ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 527

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



23 сабақ

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 2-сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тату елдің баласымыз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.2.1.1 мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп, мәнерлеп оқу

2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылар өлеңді дауыстап, түсініп әрі мәнерлеп оқиды. Сурет бойынша әңгіме құрап, нақтылау сұрақтарының жауабын шығармадан табады. Теңеу сөздер туралы түсінік қалыптастырады.

Дамытушылық: тыңдалым, оқылым, айтылым дағдылары дамиды. Ізденімпаздық дағдылары артады.

Тәрбиелік: татулыққа, ынтымақтастыққа, өзара жолдастыққа үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.

Қызығушылығын ояту

Мұғалім «Достық» тақырыбына сөзжұмбақ құрап, шешуге көмектеседі. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

(Ұ) «Сөзжұмбақ»әдісі

бойынша сөзжұмбақ шешеді.

Кері байланыс: мұғалімнің қолдау сөздері.




2. Мағынаны тану

Мұғалім оқушылардың сурет бойынша әңгіме құрауын қолдайды. Мұғалім ұлттар арасындағы достық пен

(Ұ) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісіОқушылар оқулықтағы суретті мұқият қарап, балалардың достығы туралы әңгімелейді.

Дескрипторы:

сурет бойынша әңгіме құрап айтады.

Оқулық





татулық туралы тереңірек түсіндіруі керек.

Саралау: Диалогте әртүрлі сұрақтарды қолдану арқылы мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай өзінің сұрақтары мен жауаптарын саралайды.

Ұлт өкілдері арасындағы ынтымақтастық туралы сөз қозғайды.

Елімізде тұратын ұлт өкілдері туралы айтып, басқа ұлттардан көршілері бар болса, сол балалар туралы баяндайды.










QR-код бойынша тыңдалым ұйымдастырылады.

Мұғалім оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқуын қадағалайды. Оқу кезінде дауыс ырғағын, нақышын келтіруге бағыттайды.

Оқушылардың шамасы келмей жатса, мұғалім көмекке келеді. Мұғалім әртүрлі заттарды көрсетеді, оқушылар сол сөзге лайықты теңеу сөздерді табуға талпынады. Мысалы: гүл (гүлдей әсем), темір (темірдей тәртіп), мамық (мамықтай алақан) т.б.

(Ұ) «Түсініпоқу»әдісі
Ақын Серікбай Оспановтың «Тілегіміз – бейбіт күн» өлеңін дауыстап, мәнерлеп оқиды.

Өлеңдегі теңеу сөздерді анықтайды.

Дескрипторы:_сұрақтарға_жауап_береді.ҚБ'>Дескрипторы:_өлеңді_дауыстап_әрі_түсініп,_мәнерлеп_оқиды._Өлеңдегі_теңеу_сөздерді_анықтайды.ҚБ'>Дескрипторы:

өлеңді дауыстап әрі түсініп, мәнерлеп оқиды. Өлеңдегі теңеу сөздерді анықтайды.
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі

Оқулық QR-код




Мұғалім өлең мазмұнына сәйкес тест сұрақтарын әзірлеп, тексеруіне болады. Өлеңнің бірінші шумағында кімдер туралы айтылғанын анықтатады.

(Т) «Анықта» айдары

Өлеңді қалай оқыған дұрыс?

  1. Бірсарындыбаяудауыспеноқу;

  2. Мақтаныш,қуанышсезіміменоқу.


Оқушылар таңдаған жауап нұсқасына тоқталып, себебін түсіндіреді.

Дескрипторы:

сұрақтарға жауап береді.
ҚБ: «Смайл» әдісі

Оқулық




Мұғалім оқушылардың анықтамамен танысып,

Т) «Анықтама» айдары

Теңеу – бір затты немесе құбылысты екінші бір затқа, құбылысқа ұқсатып бейнелеу.

Дескрипторы: көркемдегіш құралдардың бірі теңеу туралы түсінік қалыптастырады.

Оқулық, таныстыр ылым





теңеу туралы білім қалыптастыруына көмектеседі.

Мысалы: Ата-анадайқамқор Отаным,

Күндеймейірімді ана







Дәптермен жұмыс

Өлеңнің бірінші шумағында кімдер туралы айтылғанын анықтатқызады. Көшіріп жазуға дағдыландырады.

Әр оқушы өлеңнің өзіне ұнаған шумағын көшіріп жазады.

Дескрипторы:

өлең шумағын көшіріп жазады.

ҚБ: «Смайл» әдісі

Оқулық, жұмыс дәптері




Теңеу сөз туралы білгендерін еске түсіртіп, теңеу сөздің жұрнағына назар аудартады.

2-тапсырмада берілген сөйлемді оқып, теңеу сөздің астын сызады.

Кілемдей құлпырған кең дала қандайтамаша!

Дескрипторы:

теңеу сөзді анықтайды.

Жұмыс дәптері




Мұғалім оқушылардың берілген сұрақтарға ойланып, өз ойын дәлелдер келтіре отырып негіздеп айтуына қолдау көрсетеді.

Өйткені себебі, сол себептідеген сөздерді қолдануына бағыт береді.

(Т) «Ізден» айдары

Оқушылар «Ақын өлеңде дос балаларды неге теңейді?» деген сұрақ төңірегінде ойланып, өз ойын топ ішінде айтады.

Осы ойға қатысты басқа оқушылардың пікірін тыңдайды.

Өз ойын дәлелдейді.

Дескрипторы:

мәтін бойынша нақтылау сұрақтарының жауабын шығармадан табады.

Оқулық




Мұғалім достармен әрқашан хабарласып, сөйлесіп тұру керектігіне тоқталып, хабарласу түрлерінің ішіндегі ең ыңғайлысын, жылдамын және сенімдісін анықтауды ұсынады.

(Т) «Түсіндір» айдары

Тақырып бойынша суретшінің негізгі ойын анықтайды.

Достармен қалай хабарласамыз?Интернет желісі арқылы компьютермен Хат арқылы

Телефон арқылы Факс арқылы

Дескрипторы:

өз ойы мен сезімін жеткізіп айтады.
ҚБ: «Смайл» әдісі

Оқулық

3. Ойтолғаныс

Мұғалім оқушылардың сөз мағынасын түсіндіріп айта алуына көмектеседі.

Саралау: Жұмыс жасау қарқыны: тапсырма біреу, алайда оны орындау үшін әртүрлі уақыт беріледі.

Ерте аяқтағандарға қосымша тапсырма беріледі.

(Ө) «Қорытындыла» айдары

Оқушылар бейбітшілік, татулық сөздерінің мағынасын қалай түсінетінін жазып, кестені толтырады.

Дескрипторы: сөздердің мағынасын түсіндіреді.
ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі

Оқулық



Сөз

Мағынасы

бейбітшілік




татулық









Үй тапсырмасы

Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді.

Өлеңнің соңғы шумағын жаттап алу.

«Бейбітшілік» тақырыбына сурет салу.









24 сабақ

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 2-сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өзіңді тексер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.2.2.1 мұғалімнің көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу

2.1.2.1* шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау, сахналау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылар мәтіннің тақырыбы мен авторын анықтайды. Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып, сурет бойынша баяндайды. Қарапайым және нақтылау сұрақтарына жауап береді.

Дамытушылық: дайын жоспар бойынша мазмұндап, айтылым дағдылары артады. Тұжырым жасауға төселеді.

Тәрбиелік: өзара достықты, жанашырлықты, адалдықты құрметтей білуге ұмтылады.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.

Қызығушылығын ояту

Мұғалім оқушыларға хормен тақпақ айтқызып, сабаққа белсенділігін арттырады.

Білген сайын келеді біле бергім,Біле беру емес пе тілегі елдің.Белденассаң,алдыңдабелкөрінсе,

Қызыққаннанкелмеймежүребергің,

Сондықтандакеледібілебергім.







2. Мағынаны тану

Мұғалім оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімін еске түсіруіне көмектеседі.

1-тапсырма. «Атасы мен немересі» мәтініндегі кейіпкерлерді ата.

(БауыржанМомышұлы,немересіЕржан)

Дескрипторы: мәтін кейіпкерлерін атайды.

Оқулық




Мұғалім оқылған мәтінді бөлімдерге дұрыс бөлуге көмектеседі.

Әр бөлімге ат қою кезінде оқушылардың өз ойын дәлелдермен негіздеп айта алуына қолдау білдіреді.

«Әжесін кім жақсы көреді?» мәтінін жоспар бойынша мазмұндау.

  1. Әжесі мен немерелері

  2. Күтпеген жағдай

  3. Дәрігердің көмегі

Оқушылар мәтін мазмұнын берілген жоспар бойынша әңгімелейді.

Дескрипторы:

мәтін мазмұнын дайын жоспар бойынша мазмұндап, баяндайды.

Оқулық




Оқушылардың мәнерлеп оқуын қадағалайды.

«Мәнерлепоқы» әдісіБалалар өлең шумағын оқиды. Кележатсаң оқудан

Көңілің бір кемеңгер.Көлеңкеде отырғанКөршіапаңасәлембер.

Өлеңнің тақырыбы мен авторын атайды.

Дескрипторы: өлеңнің тақырыбы мен авторын атайды.

Оқулық




Оқушылардың сұрақтарға нақты, толық жауап беруін қадағалайды.

Сұраққа жауап бер.

Саған әкеңнің анасы кім болады?Саған анаңның анасы кім болады?Сағананаңныңәкесікімболады?

Дескрипторы:

сұрақтарға жауап береді.

Оқулық




Оқушылардың ертегі түрлеріне мысалдар жазуын қадағалайды.

Ертегілер түріне мысал келтіріп, тақырыбын жазады.

  • Жануарлар туралы ертегі

  • Тұрмыс-салт ертегісі

  • Қиял-ғажайып ертегісі

Дескрипторы:

түріне сай ертегілердің атын жазады.

Оқулық




Оқушылардың тірек сөздерді тиімді қолдануына назар аударады.

Берілген тірек сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құрайды:

Тірек сөздер: аула, ойын, ауыртты,сүйемелдеді,көмектесті.

Дескрипторы:

тірек сөздерді тиімді қолданып, сурет бойынша мәтін жазады.

Оқулық

3. Ойтолғаныс

Оқушылардың мәтін оқиғасын еске түсіріп, тұжырымдар кестесін толтыруына көмектеседі. Оқушылардың шығармадан диалогті тауып оқып, диалог туралы білімдерінің тереңдеуіне ықпал етеді.

«Достық көңіл» мәтіні бойынша

«Дұрыс-бұрыс тұжырымдар» кестесін толтырады.
Дәптермен жұмыс жүргізеді.
«Әжесін кім жақсы көреді?» мәтінінен диалогті тауып оқиды.

Дескрипторы:

мәтін оқиғасына сәйкес нақтылау сұрақтарының жауабын табады.
Дескрипторы:

диалогті тауып оқиды.

Оқулық, жұмыс дәптері