ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 1032
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бластомаға қарсы дәрілерді қолданғанда науқастардың 100%-де жанама әсерлер байқалады. Көбінесе лоқсу және құсу, қан жасалуы мен иммунитеттің тежелуі,АІЖ-ң шырышты қабықшасының зақымдалуы, цистит, гепатит, бүйректің зақымдалуы, гиперурекемия, алопеция, неврологиялық бұзылыстар, өкпе мен миокардтың зақымдануы, аллергиялық реакциялар, дене қызуының көтерілуі,инфекцияның байқалуы мен асқынуы, гормондардың қызметінің бұзылуы және т.б. байқалады.
Онкологиялық науқастарды емдеу арнайы емдеу мекемелерінде бластомаға қарсы дәрілерді белгілі бір кесте бойынша қиыстырып тағайындалады.
14. Дәрілік заттармен жедел улануды емдеудің
негізгі принциптері
1.Удың қанға сіңірілуін тоқтату
а ) Асқазанды шаю - жылы сумен, калий перманганатының ерітіндісімен, белсендірілген көмірдің суспензиясымен жүзеге асырылады, әсіресе ОЖЖ-н тежейтін заттармен уланғанда. Асқазанды зонд ( шолғы) арқылы шайған дұрыс. Қышқылдар және сілтілермен улағанда алдын ала наркотикалық анальгетиктер ( морфин және т.б.),спазмолитиктер ( атрофин және т.б.) енгізіледі, ал зондты вазелин немесе өсімдік майымен майлау қажет.
б) Ішектегі уды шығару - тазалау клизмасының көмегімен жүргізіліп, ішке белсендірілген көмір ( сіңіргіш зат) мен тұзды іш жүргізетін ( магний сульфаты ) дәрілер беріледі. Қышқылдар және сілтілермен уланғанда іш жүргізетін дәрілерді беруге болмайды.
в) Токсинді заттардың тері мен шырышты қабыққа шашырағанда
- көп мөлшерде ағынды сумен шайып, мүмкін болса қышқылды сілтілермен ( натрий гидрокарбонат ерітіндісімен ) бейтараптау қажет.
г) Токсинді заттың ағзаға өкпе арқылы түскенде - удан аластату, таза ауамен дем алуын қамтамасыз ету.
2. Ағзадан удың шығарылуын жылдамдату. Табиғи әдістер:
а) Форсирленген диурез - 1,5 - 2 л 0,9 % NaCl ерітіндісін қ/т енгізіп, сонан соң белсенді несеп айдаушы дәрілер (фуросемид, маннит ) енгізіледі. Форсирленген диурезді жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне, ми немесе өкпенің қауіпті ісігінде қолдануға болмайды.
б) Егер заттар өкпеден бөлінетін болса, өкпенің гипервентиляциясын, карбогенмен ингаляциясын қамтамасыз ету қажет.
Жасанды әдістер:
а) перитонеальды диализ - іш қуысын электролитті ерітінділерімен шаю:
б) гемодиализ - қанды "жасанды бүйрек " диализаторы арқылы өткізеді:
в) гемосорбция - улар сорбенттерде адсорбцияланады ( мысалы, түйіршікті белсендірілген көмірде);
г) қан құю.
3. Сіңірілген удың әсерін басу. Улардың әсерін басу үшін антидот қолданылады, олар улармен химиялық немесе физикалық - химиялық әрекеттесетін заттар. Мысалы: белсендірілген көмір абсорбция әдісімен (физикалық - химиялық әрекеттесу ) әсер етеді. Темір препараттарымен уланғанда антидот ретінде дефероксамин: ауыр металл тұздарымен уланғанда унитиол: ФОҚ - мен уланғанда дипироксим мен изонитрозин: синил қышқылымен, цианидтермен уланғанда метилен көгі мен натрий нитриті: гепариннің мөлшерін асырғанда протамин сульфаты және т.б. қолданылады.
Фармакологиялық антагонистер де кеңінен қолданылады. Мысалы, антихолинэстеразды дәрілермен уланғанда атропин, морфинмен уланғанда налоксон және т.б. қолданылады.
4. Жедел уланудың симтоматикалық терапиясы. Спецификалық антидот болмаған жағдайда жедел улануға симтоматикалық ем жүргізудің айрықша маңызы бар. Әсіресе қан айналым мен тыныс алу жүйесін қадағалау қажет. Жүрек гликозидтерін, АҚ реттейтін дәрілер, оттегі терапиясы, тыныс алу стимуляторлары, қажетті жағдайда бронхолитиктер, тырысуға қарсы, анальгетикалық дәрілер қолданылады.Су - электролитті баланысты қадағалау қажет. Қажетті жағдайда реанимациялық шаралар жүргізіледі.
15. ДӘРІ - ДӘРМЕКТІ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тамақтан алдын
1. Тәбет ашатын дәрілер ( ащылар және т.б.) - 20-30 мин. тамақ алдында.
2. Құсық басатын дәрілер.
3. Бырыстырғыш дәрілер.
