Файл: Блокты бталы сорапты станция (бкнс) сорап, тмен вольтті аппаратура, трмысты жне басарудан трады.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 70
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4.4 Өртке қарсы шаралар
Объектіде (БТП-10М-Э мұнай қыздыру пеші) ПУЭ п.7.3.43 сәйкес В-1 г класына жататын жарлысқа қауіпті зоналар бар-ЛВЖ немесе горючий газдары бар сыртқы технологиялық қондырғылардағы кеңістіктер. Бұл зоналар – мұнайды қыздыратын табиғи ғазды беретін құбырлардың фланцілі қосылыстары мен қорғаныш арматурадан вертикалі мен горизонталі бойынша 3 метр аралығындағы зоналар болып табылады. Электр жабдықтың ақауы кезіндегі қысқа тұйықталу, технологиялық үрдістегі
Қысымның жоғарлауы, реттелінбейтін температура және т.б. қондырғыдағы өрттің пайда болуының себепкері болуы мүмкін. өртке қарсы шараларға байланысты келесі шаралар қарастырылады:
- электр жабдық жермеленген және керекті жерлерде металдан жасалған былғарымен қорғалған.
- БТП- 10 М- Э пеші далада жұмыс ісейтіндіктен сәйкесінше далалық шарттарға байланысты найза шегіндіргішті орналастыру ( молниеотвот)
- мұнайы бар құбырлар орналасқан жердегі конденсация жүйесінде, және статикалық электричествоның жиналуы мүмкін болатын токты шегіндіргіштер (токоотводы) орнатылған;
-
өрт пайда болған жағдайдағы тез арада шараларды қолдану: кернеуді түсіру, отынның берілуін тоқтату; -
жұмыс бөліктерінде “НЕ КУРИТЬ” белгісі орнатылған; -
кешенді жарықтандыру үшін факелдерді, шықпаларды, бағаналарды, керосиндерді фонарьларды, отындарды және басқа отын көздерін пайдалануға тыйым салынады; -
құмы бар жәшіктер орнатылған -
өртке қарсы саймандары бар өрттік щит жақын жерде орнатылған.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі уақытта мұнай өңдеуде, мұнайхимияда және химияда техникалық прогресстің негізгі жолдары-технологиялық қондырғылардың қуатын көбейту мен экономикалық тиімділігін көтеру, мақсатты өнімнің өзіндік құнын төмендету және тауарлы өнімнің сапасын жақсарту болып табылады. Алынатын өнімдердің сапасы мен саны және барлық қондырғылардың технико-экономикалық көрсеткіштері құбырлы пештің жылулық және технологиялық режимдеріне байланысты болады, бұл берілген жұмыстағы шешілетін мәселелердің практикалық құндылығы мен актуалдығын көрсетеді.
Мұнай өңдеу, мұнайхимиялық және химиялық өндірістегі технологиялық қондырғыларының көбісінің негізгі аппараттарының бірі болып табылатын құбырлы пешті автоматтандыру деңгейі, технологиялық қондырғылардың басқа аппараттары үшін жасалған автоматтандыру деңгейінен едәуір төмен.
Құбырлы пештердің автоматты басқару жүйелеріне жоғары талаптар қойылу керек, себебі олардың жылулық және технологиялық режимдері технологиялық қондырғының жұмысына ықпалын тигізеді, мақсатты өнімнің сапасы мен санына әсер етеді.
Технологиялық үрдістің жоғары технико-экономикалық көрсеткіштерін қамтамасыз ететін шешуші фактор болып – оның жүрісінің оптималды шарттарын ұстану табылады. Алынатын өнімнің сапасын сипаттайтын параметрлерді оптималды деңгейде тура ұстап тұруын қамтамасыз ету, тек үрдісті тиімділігі жоғары автоматты басқару жүйелері арқылы мүмкін болады. Осыған байланысты технологиялық үрдістерді автоматтандыру мәселелері өте актуалды болып табылады. Әсіресе, автоматты бақылау мен күрделі өзіндік байланыстары, кіріс, режимді және шығыс параметрларінің көп саны мәнді кешігулер мен көптеген уақыт тұрақтылары бар үрдістерді басқару маңызды. Бұндай үрдістерге құбырлы пештерде болатын технологиялық үрдістер жатады.
Қазіргі уақытта құбырлы пеш шығысындағы шикізаттың температурасы үрдіс күйін бағалаудың жалғыз критериясы болып табылады. Ол ылғи берілген мәнде ұсталып тұрады.
Құбырлы пештердің автоматтандыру жүйесінің жеткіліксіз деңгейі, автоматиканың көзқарасы бойынша, олар теория жүзінде де, эксперимент жүзінде де өте аз зерттелінген.
Типі мен міндетіне байланыссыз құбырлы пештерді реттеудің автоматты жүйелері құбырлы пештің шығысындағы шикізаттың оптималды температурасын ұстпа тұру және жағу үрдісінің оптималды басқаруын жүзеге асыру керек. Құбырлы пештердің басқарылуына тек осындай кешенді түрде келгенде ғана, олардың жұмысының талап етілетін технологиялық және жылулық режимдері қамтамасыз етіле алады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Клюев А.С, Глазов Б.В., Дубровский А.Х., Клюев А.А. Проектирование систем автоматизации технологических процессов. М., Энергоатомиздат, 1990
2. Емельянов А.И., Кстник О.В. Проектирование систем автоматизации технологических процессов. М., Энергоатомиздат, 1983
3. Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии. 1973
4. Трубчатые печи (Сборник статей). Под ред. Ц.А. Бахшияна. М., Химия, 1969
5. Ентус И.Р., Шарихин В.В. Трубчатые печи в нефтеперерабатывающей и нефтехимической промышленности. М., Химия, 1987
6. Барабаш Ю.В и др. Синтез системы управления процессом нагрева нефти в трубчатой печи
7. Арефьев Б.А. Оптимизация инерционных процессов. Л., Машиностроение, 1969
8.Морозовский В.Т. Многосвязанные системы автоматического регулирования. М., Энергия, 1970
9. Хасмамедов Ф.И. Автоматизация управления трубчатыми печами. М., Химия, 1980
10.Исламов М.Ш. Печи химической промышленности. Л., Химия, 1975
11.Климовицкгш М.Д. Оптимизация работы нагревательных печей. М., Металлургия, 1965
12.Защитные устройства. Безопасность труда на производстве. Под ред. Злобинского Б.М. М., Металлургия, 1979
ДЖ. 0805000.22.000 ЕТЖ
Бет
Өзг
Бет
Құжат №
Қолы
Күні