Файл: Блокты бталы сорапты станция (бкнс) сорап, тмен вольтті аппаратура, трмысты жне басарудан трады.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 71

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Осы технология құрастыру және пісіру жұмыстарының елеулі бөлігін жер бетіндегі қолайлы да қауіпсіз жағдайда орындауға, резервуар элементтерін құрастыруды жалпы құрылыс жұмыстарымен үштастыруға мүмкіндік береді.



Сурет1 - Кондуктор үстінде сыйымдылығы 50 мың м3 резерруардың қабырға секциясын көлденең қалпына келтіріп жазу үлгісі:
 1 - рулон стенді; 2 - кондуктордың қисық сызықты жоғарғы белдігі; 3 -кондуктордың қисық сызықты төменгі белдігі; 4 - айналатын топсалар; 5 -орамды жазуға арналған лебедканың тартпа арқандары; 6 - орам; 7 - ұстап тұратын арқан тартпалары (тракторге немесе лебедкаға); 8 - қысу роликтері

 

Газгольдерлертүрлі газдарды кабылдауға, сақтауға және босатуға қызмет етеді. Қауіпсіз әрі сенімді жұмысты қамтамасыз ететін дымқыл деп аталатын газгольдерлер көп жағдайда кеңінен қолданылады. Бұл осы технологиялық әдіспен дымқыл газгольдерлерді жасауға және құрастыруға: тегіс (түбі) және цилиндрлі (резервуар қабырғаларын, телескопты және күмбезін) элементтерін пісіруге мүмкіндік береді. Сыйымдылығы 30 мың текше метрлік дымқыл газгольдерлерді бірыңғай жоба бойынша тұрғызады.

Газгольдер түбінің және резервуар қабырғаларының, телескопының және күмбезінің оралымды жалпақтемірлерін орамға арналған әдеттегі стенділерде дайындайды.

Бір буынды, сыйымдылығы 1 мың текше метрге дейін жететін газгольдерлердің түбін тұтас жалпақтемір түрінде жасайды. Түбінің, резервуары мен күмбезінің қабырғаларының салмағы мынандай: осы газгольдердің барлық үш жалпақтемірін бір орам етіп оралған күйінде құрастыру алаңына жеткізуге болады. Маңдайшасына алдымен күмбезін, бұдан кейін резер­вуар қабырғаларын, ал сыртынан түбін бекітеді.

Сыйымдылығы 3 мың текше метрлік газгольдерлердің түбін бірнеше бөлік етіп дайындайды және бір дербес орам етіп орайды немесе газгольдердің баска да цилиндрлі элементтерімен косып орайды. Резервуар қабырғаларын әдетте шахталы баспалдақтың маңдайшасына бекітеді. Түбі мен күмбезінің маңдайша ретіндегі орамдары үшін сақиналы белдіктері бар кұбырлы тіреу қолданылады. Осы тіреулердің біреуі сфералық жабу маң-дайшасын құрастыру кезінде қолданылады.

Жиектік сегменттер(жаппаның) жеке-жеке сегменттер түрінде беріледі, бұдан кейін құрастыру алаңында одан әрі қатайып бекітіледі. Орталық бөлігінің табақшалы жаппасын орамтүрінде жасауға болады.

Сыртқы және ішкі бағыттаушы, байланыс ригельдері және басқа құрамдары әдеттегі металл құрамалар түрінде орындалады.


Оралым түрінде дайындалған газгольдерлердің түбін құрастыру резервуар түбін құрастыруға өте ұқсас. Құрылыс алаңына жеткізілген тұтас түпті бірден жобалық жағдайға сәйкес етіп кондырады.Бірнеше бөліктен тұратын газгольдерлердің түбін құрастырып, ең алдымен бүйір бөліктерін, бұдан соң орталық бөлігін бірден жобалық жағдайға келтіреді. Бүкіл темірді жобалық жағдайға келтіруді негізгі тірек бойымен орамды бірнеше рет домалату арқылы жүзеге асырады.

Оралымды құралымнан тұратын газгольдерлерді құрастырудың ерекшелігі сол, оның түбіне екіден беске дейінгі бірнеше орам бірден қойылады.

Телескоп пен күмбездің орамдарын жалпақ темірді жазуды камтамасыз ететін арнайы түғырларға орнықтырады, сөйтіп те­лескоп пен күмбез жобалық жағдайға келтіріледі.

