемі бойынша барлық элементтерді түзетіңіз.

Дескриптор:

Конструктор режимінде деректер базасын жасайды.


Мұғалімді тыңдайды




Презентация


Сабақтың соңы

6 мин

1. Кері байланыс: «Телеграмм» әдісі

1. Конструктор режимінде формаларды қалай құруға болады?

2. Өрістердің қаситеттерін ата

2. Рефлексия

барлығын түсіндім

менде сұрақтар қалды

Сұрақтарға жауап береді

Өзін-өзі бағалау.

«Басбармақ» әдісі

арқылы

бағалау

Интербелсенді тақта, слайд


Үй тапсырмасы

1 мин

Конструктор режимінде формалар құру тақырыбына мысал келтіру

Тапсырманы жазып алады




Интербелсенді тақта, слайд,