Файл: Блокты бталы сорапты станция (бкнс) сорап, тмен вольтті аппаратура, трмысты жне басарудан трады.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 69

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сп                                                                 (3.2)

                                                                          

мұндағы,

Нд – жмыстың көлемі, нормо-күн;

Ндп – жобаланған жылдарға өтетін ұңғымалардың жұмыс көлемі;            

Нд'–бір күрделі жөндеу жұмыстарының орташа ұзақтылығы, нормо-күн;

Сп – күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан ұңғымалардың келесі мерзімге өту саны. 

   Ұңғымаларды қарапайым жөндеу жұмыстарының жоспарлау мақсатына жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау жатады. Және осыған байланысты ұңғымалардың жұмыс режимін жақсарту және жұмыс аралық кезеңінің ұзақтығын анықтау жатады. Жоспарлау процесінде жөндеу жұмыстарының ұзақтылығы және саны, жөнделген ұңғымалар саны мен жөндеу жиілігінің көрсеткішінің мәні анықталады.Ұңғыманың жөндеу жұмыстарының арасындағы кезең МП дегеніміз бұл жүргізілген екі жөндеу жұмыстарының арасындағы мерзім. Бұл көрсеткішінің мәні әр квартал үшін пайдаланып жатқан ұңғымалар бойынша технологиялық режим кезінде анықталады және де жоспарланған жөндеу аралық кезінінің ұзақтығының мәні мұнай және газ өндіретін учаскесінің технологиялық режимінің тізіміне кіргізіледі.

Өндіріс жұмыстары кезінде ұңғымалардың жерасты қондырғыларында қарапайым және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ұңғымалардың қарапайым жерасты жөндеу жұмыстары дегеніміз бұл мұнайды өндіру жоспарын жүзеге асыру үшін жерасты пайдалану қондырғыларын жұмыс күйінде сақтау үшінжүргізілеті шаралар кешені. Әдетте, қарапайым жерасты жөндеу жұмыстары жоспарлы алдын-ала жұмыстар қатарында кездеседі. Қарапайым жерасты жөндеу жұмыстарының кешеніне келесі жұмыстар жатады:

  1. сорғышты немесе жеке қондырғыларды ауыстыру;

  2. бұзылыстарды жою және сорғышты құбырларды бұрап алу;

  3. сорғышты-компрессорлы құбырлар немесе штангаларды ауыстыру;

  4. сорғышпен жуу;

  5. құмды қақпақтарды тазалау және жуу;

  6. көтеру құбырларында ағып кету жағдайларын жою;

  7. жұмыс муфталарын, басқару қондырғыларын тексеру;

  8. көтеру құбырларын тереңдету арақышықтығын өзгерту;

  9. сорғышты якорьды тазалау;

  10. пакерді көтеріп, түсіру және т.б.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ұңғымаларды пайдалануға  беру үшін акт құрастырылады. Жерасты  жөндеу жұмыстары арнайы құжат ретінде көрсетілген мұнай мен газды толық құндлығын көрсететін пайдалану шығындар есебінен жүзеге асады. Ұңғымада күрделі жерасты жөндеу жұмыстары өзіндік ерекшеліктерге ие және бұл ерекшеліктеріне біршама бұзылыстарға ие болған пайдалану қондырғысының жерасты бөлігін және пайдалану горизонтының жұмыс күйін қалпына келтіру бойынша жұмыстар, сонымен бірге жер қойнауын қорғау бойынша шараларды жүргізу жұмыстары жатады.Ұңғымалардың күрделі жөндеу бойынша жұмыстар өндірістің тапсырысы бойынша алдын-ала жасалған техникалық жоспар-жоба бойынша жүргізіледі.


Күрделі жөндеу жұмыстарының негізгі жоспарлы көрсеткіштеріне келесілер жатады: күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған ұңғымалар саны, өндірістік уақытының және өндрістік көлемінің көрсеткіштері.Мұнайшылардың  алдына қойылған негізгі жағдайларының біріне ұңғымалардың жерасты мен күрделі жөндеу цехтарын тұрақтандыру, олардың материалдық-техникалық базасын күшейту, жаңа технологияларды ендіру тәжірибесі, еңбек әдістерін қолдану және жұмыстың жоғары тиімділік және қауіпсіздік әдістерін қолдану жатады.


4 Еңбекті қорғау, ортаны қоғау және техника қауіпсіздігі

4.1 Мұнай өндірісіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша айрықша шарттар
Мұнай өндірісінің ерекшеліктері ең алдымен мұнай мен мұнай газының физикалық және химиялық қасиеттерімен, белгілі жағдаәларда олардың улығуымен де шартталады.

