ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 528

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


104 сабақ

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 2-сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қайталау сабағы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау

2.2.8.1 мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау

2.3.1.1 мұғалімнің көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалайды. Мәтін мазмұнына жоспар құра алады.

Дамытушылық: мәтін мазмұнына сәйкес дұрыс жоспар құрудағы шапшаңдығын дамытады.

Тәрбиелік: ертегі мазмұнын өмірмен байланыстырып, артық мақтанбау, орынды сөйлеу, өз әлін салмақтау

қажеттігін түсінеді.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.

Қызығушылығын ояту

Оқушылардың бар білімін қолданып, берілген сұраққа қатысты ойын ортаға салуына ықпал етеді.

(Ұ) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісіОқушылар құстардың қай мезгілде, қай жаққа ұшатындығы туралы білгенін кестеге түсіріп жазады.







2. Мағынаны тану

Оқушылардың тізбек бойынша, тізбекті үзбей, мәнерлеп, түсініп оқуына қолдау көрсетеді.

Мәтін деректерін пайдаланып,

сұраққа жауап беруге бағыттайды.

(Т) «Түсініпоқы»әдісі

Балалар «Екі қаз бен бір бақа» мәтінін тізбек бойынша оқиды.

Оқыған мәтін мазмұнын топта талдап, мазмұнын топта баяндайды.

Қаздардың қайда ұшпақ болғанын мәтіннен іздеп табады.

Дескрипторы: мәтінді түсініп оқиды. сұраққа жауап береді.
ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі

Оқулық

Шығармашылық жұмыс

Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуына қолдау көрсетеді.

(Т) Оқушылар мәтінді рөлге бөліп, сахналайды. Алған рөліне сәйкес сөйлеуі арқылы оқушының шығармашылық қабілеті дамиды. Өз кейіпкерін кез келген қырынан таныту мүмкіндігіне назар аударады.

Дескрипторы: мәтінді рөлге бөліп, сахналайды.

Оқулық




Мұғалім оқушыларға мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою арқылы ойын тыңдайды.

(Ұ) «Бағала» айдары

Ертегідегібақақандай?

Оқушылар сұраққа жауап береді. Барлығының ойын қимақағазға жаздырып, көрме ұйымдастырылады. Көрмеде бір оқушы басқа оқушының жазбасын оқып, не

түсінгенін жеткізеді.

Дескрипторы: кейіпкердің іс-әрекетін бағалайды.

Оқулық, қимақағаз, жіп

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқылған мәтінді бөлімдерге дұрыс бөлуіне көмектеседі. Әр бөлімге ат қою кезінде оқушылардың өз ойын дәлелдермен негіздеп айта алуына қолдау білдіреді.

(Т) Ықтимал жоспар:

  1. Қаздардың ұшуға дайындығы

  2. Бақаның ақылы

  3. Мақтанудың салдары

Оқушылар мәтін мазмұнын берілген жоспар бойынша әңгімелейді.

Ертегінің түрін анықтайды.

Дескрипторы:

мәтін мазмұны бойынша жоспар құрып жазады.
ҚБ: «Смайл» әдісі

Оқулық

3. Ойтолғаныс

Оқушылардың өз ойын нақты дәлелмен жеткізуіне ықпал жасайды. Кейіпкердің іс- әрекетіне ұқсас жағдайлар өз өз басынан өткен болса, сұрап, айтқызуға болады.

(Ө) «Қорытындыла» айдары Бақаның саяхаты неге сәтсіз аяқталғандығының себебін анықтайды. Мысалы:

бақаның шаршағандығынан, бақаның мақтаншақтығынан,

бақаның ойлап тапқыштығынан т.с.с.

Дескрипторы: кейіпкердің іс-әрекетін бағалайды.




Үй тапсырмасы

Мәтін бөліктерін дұрыс анықтай білуге бағыттайды.

Ертегідегі оқиғаның аяқталу сәтіне сурет

салу.









105 сабақ

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 2-сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

бақтың тақырыбы:

Көне қалаларға саяхат

қу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.1.2.1 шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау, сахналау

2.2.2.1 мұғалімнің көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба

білу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өлең, мәтін мазмұнын әңгімелей алады.

Дамытушылық: сұрақтың жауабын шығармадан таба алады.

Тәрбиелік: туып-өскен жерін зерттеуге ынта білдіреді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.

Қызығушылығын ояту

Дәптермен жұмыс

Оқушылардың қиялына ерік беруіне мүмкіндік туғызады. Әр оқушының ойының маңыздылығын ескереді.

(Т) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі

Оқушы өзі көне құмыра тауып алса, не істейтіні туралы жазады. Мысалы:

«Мен құмыра тауып алсам, оны музейге

Дескрипторы:

өз ойын еркін жазады.
ҚБ: «Смайл» әдісі

Суреттер, дәптер







өткізер едім.













Мен көне құмыра тапсам, оның сыртын













өңдеп, құнды дүние ретінде жинап қояр













едім». т.с.с.







2. Мағынаны тану

Мұғалім оқушылардың өлеңді түсініп оқуына ықпал етеді.

Өлең мазмұнын ашу үшін сұрақтар қояды:

Құмырағағалымдарнеге

қызықты?

(Ө) «Түсініпоқы»әдісі

Балалар өлеңнің әрбір шумағын тізбекпен оқиды.

Оқыған өлең мазмұнын топта талдап, мазмұнын топта баяндайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Дескрипторы:

өлеңді түсініп оқиды; сұрақтарға жауап береді.
ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі

Оқулық




Көнеқұмыранеден













жасалуымүмкін?













Мұғалім оқушылардың өлеңде кездескен түсініксіз сөздердің мағынасын дұрыс

түсінуіне көмектеседі.