4. Өт айдаушы дәрілер.
5.Антибиотиктер және басқада микробқа қарсы дәрілер.
6.Бактериялық диареяға қарсы дәрілер - 20-30 мин. тамақ алдында.
7.Анорексигенді дәрілер (немесе таңғы ас және түскі ас кезінде ).
8. Жалпы тонусты реттейтін дәрілер.
9. Витаминдер.
10. Ауырсынуды басатын дәрілер (асқазан-ішек, бас ауруларына т.с.с. ).
Тамақ үстінде
1. Асқазан безі секрециясы төмендеуіндегі орынбасушы терапиядағы дәрілер .
2. Тітіркендіргіш әсері бар кейбір препараттар (бутадион, "реопирин ", ортофен, индометацин, кетопрофен, натрий вальпроаты және т.б. ).
3. Таблетка түріндегі ферментті препараттар - шайнамай жұту керек ( немесе тамақтан кейін).
Тамақтан кейін
1. Тітіркендіргіш әсері бар препараттар (ацетилсалицил қышқылы: құрамында ацетилсалицил қышқылы, анальгин, бутадион, фенацетині бар препараттар: индометацин, ортофен, мефенам қышқылы, диоксибензой қышқылы және т.б.).
2. Темір препараттары.
3. Мышьяк препараттары.
4. Йод препараттары.
5. Хинин препараттары.
6. Гипотензивті препараттар.
7. Несеп айдаушы дәрілер.
8. Туберкулезге қарсы дәрілер.
9. Әртүрлі дәрілер (пентоксил, метилурацил, аллохол, апрессин, викалин, амизил, этазол, никотин қышқылы, хлоралгидрат және т.б.).
Аш қарынға
1. Пиперазиннен басқа, құрттарға қарсы дәрілер
2. Тұзды іш айдаушы дәрілер.
3. Минералды сулар.
4. Майсана майы.
Ұйықтар алдында
1.Барлық ұйықтататын дәрілер.
2.Іш қатудағы іш айдаушы дәрілер.
3.Сульфаниламидті препараттар.
Сызба бойынша
1. Безгекке (малярия) қарсы препаратар.
2. Антибиотиктер – сызба бойынша немесе тамақ алдында.
3. Сульфаниламидті препараттар.
Ескертулер
1. ОЖЖ-ін қуаттандыратын барлық препараттарды - ұйқысыздықты туғызбау үшін, тек тәуліктің бірінші жартысында ( сағ. 16:00 ге дейін ) қабылдау қажет.
2. Асқазан сөлінде бұзылатын пантокрин және гормонды препараттарды, ас содасы қосылған сумен қабылдау қажет.
3. Гормонды препараттарды толық ерігенше жұтыну қимылдарын жасамай, тіл астында ұстау қажет.
4. Құрттарға қарсы препараттарды қабылдағанда майлы тамақтарды қолданбаған жөн.
5. В2 витаминін қабылдағанда белок тағамдарын - ірімшік, сүт, лобия және т.с.с. бірге қолдану қажет.
6."В " тобының витаминдерин қабылдағанда тұзды тағамдарды қолданбаған жөн.
ӘДЕБИЕТТЕР
-
Харкевич Д.А Фармакология. -7-е изд. , перераб. И доп. – М.: « ГЭОТАР – МЕД», 2003. -
Майский В.В., Муратов В.К. Фармакология с рецептурой. -3-е изд., перераб. И доп. – М.:»Медицина» 1986. -
Кудрин А.Н. Фармакология: Учебник для студентов фарм. Институтов – М.: Медицина 1991. -
Машковский М.Д. Лекарственные средства. В 2-х Т – 13 –е изд., перераб. И доп. – М.: « Медицина» 1997. -
Курбат Н.М., Станкевич П.Б. Рецептурный справочник врача. – 3-е изд., стереотип. – Мн.: Выш.Шк., 1998. -
Справочник Видаль: Лекарственные препараты в России – М.:OVPEE-АстраФармСервис, 2007. -
Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А. Фармакология с рецептурой. – СПб: Спец.Лит, 2000. -
Справочник врача общей практики. /Бочков Н.П., насонова В.А. и др./ Палеева Н.Р. – М.: Изд-во ЭКСМО-Пресс, 2002. -
Курлович Л.Д. Основы фамакологии., Мн.: «Новое знание» , 2005. -
Кравчук М.И. Лекций по фармакологии. – Шымкент, 2005. -
Кравчук М.И. Дидактические материалы по фармакологии. – Шымкент, 2004. -
Кравчук М.И. Фармакологический словарь. – Шымкент, 2007. -
Фармакология практикумы. – Орманов Н.Ж., Шымкент, 2004. -
Орманов Н.Ж., Кудабаев А.К., Кадаеева М.С., Ибрагимова А.Г., Шымкент, 2003. -
Дәрілік құралдардың анықтамасы. – Орманов Н.Ж., Ибрагимова А.Г., Сырманова Н.Р., Пернебекова Р.К., Орманов Б.Н., Шымкент, 2007. -
Фармакология курсында игерілетін дәрілік құралдардың жіктелуі мен өмірге қажетті дәрілердің дозалары. – Н.Ж.Орманов, М.С.Кадеева. Г.Т.Абуова, Т.Н.Орманов, Б.Н.Орманов, С.С.Қыдыралиев, - Шымкент, 2006. -
Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров, 3-изд. Перераб. И доп., 2006. -
Попандопуло П.Х. Общая рецептура, Шымкент, 2001. -
Кравчук М.И. Латинский язык. – Шымкент, 2007. -
Чернявский М.Н. Латинский язык и основы медицинской терминологий. – М.: Медицина, 1997. -
Чернявский М.Н. Латинский язык и основы фармацевтической терминологий. 3-е изд., перераб. И доп. – М.: Медицина, 1994. -
Муравьев И.А. Технология лекрственных форм. Учебник для учащихся фарм. Училищ. – М.: Медицина, 1998. -
Муравьева Д.А. Фармакогнозия. 3-е изд., перераб. И доп. – М.: Медицина, 1991. -
Большая медицинская энциклопедия: /В 30-ти Т./ АМН СССР/ Петровский Б.В. 3-е изд. М.: Советская энциклопедия. 1981. -
Государственная фармакопея СССР: Вып, 1. Общие методы анализа. /М3 СССР. – 11-Е изд., доп. – М.: Медицина, 1987. -
Государственная фармакопея СССР: Вып. 2. Общие методы анализа. Лекарственное растительное сырье /М3 СССР – 11-е изд.,доп.-м.: Медицина, 1989. -
№38 бұйрық 03.02.2005ж. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен « Правила выписывания рецептов и отпуска лекарственных средств по рецепту врача, за исключением содержащих наркотические средства, психотропные вещества и прекурсоры». -
№ 173 бұйрық 07.04.2005ж. «Қазақстан Республикасында бақвлауда тұратвн, наркотикалық, психотропты заттарды және прекурсорларды медициналық мақсатта қолдану ережелерін бекіту туралы». -
«Шипагерлік баяны». Денсаулық журналы. №6,№7, 2002ж. -
«Фармация Казахстана» журналы. -
М.А. Алиев: Кто есть кто в медицине. – Алматы, 2000.
Терапевтикалық көрсеткіш
(өте кең тараған ауруларда қолданылатын дәрілік заттар)
Абсцессте
Антибиотиктер
Сульниламидті препараттар
Фторхинолондар
Фурацилин
Фурагин
Ферментті препараттар
Антисептикалық препараттар
Аллергиялық ауруларда
Преднизолон
Гидрокортизон
Дексаметазон
Димедрол
дипразин
Супрастин
Диазолин
Кетотифен
Кромолин-натрий
Адреналин-гидрохлодиді
Эфедрин-гидрохлодиді
Кальций хлодиді
Кальций глюконаты
Пенициллиназа
Рутин (витамин Р)
Ангинада
Пенициллин тобының тобының антибиотиктері
Эритромици
Олеандомицин
Цефазолин
Тетрациклиндер
Сульфаниланидті препараттар
Фурацилин
Сутек асқын тотығы
Люголь ертіндісі
Йодинол
Амебты дизентерияда
Тетрациклиндер
Мономицин
Хиниофон
Хлорхинальдон
Метронидазол
Тинидазол
Анемияда
Құрамында темірі бар препараттар
Цинокобаламин
Фолий қышқылы
Коамид
Аскорбин қышқылы
Пиридоксин гидрохлориді
Рибофлавин
Артериялық гипотензияда
Мезатон
Алреналин
Норадреналин
Эфедрин
Камфора
Кордиамин
Женьшень тұндырмасы
Элеутерококк сығындысы
Аралий тұндырмасы
Дезоксикортикостерон
Асқазан, ішек және қуықтың атониясында
Прозерин
Ацеклидин
Галантамин
Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасында
Алмагель
Висмуттың негіздік нитраты
«викалин» таблеткасы
«викаир» таблеткасы
Алюминий гидрототығы
Магний тотығы
Гастал
Де-нол
Сукральфат
Фосфалюгель
Анестезин
Пирензепин
Атропин
Платифиллин
Циметидин
Ранитидин
Фамотидин
Омепразол
Амоксициллин
Кларитромицин
Доксициклин
Мизопростол
Метоклопрамид
Метилурацил
Анаболикалық стероидтар
Сульпирид
Сибазон
Бактериальды дизентерияда
Левомицетин
Тетрациклиндер
Ампициллин
Сульгин
Фталазол
Фтазин
Фторхинолондар
Фуразолидон
Фурацилин
Хлорхинальдон
Интестопан
Бас айналғанда (әуе және теңіз ауруларында)
Скополамин
«Аэрон» таблеткасы
Тиэтилперзин
Валидол
Ментол
Боткин ауыруында
Вирусты гепатитке қараңыз
Бронхиальды демікпе
Изадрин
Сальбутамол
Орципреналин
Фенотерол