Файл: рметті ріптес 20232024 оу жылына дейін аманесен болайы! ыса мерзімді жоспар1.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 109

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар-5

     

Бөлім:

8.4 В Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы

Зерттеу сұрағы:Қандай қазақстандық Ұлы Отан соғыс батырлары халық есінде сақталды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.3.2.1 – қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау;


Сабақтың мақсаты

Елжанды, азаматтардың Отан алдындағы парызын түсінетін сындарлы тұлға тәрбиелеу


      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Баға

лау

Ресурс

тар

Ұйымдастыру

кезеңі


Ой салу

Оқушыларға "Священная война" әнін тыңдату және Бауыржан Момышұлының "Отан үшін отқа түс, күймейсің" сөзін тақтаға жазып қою.

- Бұл ән сіздерде қандай сезім тудырады?

- Б. Момышұлының сөздері мен естіген әнде ортақ идея бар ма?

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылады.

Оқушылар Б. Момышұлының сөздеріне өз жауаптарын ұсынады

Мадақ

тау

Мұғалім презентациясы


Жаңа сабақ

Бейнефильм «Ұлы Отан соғысы» көрсетіледі. Мақсаты,оқушыларға дүние тарихымен байланыстыра отырып,Ұлы Отан соғысы жайында қысқаша түсінік беру.

Бейнефильм не жайлы?

Қандай негізгі ойды білдіреді?

Саған қатты әсер еткен бөлігі ?

Сен үшін жаңа ақпарат болды ма?

- Бұл соғыс қашан басталды?

- Неліктен Отан соғысы деп аталған?

Сынып ішінде талқылау ұйымдастырып, оқушылардың пікірін тыңдау. Әңгімелесу.

Детальдарды қосу стратегиясы,
Бастапқы сөйлемнің мысалы:
-Ұлы Отан соғысы 1941 жылы басталды…
-ҰОС Қазақстаннан 1млн 200 мың адам қатысты…
- 500-ге жуық қазақстандықтар Кеңес Одағы Батыры атағына ие болды…
Сыни ойлау

Оқушыларға соғыс жылдарында майданнан жазылған хаттардан үзінділер ұсыну, келесі сұрақтаға жауап іздеуді тапсыру:

- Хаттардағы мәліметтерге сенуге болады ма?

- Хат жазушылардың қандай ұқсас пікірлері бар?

- Хат авторлары соғысты қалай суреттейді? Оқушылардың жауаптарын тыңдап болған соң:

- Сұрапыл соғыс жылдарында майдан алаңындағы жауынгерлер мен шалғайда қалған туған-туысқандардың арасын хаттар жалғастырған. Сол кездегі көздің жасы сіңген хаттарда сарқылмас сағыныш, түпсіз терең ой, мәңгілік махаббат пен қалың ормандай қайғы-қасірет бар, - деп қорытындылау.

ЕББҚ оқушыға қолдау көрсету мақсатында суреттің үлкен нұсқасын ұсынамын.

Алдын-ала зерттеуге берілген тапсырмаларды топтардың жариялауы:

Мәскеу үшін шайқас




Ленинград үшін шайқас



Сталинград үшін шайқас



Берлинге бағыт




-Шайқастың маңыздылығы

-Ерлік деп қандай іс-әрекетті бағалаймыз?

-Ерен ерлік көрсеткен қазақстандықтар кімдер?Оқушылардың ойын қорытындылау.

ЕББҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды

Мәтінмен жұмыс

Дескрипторлар

- Ұлы Отан соғысы жайында түсінік береді;

- ҰОС кезіндегі маңызды шайқастарда ерлік көрсеткен қазақстандық батырларды біледі

ҰОС кезіндегі маңызды шайқастарда ерлік көрсеткен қазақстандық батырлардыі ерліктерін сипаттайды;

- ҰОС кезіндегі маңызды шайқастарда ерлік көрсеткен қазақстандық батырлардың ерліктеріне талдау жасайды;


Дескрипторлар
- Сұрапыл соғыс жылдарында майдан алаңындағы жауынгерлердің ертілкетін сипаттайды;

- Сұрапыл соғыс жылдарында майдан алаңындағы жауынгерлердің ерліктеріне баға бареді;



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»

«Алақан-жұдырық»
«Жұлдызшалар»

«Екі жұлдыз,бір ұсыныс»

«Бармақпен»


Қ. Исабай. Алғы шепте. – Алматы: Санат, 2005.


Ә. Нұршайықов. Боздақтар: повестер мен әңгімелер. – Алматы: Санат, 2005

Б. Ғ. Аяған, Х. М. Әбжанов, Д. А. Махат.
Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы: Раритет, 2010

http://lms.nci.kz/history/view?f=253&id=9&lang=kaz



Қорытынды

Кері байланыс

Маған бүгінгі сабақта ұнаған үш жағдай...
Мені бүгінгі сабақта ойландырған екі жағдай...
Менің бір ұсынысым немесе сұрағым...

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

ҚБ – сабақтағы өз әрекетіне рефлексия жасау;

А4, конспект


Үй тапсырмасы

Қазіргі бейбіт заманда қиын жағдай туса, ерлік жасайтын жастар көп пе?











Қысқа мерзімді жоспар-6

     

Бөлім:

8.4 В Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы

Зерттеу сұрағы:Қандай қазақстандық Ұлы Отан соғыс батырлары халық есінде сақталды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.3.2.2 – Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау

Сабақтың мақсаты

Қазақстандықтардың екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін баға беру,Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау,

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Ой шақыру:«Ұлы Отан соғысы» туралы бейне суреттер көрсетіледі. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында сұрақтар қойылады?

1.Ұлы Отан соғысы қашан басталды? Себептері неде болды?

2.Ұлы Отан соғысының адамзатқа әкелген қасіреті қандай болды?

3.Қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесі қандай деп ойлайсыңдар?

Оқушылар түрткі сұрақтар арқылы тақырыптыөздері анықтайды.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар Қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесі туралы өз жауаптарын ұсынады

Мадақ

тау

Қ. Исабай. Алғы шепте. – Алматы: Санат, 2005.

Ә. Нұршайықов. Боздақтар: повестер мен әңгімелер. – Алматы: Санат, 2005

Жаңа сабақ

Мәтінмен жұмыс.Ұлы Отан соғысында ерлікпен қорғалған қалалар жайында оқушыларға мәтін беріледі.берілген мәтінді оқып шайқастың болған уақытын анықтайды.

Берілген сөздерден сөйлем құрастыр.

1. Танкімен, авиациямен, мемлекет, және, қызыл, жарақтандыруға, ерекше, армия, бөлді, көңіл.

Мемлекет Қызыл Армияны танкімен және авиациямен жарақтандыруға ерекше көңіл бөлді.

2. Шымкент, түбінде, Мәскеу, теміржол, жүріп, шайқастар, торабының, жатқан, комсомолдары, кездің өзінде - ақ, танк, “Қазақстан комсомолы” қаржы, колоннасына, берді, ауыр, жинап.

Мәскеу түбінде ауыр шайқастар жүріп жатқан кездің өзінде - ақ Шымкент теміржол торабының комсомолдары“Қазақстан комсомолы” танк колоннасына қаржы жинап берді.

3. Оқушылар, масақ, металл, жүздеген, сынықтарын, мың, жинады, терді.

Жүздеген мың оқушылар масақ терді, металл сынықтарын жинады.

4. Өздері, 4 млн сомнан, олар, “Қазақстан пионері”, қорына, астам, тапқан, ақшасын, аударды.

Олар өздері тапқан 4 млн сомнан астам ақшасын “Қазақстан пионері, қорына аударды.”

ЕББҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі.

Зерттеу сұрақтары:

Ұлы Отан соғысының қандай батырлары халық есінде сақталды?

Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен ұрпақтарға берер өнегесі қандай?

Бауыржан Момышұлының батырлық ерлігіне, тұлғалық қасиетіне баға беріңіз

ЕББоқушыға тапсырма шығарылып беріледі.

Дескриптор:

Шайқастың болған уақытын анықтайды;;

Шайқаста ерлік көрсеткен Қазақстандықтарды анықтап, шайқастың маңыздылығын түсіндіреді;

Оқушылар мәтінді оқып, талдайды, талқылайды. Оқушылар Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың ерлігіне талдаулар жасап, дәлелдер келтіреді

Дескрипторлар

- Тақырыптың мазмұнын ашу;

-Кемінде 2 дәлел келтіру;

-Қорытынды ой тұжырым



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»

«Екі жұлдыз,бір ұсыныс»


«Бармақпен»


Мәтін: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан
Қ. Исабай. Алғы шепте. – Алматы: Санат, 2005.

https://www.youtube.com/watch?v=PN78tjcb9dg

Б. Ғ. Аяған, Х. М. Әбжанов, Д. А. Махат. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы: Раритет, 2010


Қорытынды

Кері байланыс

«Ойлаудың үш гүлі»

  • Менің бүгін білгенім

  • Мені қызықтырғаны

  • Мен әлде де білгім келеді

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

ҚБ – сабақтағы өз әрекетіне рефлексия жасау;

А4, конспект


Үй тапсырмасы

«Бауыржан Момышұлы-жауынгер жазушы»шығармашылығы туралы мәтіметтер оқу











Қысқа мерзімді жоспар-7

     

Бөлім:

8.4 В Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы

Зерттеу сұрағы:Қандай қазақстандық Ұлы Отан соғыс батырлары халық есінде сақталды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.3.2.1 – қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау;

8.3.2.2 – Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар : Бауыржан Момышұлының батырлық,тұлғалық қасиетін айқындау.

