Файл: Кіріспе зерттеуді зектілігі. Бгінде Елбасы Н.. Назарбаев ала ойан, дамыан отыз елді атарына кіру жніндегі лт жоспары100 наты адам.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 134
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
• Қабілет пен қасиетке қатысын анықтайтын мәдени құндылықтар дарындылық пен таланттың кез келген тұжырымдамасының маңызды құрамы болып табылады.
• Бағдарламаның рәсімі мен мазмұнын анықтау мультимәдени келешектің тең дәрежесін қамтуға тиіс.
• Әлеуметтік, эмоционалдық және ынталандыру факторлары дарындылық пен таланттың маңызды аспектілері тұрғысынан қарастырылады.
• Оқуға қызығушылық және тілдік дағды сияқты мінез-құлық сипаттамалары, сондай-ақ абстрактілі ойлау дағдылары, білімнің жоғары деңгейі, білімге құштарлық пен ынта дарынды және талантты оқушыларды табуда өте пайдалы болмақ.
• Әлеуетті анықтау және оның тиімділігін көрсету неғұрлым маңызды.
• Қабілеттілік әлеуетін іске асыруда оқушыларға құзырлы көмек көрсету үшін мұғалімдерге бай әрі көпаспектілі тәжірибе қажет.
Оқушылардың оқу үлгерімі артқан сайын, олардың академиялық жетістіктері ресми тіркеліп, ол баланың таланттарын көрсететін портфолиоға қосылуы мүмкін. Оқыту және оқу тәжірибесінде белгілі бір жастағы балалардан көріне бермейтін ойлаудың барынша толысқан түрі кездеседі, немесе күнделікті оқы мәнмәтінінде қолданылмайтын, әдетте оқудан тыс кездері көрініс табатын, назар аударуды талап ететін оқушының зияткерлік дарыны, жоғары әлеуметтік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері кездеседі. Оқушының дарындылық және таланттылық ауқымын анықтауға көмектесі үшін баланың мінез-құлқының сипаттамалары енгізілген бақылау үлгілері жасалды.
Білім беру саласын жетілдіру зерттеулері жөніндегі АҚШ офисі [9] мектептерге дарынды және талантты оқушыларды анықтауға көмектесетін бес тапсырма ұсынған:
• талантты оқушылардың әртүрлі қабілеттерінің өрісін белгілеу;
• мәдени және басқа наным-сенімдеріне қарамастан барлық оқушыларға бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Бейімділігі:
• оқушылардың тек көрсетіп жүрген ғана емес, сонымен бірге көрсетуі мүмкін әлеуетті жетістіктерін анықтау;
• ерекше қабілетті оқушыларды анықтау үшін бағалаудың түрлі жүйелерін пайдалану.
Таланты:
• оқушылардың жетістігі үшін түйінді маңызы бар ынталандыруды шұғылдық және эмоционалдық тұрғысынан бағалау.
Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым «күрделі», «ынталандыратын» тапсырмалар қажет деген пікір қалыптасқан.
Мұғалімдердің дарынды балалардың мінез-құлқын ұғыну сипаты олардың осы проблемаларды түсіну және ол үшін қам жеу дәрежесін көрсетеді. Мәселен, кейбір мұғалімдер дарынды балалардың әдеттен тыс идеялар ұсынуға бейімділіктерін ынталандырады, ал кейбіреулері – мұндай мінезді тәртіп бұзушылық деп санайды. Кейбір мұғалімдер дарынды балалардың кездейсоқ шешімдерге күмәнмен қарау бейімділігін қош көреді, ал кейбіреулері – мұны сыйламаушылық деп біледі. Кей кездері онша қолайсыз тәртіп көңіл қалғандықтың нышаны болуы ықтимал. Әдетте ақпаратты тез игеріп алатын оқушылар негізгі қағидаттарды жеңіл аңғарады, олар зияткерлік тапсырмаларды жақсы көреді және де жекелеген оқу кезеңін айналып өтеді, сондықтан егер бағдарламаның сол тапсырмаларын және сыныптағы басқа оқушылармен бірдей жылдамдықта орындау қажет болған жағдайда, олардың іштері пысады, сосын олар алаңдай бастайды. Мұндай оқушылар «сыныптың күлдіргішіне» айналып, сабақтың өту тәртібін бұзады, немесе өзінің бойындағы оқуға деген ықыласын басады. Сондықтан мұндай оқушыларды проблемалық субъектілер ретінде қарамай, мұғалім оқушылардың дарындылығы мен таланты тұрғысынан осындай жағымсыз тәртіптің шығу себебін анықтап, оларға сәйкес келетін жағдайларды қамтамасыз етуге ұмтылуы маңызды.
