Файл: рметті ріптес 20232024 оу жылына дейін аманесен болайы! ыса мерзімді жоспар1.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 108

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар-9

     

Бөлім:

8.4 В Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан – майдан арсеналы

Зерттеу сұрағы:«Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!» ұраны қалай жүзеге асты?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.2.2 – соғыс жылдарындағы халықтың әлеуметтік жағдайын анықтау

Сабақтың мақсаты

Қазақстан территориясындағы демографиялық, әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістерді талдайды. Ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі тыл еңбекшілерінің Жеңіске қосқан үлесін бағалайды

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Ой шақыру:

Бейнематериалды көрсету: Эвуакуация туралы бейнематериал :

Бейнематериалды көргеннен кейін, топтарға берілетін тапсырмалар.

1. Не естеріңде қалды?

2. Не таң қалдырды?

3. Не ерекше болды?

Сұрақтар:

Эвакуация қандай мақсатпен жүргізілді?

Өнеркәсіп орындары қандай аймақтарға эвакуацияланды?

Қазақстан шаруашылығында қандай өзгерістер болды?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады

мадақтау

Мұғалім презентациясы

http://www.youtube.com/watch?v=xEWtB3U7cxM

Жаңа сабақ

Соғыс кезіндегі тыл туралы бейнематериал :

Сұрақтар:

  • Еңбек етіп жатқан адамдарға көңіл аударыңыз?

  • Жұмыстың қандай түрлерін көрдіңіз?

"Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!" ұранын қалай түсінесіз?

Оқушылар барлық мәліметтерді дәптерлеріне жазады (презентацияны, дидактикалық және таратпа материалды қолдана отырып).

1. Қазақстанның майданға жіберген азық-түлік пен шаруашылық тауарлары туралы мәліметтер тауып қорғау;

2. Қазақстанның майданға жіберген әскери техникалары, қару-жарақтары және оқ-дәрілері туралы мәліметтер тауып қорғау;

3. Қазақстандықтардың Жеңіске қосқан жеке үлесі туралы (киім-кешектер, заттар және т.б.) мәліметтер тауып қорғау

ЕББҚ оқушыға мадақтау арқылы қолдау көрсетіледі.

Картамен жұмыс.

Соғыс жылдарында Қазақстан территориясына көшірілген ауыр өнеркәсіптер туралы мәлімет бар мәтінді таратып, оқушыларға эвакуацияланған ауыр өнеркәсіптердің шоғырланған аймақтарын Қазақстанның кескін картасына түсіру

Шартты белгілер:

Қара металлургия өнеркәсібі

Түсті металлургия өнеркәсібі

Машина,станок жасау өнеркәсібі

Жеңіл өнеркәсібі

Тамақ өнеркәсібі

ЕББҚ оқушыға тапсырмаларды орындау үшін уақытты шектемелмей, оқушы жазуын соңына дейін бітіруіне мүмкіндіктер жасалады.

Дескрипторлар:

-тыл жұмыстары кезіндегі тарихи оқиғаларды сипаттайды;

-тыл жұмысы кезіндегі атқарылғаг қызмет түрлерін ажыратады:

Дескрипторлар

-Қазақстандықтардың Жеңіске қосқан жеке үлесі туралы сипаттайды

- Соғыс жылдарында Қазақстан территориясына көшірілген ауыр өнеркәсіптер туралы сипаттайды;

Қазақстанның майданға жіберген әскери техникалары, қару-жарақтары және оқ-дәрілер туралы анықтайды;

ҚБ
«Алақан-жұдырық»

«Екі жұлдыз,бір ұсыныс»

«Бармақпен»


http://www.youtube.com/watch?v=gx5b9u7Dsgc

суреттер


ақпараттық үлестірмелі карточкалар
Қазақстанның майданға жіберген әскери техникалары, қару-жарақтары және оқ-дәрілері туралы



Қорытынды

Кері байланыс

« Білімді стикер». Мына сұрақтар бойынша жауап береді.

- Не білдім?

- Не білемін?