Оралымдарды әдетте крандармен көтереді, бұдан кейін құрастыру үшін газгольдерлердің жаппасы мен басқа да құрамалары пайдаланылады. Оралымдарды орнықтыру үшін шевра (А-үлгілі жебе) қолданылады.

Түбінің ортасына құрастыру кезінде газгольдердің жаппа­сын ұстап тұруға арналған құрастыру тіреуі орнатылады.

Тіреудің жоғарғы бүйіріне тіреу сақинасы бар балак бекітіледі. Бұған бұранда арқылы пісірудің көмегімен жаппа секторының төбесі бекітіледі. Жаппаны құрылыска сәйкестендіре дөңестейді, ол газгольдердің диаметріне қарай 50-ден 150 миллиметрге дейін тең сипатт алады.


сурет 2- Оралмаларды тізбектей (а) және жарыспалы (б) жазу арқылы оралынған құралымдардан ылғалды газгольдерді құрастыру:
1 - түбі; 2 - бағыттаушылары бар резервуар қабырғасы; 3 - телескоп сусұқпасы; 4 - төсеніштер; 5 - телескоп оралмасы; 6 - бұрып жіберетіп блоктар; 7 - арқан; 8 - трактор; 9 - қоңырау сұкпасы; 10 - коңырау оралмасы; 11 -орталық құрастыру тірегі; 12 - коңыраудың жамылғы итаркасы

 

Газгольдердің цилиндрлі каптамасының орамдарын екі тәсілмен жазуға: параллель және біртіндеп жазуға болады (2-сурет). Телескоп пен күмбез қабырғаларын біртіндеп жазу тәсілмен тұрғызған жағдайда бұл жұмысты резервуарда құрастыруға және оған сақиналы алаңды орнықтырғаннан кейін атқарады. Параллель түрінде жазған уақытта резервуар, телескоп және күмбез қабырғаларын құрастыруды бір мезгілде жүргізеді. Жазылған жалпақ темірдің тігінен қойылуын кергішке бекітілген бұрандалы тартпалармен реттейді.

Резервуардың қабырғаларын жазу процесі кезінде сақиналы алаң жасалады. Бұл қабырғалардың жоғарғы жиектерінің дұрыс қалпын сақтауға мүмкіндік береді. Резервуардың жалпақ темірін жазуға қарай сақиналы алаңды құрастыру арқылы желдің күшіне қарсы қосымша төзімділігі артады.



Телескопты құрастыру тіреу сақинасын төсеуден басталады, бұдан кейін қабырғаларының оралмалы жалпақтемірлерін жазып, оған бағыттаушы роликтер орнатады және жоғарғы гидробекіткіш құрастырылады. Жекеленген сегменттерден тұратын телескоптың тіреу сақинасын сегменттер арасындары құрастыру түйісулерінің жобалық орналасуын ескере отырып қос таңбалы төсенішке кояды.

Телескоп полотносының төменгі жиектерін тіреу сақинасының белгіленген жиектері бойымен электрлі пісірумен ұстатады. Жоғарғы жиегіне резервуардың қабырғаларына пісірілінетін бұрыштардан тұратын радиальды тіреу орнатылады. Олардың ұзындығы резервуар мен телескоп қабырғалары арасындары жобалық кашықтыққа сәйкес келеді. Жазып орнатуына қарай телескоп учаскелерінде ішкі бағыттағыштар құрастырылады.

Гидро бекіткіштерді құрастыру  анағұрлым жауапты жұмыс, өйткені оның тыңғылықты орындалуы газгольдерлердің қалыпты пайдаланылу сенімділігі арттырады. Гидробекіткіштерді кондуктордағы ірілендірілген блоктармен құрастыру анағұрлым тиімді.

Күмбезінің орамасын да телескоп орамасы сияқты жазады. Жазу процесі кезінде күмбездің төменгі жиегін белгіленген жиектері бойымен гидробекіткішке электрлі пісіргішпен ұстатады.

Күмбездің жапқышын құрастыру алдын ала ірілендірілген блоктармен жүргізеді. Блоктың мөлшері жапқыштың құралымына байланысты болып келеді. Жапкыштың кіші блок секто­ры бірін-бірі ұстап тұратын жартылай фермалардан және оларды жалғастыратын тартпалардан тұрады.

 


    1. Сфералық резервуарлар және газгольдерлерді құрастыру

 

Сфералық сыйымдылық ғимараттары   резервуарлар мен газгольдерлер тез тұтанатын сұйықтарды, сұйытылған және сығымдалған газды сақтау, сондай-ақ ішкі қысымы жоғары жекелеген технологиялық процестерді жүргізу үшін пайдаланылады. Бұлардың сфералық қалыпты ішкі артық қысымға төзімділікті және құрылым элементтеріне күштің біркелкі түсуін камтамасыз етеді.

Сфералық каптамасының құрылымдық шешімі мен геометриялық пішіні жекелеген құрамдас элементтерін дайындаудың тәсілі мен мүмкіндігіне байланысты. Қажетті қиыктарының бөлшектері әдетте зауыттарда ыстықтай қалыптау немесе арнайы жаныстау арқылы дайындалады.

Қалыптау тәсілімен қаптаманы дайындау кезінде кескіндеудің: параллельді-меридианалдық, меридианалы-экваторлық, меридианалдық және "футбол добы" тектес үлгілері қолданылады(3-сурет). Қаптаманы тік немесе көлбеу тіреуге, болмаса тіреу сақинасына кояды.


Қалыпталған киықтардан сфералық каптамаларды құрастыру технологиясы құралымына, блоктарының ірілендірілген мөлшері мен тәсіліне қарай мына үлгілер бойынша жүргізіледі: жекеленген немесе блок етіп ірілендірілген элементтерден жобалық жағдайға сәйкес іргетастар құрастырады;

сақиналық кабырғаларда жинастырылған сегменттерден іргетаска каптамасы құрастырылады;

іргетаска жобалық жағдайға орнатылатын жартылай шарлардан құрастыру;

қаптаманы іргетастан тыс құрастыру және тұтас күйінде оны жобалық жағдайға сәйкес орналастыру.

Сфералық каптаманың зауыттық элементтерін олардын мөлшеріне қарай екі төрт элементтерден тұратындай етіп ірілендірілген және блок түрінде екі жағынан автоматты пісірумен жалғастырған тиімді.

Ыстықтай қалыптау тәсілімен дайындалған параллельді меридианалдық пішіндеудің сфералық элементтерін кондукторлардағы құрастыру құрылғыларының жәрдемімен ірілендіріп, тербелмелі қабырғаның төменгі жағындағы флюстің астынан ав­томатты пісіргішпен ұстатады.

Алдын ала ірілендірудің ең аукымды түрі каптаманы жарты­лай шар етіп құрастырғанда кездеседі. Арнайы, алдын-ала тексерілген стендідегі төсенішті айналдыра, резервуар диаметрінен 300-400 миллиметр артық болатындай етіп каптаманың екі жартылай шарын құрастырады. Диаметральды тігісі бар қалыпталған қиықтардан тұратын каптамаларды құрастыру кезінде сфераның ортасына каптаманың тубіне (табанына) бекітілген тіреу орнатылады. Төменгі жартылай сфераны төңкерілген күйінде құрастырады, сондықтан да сараптаманың екі бөлігін құрастырудың тәртібі бірдей.



сурет 3-Шар тәрізді ыдыстардың қабырғаларын пішу түрлері:
а - жарыспалы-меридианалдық; б – меридианаль экваториалдық; в - меридианалдық; г - "футбол добы"

 

Қаптаманы одан әрі құрастырудың жұмысы мынадай болып келеді. Төменгі жартылай шарды жылжытып отырады, бұл үшін кран ілмегінің арқаны және тежегіш тартпалардың қапсырмасы кигізілетін құлақ пісіріледі. Бұдан кейін төңкерілген жартылай сфераны сақинаның ішіне құрастырыған манипуляторға кондырады. Манипуляторда каптаманы құрастыру одан әрі жалғастырылып, бұдан кейін соның көмегімен автоматты пісіру жұмыстарын орындау үшін қаптаманы айналдырады. Жоғарғы жар­ты шарды төменгісінің үстіне шығарып, экваторлы тігісінің екі жиегін қаққыштардың көмегімен сәйкестендіріп, құрастыру құралымдарына қосылады. Қажет болған жағдайда қиыспайтын жерлерін капсырмалардың және бұрандалы тартпалардың көмегімен түзетеді. Осыдан кейін тігісін ішкі жағынан пісіреді, құрастыру құрылғыларын алады, ағашын бөлшектейді. Ішіне шихталық баспалдақ және пісіру жұмыстарын жүргізетін ка­бина орнатылады. Сөйтіп қаптаманы автоматты пісіру жұмыстарын орындайды. Бұдан кейін каптаманы манипулятордың көмегімен жобалық жағдайға дейін бұрып, тіреу бағаналарымен жалғастырады. Манипулятордың тіреуішін босата отырып каптаманың салмағын осы тіреулерге түсіреді, бұдан соң манипуляторды бөлшектейді.


Жаншып қаталған қиыктардан тұратын сфералық каптамаларды құрастыру мынадай үлгі арқылы жүзеге асырылады:

алдын ала ірілендірілген блоктар түріндегі жартылай шарлардан;

өсі көлденең орналасқан жеке дайындықтар мен блоктардан;

өсі тік орналаскан жеке дайындықтар мен блоктардан.

Бірінші үлгі бойынша жартылай шарды іргетастан тыс құрастырады, басқа үлгілерде жұмысты іргетас сақинасында, одан тысқары жерлерде орындауға болады. Жаншып каталған киықшалардан тұратын жартылай шарды стендіде шеттері бойынша шектеулері бар рама түрінде жүргізеді. Қарастырылған екі жар­тылай шарды меридиандық сызықтары бойымен өзара беттестіреді. Манипуляторды айналдыру арқылы автоматты пісіруді қалыпталған қиықшаларды дайындау кезіндегідей тәсілмен орындайды.



Сурет 4 - Көлденең өсінің айналасында айналдыра отырып сфералық қабықшаны құрастыру және механикаланған пісіру үлгіcі:
I, II - жапырақтардың ұлғайтылған блоктары; 1 - уақытша тіректер; 2 -жұмыс орны; 3 - стопорлық құрылғылары; 4 - уақытша топса



сурет 5- Өсі тік орналасқан сфералық резервуардың қабықшасын құрастыру:

1 - тірек; 2 - жоғарғы және теменгі түптері; 3 - айналмалы құрастыру бесігі; 4 - ұлғайтылған жапырақтар блогы

 

Өсі көлденең орналасқан жағдайда сфералық  каптаманы құрастыру тірек сақинасында немесе манипуляторда жүргізіледі. Манипуляторды құрастырған кезде блоктар уақытша каптаманың орнықтылығын арттыру үшін жобалық тірек бағаналарына бекітіледі.

Өсі көлденең орналаскан сфералық резервуарларды құрастыруда мезгіл-мезгіл бұрып отыру арқылы каптама қиықтарын құрастыру және пісіру тәсілі қолданылады (4-сурет).

Өсі тік орналасқан каптаманы құрастыруды ортаңғы бағанасын орнатудан бастайды. Өйткені одан жоғарғы және төменгі табандары, сондай-ақ бұрылмалы бесікшесі бар ішкі байқау баспалдағы бекітіледі. Бағана төменгі жағынан уақытша тіреуге бекітіледі, ал оның жоғарғы жағы керме арқан ұстап тұрады
 

1.4  Жұмыс өндірісінің әдістерін, машиналарды, механизмдерді, технологиялық жабдықтарды таңдау

 

Резервуарларды тұрғызудың негізгі екі әдісі - жекелеген табақшалардан және орамалы дайындамадан салу белгілі. Табақшалы әдіспен тұрғызған жағдайда құрылыс алаңына қақталған табақшалар түрінде резервуарлардың жекелеген элементтері келіп түседі. Түрлі көтергіш механизмдер мен қондырғылардың көмегімен резервуарлардың жекеленген табақшалары жобалық жағдайға келтіріліп орнатады да, өзара пісіріледі. Мұндай әдіс құрастыру алаңында жұмыс келемін көбейтіп жібереді. Сондықтан да қазіргі уақытта біздің елімізде жеке-жеке табақшалардан құрастыру орамалы дайындамаларды жеткізу қиынға соғатын шалғай аудандарда жеке-дара сыйымдылықтар жасау тура келген сирек жағдайларда ғана қолданылады.