1.3 Жұмыс әдістері мен құралдары
Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.
Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Барлық жағдайларда адамдар топтарға бірлескен кезде ынтымақтастық адамдардың топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен үлесі құрметтей отырып жұмыс істеу тәсілін ұсынады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін топ мүшелері арасында билік пен жауапкершілікті бөлу орын алады. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге негізделген.
Ынтымақтастық оқу – оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобы дегенді білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады.
Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, оқушылардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.
4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік гимнастика кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.
5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық аясын құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады [10].
Оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысу кезінде тиімділікпен оқиды. Зерттеушілер оқитын пәніне қарамастан, басқа оқу форматында ұсынылған сол ақпараттан гөрі, шағын топтарда жұмыс істейтін оқушылар, әдетте, оқытылатын нәрсе туралы көбірек біліп, соның нәтижесінде алған білімін ұзақ сақтайтындығын дәлелдеп отыр. Сонымен қатар ынтымақтастық топтарында жұмыс істейтін оқушылар өзінің сыныптарымен анағұрлым қанағаттанатын сияқты болып көрінеді.
Мұғалімдер бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың да маңызы зор. Диалогтік әңгімеде де мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар, оқушылардың да сұрақтары маңызды. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады. Рэгг және Браун [11] оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің бірнеше түрлерін ұсынады. Мұғалімдер:
• жауапты елемей, назарын басқа оқушыға, тақырыпқа немесе сұраққа аудара алады;
• жауапты мойындап, оны келесі сұхбатқа негіз ете алады;
• мағынаны күшейту үшін немесе оны басқалардың да естуі үшін жауапты сөзбе-сөз қайталай алады;
• белгілі бір элементті атап көрсету үшін жауаптың бір бөлігін қайталай алады;
• нақты кезеңдегі немесе алдағы әңгімелесу желісіне қосу мақсатында жауапты басқа сөздермен қайталап айта алады;
• жауапты мақтай алады (осы немесе одан кейінгі әңгімелесуде қолдана отырып, тікелей немесе жанама);
• жауапты түзете алады;
• оқушыларды бұдан әрі де ақпарат немесе түсініктеме іздеуге ынталандыра алады;
• оқушыларға маңызды мәселелерге назар бөлуге көмектесе алады.
Бар назарын оқушыларды алдын ала белгілі жауапты табуға жетелеуге аударған мұғалімдер, әдетте, олардың ақпаратты игеру үдерісін бақылаудан шығарып алады. Оқушыларға жауап беруге уақыт беру керек және де мүмкін болса, бұдан кейінгі сұрақтар мен жауаптарды олардың сөздеріне орайластырып құрған дұрыс. Сұрақ қойылғаннан кейінгі кідіріспен қатар, зерттеуде мұғалім оқушының жауабын алғаннан кейін де кідіріс жасау қажет екені атап көрсетілген. Харгривс және Гэлтон [12] жалпы алғанда, мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны қайталап немесе сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын шамамен екі секундтай кідіретіндігін анықтаған.
Харгривс және Гэлтон мұғалімнің шұғыл және инстинктілік реакциясы жауапты бағалауға, қайталауға немесе басқа сөздермен қайталап айтуға ұмтылысы болуы тиіс дейді. Күту уақытын үштен жеті секундқа дейін созып жіберсе, бұл төмендегідей басқа да параметрлердің созылып кетуіне әкеледі:
1. Оқушылардың жауаптарының ұзақтығы.
2. Ерікті жауаптардың саны.
3. Оқушылар сұрақтарының жиілігі.
4. Қабілеттері төменірек оқушылар жауаптарының саны.
5. «Оқушы-оқушы» әдісі бойынша өзара іс-қимыл.
6. Пікірталасты жауаптардың жиілігі.
Ойлануға берілетін уақыттың ұлғаюы (әсіресе күрделі жауаптар үшін) оқушыларға өз жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік береді. Оның үстіне, мақсатқа қатысты жылдамдық туралы ұмытпау керек – жабық сұрақтар тобы орынды болуы мүмкін, бірақ кей жағдайларда сұрақтарға оқушылардың барынша ойластырылған және терең жауап бергендері керек.
Қорыта айтарымыз, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Мұғалімдер қолданысындағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.
2 ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ
2.1 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қазақ тілі сабағында тиімді қолдану
Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады. Оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралдармен қамтамасыз ету және студенттің жекелей дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін - өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды дамыта оқыту, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жоғарлатуды көздейді. Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру оқытушының басты міңдеті. Сондықтан, әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдістәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді. Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан, оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың, студенттердің жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жанжақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір оқытушының шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін [1]. Осыған байланысты жұмыстың негізгі мақсаты – қазақ тілін оқыту үрдісіндегі қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формаларын, яғни, технологияларын қолданудың әдістемелік негіздерін ашу. Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру [2]. Блум жүйесі арқылы уақытты тиімді пайдалана отырып қолдануға және сапалы білім мен оқушылардың өзін-өзі бағалауға қол жеткізуіне мүмкіндік туады. Блум таксономиясы алты ойлау деңгейлері мен көрсетіледі. 1. Білу 2. Түсіну 3. Қолдану 4. Талдау 5. Жинақтау 6. Бағалау Білу - таным мен ойлау деңгейі – төменгі деңгей. Бұл деңгей мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi. Мысалы, қазақ тілінің ережелерін әр сабақ сайын қайталап отыру немесе өткен сабақты еске түсіру. Түсіну - таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау, болжам жасату. Жаңа материалды түсінуін қамтамасыз ету. Жаңа сабақ түсіндіріліп болғаннан кейін оқушылардың қалай меңгергендігін анықтау кезеңі. Қолдану - таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Бұл деңгей оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан өмірде қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді. Талдау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл деңгей оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді. Жинақтау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалындағы жеке бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға бағыттау. Ойын жинақтап, проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды. Бағалау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғыларының оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді. Материалдың өзі үшін керектісін, құндылығын анықтау, пайымдауға бағыт беру, идеялар алмасу, өзіне керектісін таңдау [3, 4]. Блум таксономиясын қолдану арқылы оқытудың ерекшеліктері: - балалар өздері білетіндерінен бастап, бірте- бірте жаңа тақырып пен ұштастыра отырып, білімін толықтыра түседі; - берілетін тапсырмалар әртүрлі болғандықтан оқушылардың қызығушылығын оятады, сыни тұрғыдан ойлау белсенділігі артады; - сабаққа деген қызығушылығы артады; - оқушылар арасында топтық жұмыс та, жұптық, жеке жұмыс та орындалады; - ойларын қорытындылауды, пікірін дәлелдеуді үйренеді; - әр оқушы білім деңгейін байқап, өзін- өзі бағалап отырады, жұптық бағалау, ал сабақ соңында топ көшбасшылар топты критериймен бағалап отырады; - оқытушы да оқушы да көп ізденуге дағдыланады. «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітап және оның маңызы» атты тақырыпта өткізген сабағым «Блум» таксономиясы бойынша білу, түсіну, қолдану, жинақтау, бағалау кезеңдері деп жоспарланды. Сабақта оқушылар топқа біріктіріліп, топтық, жұптық, жеке деңгейлік тапсырмалар берілді. Оқушылар диалогты әңгімелесу кезінде бір-бірін тыңдады, пікір алмасты, ой бөлісті, талқылады, ой жинақтады, ынтымақтастықта білімді бірлесіп құру арқылы түсінікпен дағдыларды қалыптастырды [5]. Сабақтың мақсаты: Қызыл кітаптің негізгі ерекшеліктері, маңызы түсіндірілді. Сыни тұрғыдан ойланып, ойларын еркін айта білуге дағдыландырды. Күтілетін нәтиже: Қызыл кітаптің маңызы мен құндылығын білу. Сабақта қолданған әдіс -тәсілдер: «Ой-қозғау», «Өрмекші торы», «Балық қаңқасы», «Бес саусақ» ,«Аяқталмаған сөйлем» , «Ойлан, бірік, бөліс», «Сұрақ қою» әдістері. Білу кезеңі. Үй тапсырмасын сұрауда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бойынша «Өрмекші торы» әдісі арқылы сұралды. Оқушылар шеңбер құрып тұрды және жіпті қағыт алып қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, өзі де сұрақ қойды. Бұл әдіс оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға тиімді болды. Тапсырмада оқушылар бір-бірімен сұрақ-жауап арқылы диолог жасады. Мeрсер мeн Литлтон (2007 ) өз еңбeктерінде диолог -сaбақта оқушылaрдың қызығушылығын aрттырумен қатaр олaрдың білім дeңгейінің өсуіне үлес қосaтынын айтып көрсеткен. Оқушыларды топқа бөлуде «Қызыл кітаптың» бөлімдері арқылы бөлінді. Әр топ өздерінің топтарынан топ басшы сайлады. Топ ережесін еске түсіріп, барлығы топ ережесіне және топ басшыға бағынатынын айтты. Топқа бөлу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылды. Түсіну кезеңі. Оқушыларға жаңа сабақты «Ой қозғау»әдісімен сыни тұрғыдан ойлату мақсатында «Оқытудағы ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану» арқылы интерактивті тақтадан сөз жұмбақ қою арқылы жаңа сабақ тақырыбы ашылды. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушылардың қaбылдауын жылдaмдататын, түсінулерін жеңілдететін, мұғaлімнің сaбақ өтуіне көмектесетін бүгінгі күнде аса маңызды құрал болып тұр. Қолдaну кeзeңі. Оқушыларға «Жас ерекшеліктеріне сәйкес» тапсырма берілді. Бұл «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы көп нүктенің орнына тиісті сөйлемді қою. Талдау кезеңі: Одан әрі білімдерін дамыту үшін «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі қолданылды. Ол үшін оқушыларға суреттердің қиындысын беру және сол бойынша тапсырмалар берілді. Олар суреттерді құрастырып, төмендегі тапсырманы орындады. Яғни бес саусақ әдісі арқылы «Қызыл кітаптың» маңызы талқыланды. Жинақтау кезеңі: Алған білімдерін жинақтау мақсатында «Кім жүйрік?» әдісін қолданылды. Яғни, әрбір топқа сұрақтан қойылып, миға шабуыл жасалды. Бағалау кезеңі. Сабақты оқушылар қалай меңгергенін бақылау үшін «ББҮ» әдісі бойынша кері байланыс ұйымдастырылды. Оқушыларға стикер таратылды. Әр тапсырманы бағалау парағына топбасшылар бағалап отырды, топ мүшелері келісіп отырды. Нәтижесі: - қызығушылығы артады; - бір-бірін тыңдайды; - ойлау,есте сақтау қабілеті дамиды; - өзіндік пікірі қалыптасады; - татулықта жұмыс жасайды.
5 сыныптың 6 бөлімі: «Әлемдегі ірі кітапханалар, оның ішінде Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай, мақатанба» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді үш сабақ жоспарын ұсынып отырмын. Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құрған мақсатым сабақта қолданған әр түрлі әдіс-тәсілдері мен қалыптастырушы бағалауды өзара салыстыру арқылы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді жақтарын мейілінше жан-жақты көрсету.
Бірінші қысқа мерзімді сабақ жоспарының құрылымы:
Сабақтың оқу мақсаты:
5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу. Айтылым коммуникативтік дағдысының 5 мақсаты: Сенімді және еркін жауап беру
5.Ж5. Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану; Жазылым коммуникативтік дағдысының 5 мақсаты: орфография және пунктуация.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Тақырып аясында қазақша мәтіндерді талдау арқылы жаңа сөздерді меңгереді;
Оқушылардың көбісі: Қазақтың ұлы ақыны жайлы ақпарттық ұғымын кеңейтеді;
Оқушылардың кейбірі : Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдана алады;
Бұл сабақта күтілетін нәтиже, яғни бағалау критерийлері:
-
Берілген сұрақтарды түсінеді; -
Сұрақтарға дұрыс жауап береді; -
Тірек сөздерді қолданады; -
Шағын диалогке түсе алады; -
Ортақ ой, шешім шығара алады; -
Үндестік заңын біледі; -
Пунктуациялық норманы біледі; -
Стилі берілген жанрға сәйкес;
Алдыңғы оқу «Бір қадам артқа» әдісіне негізділген алдыңғы сабақтағы кері байланыстан басталады. Әр сабақты осылай кері байланыстан бастау оқушылардың қателік жіберуге қорықпай, тәуекелге бару мәдениетін қолдау, оқушылардың ішкі уәжін сақтау және арттыру үшін жағымды кері байланыс ұсыну, оқушылардың өзіне беретін бағасын көтеріп, олардың алдағы уақытта нәтижені жетілдіре алатынына сенім ұялату болғандықтан сабақты осылай бастауды жөн деп санаймын.
Сабақтың басы «Ыстық алақан» әдісі арқылы оқушылардың арасында ынтымақтастық орта орнату. «Бес бармақ» әдісі арқылы 5 топқа бөлу.(бас бармақ, балаң үйрек, отан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек).
Сабақтың ортасында «Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушыларды сөйлету. Осы суреттерде не бейнеленген? Бұл суреттерге қарап қандай ой келді? Бұл оқушылардың көрген суреттерді түсінуін жақсарту мақсатында тиімді тәсіл деп айтып, оқушылардың оқуды жалғастырып, және мәтіндегі ақпаратты лайықты түрде пайдалануға уәждейді.