(Ұ) «Сөздік жұмысы» айдары
мәлімет дерек, ақпарат

бағалыіс– пайдалы іс




Оқулық




QR-код бойынша тыңдалым ұйымдастырылады.

Өзіндік жұмыс ретінде ұсынады. Отырар қаласы

(Ө) «Ізден» айдары

«Құмыра табылған қала туралы небілесің?»сұрағына жауап береді.

Дескрипторы:

дереккөз мәліметтерімен танысады.

Оқулық QR-код




туралы дереккөзден ақпарат алуға ынталандырады.

QR-код арқылы қызықты мәліметпен

танысады.

ҚБ: «Смайл» әдісі




Дәптермен жұмыс

Оқушылар қоршаған шоқпар, басу құрылғысы, көне құмыра суреттерін қоршау себептерін айтқызады.

Дәптердегі суреттерге мұқият қарап, көне заттарды анықтайды.

Бұл заттардың атын бір-бірінен сұрап, дәптерге жазады. Артық заттарды қоршап көрсетеді.

Дескрипторы: қажетті затты анықтап, белгілейді.

Жазу дәптері

3. Ойтолғаныс

Нақты сұрақ төңірегінде ойланып, жауап беруге жетелейді. Өз жерінің тарихын, әдебиетін, мәдениетін білген адам сол жерге тек жақсылық жасайтындығын насихаттау.

(Ө) «Қорытындыла» айдары

«Туып-өскен жеріңдіЖақсыбіліп,өсебер!»

Оқушылар өлең жолдарын қалай түсінетіндігін мұғалімнің көмегімен әңгімелейді.

Дескрипторы: тақырып бойынша қорытынды тұжырым жасайды.
ҚБ: «Смайл» әдісі




Үй тапсырмасы

Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді.

Өзі тұрған жерде қандай музей бар екендігін

әңгімелеуге дайындалу.










106 сабақ

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 2-сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өткенді қайталау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.1.2.1* шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау, сахналау

2.2.2.1 мұғалімнің көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба

білу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: көріністі қимыл арқылы бейнелей алады. Мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтарға жауап береді.

Дамытушылық: сурет бойынша әңгімелеу кезінде кейіпкер әрекетін сипаттап, баға бере алады.

Тәрбиелік: өнерге деген құштарлыққа баулу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.

Қызығушылығын ояту

Мұғалім суретке қарап, қай ертегі кейіпкерлері екенін табуды ұсынады.

(Ұ) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі

Суреттегі ертегі кейіпкерлерін табады.

Дескрипторы:

кейіпкерлерді таба алады.

Суреттер




Оқушылардың өздері білетін ертегі түрлерімен бөлісуіне жетекші сұрақтар қою:

  • Қандайертегілердібілесің?

  • Қандай кейіпкерді үлгітұтасың?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

Бай,байдыңқызыБізбикеш,Алдаркөсе.
Оқушылар өздері білетін ертегі түрлерімен бөліседі.







2. Мағынаны тану

Оқу барысында оқушылардың сауатты, мәнерлеп оқуын қадағалап, түсінгенін өз сөзімен баяндауына көмектеседі.

(Т) «Аялдамамен оқу»әдісі

Балалар «Біз театрға барамыз» мәтінін бірнеше бөлімге бөліп оқиды.

Әр бөлімнен соң мазмұнын талдап, мұғалім қойған немесе өзара бір-біріне қойған нақтылау сұрақтарына жауап береді.

Дескрипторы:

мәтін мазмұнын өз сөзімен айтып жеткізеді.
ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі

Оқулық




Мұғалім тапсырмалар бере отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына ықпал етеді.

(Ж) Шығармашылық үзіліс

Қуыршақ театрын ұйымдастыру үшін қажет құралдардың тізімін жасайды. Мысалы: қуыршақтар, декорация, қуыршақтарға арналған киімдер, ойыншықтар т.с.с.

Дескрипторы: қажетті құралдардың тізімін жасайды.




Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына ықпал етеді.

  1. тапсырма. Қуыршақ театры туралықандайсұрақ қояр едің? Жаз.

  2. тапсырма. «Пияз бен алма» мысалын оқып, оқиғаны бейнелейтін суретін салады.

Дескрипторы: өз бетімен жұмыс жасайды.

Оқулық, жұмыс дәптері

Шығармашылық жұмыс

Мұғалім тапсырмалар бере отырып, оқушылардың шығармашылық жұмыс жасауына ықпал етеді.

Қуыршақ ойнатушы немесе қуыршақ рөліне еніп, кейіпкердің қимылын ым-ишарамен бейнелейді.

Дескрипторы:

рөлге еніп, сахналайды.

Оқулық

3. Ойтолғаныс

Оқушылардың тақырыпты өз өмірімен байланыстыра отырып қорытындылауына көмектеседі.

«Қорытындыла» айдары

Театрғабардыңба?

Қандайқойылымдыкөрдің?

Оқушылар сұрақтарға шынайы жауап береді.

Кері байланыс: тақырыпты өз өмірімен байланыстырып, ой түйеді.




Үй тапсырмасы

Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді.

Бір ертегі немесе мысал кейіпкерінің

қуыршақ бейнесін дайында. Қағаз, таяқша, жіп т.б. пайдалан.









107 сабақ

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 2-сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бекіту

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.1.2.1 шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау, сахналау

2.2.2.1 мұғалімнің көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба

білу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өлең, мәтін мазмұнын әңгімелей алады.

Дамытушылық: сұрақтың жауабын шығармадан таба алады.

Тәрбиелік: туып-өскен жерін зерттеуге ынта білдіреді.