Файл: 1. Адамзат баласы ндылыа мдделі рі мтаж тжырымына атысты з кзарасызды длелдеп жазыыз. Жм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 130
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ұлы дала» ұғымы – баяғыдан бар ұғым. «Дешті Қыпшақ» деген сөз – «қыпшақтың даласы» деген сөз. «Ұлы дала» ұғымына Алтайдан Қара теңізге дейінгі дала кіретін болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері… Бізде де сондай ұғыммен теңестіретін болсақ, бізге «Ұлы дала еліміз» деп айтқым келеді. «Ұлы дала» мен «Көк аспан» деп те айтуға болар еді.
Кең дала – біздің жеріміз. Осы жерде біз тұрып жатырмыз, өсіп жатырмыз, өркендеп жатырмыз, ұрпақ асырап жатырмыз. Осы жерде мемлекетімізді құрып,оның шаңырағын биік қылып, көк тудың астына жиналып жатырмыз. Біздің байрағымыздың өзінде көк аспан, жарқыраған күн бейнеленген… Ол халықтық атау болуы керек», – деген болатын.
Осыдан жарты ғасыр бұрын Жарасқан ақын «Мен ұлы дала перзентімін»
деген сөзді былай сипаттаған:
Бірге жылап,бірге күліп ұлы елмен,
кең төсіңде мәңгі-бақи жүрер ме ем!
Ол да – жалғыз,сен де – жалғыз,
бірақ та,оны – сен деп,сені – ол деп білем мен! –деп, лирикалық кейіпкерді даламен егіз етіп бейнелейді.
Ақын поэмасы жазылған уақытқа назар аударсақ, Кеңес өкіметінің әлі іргесі сөгілмеген өз күшінде тұрған уақытымен тұспа-тұс келеді. Сондықтан «Болған жоқпын Амангелді сарбазы, болған жоқпын Ұлы Октябрь солдаты!..», «Тігер ме едім байрағыңды Берлинге – болған жоқпын қан майданда кешегі, болған жоқпын Қошқарбаевпен бірге!» деген поэма жолдарынан ақын өкінішін аңғарамыз. Бұл жерде ақын өкініші – мен де тарихта аты қалған қайраткерлердей халық қамы үшін еліме ерен пайдамды тигізер едім деген арман-тілек. Кеңес заманында таптық ұстанымға сүйенген зерттеушілер кеңістік пен уақытты тек тарихи уақыттың ішінде ғана қарастырып келді. Алайда қазір уақыт пен кеңістік мәселесі көркем шығармада да (хронотоп) зерттелуде. Кеңес өкіметі тұсындағы саяси ахуалға байланысты Үш жүздің басын қосқан Абылай хан заманын, одан бергі кезеңдегі тәуелсіздік жолында «халық жауы» атанып, мезгілсіз мерт болған Алаш арыстарын жырға қоса алмаса да, ақын үні асқақ, ой тапқырлығы айқын: Туған дала,менсіз талай қамалдар алыныпты!..
Сенің арың –маған да ар.
Кешір мені,
Кеш келіппін өмірге!
Кеш туыппын!
Кеш қалыппын!
Не амал бар? –дейді.
Дегенмен ол әл-Фараби сияқты ғылым-білім іздеп қиырға кетпей-ақ, Махамбет, Амангелді сияқты қолына найза ұстап, жауға шаппай-ақ, Рақымжан Қошқарбаев сияқты Рейхстагқа ту тікпей-ақ, өзінің парасатты поэзиясымен-ақ еліне адал қызмет ете білді. Сол себепті ақын:
Саған уақыт сәл қиындық жолдаса –
қағаберіс қалмаспын мен,енді аса!..
Бірақ мені кешірме сен,өмірде
өлең қылар өз ерлігім болмаса!.. – дейді, яғни уақыт пен кеңістік белгілері тығыз бірлікте көрініс табады.
Мұнда сол дәуірдің әсері де жоқ емес . Бірақ Ж.Әбдірашев уақыттың жұқалтаң талабын күмәнсіз талант жүрек алауымен жеке өміріндегі мағыналы күйге бұра біледі» деп жазғанындай, Жарасқан Әбдірашев – «Ұлы даланың» сан тарау тарихын терең түсініп, оның алдындағы перзенттік парызын үлкен жауапкершілікпен сезіне білген асқақ үнді ақын.
Қорыта айтқанда, ақын Жарасқан Әбдіраштың туған дала туралы өлеңдер циклі қазақ поэзиясындағы өзіндік орны бар, тың көркем дүниелер. Бұл өлеңдер ақынның туған жерге деген ғаламат сүйіспеншілігін, сағынышын білдіреді. Туған дала – қазақ халқының поэтикалық бейнесі. Ақын туған даласын ерекше ақындық шабытпен жырлай отырып, өзінің де биік болмысын, парасат пайымын, ақындық деңгейін білдіреді. Туған дала – поэзиядағы мәңгілік тақырып. Ендеше дарынды ақын Жарасқан Әбдіраштың жыр маржаны да өз маңызын жоймайтын, ғажайып сырға толы туындылар болып қала бермек.
48. Б.Мұқайдың «Өмірзая» романындағы Аяған ұстаздың аңғалдығын өмірмен байланыстыра талдап жазыңыз ЖМ
«Өмірзая» - Баққожа Мұқайдың орыс-совет кезеңіндегі халқымыздың рухының жанышталуы, құлдық сана туралы XX ғасырдың 80 жылдардағы қазақ идеясы туралы жазылған романы. Мұнда ажалға қарсы шапқан азамат туралы жазылған. Басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз. Ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезі – қызбалығы. Аяған әуел баста Совет үкіметінің қағазға жазылған заңына сенеді. Бұрмалаушылар беріде деп ойлайды. Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған. Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары советтік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады.
Романның ой тұрғысынан тиянақтаушы – Алдияр Ақпанұлы деген қарт. Ескінің сарқыты, тарихшы профессор. Атағы алашқа мағлұм адам. Алдияр ақсақал отаршылдық сабағын жақсы біледі, ұлтын жарыққа жетелеу жолындағы күрес құралы – халқының тарихи зердесін ашу деп санайды. Осы орайда Кенесары хан туралы зерттеу жазады. Ресми саясатқа қайшы бұл еңбек халыққа жат деп жарияланып, атақты ғалымның басына қара бұлт орнайды, күштілер тарапынан қудалауға ұшырап, шал ауру болып қалады. Оның түбіне жеткен отарлық саясатының ұраншысы ғана емес, қиын кезде бас сауғалап кеткен шәкіртінің опасыздығы. Ғұлама профессорды оп-оңай құлатқан, институт ректоры Мұса Байларов. Әлдебір жоғары мансапты партия қызметкерінің жекжаты. Сөзде майда, істе аяусыз. Бір көрімге тәуір адам, қулығына құрық бойламайды. Ең ақырында, Желтоқсан дүрбелеңі кезінде өкімет әрекетіне қайшы сөз айтып, көзге шалынып қалған туған әкесін өз қолымен жындыханаға қамайды. Бұл да – отаршылдық сананың жемісі. Бірақ құрбаны емес, құрбан – Алмас деген жас жігіт. Ол қабілетті жігіт, әуелде оң жолда болады. Өзінің жолдастарын жалаға береді, ақыр түбінде ұстазына пәле жабады, жалған куәлік жасайды. Желтоқсанға қатысқан барлық таныстарын түрмеге, бұл оқиғаға мүлде араласпаған ұстазын (Аяғанды) өлімге кесіп береді
Аяғанның аңғалдығы – заң күшіне сенуі. Сондықтан жоғарғы жаққа, лауазымды мекемелерге әділдік іздеп, арыз жаза бастайды. Нәтижесінде жоғары жақтың бұйрығымен түрмеге де, жындыханаға да түседі, ақыр аяғында көз жұмады. Романдағы Мұса, Жақия, Мақсұт, Алмас – құлдық сананың қолшоқпарына айналған – сол кезеңнің типтік бейнелері. Сірескен қоғамдық жүйеге қарсылық білдірген Алдияр мен Аяған тарихи шындық үшін құлдық сананың құрбаны болады.
Б.Мұқайдың «Өмірзая» романында Кеңес кезеңінде жағымпаздар ғана жақсы өмір сүре алғандығы, ал шындықты бетке айтып, ұлттық құндылықтарымызды түгендеуге ұмтылған жандарға саяси жағдайдың тосқауыл болғандығы нақтылы кейіпкерлер арқылы ашылған. Алдияр мен Аяған – ұлттық мүдде жолында күрескен типтік образдар.
Қорытындылай келе, шығармада қазақ халқының басынан өткерген ауыр кезеңнің шындығы суреттелген. Тоталитарлық жүйенің тигізген зауалы айтылған. Халықтың ерен ерлігі мен тағдырдың ащы тауқыметі көрініс тапқан. Бірақ кітаптың соңында шындықты дәлелдеймін деп арпалысқан, алысқан азаматтың барлығы өмірден озады. Өмірзая... Бірақ олардың ерліктері ел есінен шыққан жоқ.
34. «Әлемді өзгерткен ұлы тұлғалар» тақырыбында дереккөздерді пайдалана отырып өз ойыңызды талдап жазыңыз. ЖМ
Ақыл – адам бойындағы ең асыл қасиет. Оны ештеңемен алмастыруға да, салыстыруға да болмайды. Айталық сізді қараптан қарап тұрып ит қауып алды делік. Егер әлгі иттің ақылы болса қабар ма еді? Тіпті жылқының иесін теуіп, сиырдың сүзіп жіберуін де осы тектес мысал ретінде айтуға болады. Бұл жан-жануарлар мен хайуанаттарда сананың дамымағанын дәлелдейді. Олардың жанында адамның жаратылысы мен болмысы керемет. Екі аяқты пендеге Алла Тағала сана мен ой берген. Мұны Абайша айтсақ «Ақыл – жан қуаты». Ақын тағы бір сөзінде «Пайда менен залалды – ақыл айырады» дейді.
Ақынның ақыл төңірегінде термелеген нақылдары мұнымен бітпейді. Олардың әрқайсысын оқыған сайын терең тұңғиыққа бойлай бересің, көп нәрсені ойлай бересің. «Ақыл, сезім болмаса, тіршіліктің несі сән» дегенін де ой елегінен өткізіп отырсаңыз, тіршіліктің тамаша көріністері мен қарым-қатынастың шынайы болмысы да «көбінің сырты – бүтін, іші – түтін» дегенді ерекшелеп беретін көрсеткіш.
Қазір көп айтылатын әңгіменің бірі де бірегейі ақшаға келіп тіреледі. Өкінішке қарай, қазір кім дәулетті соның ақылы көп секілді көрінеді. Алайда қалталы кісінің де ақымақ әрекеттері болатынын жоққа шығара алмайсыз. Ақылды кейде айлакерлік жасауға, зымиян ойды іске асыру үшін де пайдаланатындар бар. Бір қарағанда олар осы ісін ешкім байқамайтындай көреді. Адамның артықшылығы сезімталдығында дер болсақ, әрбір әрекетті бағамдай білетін пенде атаулы ақылдың арғы жағында арам ниет болса да біліп қояды.
Ж.Баласағұн бабамыз «Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл» дейді. Осы екеуі үйлесім тапқан жерде үлкен іс тындырылады. Өмірдің өз бояуын шатастырып алмауға да дәнекер болатын – білім мен ақыл. Ғалымдар адамның жалқау, қатал, аса мейірімді болуы қан тобына байланысты екендігін айтады. Бір ғана мысал: 1907 жылы чех ғалымы Я.Янский қан тобының 4-ке бөлінетінін айтқан. Әлемде ең көп кездесетін қан – 1-топ (жер шары тұрғындарының 45 пайызы) 2-қан тобы адамдардың 35 пайызына тән. 13 пайызының қаны 3-топқа жатады. 4-қан тобы өте сирек кездеседі, (7 пайыз). Осы топтағылардың қандай қабілетке ие екендігін де болжап бергендер бар. Бірақ адам ең алдымен өзіне сенуі керек. «Ақыл – саған ізгі дос, әділ жолдас», «Ақыл бар жерде шындық бар, өтірік жоқ», – деген Жүсіп Баласағұн бабамыз ғұламалықтың ғұмыры ұзақтығын құлаққағыс жасаған.
Дүниені өзгертіп жатқандар – ақылды адамдар. Соңғы уақытта данышпандарды интеллектілік коэффициенттеріне байланысты анықтайтын амалдар пайда болды. Мұның қаншалықты дұрыстығын немесе бұрыстығын ешкім дөп басып айта алмас. Мысалы, бүгінгі өмірдің ерекшеліктерін Мөңке би секілді дөп басып айтып берген кім бар? Бабамыздың бұл айтқандарын ешкім жоққа шығара алмаса да интеллектілік коэффициенттерін ешкім дәл айтып бере алмасы анық.
Соңғы бір деректерге назар аударсақ, әлемнің он ғұламасы төңірегінде мынадай пікір білдіріліпті. Адамдардың 50 пайызына жуығының IQ деңгейі төмен. Демек, жер шары тұрғындары ақыл-ой деңгейі жағынан іріктелген. Жаңалық ашып, адамзаттың дамуы жолында тер төгіп жүргендер аз ғана бөлікті құрайды. Олар – ғалымдар. SuperScholar.org веб-басылымы ең ақылды 10 адам туралы былайша ой өрбітеді. Мысалы: Пол Аллен.
Майкрософт компаниясының қосалқы құрылтайшысы. Ақылын ақшаға айналдырып, 14,2 миллиард доллар байлыққа ие болған. Жер шарындағы байлардың тізімінде 48 орында тұр.
Осының барлығын не үшін айтып отырмыз? Сұрақтан сұрақ туындайды. Интеллектуальдық коэффициентке көңіл бөлетін, дарынды адамдар базасын жасайтын уақыт бізге де келді. Өйткені өзгелер ғылым саласынан оқ бойы озып бара жатқанда біздің артта қалуымызға болмайды. Бір ғана мысал: Қытайда халық көп. Олардың арасынан ақылды адамдардың көп шығатыны – өмірдің өз заңдылығы. Жер шарындағы 300 миллиондай орыс халқының өзі небір данышпандарымен мақтана отырып, олардың қатарын қалай да көбейтуді ойластырып жатыр. Ресей тарихын жасаған ғұламалардың мемлекетті әлемге таныту жолында қыруар іс бітіргені анық. Осы үрдісті қалай да ілгерлету, дамыту үшін білім мен ғылымды мықтап қолға алып, данышпандарға даңғыл жол ашуда, күшті насихаттар жүргізілуде. «Ресейдің ұлы ойшылдары» атты кітаптың жарық көруінің арғы жағында осындай бір ой, идея, алға ұмтылу бар. Бірінші кітап Михаил Васильевич Ломоносовқа арналған. Бәрінен қызығы – осы іске М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті журналистика факультетінің оқытушылары мен студенттері атсалысқан.