ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 951
Скачиваний: 33
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Көбекова Ж.С.
Психология негіздері
Оқу қуралы
УДК 159.9 (075.8)
ББК 88.3 я73
К44
Пікір жазгандар:
- Халыкаралык қазақ-түрік университеті «Бастауыш окыту теориясы мен әдістемесі » кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., Токкулова Г. Т. Түркістан гуманитарлы-техникалық колледжінің педагогика, психология пәндерінін оқытушысы, практик педагог-психолог Исабекова К.А.
Көбекова Ж. С.
Психология негіздері: Оқу қүралы .- Түркістан,2012-б.
ІSВN 9965-594-03-1
Оқу құралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылымМинистірлігінің 2010 жылғы 5 тамыздағы № 604 бүйрығымен бекітілген үлгілік бағдарламасы негізінде алынып жазылған.
Оқулык жалпы психологиямен, медициналық психологиямен ұштастыра отырып қазіргі кездегі білімді студенттерге қалыптастыру және осы білімнің кәсіби тәжірибеде қолданылуы қарастырылған.
Пәннің дамуынан бастап қазіргі жетістіктері қамтылып жазылған,
оқу құралы - психология ғылымының теориялық негіздерін ашып
көрсеткен, психикалық құбылыстардың жіктелуі, жеке адамның
акцентуациясы мен аутқушылығын (психопатия), психологиялык
жағдайларды зерттейтін әдістер, ауру адамның психологиясы, тұлға
аралык қарым-қатынас психологиясы, психогигиена менпсихоирофилактика туралы мәліметтер келтірілген, қосымша материалдармен, тест жиынтықтарымен қамтылған. Сондыктан да бұл оқулык студенттердің психологияны басқа да медицина ғылымдармен сәйкестендіре отырып, меңгеруіне мүмкіндік береді.
УДК 159.9 (075.8)
ББК 88.3 я73
ІSВN9965-594-03-1 © Көбекова Ж. С.,2012
АЛҒЫ СӨЗ
Ұсынылып отырған оқу құралы Қазақстан Республикасының жалпыға білім беру стандартына сәйкес 0301000 «Емдеу ісі» мамандығы 0301013 «Фельдшер» біліктілігі, 0302023 «Акушер» біліктілігі, 0304000 «Стоматология» мамандығы, 0304023 «Стоматолог дәрігердің көмекшісі» біліктілігі, 0304032 «Стоматологиялық гигиенист» біліктілігі, 0304013 «Дантист» біліктілігі, 0302000 «Мейірбике ісі» мамандығы, 0302033 «Жалпы тәжірибелік мейіркеш», 0302043 «Мамандандырылған мейіркеш» біліктілігі, 0306000 «Фармация» мамандығы, 0306013 «Фармацевт» біліктілігі, 0303000 «Гигиена және эпидемиология» мамандығы, 0303013 «Гигиенист-эпидемиолог» біліктілігі, 0305000 «Лабораториялық диагностика» мамандығы, 0305013 «Медициналық лаборант» біліктілігі бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес, колледж студенттеріне арнап дайындалған.
Бұл оқу құралы бүгінгі күннің талабына сай, сұраныстардан туындаған енбек.
Оқу құралы жалпы психологиямен, медициналық психологиямен ұштастыра отырып қазіргі кездегі білімді студенттерге калыптастыру және осы білімнің кәсіби тәжірибеде қолданылуы қарастырылған.
Пәннің дамуынан бастап қазіргі жетістіктері камтылып жазылған, оқу құралы - психология ғылымының теориялык негіздерін ашып көрсеткен, психикалық құбылыстардың жіктелуі, жеке адамныңакцентуациясы мен аутқушылығын (психопатия), психологиялыкжағдайларды зерттейтін әдістер, ауру адамның психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы, психогигиена менпсихопрофилактика туралы мәліметтер келтірілген, косымша материалдармен, тест жиынтықтарымен камтылған.
Пән биология, анатомия, физиология, философия және басқа да клиникалық пәндермен байланыстырылған. Сондыктан да бұл оқулык студенттердің психологияны басқа да медицина ғылымдармен сәйкестендіре отырып, меңгеруіне мүмкіндік береді. Оқу құралында 6 тарау қамтылған:
Психология пәні, міндеттері және зерттеу тәсілдері.
Танымдық психикалық процестер.
Сана және өзіндік сана сезім.
Эмоционалдык және ерік процестері.
Тұлғаның психологиялық құрылымы.
Қарым-қатынас психологиясы.
Психология ілімі тарихынан
Ғасырлар қойнауынан бізге жеткен жазба ескерткіштердің материалдары дәлелдегендей, психологиялық құбылыстарға деген кызығушылық адамдарда бізге дейінгі ерте кезден-ақ пайда болды. Ол біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың орта кезінен бастап қалыптасты, оған ертедегі грек философтары Демокриттің, Платонның, Аристотельдің және басқаларының ғылыми трактаттары дәлел болып табылады. «Жанды» түсіндіруде ертедегі ойшылдардың көзқарасы екі бағытта қалыптасты: материалистік және идеалистік. Бірінші бағыт негізінен Демокриттің, Эпикурдың, Лукрецияның, ал екіншісі- Платонның, кей жағдайда, Аритотельдің еңбектерінде қарастырылды. Аристотель екі жақты көзқарасты ұсынады, бір жағынан материалистік көзқараста болса, екінші жағынан идеалистік бағытты ұстанды. Платонның шәкірті Сократ «жанды» материалистік бағыттың өкілдерімен салыстырғанда басқаша түсіндірді.
Аристотель (384-322) бойынша, жан- тірі материяға тән жанды бастама. Аристотельдің көзқарасы алғашқы жан туралы ілімнің шыңы болып табылады. Ол алғашқы «Жан туралы» ғылыми- психологиялық еңбектің-трактаттың авторы.
Р.Декарт (1596-1650) өзіндік бақылауды психологиядағы негізгі әдіс ретінде пайдалана отырып, ХҮІІІ-ХІХ ғ. адамдардың ішкі дүниесін зерттеп, бұл бағытта біршама жетістіктерге жетті.
Б.Спиноза (1632-1677) психологиялық білімді дамытуға ерекше үлес қосқан голландиялық философ. Ол белгілі дәрежеде Декарттың дуализмін өзгертуге талпыныс жасады. Спиноза дуализмнің орнына жан денемен тығыз байланысты, онсыз өмір сүре алмайды деген көзқарасты үсынады.
Т.Гоббс (1588-1679) ағылшын ғалымы, ғылыми-жаратылыстану жолымен адамдардың қабілеттерінің айырмашылығын түсіндіруге талпыныс жасады. Осы кезден бастап психологиядағы негізгі перспективалық бағыт ретінде эмперикалық немесе тәжірибелік психология қалыптасты, оның негізгі мақсаты- жан туралы философиялық түсінік емес, объективті ғылыми дәйектерді жинау және талдау.
Джон Локк (1632-1704) ағылшын ойшылы, психологиялық құбылыстарды тәжірибелік түсіндіруді және сипаттауды бір жүйеге келтірді, сонымен қатар тәжірибелік психологияның негізін салушы болып есептеледі. ХҮІІІ ғасыр ғылыми психология тарихында ассоциативтік ілімнің дамуымен тығыз байланысты. Ассоциация- белгілі бір психикалық күбылыстар мен қозғалыстардың басқалармен заңды байланысын айтады.
Д.Гартли (1705-1757) ағылшын ғалымы, оның еңбектерінде ассоциативтік психология аяқталған түрде берілді. Гартлидің айтуынша, адамның бүкіл жан дүниесі үш элементтің: түйсіктердің, идеялардың және сезімдердің бір-бірімен байланысы, біріктірілуі негізінде құрылған.
И.Ф.Гербарт(1776-1841) немістің эмпирикалықпсихологиясының негізін қалаған. Ассоциация және апперцепция ұғымдарын енгізген ғалым қазіргі психологияда сақталған, өз мәнін жойған жоқ.
В.Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында 1879 жылы эксперименталдік психологиялық зертхана негізін қалады, ол кейіннен эксперименталдік психология институтына айналды, ол аз уақыттың ішінде ғылыми психологиялық ойдың және психолог кадрларды даярлауда әлемдік орталыққа айналды, онда бастапқы оқыту дәрісін алған кейбір ресейлік психолог-ғалымдар Н.М.Бехтерев пен Н.Н.Ланге болды.
И.М.Сеченов (1829-1905) Ресейде бүдан бірнеше жыл бұрын психологияны дамыту бағдарламасымен айналысты. Оның «Бас ми рефлекстері» (1863) атты белгілі еңбегі рефлекс ұғымына негізделген жаңа эмпирикалық психологияның негізін қалады. И.М.Сеченов бағыты кейіннен И.П.Павловтың және В.М.Бехтеревтің еңбектерінде өз жалғасын тапты.
И.П.Павлов (1849-1936) үйретудің жэне бейімделудің тәжірибесінің қызметі ретінде шартты рефлексті ашты.
В.М.Бехтерев (1857-1927) Қазан қаласында бірінші отандық эксперименталдік психологиялық зертхананы негіздеді.
Шарко (1825-1893) жан-жақты зерттеу жұмысын жүргізді. Оның жетекшілігімен аса дарынды француз психологы Пьер Жане (1859-1937) және психоанализ бағытының негізін салушы Зигмунд Фрейд (1859-1939) өз жұмыстарын бастады.
Альфред Бине көрнекті француз психологы, объективтік әдістерді зерттеп, талдады. Ол балалардың интеллектісінің даму деңгейін анықтау үшін тестілер жасады. Интроспективтік әдіс жаңа объективтік зерттеу әдістерімен салыстырғанда кейінгі катарға ығыстырылды. Психологияның дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі ерекше рөл атқарды. Дарвиннің эволюциялық ілімі бойынша, психикалық құбылыстарды қоршаған ортадан, тірі организмнің бейімделу іс-әрекетінен бөліп алып қарауға болмайтындығын дәлелдеді.
Бихевиоризм- XX ғасырдың бас кезінде жоғарыда келтірілген
себептерге байланысты қалыптасқан психологиялықбағыттардың бірі. Бихевиоризм теориясының негізгі зерттеу нысаны сана емес, адам мінез-құлқы болып табылады. Мінез-құлық психологиясы АҚШ-та ерекше дамыды.
Джон Уотсон (1878-1958) америка ғалымы, әрі психологы, бихевиоризм бағытының көрнекті өкілі. Ол дәстүрлі психология пәнін, жан құбылыстарын жаңа мінез-құлық психологиясымен өзгерту қажеттігін ұсынды. Бихевиористердің дәлелдеуінше, негізгі ғылыми ұғымдар болып табылатын стимул- сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш, реакция- тітіркендіргішке ағзаның жауабы және стимул мен реакцияның байланысы-ассоциация. Сонымен, Уотсон санадан ғылыми категория ретінде бас тарта отырып, өзінің еңбегінде И.П.Павловтың шартты рефлекстер туралы әдістемесіне сүйенеді.
Бихевиоризмнің пайда болуына американың зерттеушіғалымы Э.Торндайктің (1874-1949) еңбектерінің үлкен әсерітиді. Э.Торндайктің негізгі зерттеулері жануарларға жүргізілді,олар «проблемалық жәшік» деп аталатын затқа орналастырылды.Э.Торндайк «проблемалық жәшіктегі» жануарлардың мінез-құлқын бақылап, байқау және қателесу әдісімен әрекет етеотырып, жануарлар кездейсоқ нәтижеге жетеді деген
қорытындыға келеді. Үйрету, бейімделу реакциясынқалыптастыру бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде іске асады (жаттығу заңы). Егер реакциядан кейін ағза үшін жағдай ойдағыдай іске асатын болса, реакция бекітіледі, стимул мен реакцияның арасында берік байланыс қалыптасады (тиімділік заңы).
Роберт Вудворте (1869-1962) көрнекті америка психологы,функционалдық психологияның негізін салушылардың біріболды. Ол бихевиористердің ұсынған «стимул-реакция» үлгісінжоққа шығарып, оның құрамына аралық буын- ағза менұстанымды енгізді, түрткі туралы ілімді талдады. Сонымен,бихевиоризм қатты сынға алынып,мінез-құлықпсихологиясының реформасы басталды. Ол реформаны Эвард Толмен және Кларк Халл сияқты ғалымдар басқарды, ал жаңа бағыт «необихевиоризм» деп аталды. Олардың айтуынша, психологиядан дәстүрлі ұғымдарды: образ, түрткі және т.б. шығарып тастау мүмкін емес, олар реакция мен стимулдың арасында тұрады деді.
З.Фрейд (1856-1939) австриялық психиатр және психолог,психоталдау бағытыөкілдерініңбихевиористерден,гештальтпсихологтардан айырмашылығы психологияда ғылыми білімді құрудың үлгісі ретінде дәл және жаратылыстану ғылымдарына бағдарланған жоқ, ал олар тоқыраудан шығудың жолын медицина және психологияның өз шеңберінде табуға ұмтылды.
Жан Пиаже психология ғылымында генетикалық бағыттың ең көрнекті өкілдерінің бірі, швейцария ғалымы, психологі. Әлемдік психологияда баланың интеллектісін дамыту саласында өлшеусіз еңбек сіңірген ғалым.
Моделдеу құралдары арқылы танымдық іс-әрекетті зерттеу саласында- когнитивтік психология, гуманистік психология, ми туралы ғылымдардың шеңберінде адам санасын зерттеу-нейрофизиология, нейроморфология және нейропсихология ғылымдары қалыптасты. Адам туралы психогенетика ғылымы кеңінен тарай бастады.
Қазіргі кезде кең таралған ғылыми бағыт- когнитивтік психология. Бұл бағыт 60-жылдары АҚШ-та пайда болды. Ол негізінен бихевиоризмге, танымдық үрдістер мен танымдық дамуды жоққа шығаруға қарсы бағытталды. Когнитивтік психологияның белгілі өкілдеріне Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон