Файл: Лекция жне зертханалы сабатарды, СЖ таырыптарыны атаулары.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 209
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сүзу арқылы зарарсыздандыру. Кейбір қоректік орталарды жоғары температурамен зарарсыздандыруға болмайды. Өйткені олардың құрамы мүлдем өзгеріп кетуі мүмкін. Сол үшін сұйық орталарды микробтар өте алмайтын саңылауы бар арнаулы бактериялық сүзгіштерден өткізеді. Вирустар бактериялық сүзгіштерден өтіп кетеді. Бұндай сүзгіштерді тым кішкене бактерияларды ұстап қалатын материалдардан (коалин, асбест, нитроцеллюлоза және т.б.) жасайды.
Асбест сүзгіш (Зейтц сүзгіші). Бұл қалындығы 3-5 мм және диаметрі 35 және 140 мм көлемі кішкене немесе үлкен сұйықтарды сүзуге арналған асбест пластинкалар. Бұл сүзгіштерді қолданар алдында аспаптарға бекітіп, солармен бірге зарарсыздандырады. Асбест сүзгіштері бір рет қолдануға ғана жарайды.
Мембраналы ультрасүзгіштер. Бұл диаметрі 35 мм және қалыңдығы 0,1 мм органикалық затнитроклетчаткадан жасалған ақ дискі. Пайдалану алдынан мембраналы сүзгіштерді де қайнату арқылы зарарсыздандырып алу керек. Ол үшін сүзгіні температурасы 50-600С жылытылған суға салады. Одан соң суды 30 минуттай қайнатады. Бұнда суды 2-3 рет ауыстыру қажет. Мембраналы сүзгіштерді де, арнаулы сүзгіштерді де арнаулы сүуші аспапқа (Зейтц аспабы) орнатады.
Сүзу барысында сүзгідегі қысымның өзгеруіне байланысты сұйық сүзгі саңылауынан өтеді де, микробтар сүзгі бетінде қалып қояды.
Бақылау сұрақтары:
1.Микробиологиялық лаборатория қандай мақсатқа пайдаланылады?
2.Лабораториядағы студенттердің жұмыс орны қандай болуы тиіс?
3.Биологиялық имммерсиондық микроскоптың құрылысын ашып көрсетінің.
4.Иммерсионды объектив не үшін қажет?
5.Микроскоптың түрлерін атаңыз.
6. Зарасыздандыру дегеніміз не?
7. Неліктен микробиологиялық ыдыстарды зарарсыздандырамыз?
8. Жалында қару әдісін қалай жүргізесіз?
9. Тиндализациялау дегеніміз не?
10. Мембраналы ультрасүзгіштердің құрылымын айтыңыз?
№2 Зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Қоректік орта және микроорганизмдерден препараттар даярлау әдістері.
Сабақтың мақсаты: Студенттерде қоректік орталардың түрлері мен олардың құрамы туралы ұғым қалыптастыру. Студенттерді микроорганизмдерден препараттарды даярлау әдістерімен таныстырып, олардың әдістемесін үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: Биологиялық микроскоптар, заттық және жабын әйнектер, спиртовка /шілтер/, шырпы, металл ілмешек, тұрақты препараттар, сүзгіш қағаздар, геницианвиолет, метилвиолет, геммотокселин.
Тапсырманың орындалу барысы.
1. Микраорганизмдерден препараттар дайындау және егу әдістерімен танысу.
2. 1% пептон, ет сорпасы, ас тұзы, агар-агар қосып 10 минут қайнатып Ет-пептонды-агар ортасын дайындаймыз.
3. Табиғи қоректік ортаны дайындау әдістерін меңгеру.
4. Синтетикалық қоректік орталарды жасау.
5. Жаншылған тамшы әдісі арқылы микроорганизмдерден препараттар дайындау.
6. Аспа тамшы әдісі арқылы микроорганизмдерден препараттар дайындау.
7. Бактерияларды грамм әдісімен бояу.
Микроорганизмдерді түрлі субстраттан бөлу, көбейтіп алу және оларды жоғалтып алмай сақтап қалу, сонымен бірге олардың биологиясын зерттеп білу үшін қоректік орталар дайындау керек. Ол орталар тек қажетті элементтер қоры ғана емес, сонымен бірге микрооганизмдердің тіршілік ететін мекені де болып саналады. Сондықтан микроорганизмдерге арнап қоректік орталар дайындағанда олардың тіршілігіне қажетті заттардың болуын ғана емес клеткамен сол орталар арасында зат алмасу процесінің мейлінше жақсы жүруін қамтамасыз етілуін де ескеру керек.
Микроорганизмдер үшін қажетті қоректік элементтерге: көміртегі, азот, күкірт, фосфор, күл элементтері, сонымен бірге олардың топтарына қосымша қоректік заттар: витаминдер, өсуді қолдаушы түрлі факторлар және т.б. қажет болады. Негізгі факторларға қоректік элементтерден басқа ылғалдылық, ортадағы осмос қысымының деңгейі, орта қышқылдығы (рН), тотығу-тотықсыздану потенциалы (rH2), температура, аэрация және басқалары жатады. Сондықтан қоректік орталарды дайындағанда жоғарыдағы көрсетілгендерді қамтамасыз етуден басқа микроорганизмдердің өз денесін құрайтын, тіршілігін сүйемелдейтін заттардың да болуына баса көңіл аудару керек.
Қоректік орталарды табиғи және жасанды деп бөледі. Табиғи қоректік орталарға сүт, жұмыртқа, картоп түрлі тағамдық өсімдіктер және олардың қайнатпасы, көң, топырақ, ет, балық, түрлі жармалар жатады. Жасанды қоректік орталарға түрлі табиғи қосылыстардың қоспалары жатады. Олар пептон, еттен алынған түрлі сығындылар, қан, сарысу және түрлі тұздардан тұрады.
Ал құрамы белгілі нақты химиялық заттардан тұратын орталарды синтетикалық орталар деп атайды.
Барлық қоректік орталарды үш топқа бөледі.
Әдеттегі немесе жай орталар микробтардың басым көпшілігін өсіруге жарамды. Бұларға: ет-пептонды сорпасы (ЕПС), ет-пептонды агар (ЕПА) ет-пептонды желатина (ЕПЖ), жартылай сұйық (қоймалжың) агар т.б.
Арнаулы қоректік орталар – жай, яғни әдеттегі орталарда өспейтін микробтарды өсіруге арналған. Бұған: ет-пептонды бауыр сорпасы (ЕПБС), анаэроб микробтарды өсіруге арналған қан, қантты агар, саңырауқұлақтарды өсіруге арналған Сабуро ортасы, туберкулез (өкпе ауруы) бактерияларын өсіруге арналған орталар.
Дифференциалды – диагностикалық орталар – түрге жіктеуді қамтамасыз ететін микробтардың биохимиялық қасиеттерін зерттеу үшін қолданылады. Бұған Андрэдэ индикаторы бар орта, Эндо агары, Конради-Дригальский ортасы және басқалары жатады. Бұндай орталарға микроорганизм қоспалары себілсе, осы қоректік орта дәл белгілі бір микроорганизм өсуіне аса қолайлы болса, сол бірінші болып қаулап дамиды.
Осымен қатар белгілі микроорганизмдерді өсіру үшін қолданылатын орталар да бар. Оларды элективті (талғамды) қоректік орталар деп атайды.
Физикалық күйі жағынан қоректік орталар сұйық, жартылай және қатты болып бөлінеді.
Дайын қоректік орталарды құрғақ салқын жерде сақтайды. Аздап құрғап кеткен, ұзақ сақталған қоректік орталарды микробтарды себер алдынан балқытып алады да, содан соң белгілі бір пішінде (қиғаштап) қатырады.
Қоректік ортаға арналған ыдыстарды (пробиркалар, колбалар) тазалап жуады, кептіреді, және автоклавта немесе құрғатқыш шкафта 160-170 0С зарарсыздандырады. Ыдыс тығынын мақтадан қабаттап жасайды. Ол ыдысқа тығыз кіріп тұруы шарт. Бұрын қолданылған тығындарды алдымен құрғатып, зарарсыздандырып алады. Содан соң ғана оларды қайтадан қолдануға болады. Тығынды ұзақ уақыт қолданғанда шеттері шетінеп, бұдырланып кетеді. Сонда оларды дәкеге орап жоғары ұшын жіппен байлап қолдануға болады. Тығынның құрғақ болғанына баса назар аударылғаны жөн. Өйткені ылғал тығынмен ыдысты тығындағанда онда түрлі зең саңырауқұлақтар өсіп кетуі ықтимал. Олар тығын ішіндегі қоректік ортаға енсе оны бүлдіретіні белгілі.
Көпшілік микроорганизмдерге ет қайнатпасын қолайлы қоректік орта болады деп жоғарыда айтқан болатынбыз. Ет қайнатпасын даярлау үшін 1 кг жаңа сойған мал етін (сүйексіз, майсыз, шандырысыз жері) езіп, оған 2 литр құбыр суын құйып, салқын жерге 4-6 0С температурада 18-20 сағатқа қалдырады. Содан соң етті сығып, тұндырманы бір сағаттай қайнатады. Ет тұндырмасын қағаз сүзгімен сүзіп, оған бастапқы көлемге жеткенше дистилденген су құяды. Содан соң колбаларға құйып 120 0С температурада 30-40 минуттай автоклавта зарарсыздандырады. Қоректік орталарды ыдысқа құю үшін 3-суретте көрсетілген аспап пайдаланылады. Оның ұшына резинка кигізеді. Ал резинаға ортаны мөлшерлеп жіберіп тұратын қысқыш орнатады. Бұл пробирка шеттеріне қоректік орта тамбауын қамтамасыз етеді де, кейін пробирка мойнының таза болуына мүмкіндік туғызады.
Ет-пептонды сорпа (ЕПС). Бұны даярлау үшін ет тұнбасына 1% пептон, 0,5% химиялық жағынан алғанда аса таза ас тұзын қосып 10 минут қайнатады. Содан соңсорпаны қағаз сүзгімен сүзіп, оның қышқылдығын (рН) анықтайды. рН көрсеткішін 7,3-7,4 деңгейіне жеткізу үшін оған қышқыл немесе сілті қосады. Сорпаны су қосып бастапқы көлемге жеткізіп 10 минут қайнатады. Бұдан кейін пробиркаларға немесе колбаларға құйып 120 0С температурада 20-30 минуттай автоклавта зарарсыздандырады.
Глюкозасы бар ет-пептонды сорпа. Дайын ет-пептонды сорпаға 1% глюкозаны қосады. Глюкоза ерігеннен соң сүзеді де, ішінде ашытуға арналған түтікшелері бар пробиркаларға құйып, бөліп-бөліп бу ағынын түзетін аппаратта зарарсыздандырады.
Қан сорпа. Дайын ет-пептонды сорпаға алдын-ала фибриллаларынан тазартылған қоянның, қойдың, жылқының немесе сиырдың (бір бөлігі қан 4 бөлігі сорпа) қанын қосады.
Қанды малдың бастан басталатын (яремная) венадан алады. Қан алар алдында ол жердің жүнін қырқып тазартып, теріні зарарсыздандырады. Фибринді айыру үшін қаны бар колбаны 15-20 минуттай қатты шайқайды.
Ет-пептонды агар (ЕПА). Қатты қоректік орта болып саналады. Құрамы жағынан қатты көректік орталар сондай сұйық орталармен бірдей. Тек мұнда ортаны қатайту үшін агар-агар немесе желатина қосылады. Көбінесе бұл мақсатта агар-агарады қолданады.
Микроорганизмдерден препараттар даярлау әдістері.
Препарат даярлау үшін культураларды алу. Спиртовка жалынында әбден қарылған микробиологиялық ілмешекпен пробиркадағы культурадан ептеп қана азғана микробты іліп алады. Материалды алу үшін пробирканы спиртовка жалынына таяп, оның тығынын оң қол саусағымен қысып алып, ашады да жалынға қарып, ілмешекпен қармайды. Материал алу кезінде пробирканы жалынға тиер-тимес етіп, келбете ұстаған жөн. Егерде культураны сұйық ортадан алса, сұйық төгіліп кетпес үшін пробирканы тым еңкейтіп жібермеу керек. Культураны алып болғаннан соң пробирканың аузын және тығынды жалынға жақсылап қарып алған дұрыс.
Микроорганизмдердің клеткаларын тірілей зерттеу үшін жаншылған және аспа тамшылар әдісін қолданады. Осы екі жағдайда да микробтарды тірілей бояуға мүмкіндік бар.
Жаншылған тамшы әдісі. Таза заттық әйнек бетінде құбыр суының бір тамшысын тамызады. Бұған ілмешекпен микроб культурасын салып, араластырады да жабын әйнегімен ауа көпіршіктері қалмайтындай етіп жабады. Шыны таяқшамен жабын әйнекті заттық әйнекке ептеп жаншы қысады. Әйнек шетінен шыққан артық суды сүзгіш қағазбен сорғызып алады. Егер де иммерсиялы объективпен қараса жабын әйнек бетіне самырсын майын тамызады. Бұл әдіспен бактериялар қозғалысын және ірі – зең саңырауқұлақтары ашықтылар сияқты объектілері сияқты объектілерді қараған қолайлы. Сонымен, бұл әдістің клетка ішіндегі қор заттарын қарағанда да көп көмеге бар. Осындай әдіспен микробтарды тірілей зерттегенде концентрациясы 0,001 ден 0,0001% дейін болатын метил көгі және бейтарап қызыл бояуларды қолдану керек.
Аспа тамшы әдісі. Микроорганизмдер клеткаларын ұзақ уақыт бақылағанда аспа тамшы әдісін қолданады. Сұйық қоректік ортада өсірілген немесе осы мақсатқа арнап физиологиялық ерітінде дайындалған микробтар суспензиясын зарарсыздандырылған жабын әйнек аударып жабады. Сонда ойық бетінде тамшы асылып қалады. Жабын әйнек айналасын вазелинмен қымтап жауап тастайды.
Микроорганизмдердің фиксацияланған препараттарын даярлау. Микробиологияда осындай препаратты көбірек өолданады. Препаратты бояғанна соң микроскоппен қарайды. Фиксациялау деп микроскоппен қарайтын тірі объектіні алдын ала тез арада өлтіруді айтады. Сонда клетка ішіндегі заттар бүлінбей сақталып қалады. Ал фиксацияланған препарат шыныға жабысады да бояу жақсы сіңеді. Бұл әдіс заттық әйнекті дайындау, жұғындыны әзірлеу, кептіру, фиксациялау және бояу сияқты бірнеше жұмыстардан тұрады.
Жұғындыны дайындау. Таза, майсыздандырылған заттық әйнекке құбыр суның бір тамшысын тамызады. Пробиркадан бактериологиялық ілемшекпен зарарсыздандырылған жағдайда микробтың бір түйірін іліп алып, тамшыда езеді. Суспензия қою болып кетсе, сумен сұйылту керек. Ол үшін қою суспензияның бір тамшысын екінші заттық әйнек бетіне су тамызып соған салып езеді. Жұғындыны жайып, бөлме температурасында немесе спиртовканың жалынының әлсіз жеріне ұстап кептіреді. Ыстық жалында кептіруге болмайды. Өйткені бұнда клетка белогы ұйып, оның пішіні мен құрылымы бұзылады. Кептірілген препаратты фиксациялайды.
Жұғындыны фиксациялау. Фиксациялау кезінде микроорганизмдер өледі, әйнекке жабасып қалады. Сонда жұғындыдағы микробтар оңай боялады. Сонда жұғындыдағы микробтар оңай боялады. Фиксациялауды жалында жүргізеді. Заттық әйнектің микробы бар жағын жоғары қаратып, спиртовка жалынында әлсін-әлі қыздырып алады. Жалпы әйнек ысып, қолға бата бастағанда фиксациялауды тоқтатады.
Әйнек салқындаған соң жұғындыны бояуға кіріседі. Метилен көгі мен негізгі фуксин ең қарапайым және іс жүзінде көп қолданылатын бояулар. Егерде фуксинмен боялса препаратты бұл бояуда 2-3 минут ұстайды, ал метилен көгі қолданылса, онда 3-4 минут керек. Бұдан кейін бояуды сумен жуады немесе таза сумен біраз шаймалайды. Сонда аққан су мөлдір болуы керек. Сүзгі қағазбен әйнекті құрғатады, ал жұғындыны сүзгіш қағазды ептеп жабу арқылы дегдітеді. Дайын препараттың бір бетіне бактериялар пішін, препарат дайындаған студент фамилиясы, оқу тобының нөмірі жазылады.
Бактерияларды Грам әдісі бойынша бояу. Микроорганизмдерді жалпы бояу үшін метилен көгі, карбол немесе сілті ерітіндісіне даярланған генициан күлгіні қолданылады. Бұл бояулармен барлық микробтар клеткасы бояла береді, бірақ микробтар цитоплазмасының құрылысы барлығында бірдей бола бермейді. Кейбір микробтар клеткасы бояуларға талғампаз келеді. Егер де олардың бір тобы бір бояумен боялса, қалған кейбір топтары осы бояумен боялмайтын болады. Міне микроб клеткаларын осындай қасиетін ескере отырып, бояудың күрделі түрлерін қолдану іске асырылды. Күрделі бояу әдістерінен лабораториялық жағдайда Грам әдісі, Циль-Нильсен, Козловский т.б. әдістері қолданылады.