Файл: Кіріспе зерттеуді зектілігі. Бгінде Елбасы Н.. Назарбаев ала ойан, дамыан отыз елді атарына кіру жніндегі лт жоспары100 наты адам.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 142
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
жазылым дағдысын негіз етіп, оқылым, тыңдалым, айтылым дағдысын жанама түрде қолдандым. Оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз еттім, бұл жазылым үдерісі деп аталады. Толығырақ айтқанда, жазылымды жоспарлаудан бастап, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге дейінгі оқушылардың әрекетін ұйымдастырдым. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерімен әртүрлі уақытта жұмыс жасай білуге дағдыландырады.
Сабағымды оқушылардың тақырыпты өз бетімен меңгере алуына билік беру, ізгілендіру ұстанымдары арқылы жүзеге асыруды көздедім. Оқушының жеке траекториясын ескере отырып, сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып, сабақ мақсатына жетелейтін белсенді әдіс-тәсілдерді нәтижеге бағыттап тиімді қолдана алдым. Оқушылардың әрекеті танымдық, коммуникативтік және өзін-өзі басқару тұрғысында көрініс тауып. барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылды. Сабағымның бастапқы кезеңінде уәж туындату, оқушыны сабаққа ынталандыру және жаңа тақырыпты жариялау мақсатында оқушыларға түрлі түсті конверттер үлестіру арқылы топқа бөліп, конверттегі ребус, жұмбақтарды шешу арқылы сабағымның тақырыбы мен мақсатын таныстырдым. Жазылым алдында оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін «Құндылық пирамидасына» адам бойына жақсы мінез қалыптастыру үшін қажетті құндылықтарды ретімен орналастыруды ұсындым. Жазылым кезінде жинақ мәтін жазуға дайындық ретінде «Танысу үшін оқу және сканерлеу» әдісін анағұрлым тиімді деп таптым. Мәтінмен танысқаннан соң қажет деп тапқандары жоғарыда құрастырған «Құндылықтар пирамидасына» қайта оралып, түзетулер енгізді. «Жылқы сұлбасы» әдісі арқылы жинақы мәтін жазуда басшылыққа алатын негізгі ақпарттартарды, тірек сөздер мен қорытындыны анықтады. Оқу мақсатын жүзеге асыру мақсатында жинақы мәтін жазғызып, топта оқытып, үздігін «Ыстық орындық» әдісі арқылы ортаға шығарды. Сабақ барысында әрбір оқушының өзінің және сыныптастарының әрекетіне эмоциялық қолдау көрсетіліп отырды. Мәтіннен алған білімін қолданып «Детальдарын қосу» әдісі арқылы, оқушылар алған білімін толықтырса, жазылымнан кейінгі тапсырмада оқушы алған білімін «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы жинақтады. Сабақ соңында «Бағалау терезесі» арқылы керібайланыс орнаттым. Сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, сабақтың мақсатын оқушылардың есіне салып отырдым.
Бала қай кезде де өзі жасаған істен қанағат, ләззат алатыны белгілі. Сондықтан ойлау деңгейі әртүрлі оқушыларым үшін әр тапсырмаға саралау жұмыстарын дайындадым. Құндылықтар тізбегін құрастыруда тәртіп, ақыл, мейірімділік т.б. сөздер салынған қорапша ұсындым.
Мәтінді түсініп оқу кезінде ойлауға жетелеу сұрақтары бар топшама, ал жинақы мәтін жазуда үздік шыққан топтың «Жылқы сұлбасын» ұсындым. Ойлау деңгейі жоғары оқушыларыма мәтін негізінде берілген сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтау жұмысы берілді.
Саралап оқытуды ұйымдастырудың негізгі шарты күрделілігі, танымдық деңгейі, мұғалім тарапынан берілетін көмектің сипаты жағынан ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану болып табылады. Саралап оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың оқу және танымдық деңгейлерінің әртүрлілігі басты назарда болды.
Баланың уәжін, сенімін қалыптастыру үшін бағалау критерийлеріне сәйкес әр тапсырмаға дескрипторлар құрастырдым. Бағалау оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етті. Оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік берді, Сыныпта белсенділік танытқан оқушыларға смайликтер беріліп, сабақ соңында смайлик санына сәйкес «ең белсенді оқушы» анықталып, смайликтер оқушыларымның жас ерекшелігіне орай сыйлыққа айырбасталды. Сабақ соңындағы кері байланыс оқу үдерісін түзетіп отыруыма мүмкіндік берді.