- Не білгім келеді?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

ҚБ – сабақтағы өз әрекетіне рефлексия жасау;

А4, конспект


Үй тапсырмасы

ПОПС формуласы бойынша 250 сөзден тұратын эссе жазу. Тақырыбы: « Менің отандастарым –тылда еңбек еткендер»











Қысқа мерзімді жоспар-10

     

Бөлім:

8.4 В Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР мәдениеті

Зерттеу сұрағы:Соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдени жетістіктері қандай болды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.2.5 – соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиеттің халық рухын көтерудегі маңызын бағалау

Сабақтың мақсаты

Соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиеттің жетістіктерін білу, соғыс жылдарындағы шығармалардың басты тақырыптарын талдау, халықтың рухын көтерудегі маңызын бағалау

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Ой шақыру:



Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады

мадақтау


https://e-history.kz/kz/contents/view/849


Жаңа сабақ

«Галерея» әдісі.

Кабинетке соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиетке байланысты суреттер ілеміз.

«Сұрақ-жауап» әдісі

- Соғыс жылдарындағы шығармалардың басты тақырыптары қандай болды деп ойлайсыздар?

- Соғыс жылдарында жазылған қандай шығармаларды білесіздер?

«Мағынаны тану»

1«мультимедиалық сахна» , яғни материалдарды пайдаланып, компьютерде соғыс кезіндегі шыққан фильмдерден ролик құрастырып, комментарий жазады.

Мысалы: «Партизандар», «Екі жауынгер», «Георгий Сакадзе» сияқты соғыс жылдарында түсірілген фильмдер

2.Оқушылар берілген материалдардан кітап беттерін, буклет, күнтізбе жасатыңыз.

Оқушыларға Ж. Жабаев «Ленинградтық өренім», Ж. Саин өлеңдер жинағын, Ә.Тәжібаевтың «Ленинград» өлеңдері тағыс басқа шығармалардан үзінді беріледі.

3 ғалымдарға хат жаздырыңыз.

4.Соғыс кезіндегі атақты сазгерлермен және олардың шығармасымен таныстырып, атақты әндерін орындатқызыңыз.

ЕББҚ: оқушыға тапсырманың нақты бір бөлігін ерекшелеп көрсетіп беріледі.

Тапсырма. Оқушылардың тақырып туралы білімін жинақтап қорытындылау үшін Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және соғысқа дейінгі мәдениетін салыстыру тапсырмасы беріледі.

Ерекшеліктері

Ұлы Отан соғысына дейінгі мәдениет

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан мәдениеті


Кино






Музыка






Әдебиет






ЕББҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды

Мәтінмен жұмыс жасайды
Дескрипторлар

- Соғыс жылдарындағы шығармалардың басты тақырыптарды анықтайды;

- Соғыс жылдарында жазылған қандай шығармаларды сипаттайды;

Дескрипторлары

-соғыс жылдарында түсірілген фильмдерді ажыратады;

-атақты сазгерлермен және олардың шығармаларына талдау жасайды;

- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және соғысқа дейінгі мәдениетін салыстыру



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»

«Алақан-жұдырық»
«Жұлдызшалар»

«Екі жұлдыз,бір ұсыныс»

«Бармақпен»


https://e-history.kz/kz/contents/view/uli_otan_sogisi_zhildarindagi_kazakstan__2422

http://www.tarih.spring.kz/kk/history/war/history/

https://www.youtube.com/watch?v=rfQ36RcThsU


http://www.youtube.com/watch?v=E1JNNzoJ1UY






ЕББҚ: оқушы шығарылып берілген тапсырманы орындайды

Зерттеу және талдау.

«Ойланудын алты қалпағы» тапсырмасын орындату.
«Ақ қалпақ» Фактілер келтіріп, объективті ақпарат беру

«Қызыл қалпақ» Эмоцияларды сезіп, болжамдар беру

. «Қара қалпақ » Сыни аналитикалық талдау жасап, негативті пікір беру

« Сары қалпақ » Шуақты оптимизм, позитивті пікір беру

« Жасыл қалпақ » Идеялар беру, шығамашылық көрсету

« Көк қалпақ » Үдеріскешолу жасау, шешім шығару

ЕББҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады;