Файл: Блокты бталы сорапты станция (бкнс) сорап, тмен вольтті аппаратура, трмысты жне басарудан трады.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 373
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұнaй өндіруші өндірістeрдeгі жaбдықтaрдың көпжылдық пaйдалануы, oлардың жұмысындaғы тоқырaуының aнализі, монитoринг жәнe бірқaтар диaгностикалық шарaлар бірмәндeс қорытындығa әкелeді – тoқыраулар тeк қанa жылулық әсердeн, коррозиядaн, термомехaникалық шаршaудан және мeханикалық тозудaн болмaйды. Бұл проблемaлардың бәрі мұнaйөндіруші жабдықтарғa тән. Бұл сораптaрдың арнaйы тoбы қaзіргі замaңғы өндірістік базалардa, ең жaқсы материалдaрды және технологиялaрды қолдaнылып жобалaнған. Нормaтивті құжaттар, кeйбір типөлшемдeрдің аттaры өзгeрді, бірaқ та сораптaр конструкциясындa елеулі өзгерістeр болғaн жoқ. Жоғарыдa айтылған себептeр үшін сорaп жабдықтaрының сапaсы елеулі нашaрлады.Сорaпты жабдықтың сeнімсіз жұмысының тағы бір себeбі, бұл сораптaрдың көп уақыттa өнімділігінің 50-60% шамасындa және жоғарылaнған aрында жұмыс істеуі. Іске қосу рeжимінде сорaпты қондырғылaр 10% жүктемеде жұмыс істeйді.Жобaның тақырыбы жоғaрыда айтылғaн себептeрге орaй таңдaлған және де сорaптың сенімділігінe және ресурсынa ең жауaпты торaптың игеруінe арнaлған.
-
Технологиялық бөлім
-
Резервуалар құралымдарын тұрғыздың жалпы принциптері мен әдістері
-
Технологиялык аппаратураларды, сыйымдылық ғимараттарын жасау мен құрастыру әдістері ұдайы жетілдіріп отырады. Еңбекті және жұмыстың кұнын кеміту, құрылыс мерзімін қысқарту, пісіру жұмыстарын механикаландыру мен автоматтандыруға, зауыттық дайындығының құрастыру және тасымал технологиялығын арттыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруға жағдай жасайды.Мұндай жағдайда құрастырулық технологияға сәйкестігін жабдықты жеткізу және жобада қарастырылғандай орналастыру, технологиялык линияны жасау және оны пайдалануға бер жөніндегі жұмыстарды аз шығын жұмсай отырып орындаумен сипатталатын жабдықтың сапасын айқындайтын көрсеткіштердің жиынтығы ретінде қарастырған жөн.Тасымал технологиясы - жабдықты құрастыру объектісіне жеткізілуге жарамдылығын көрсететін дербес категория болып табылады.Зауыттық дайындық жұмыстардың аяқталғандығын білдіреді, өйткені құрастыру дайындығы құрастыру технологиясының анағұрлым тиімді талаптарына сәйкестігін, яғни жабдықтың тасымалдау, орнату, бүру, құрастыру пісіру жұмыстарын атқаруға, ыстықтай өндеуге және тағы басқаларға арналған құралдармен камтамасыз етілгендігін көрсетеді.
-
Тік цилиндрлі резервуарлар мен газгольдерді құрастыру
Түбінің орталық бөлігін жиектік сегменттермен уақытша жалғастырып қояды, бұл түбінің бөліктерін пісіру кезінде еркін орындарын алмастырып отыруға мүмкіндік береді.Сыйымдылығы 5 мың текше метрлік резервуар корпусы құрастыру алаңына салмағы 45-50 тонналық болып, оралмалы жалпақтемір күйінде бір ғана құрастыру элементімен келіп түседі. Кейде оған түбінің жалпак темірін де бұрап бекітеді. Сыйымдылығы 10 мың текше метрлік және аумағы анағұрлым үлкен әрі корпусының қабырғалары қалың болып келуі оның салмағын арттырып жібереді. Сондықтан да мұндай резервуарлардың корпустарын зауыттарда жасап, құрастыруға әркайсысының салмағы 50 тонналық етіп оралмалы табақша темір түрінде жеке-жеке жіберіледі.Оралмалы элементтерден тұратын резервуарлардың қабырғаларын мынадай тәртіппен құрастырады: орамды көтеруге дайындау; оны тігінен кою; орамасын жазу, жабу құралымын құрастыру; құрастыру корпусын түйістіру және пісіру, сақиналы таңбалы тігісін пісіру; түбінің орталық бөлігімен жалғастыратын сегменттер жиегінің тігісін пісіру.Сыйымдылығы 100-700 текше метрлік резервуарлардың оралмалы кабырғаларын өздігінен жүретін жүк көтергіштігі шағын және орташа крандармен орнатуға болады, үлкен резервуарлардың оралмалы қабырғаларын шығырдың бойын айналдыра отырып жүк көтергіштігі үлкен крандармен орындайды, ал кран болмаған жағдайда бүл әдіс шевраның (А-тектес жебе) көмегімен жүзеге асырылады.Орамды жазу үшін уакытша дәнекерленген сырғалыққа өткізу арқылы трактордың күші пайдаланылады. Бұл жұмысты ұзындығы 6 метр шамасында етіп кезең-кезеңмен аткарады, бұдан соң жоғарғы және төменгі жағын бекітеді. Биіктігі 18 метрлік орамды ұзындығы 1,5-2 метр етіп бөліп-бөліп жазу ұсынылады.Корпустың төменгі жиегі түбінің жиектері бойына пісірілген шектегіштерге тіреліп, капсырғыштармен бекітіледі. Қажет болған жағдайда корпустың жиегі шектегішке сынаның немесе домкраттың көмегімен қосымша қысылады.Ал жазылған темірдің жоғарғы жиегін жазылымының ауқымына қарай орнатылатын жаппа қалқаншаларының көмегімен көмкереді.Қалқаншалар кранмен көтеріліп, корпустың жоғарғы басындағы қапсырғыштарға тіреледі, ал екінші шетімен уақытша қойылған орталық жаппа тіреуіне табан тірейді. Төбесі сфера тектес етіп жабылған сыйымдылығы 10 және 20 мың текше метрлік резервуарлардың қабырғалық жоғарғы жиектерін ішкі тірек сақинасының элементтеріне бекітеді. Қалқымалы қақпағы бар резервуарларда жоғарғы жиектерін бекіту үшін сақиналы аланның сыртқы жағына берік тірек орнатады.
Қабырғаларды құрастырудың соңғы жұмысы - тік құрастыру түйісулерін пісіру. Көлемі шағын резервуарларда олардың қабырғаларына жанаспа темірді пісіру арқылы орындайды. Ал көлемі 10 мың және одан да көп резервуарларда қабырғаларын түйістіре отырып пісіреді.Буланып ұшуына жол бермеу үшін "мөлдір" өнімдерді сақтауға арналған резервуардың тұрақты қақпағына қосымша понтон қойылады, өйткені олардың бір ғана қалқымалы қақпағы болады. Отандық резервуарларға ойылған понтондар мен қалқымалы қақпақтар құрылысы жағынан бір-біріне өте ұқсас. Олар қалыңдығы 4-5 милиметрлік жұқа металдан жасалған дөңгелек болып келеді. Жоғарғы жағы ашық немесе жабық сақина тектес қорапшаларының жиегі көмкеріледі. Ал қалқымалы қақпақтарға тек жабык қораптар қолданылады.Понтонның немесе қалқымалы қақпақтың орталық бөлігін ораулы күйінде жеткізіп, резервуардың бұдан бұрын құрастырылған түбінің үстінде жатады. Құрастыру жалғастыруын дәнекерлеу арқылы орындайды.Понтонның немесе қалқымалы қақпақтың айналасына сақиналық кеңістікті резервуар қабырғасы мен понтон жиегінің саңылауын жауып тұратын нығыздағыш сұқпа орнатады.Қазіргі уақытта сыйымдылығы үлкен (50 мың текше метр) резервуарларды құрастыру кезінде қабырғасының төбесі тектес тор көзді кондукторлардың үстінде орамды табақты тегістеп жазу әдісі қолданылады. Тек осыдан кейін барып үстінде жазылған орамы бар кондуктор қабырға бойымен жобалық жағдайға сәйкес жоғары көтеріледі.Кондуктор ( сурет) бірнеше тегіс, өзара өтпелермен және байланыстармен жалғастырылған, кеңістікті құрылым іспетті фермалардан тұрады. Фермалардың жоғарғы белдігі - қисық сызықты және резервуар қабырғаларының қисықтығына қарай сәйкестендеріліп жасалынған, ал төменгілері - түзу сызықты болып келеді. Кондуктордың аумағы бір орамнан жазылған жалпақ темірді орналастыруға мүмкіндік береді.Орамды роликті қабырғаға төсеп, екі шығырдың көмегімен жазады және кондукторға қарай созады. Жалпақ темірдің екі басын түзетіп, түбіндегі орамдардан алынған цилиндрлі қасбетті қырнайды. Кондуктордағы жалпақ темірге жоғарғы сақиналық алаңның және аралық сақина темірлерінің элементтерін бекітіп пісіреді. Құрастыру кезінде жалпақ темірді уақытша кондукторға бекітіп қояды.Жалпақ темірі бар кондукторды шығырдың көмегімен түбінің жиегінде орналасқан төменгі тірегі бойымен бұрады. Тігінен койылған жалпақ темірді бір жиегінен қабырға бөлігіне күні бұрын құрастырылған тік жиекпен жалғастырады. Жалпақ темірдің төменгі жиегін түбінің шетімен қосарлап тартып тастайды. Жалпақтемірдің тік жоғарғы жиегін уакытша койылған тіреуге бекітеді. Мандайшаны жалпақтемірден ағытып, қабырғаның келесі бөлігін құрастыру үшін түбіне керекті жағдайына сәйкестендіре төсейді. Бұл процесс бұдан кейін де қайталанады.