Алаштың аймаңдай тұлғасы, қазақ қара сөзінің құлжасы Ж. Аймауытұлы 1929 жылы жазған «Комплекспен оқыту жолдары» атты еңбегінде «Балалардың білгені, тапқан-таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып отырып, барлық жұмысты балалардың белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан білім берік болады. Өмірінше ұмытпайды», - деп көрсеткен. Демек, жаңартылған білім мазмұнына сай құрылған әр сабақ оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге жол ашады. Қазіргі заманда табысқа жету үшін талап етілетін сын тұрғысынан ойлау, проблема шешу, қарым-қатынас жасау және бірлесіп әрекет ету сияқты негізгі дағдыларды меңгеруге ықпал етеді.
Бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа
жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тапсақ, егемен елдің ұл- қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын. Негізінен жаңартылған білім беру жүйесі құзыреттілік және сапаға бағытталған бағдарлама екендігіне көз жеткіздім.
2.2 Жаңартылған мазмұн аясында қазақ тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың ерекшеліктері
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты — адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Бұл қазіргі уақытта педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты көрініс тауып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында.
Технология, коммуникация мен ғылым салалардағы елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ ғасырда табысты болу үшін қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Сонымен қатар, қарқынды жаһандану ұлттық экономикаға да ықпал етуде, оның үстіне қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артып отыр. Женевадағы Халықаралық еңбек ұйымының (2006) баяндамасы мұның жеке азаматтар үшін маңыздылығын көрсетті: «... көлік және коммуникация саласындағы елеулі жетістіктермен қатар, сауда мен капитал ағымын ырықтандыру: өз еңбегінің жемісін сату үшін әлемдік нарықта өзара бәсекелестіктегі жұмысшылар мен жұмыс берушілердің саны күннен-күнге артып келе жатқандығын көрсетеді» (VII б.). Жаһандану тек жұмыс орындарына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар, оның қолжетімді жұмыс түрлеріне және сәйкесінше, жұмыс табу үшін қажетті білім мен дағдыға да әсері артып келеді [14].
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын, құзыреттілігін қалыптастыру жолдары, мәселелері тек қана білім мазмұнын жаңартуды жүзеге асырып қана қоймайды, сондай-ақ оқытудың тиімді технологиясы мен әдістерін қолдануды көздейді. Яғни бүгінгі күні мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіруді міндеттейді.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі оқушылардың сабақта, бос уақытында және күнделікті қарым-қатынасында технологияларды біліктілікпен және шығармашылықпен пайдаланудың бастапқы дағдылары арқылы қалыптасады.
Оқушылар білім беру бағдарламасындағы пәндерді оқу барысында мәліметтерді табу, құрастыру және басқару, ақпараттармен және идеялармен бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану дағдыларын дамытады.
Мысалы: әдебиетті оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану төмендегідей көрініс табады:
- көркем шығарма бөлімдерін және оның негізгі идеяларын толықтай түсіну үшін медиаматериалдарды қолдану;
-оқушылардың белсенділігін арттыру үшін АКТ мүмкіндіктерін тиімді қолдану;
- медиақұралдарды қолдана отырып, ақпаратты және дәлелді түсіну, әртүрлі пікірлерді талдау және салыстыру;
- медиақұралдарды қолдана отырып, ғаламдық мәселелерге қатысты тақырыптарды нақтылау және әртүрлі пікір тұрғысынан сыни талдау жасау;
- АКТ қолдана отырып, таныстырылым дайындау, салыстыру, бағалау, зерттеу және бірлесе отырып пікірлерін дәлелдеу.
Қазақ тілін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдерге:
1) Оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері:
- Тілдік әдістер (әңгіме, дәріс, семинар, диалогтік оқыту, топтық оқыту, бірлесе оқыту);
- Көрнекілік әдістері (иллюстрациялар, көрсетілім, таныстырылым);
- Тәжірибелік әдістер (жаттығулар, тәжірибе жасау, қолмен түрлі бұйымдар (постер, кластер, буклет) жасау;
- Репродуктивтік әдістер;
- Проблемалық-ізденушілік әдістер;
- Өзіндік жұмыс әдістері (мұғалім басшылығымен және өз бетімен);
2) Оқу-танымдық әрекетті ынталандыру және уәжді арттыру әдістері.
3) Оқу-танымдық әрекеттің тиімділігін бақылау және өзіндік бақылау жасату әдістері. Оқушылар жалпы білім беретін негізгі мектеп бағдарламасындағы барлық пәндерді оқу барысында ақпаратты табу, құрастыру және басқару, мәліметтер және идеялармен бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмысын жетілдіре және бағалай отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамытады.