Файл: 26. актдаы жасыл технологиялар. 27. Телеконференциялар. Телемедицина. 28. Eтехнологиялар. Электронды оыту.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 303
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
IP хаттамасы. IP (Internet Protocol) адрестік хаттама болып табылады. Оған сәйкес Дүниежүзілік желіге қосылған әрбір компьютердің өзіндік ерекше адресі (IP-адрес) болуы тиіс. Осы адреске қарай TCP пакеттері керекті компьютерге тез жеткізіледі. Адрес нүктемен бөлінген төрт саннан тұрады. Соларға байланысты желі тораптары арасында қажетті байланыс орнатылады да, мәлімет “жақын” немесе “алыс” орналасқан бір компьютерге жөнелтіледі. Бұл тырнақшадағы сөздер ара қашықтықты емес, мәліметті жылдам жеткізуге болатын нүктелер мүмкіндігін көрсетеді. Қай компьютердің “жақын” немесе “алыс” екендігін арнайы құралдар –маршрутизаторлар анықтайды.
Интернет желісінің сервері - интернеттің жоғары жылдамдыктағы торапқа косылған, компьютерде орнатылған бағдарламалык-аппараттык кешен. Сервердің негізгі функциясы - клиенттік бағдарламалар, яғни браузерлер аркылы сұралатын, пайдаланушы компьютерде ақпаратты іздеу мен жіберу.
Хостинг - желіде үнемі орналасқан, сервердегі ақпаратты физикалық тарату үшін дискілік кеңістікті ұсыну бойынша қызмет. Әдетте, хостингтің қызметіне пошталық хабарлар, мәліметтер қоры, DNS, файлдық қойма және т.б. үшін орынды ұсыну, сондай-ақ сәйкес ссрверлердің қызметін қолдау кіреді.
Браузер ноутбукте, телефон мен басқа қүрылғыларда орналасқан, және күжатты оқитын, интернетте жұмыс істеуге арналған, сондай-ак серверге жүгінетін, HTML қүралдарымен беттейтін, алынған ақпаратты түсіндіретін және құжаттың кұрамын көрсететін клиенттік бағдарламаны ұсынады. Браузерлердің жүздеген түрлері бар. Олардың ішінде коп қолданылатыны , Opera, Netscape Navigator, Mozilla Firefox және т.б.
Компьютер арқылы мәлімет тасымалдау тәжірибелері 1950 жылдары басталып, ол әуелгі кезде лабораториялық эксперимент түрінде қарастырылған еді. Содан оншақты жылдар өткен соң, АҚШ қорғаныс министрлігінің Перспективалық Жұмыстар Агенттігі (DARPA – Defense Advanced Research Project Agency) қаржысына мемлекеттік деңгейдегі алғашқы компьютерлік желі жасалып шықты. Агенттіктің атына байланысты ол ARPANETдеп аталды. ARPANET желісі 1969 жылы жұмыс істей бастады. Осы желі жаңа компьютерлер тораптарының (түйіндерінің) қосылуына қарай кеңітіліп, 80 жылдарда ірілендірілген тораптар негізінде аймақтық желілер жасалып, ARPANET жүйесі жалпы архитектурасының төменгі деңгейлері іске қосыла бастады. Интернеттің нақты дүниеге келуі 1983 жыл болып саналады. Дүниежүзілік желі негізін құрайтын, бүгінге дейін кең пайдаланылып келе жатқан
TCP/IP байланыс хаттамасының сол стандартталған мерзімі Интернеттің бастау алған күні болып табылады.
11.DNS қызметі. Әмбебап ресурстар идентификаторы (URI).
Домендік атау- сайттың бірегей атауы, оны терген кезде пайдаланушы сайтқа жіберіледі. Пайдаланушылардың жайлылығы үшін интернетте домендік атаулардың - DNS жүйесі (ағыл. Domain Name System -домендік атаулардың жүйесі) - домендер туралы ақпаратты алуға арналған жүйе құрылған.
Көбінесе хосттың (компьютердің немесе кұрылғының) атауы бойынша ІР-адресті алу үшін, домендегі хатамалар (SRVжазба) үшін қызмет көрсетуші тораптар мен қызметтерді тасымалдау туралы ақпаратты алу үшін қолданылады. Домендік атаулар қызметі домендік атауды сандық IP-адреске түрлендіруді жүзеге асырады. Осындай түрлендіруді орындайтын компьютерлер DNS-серверлер деп аталады.
DNS ерекшелігіне сәйкес, интернеттің барлык виртуалды кеңістігі домендерге - бір немесе бірнеше арнайы компьютерлерді басқаратын логикалық аймақтарга болінеді. Домендік адрестердің иерархиясы аймактык, сондай-ак шаруашылық субъектісінің қызмет түріне де байланысты болуы мүмкін.
DNS ең үлкен бірліктерін бірінші деңгейлі домендер деп атайды, олар төмендегі белгілер бойынша интернеттің ғаламдық аумақтарын камтиды:
-
biz - коммерциялық кәсіпорындар; -
net - алғашқыда интернет желісін қолдауға жауап беретін ұйымдарға меншіктелді, қазір коммерциялық шаруашылық субъектілері үшін қолданылады; -
edu - білім беру мекемелері; -
org - коммерциялык емес және қоғамдық ұйымдар; -
gov - үкіметтік мекемелер;
және т.б. - ISO стандарттары бойынша комитеттің қабылдаған елдеріне арналған қыскартулары.
DNS иерархиясында төменгі сатыда бірінші деңгейдің домені тікелей байланысты болатын екінші деңгейлі домендер тұрады. Екінші деңгейдің домендері муниципалдық немесе коммерциялық ұйымдарға жатады (мысалы, webnavigator.kz). Екінші деңгейлі домен 22 символдан (әріптер, сандар және сызықша) ғана тұруы мүмкін. Сонымен катар, жүмыс істейтін домендік атауды қайта тіркеуге болмайды.
Жогарыда тұрған доменнің құрамына кіретін үшінші деңгейлі домендер де бар (мысалы, шартты домен vasia.webnavigator.kz, petia.webnavigator.kz, nina.webnavigator.kz). 4-деңгейлі домендер 3-ші деңгейлі домендер сияқты принцип бойынша құрылады, тек атауы ғана көбірек ұзартылады. Мысалы, video.vasia.webnavigator.kz және т.с.с.
Әмбебап ресурстар идентификаторы (URI).
URL (Uniform Resource Locator) ресурстың орналасу орнының әмбебап белгіленуін ұсынады (мысалы, egov.kz).
URL адресі өзіне біріктіреді:
• ресурсқа кол жеткізу әдісі, яғни рұқсат хаттамасы (http, gopher, WAIS, ftp, file, telnet және т.б.)
• ресурстың желілік адресі (хост-машина мен доменнің атауы)
• сервердегі файлға апаратын толық жол
Әмбебап ресурстар идентификаторын 1990 жылы Тим Бернерс Ли Женевадағы ядролық зерттеулер жөніндегі Еуропалық Кеңесте
ойлап тапты. URL Интернеттегі іргелі инновацияға айналды.
Бастапқыда URL мекенжайы World Wide Web-те ресурстарды (көбінесе
файлдар) орналасқан жерін көрсетуге арналған.
Енді URL барлық дерлік интернет-ресурстардың мекен-жайларын
көрсету үшін пайдаланылады.
12.Электрондық пошта. Хабарлама пішімі.
Электрондық пошта (E-mail) - хабар алмасу үшін ең көп таралған желілік қызмет. Электрондық пошталар әлемнің кез-келген жеріне бірнеше секунд ішінде жеткізіледі (желіге кіру мүмкіндігі бар жағдайында); хаттарда кез-келген түрдегі пішімделген мәтін және қосылған файлдар (құжаттар, суреттер, музыка және т.б.) болуы мүмкін.
Электронды поштаның пайда болуын 1965ж жатқызуа болады. Осы жылы Массачусетк – технологиялық институтының (MIT) қызметкерлері Ноэль Моррис және То Ван Влек, CTSS (Compatible time-sharing system) операциялық жүйесіне арналған MAIL бағдарламасын жазды. Ал бұл бағдарлама IBM 7090/7094 компьютерінде орнатылды.
Электрондық почта жұмысы кәдімгі тұрмыстағы почтаға ұқсас болғандықтан, оның жұмыс істеу принциптерін меңгеру тұтынушылар үшін аса көп қиындықтар туғыза қоймайды. Оның негізгі айырмашылығы – физикалық заттар (хат, бандероль, посылкалар) емес, ақпараттық мәліметтер, бейнелер жөнелтіледі. Электрондық почтаны планетаның бүкіл аймағында бар почталық қызметтің баламасы (альтернативті) деп қарастыруға болмайды. Ол хабарларды (файлдарды, ақпараттарды) кез–келген машинадан басқа бір машинаға жіберуге мүмкіндік береді.
Электрондық почта жүйесі үш бөліктен тұрады:
1) Қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді. Тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны қолданушы агенті деп аталады.
2) Тасымалдау агенті мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді. Тасымалдау агенті – почтаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді ары қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны.
3) Жеткізу агенті мәліметтерді оны алушының почта жәшігіне салып кетеді. Жеткізу агенті – почтаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті пайдаланушыларғы жеткізетін программалар тобы.
Электрондық почтаның қарапайым почта қызметінен айырмашылығы:
1) Электрондық почта арқылы тасымалданатын мәліметтердің жылдамдығы минут пен сағат бойынша өлшенеді;
2) Кез–келген құжаттың хабарын немесе мәтінін біруақытта бірнеше адресатқа жіберуге болады;
3) Келген мәліметтерді қолданушы оқығанға дейін сақтауға болады;
4) Мәліметтерді жөнелту тәулік бойы немесе алдын–ала белгіленген уақыт бойынша іске асады
5) Электрондық почта бойынша қабылданған мәліметтерді дискте сақтауға, оны өңдеуге және қажет мөлшерде принтерден басып шығаруға болады.
Электрондық почта өте қарапайым құрылған. Сіз тақырыпта алушының электрондық адресін көрсететін провайдеріңіздің почталық серверіне хатыңызды жібересіз. Бұл SMPT (хабарларды жіберудің қолайлы протоколы) протоколында жұмыс істейтін сервер. Ол тораптан сіздің адресатыңыздың жазылған доменін тауып, оған хат жібереді.
Сізге хат келген жағдайда провайдеріңіздің басқа сервері – POP (почталық протокол) протоколында жұмыс істейтін сервері хабарды қабылдап, оны өзінің қатты дискісінде сіз оқығанша сақтайды. Электрондық почта географиялық адрестеуді қолданбайды.
Электрондық почтаның адресі төмендегідей түрде болады:
Тұтынушы аты @ домен аты (мысалы: Ainur@mail.ru)
@ символы – тұтынушы аты мен домен атын айырып тұратын белгі. Орыс тілінде мұны көбінесе күшік (собачка) деп атайды. Домен дегеніміз @ таңбасының оң жағында орналасқан және абоненттің орналасқан тұрағын анықтайтын сөз.
Электрондық поштамен жұмыс істеуге арналған танымал программалар: Eudora, Internet Mail немесе Outlook Express.
Қорыта келгенде, Электрондық почта – жер шарының кез–келген нүктесіне салынған хатты бірнеше минут ішінде жеткізетін өте қолайлы, әрі жедел байланыс құралы
13. SMTP, POP3, IMAP хаттамалары.
POP3 (Post Office Protocol Version 3) — пошта серверінен электрондық пошта хабарламаларын алу үшін пошта клиентінің пайдаланатын хаттамасы.
POP3 - бұл электрондық поштаны қабылдау протоколы. Поштаны көру үшін хаттар адресаттың компьютеріне жүктеледі. Осыдан кейін олар серверден жойылуы мүмкін. Пошта арқылы келген барлық әрекеттер пайдаланушының компьютерінде орын алады.
Мұндай хаттаманың сөзсіз артықшылықтары бар:
компьютерде сақталған хаттарға әрқашан қол жетімді (тіпті Интернетке кіру мүмкіндігі болмаса да);