Көпшілігі : Бауыржан Момышұлының шығармашылық қабілетін талдау .

Кейбірі : Бауыржан Момышұлының соғыс майданындағы ерлігін бағалау.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Ой шақыру:«Жүрегіміз темір, біздің, емес, жүрегіміз.болса да, біздің, темірді, отымыз, алады, бірақ, жібере,ерітіп, кек, қандай.

«Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, жібере алады ...»

ол- Отанға, қаруымыз, ең күшті, үрейді, біздің, сүйіспеншілік, деген, бар, жеңетін

Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік.

Мәскеу!, жер жоқ, кең –байтақ, бірақ, артымызда, Ресей,шегінерге.

«Ресей кең –байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда – Мәскеу!»-деген жалынды сөздерді айтқан кім?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар Бейне таспадан « Бауыржан Момышұлы » деректі фильм талдайды,

өз жауаптарын ұсынады

мадақтау

https://www.youtube.com/watch?v=sailmeWkm_A&nohtml5=False

Мұғалім презентациясы


Жаңа сабақ

Мәтінмен жұмыс

 «Кластер әдісі»

1.тапсырма

Бауыржан Момышұлының өмір жолындағы портретін жасайды 

4.Бауыржан Момышұлы батырлық , тұлғалық қасиеттеріне баға береді.

ЕББҚ маңызды кездесетін термин сөздерді атайды не жазып көрсетеді

2 тапсырма.

Сұрақ бізден, жауап сізден
1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды? /1941ж. 22. 06/
2. Бауыржан Момышұлы қай жылдары өмір сүрген? /1910-1982 жж./
3. Қай күнді жеңіс күні деп тойлаймыз? /9 мамыр/
4.1941 жылы Совет Одағы соғыс самолеттерін шығару жөнінен нешінші орынға шықты? /3-інші/.
5. Ұлы Отан соғысында одақ бойынша қанша адам Кеңес Одаға Батыры атағына ие болды? /11мың 600 ден аса/
6. Екі мәрте Кеңес Одағы Батыры атанған Сергей Данилович Луганский жеке өзі жаудың қанша ұшағын атып түсірді? /37/
7. Бауыржан Момышұлына қай жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді? /1990 жылы/
 

ЕББҚ оқушыға мадақтау арқылы қолдау көрсетіледі.

3 тапсырма «Таза тақта ойыны»

Терминдерге анықтама жазу.

Дивизия — 3-4 полктан құралған құрама әскер;

Генерал — ең тәжірибелі және саяси дайындығы мол әскерлерге басшылық етуде шеберлік пен біліктілікті көрсететін офицерлерге беріледі;

Батальон командирі — бірнеше ротадан құралған жаяу әскер бөлімінің басшысы;

Полк — 3-5 не одан да көп батальоннан тұратын әскери бөлім;

Миномет- жарылғыш жарықшақты снаряд, минаны ататын зеңбірек;

Бомба — іші оқ, дәрімен толтырылған жарылғыш, тұтанғыш снаряд. Жарылғыш бомбалардың сарыны күннің күркірегеніндей гүрілдей естіледі;

ЕББҚ маңызды кездесетін термин сөздерді атайды не жазып көрсетеді

Дискриптор:
1 Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысына қосқан үлесін талдайды

Бауыржан Момышұлының жазған шығармаларын және әскери еңбектерін қосқан үлесін зерттейді 

Дискриптор:

1. Бауыржан Момышұлына байланысты деректерді анықтайды.

2. Ұлы Отан Соғысында ерлікпен шайқасқаның біледі .

Дискриптор:

Соғыс ұғымын анықтайды.

Батыр ұғымына анықтайды.

Халық Қаһарманы ұғымын анықтайды.

Жауынгер ұғымын анықтайды



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»
«Екі жұлдыз,бір ұсыныс»

«Бармақпен»


Мәтін: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан
Қ. Исабай. Алғы шепте. – Алматы: Санат, 2005.

https://www.youtube.com/watch?v=PN78tjcb9dg

Б. Ғ. Аяған, Х. М. Әбжанов, Д. А. Махат. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы: Раритет, 2010



Қорытынды

Кері байланыс

« Білімді стикер». Мына сұрақтар бойынша жауап береді.

- Не білдім?

- Не білемін?

- Не білгім келеді?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

ҚБ – сабақтағы өз әрекетіне рефлексия жасау;

А4, конспект


Үй тапсырмасы

Б. Момышұлы туралы қосымша деректер іздеу.

Б.Момышұлының қанатты сөздерін жаттап келу.












Қысқа мерзімді жоспар-8

     

Бөлім:

8.4 В Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан – майдан арсеналы

Зерттеу сұрағы:«Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!» ұраны қалай жүзеге асты?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.4.2.2 – Қазақстан экономикасының соғыс жағдайларына бейімделгендігін дәлелдеу;

Сабақтың мақсаты

Қазақстан экономикасының соғыс жағдайларына бейімделуі мен халықтың әлеуметтік жағдайын талдау арқылы Қазақстанның жеңіске қосқан үлесін бағалайды

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Бастапқы стимул тудыратын материал.

Оқушылар келмей тұрып сыныптың қабырғаларына, тақтаға тақырыпқа қатысты суреттер жапсырылады.



Не көріп тұрсыздар?

Қандай сұрақтарыңыз бар?

Қандай қорытынды шығарасыздар?

Оқушылардың жауаптары арқылы тақырыпқа шығу.

Мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарыменоқушыларды таныстыру. Оқушылармен біргебағалау критерийлерін анықтау

Оқушылар суреттер бойынша өз жауаптарын ұсынады

мадақтау

Суреттер
Мұғалім презентациясы

Жаңа сабақ

1-тапсырма.Мәтінмен жұмыс Зерттеу дағдысына негізделген.Оқушылар бірнеше зерттеу сұрақтарына жауап беруі тиіс.

«Ойланудын алты қалпағы» тапсырмасын орындату.Оқушыларға тапсырмаларына қатысты мәтін тарату.Қосымша материалдар мен кітапты қолдану.

Әр оқушыға тапсырмалар бөлініп беріледі.

  • Экономиканы соғысқа бейімдеу

  • Эвакуация

  • Майдан арсеналы

  • Тылдағы өнеркәсіптегі ерлік

  • Тылдағы ауыл шаруашылығындағы еңбек

  • «Бәрі майдан үшін,бәрі жеңіс үшін»

ЕББҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады;

1. «Ақ қалпақ» Фактілер келтіріп, объективті ақпарат беру

2. «Қызыл қалпақ» Эмоцияларды сезіп,болжамдар беру

3. «Қара қалпақ » Сыни аналитикалық талдаужасап, негативті пікір беру

4. « Сары қалпақ » Шуақты оптимизм, позитивті пікір беру

5. « Жасыл қалпақ » Идеялар беру,шығармашылық көрсету

6. « Көк қалпақ » Үдеріскешолу жасау, шешім шығару

ЕББҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі.

3-тапсырма..

«Жұбыңды тап» әдісі ұйымдастырылады. Жаңа ұғымдар мен оның мағынасы карточкалар есебінде қиылып, таратылады

Оқушылар «ресурс », «мобилизация», «Рекорд», «Майдан», «Тыл», «Эвакуация», «Арсенал» ұғымдарынмағынасына қарай сәйкестендіреді.

ЕББҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды

Бағалау критерийлері:

-Тақырыпқа сай ақпарат беру

-Нақты болжамдар беру

-Сыни аналитикалық талдау жасау

Екі жақты талдауы

-Идеялар беру, шығармашылық көрсету

-Үдеріске шолу жасау, шешім шығару

-15 минут жұмыс уақыты

-10 мин қорғау уақыты


Оқушылар сөздердің мағынасын анықтайды

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»

«Алақан-жұдырық»
«Жұлдызшалар»



Г.В. Кан, Н.У.Шаяхметов. Қазақстан тарихы. – Алматы: Алматыкітап, 2012.

Қозыбаев М. Тарих зердесі (Замана асуы). 1 кітап. –Алматы: Ғылым, 1998

Ахметов Қ., Досқалиев Қ. Қазақстан – Сталинград майданының арсеналы. – Алматы, 1992

Қорытынды

Кері байланыс

« Білімді стикер». Мына сұрақтар бойынша жауап береді.

- Не білдім?

- Не білемін?

- Не білгім келеді?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

ҚБ – сабақтағы өз әрекетіне рефлексия жасау;

А4, конспект


Үй тапсырмасы

Қазақстан – майдан арсеналы