Бұдан басқа , мұнай өнеркәсіптерінде улы жіне ащы заттарды (ртуть, қышқылдар, цемент және басқалар), жарылғыш заттарды және радиоактивті изотоптарды қолданады.

Көптеген жұмыстар далада жүргізіледі және келесілермен байланысты:

ауыр және үлкен жабдықтар мен саймандардың қолдануы;

жоғары қысымның пайда болуымен бірге жүретін технологиялық үрдістердің болуы ; үлкен жүктемелердің астында болатын жабдықтардың болуы.

Егер белгілі қауіпсіздік шараларын қолданбаса, осы барлық ерекшеліктер қауғылы жағдайдың себепкері болуы ықтимал.

4.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардық анализі
Шикі мұнайдың бір-екі жеңіл фракциялары белгілі концентрацияда ауамен қосылған кезде жарылысқа қауіпті қоспалар түзітіндіктен, шикі мұнай жарылысқа қауіпті болып табылады.

Шикі мұнайдың отқа қауіптілігі мұнайдың әр түрлі сорттарына байланысты – 35 – тен +34 0 С-қа дейін жану температурасымен сипатталады.

Мұнай өнеркәсібінде жарылысқа қауіпті концентрациялардың түзілуінің алдын алу үшін ғимараттардағы және басқа жабық жерлеріндегі жабдықтарды және басқа жабық жерлердегі жабдықтарды және мұнай мен газ жүретін барлық жолдарды герметикалайды, бөлмелердің қарқынды желдендіруін жасайды, жарылысқа қауіпті жерлерде оттың пайда болмауы бойынша шаралар өткізеді.

Өндірістік шарттарда технологияның ақауы немесе үрдісті өткізу үшін қажетті шарттардың әсер етуі нәтежесінде қызмет ету персоналына қауіп туатын жағдайлардың пайда болуын ескертуқажет. БТП-М-Э мұнай қыздыру пеші өзінің санитарлы – гигиеналық параметрлері (вибрация, зиянды заттар, дыбыстық қысым, шу) бойынша қауіпсіз. Операторлық орын бөлек бөлмеде орналасқан-агрегаттан 100 метр қашықтықта.

Есептеу және өлшеу техника құралдарымен жабдықталған бөлмелер қауіптілігі жоғары категориясы жатады. Мұнда, адамның бір жағынан – электрқұрылғылардың металдан жасалған корпустарына бірдей тиіп кету мүмкіндігі бар.

  • Адам денсаулығына әсер ететін негізгі факторларға мынадар жатады:

  • конвектевті жылу, ол пештің жылытылған бетінен шығады;

  • жұмыс орнын күндізгі және түнгі уақыттарда жарықтандыру;

  • жылдың жазғы уақытында бөлме ішінде артық жылу;

  • адамның электр тогымен зақымдану мүмкіндігі;

  • өрт шыққан кезде күю және уланып қалу мүмкіндігі;

  • адамға зиянды механикалық әсер етуі;

  • шу, зиянды заттар.


Оператор бөлмесіндегі шудың деңгейі 70-75 Дб шамасына дейін жетеді, бұл СН-245-71 талаптарын қанағаттандырады. Қауіпті зоналар-ашық ток өткізетін бөліктер. Техникалық құралдардың кернеуі – 220В, қысқа тұйықталу тогы 60 А.

4.3 Ұйымдастыру шаралары
Тиімді еңбек шарттарын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастыру шаралары қарасытрылады.

Біздің құрылғы ашық аспанның астында орналасқандықтан, жұмыстың қауіпсіздігі құрылғының басшысына, яғни басты операторға міндет артылады. Басты мехнаник электрлік қондырғылардың, бақылау аппратураның ақаусыз жұмыс істеуіне жауап береді. Қондырғының басшысы жұмысшыларға жұмыстың қауіпсіз әдістерін сақтау жөнінде инструктаж жүргізеді, жұмысшылардың ҚТ бойынша ережелер мен нұсқауларды және өндірістік санитарияны орындаудың, арнайы киім мен қорғау айлабұйымдарын қолдауын бақылайды. Сонымен қатар басшы жазатайым оқиға мен кәсіби улану себептерін тергеуде, жазатайым оқиғалардың себептерін жою мен алдын алу шараларын құрастырған кезде қатысады.

Барлық ИТЖ-лар МЕСТ ГОСТ 12.0.00-90 сәйкесінше жұмысқа қабылдануы алдында аттестациялық комиссияда аттестацияны өтеді, аттестациялық комиссиялық құрамына басты инженер , ҚТ бойынша басты инженерлнрдің орынбасары, ҚТ бөлімінің басшысы басты механик, басты энергетик, құқытық бөлімше мен кадрлар бөлімшесінің өкілдері кіреді.

Жұмысшылар персоналын нұсқауларының келесіндей түрлері бар : кіріспелік, жұмыс орнындағы нұақаулау, ағымды нұсқаулау, қайталап және оперативті. ҚТ бойынша бөлімшесінің басшысы және ҚТ бойынша инжененр өткізеді.

Станциялардың барлық жұмысшыламен каскалар ескеріледі.

Электр персоналдарына,сантехниктерге,механиктерге және т.б.арнайы киім ретінде мақталықағаз матадан жасалған кастюмдер,бәтинкелер немесе етіктер беріледі.

Арнайы киімді жуып,тазалап,жөндеп тұрады.Арнайы киім мерзімді тексеруден жане сынақтардан өткізіліп тұрады.

Ескі киімді жаңалау мерзімдері сақталып тұрады.

Агрессиялы заттардан аяқты қорғау үшін резинадан жасалған етіктерді,ал электр тогынан-диэлектрлік бәтинкелерді қолданады

Дем алу органдары қорғау үшін противогаздарды, «Лепесток ,

БКФ(М немесе В) типті респираторларды (шаңға қарсы,газға қарсы қолданады.Газға қауіпты жұмыстарды орындау кезінде иыққа бекітетін баулары және жіпті байлауға арналған арқада орналасқан сақиналары бар сақтау белдіктерді қолданады.


СИЗ-ді мерзімді тексеруден өткізіп тұрады, ал газдан қорғайтын аппараттарды әрбір қолданғанна кейін және қолданудың алдында тексеріп тұрады.Тексеруді актпен ресімдейді немесе арнайы журналға тіркейді.

Аспаптарды және басқару органдарын жақсы көруді , сонымен қатар жөндеу, монтаждау және басқа жұмыстарды орындалуын қамтамасыз ететін рационалды жарықтандыру еңбектің қолайлы жағдайын жасау үшін қажет. Норма бойынша жеткіліксіз жарық болса түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салынады, себебі пеш жұмысын визиалды бақылауы нашарлайды. Біздің автоматтандырылған жүйеге жарықтандырудың құрама қондырғысы қолданылған:

А) тәуліктің күндізгі уақытындағы жарықтандыру- табиғи жарықпен

Е1

Ет = Ес

Е1 = жұмыс орнындағы жарықталыну , ג к

Ес =жазықтықтағы сыртқы жарықтың деңгейі, ג к

Б) тәуліктің түнгі уақытындағы жарықтандыру – жасанда жарықпен .

Қауіпсіздік ережелерінің талабымен жасанды жарықталыну мөлшері, ג к :

  1. Жазық даярлау кенжарларында -15

  2. Тік кен қазбалар кенжарларында -10

  3. Жазық қазбалардың төменгі едендерінің жазықтығында -5

  4. Атылғыш заттардың қоймалардың едендердің жазықтығында-30

  5. Басқа жазық жазбаларында-2

  6. Медпункттерде -0,8 м биіктік деңгейде -100

Жарық беретін светильниктер түрлері РН-60, РН-100, РН-200, РВЛ-15. Бұларды қамтамасыз ететін ток кернеуі 127В-тан аспау керек.

Метерологиялық шарттарды зерттеу температураның, ылғалдылықтың, ауа қозғалыстың жылдамдығын өлшеу және жылудың сәулелену интенсивтілігімен қортындаланады. Метерологиялық шарттар қызметкерлер сияқты техника үшін де қолайлы болуы керек.

Ауа температурасы – уақыты автоматты реттеуішпен өзгертпейтін термометрмен немесе термографпен өлшенеді. Температруа тұрақты 20-25 0 С-та болу керек.

Ауа ылғалдылығын термометрден, салыстырмалы ылғалдылық пирометімен және психрометрмен өлшенеді. Уақыт бойынша ауа ылғалдылығының ауытқуын жазу үшін, автоматикалық аспаптар, мысалы: гидрографтар және психрографтар қызмет етеді. Ауа ылғалдығы 40-60 %ек. Ауаның қозғалу жылдамдығы 0,2 м/с – тен аспау керек. Бұл үшін ауаны желдеттіру қолданылады, онда температуралар, ылғалдылықтар, қозғалыс жылдамдықтар және ауа тазару деңгейлер сипаттамаларының тұрақтылығымен ұйымдасқан ауа берілісі. Ауа жетілдіру қондырғысында келтірілген параметрлер автоматты түрде реттеледі.

Ауа желдеткіші жүйесінің уақыт әрекеті бойынша , оларды тәулік бойына , жыл бойына және мерзімділік әрекет қондырғыларына бөледі. Қыста қалыпты температураны ұстау үшін жылу жүйесі қолданылады. Санитарлы – гигиеналық қатынастарда тиімділіктің артықшылығы сумен жылыту жүйесі болады.