ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 1031

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
(Б): 0,004 таб. шығарылып, ½ - 1таб. тәулігіне 1-4 рет белгіленеді.

Синафлан (флуоцинолон ацетониді) және флуметазон пивалаты – жоғары қабынуға қарсы және қышымаға қарсы әсері бар, жергілікті қолданғанда нашар сіңірілетінпреднизолонның дифтортындысы. Бұлар тек жергілікті жағылма және крем түрінде микробқа қарсы дәрілермен бірге тағайындалады.

Жағылмалары: «Флуцинар», «Синалар», «Синалар-Н», «Лоринден», «Лоринден С», «Лекакортен», «Лекакортен-Н», «Дермозолон», «Целестодерм», «Гиоксизон», «Элоком», «Фторокорт», «Полькортолон», және т.б. аэрозолдар: «Полькортолон ТС», «Оксикорт» - сыртқа қолдануға арналған; Аэрозолдар: «Бекломет»(Кленил), «Пульмикорт»(Бенакорт), «Ингакорт»(Флунизолид), «Серетид» - ингаляция үшін; суппозиторий түрінде «Ультропрокт».


  1. Иммундық жүйеге әсер ететін дәрілер

(иммуномодуляторлар)

Иммунитет кейбір ауру қоздырғыштарына қарсы тұратын ағзаның қорғаныш қасиеті. Микроорганизмдерді және олардың токсиндерин, вирустарын, табиғаты антиген заттары немесе мүше қондырымында ағзаның антигенге иммундық жауап реакциясы пайда болады.

Иммунитеттің 2 түрі бар: гуморальды (қанда БАЗ болады) және жасушалық (жоғарғы сезімталдықты төмендетеді). Ағзада кез келген антигенге ек түрі де пайда болады. Олардың пайда болуы лимфоциттердің түріне байланысты. Лимфоциттерді Т-лимфоциттер (тимусқа тәуелді) және В-лимфоциттер (тимусқа тәуелсіз) де ажыратылады. Т-лимфоциттер жасушалық, ал В-лимфоциттер гуморальды иммунитетті қамтамасыз етді. Гуморальды және жасушалық иммунитеттердің дамуында лимфоциттердің құрамы көбейеді.

Ағзаның иммундық күші төмендеуінде, яғни иммунитет төменде жағдайында иммуностимляторлар белгіленеді. Аллергиялық ауруларды емдеу үшін, мүшелер мен ұлпаларды бөгде ағзаға ауыстырып қондыруда, иммунитетті төмендететін, яғни иммунодепрессанттар белгіленеді.
а) Иммуностимуляторлар (иммуноқуаттандырғыш дәрілер)

Бұл топ препараттары жасушалық және гуморальды иммунитетті күшейтіп, имнотопшалық жағдайда қолданылады.

1. Жануарлардан алынған иммуностимляторлар.

а) Тимус препараттары: Тималин, тактивин (Т-активин), тимоптин, вилозен–Т-лимфоциттердің құрамын көбейтіп, жасушалық иммунитетті фагоцитозды, регенерация прцестерін күшейтеді. Ірі қара малдардың айырша безінен алынған сығынды препараттар. Созылмалы іріңді және қабыну процестерінде, созылмалы сепсисте, ұзақ уақыт созылатын микробтық, вирустық және саңырауқұлақ ауруларында, күйікте, ойық жараларында, онкологиялық ауруларының сәулелі химиотерапиясында, жарақаттан кейін және операциядан кейінгі жұқпалы асқынуларды алдын алуда
қолданылады. Тималин (Тhymalinum): 0,01 құрғақ зат флаконда шығарылып, 1 мл 0,9% NaCl еріт. ерітіп, б/е; ал тактивин мен тимоптин т/а енгізіледі. Вилозен жоғары тыныс жолдарының аллергиялық ауруларында (полиноз, ринит,синусит), жергілікті мұрынға тамшы немесе интраназальды ингаляция түрінде енгізіледі. Кей жағдайда тимус препараттары аллергиялық реакциялар тудырады.

б) Жілік майының препараттары: миелопид (В-активин) В-лимфоциттердің құрамын көбейтіп, гуморальды иммунитетті күшейтеді. Хирургиялық операциялардан, жарақаттардан, остеомиелиттен және басқа да патологиялық жағдайлардан кейінгі инфекциялардың асқынуларын алдын алу үшін қолданылады.

2. Бактериялардан алынған иммуностимуляторлар

Рибомунил және бронхо-мунал – жасушалық және гуморальды иммунитетті күшейтіп, интерферонның синтезін арттыратын, спецификалық емес иммуностимяторлар болып табылады. Құлақ, тамақ, мұрын және бронх-өкпе аппаратының созылмалы ауруларында және олардың қайталауын алдын алу үшін қолданылады. Рибомунил 3 таб. таңертең аш қарынға, бронхо-мунал 1 капс. таңертең аш қарынға белгіленеді. Бұл препараттар микробқа қарсы терапияның тиімділігін күшейтеді.

Продигиозан және пирогенал – эндогенді интерферон өнімін қуаттандырып, ағзаның гиперэргиялық реакциясын тудыратын бактериялардан алынған липополисахаридті кешен. Жұқпалы ауруларды кешенді емдеуде қолданады. Қабыну экссудаттарын, патологиялық тыртықтарды, жаралардың жазылуына жағдай жасайды. Препараттар дене қызуы көтерілуін, қалтырау, бас ауыру және буын ауруларын шақырады. Мөлшерін жеке таңдауды қажет етеді.

Натрий нуклеинаты – лейкопоэз және Т- және В-лимфоциттердің әсерлесуін қуаттандырып, фагоцитоз бен регенерация процесінің белсенділігін күшейтетін, ашытқы гидролизінен алынады. Лейкопения, агранлоцитоз, созылмалы қабыну ауруларының кешенді емдеуінде қолданылады.

Имудон – кептірілген бактериялар мен саңырауқұлақтардың лиофизирленген қоспасы. Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпалы қабыну ауруларында (афтозды стоматит, парадонтоз, гингивит, альвеолярлы пиорея және т.б.) ауыз қуысына салып соратын таблетка түрінде қолданылады. Фагоцитозды белсендіреді, иммунокомпетентті жасушалар санын арттыруға ықпал етеді, сілекейде лизоцимнің және интерферонның секреторлық А иммуноглобулиннің өндірілуін артырады.

ИРС-19 – лизоцим мен А типті иммуноглобулиннің құрамын жоғарылатып, фагоцитоздың белсенділігін арттыратын бактериялардың гидролизаты болып табылады. Құлақ, тама, мұрын – мүшелержәне тыныс алу мүшелерінің қабыну,жұқпалы ауруларын алдын алу және емдеу үшін интраназальды спрей түрінде тағайындалады.



3. Рекомбинатты (гендік инженерия әдісімен алынған) иммуностимуляторлар.

Филграстим (нейпоген) және молграмостим(лейкомакс) колоние қуаттандырғыш өсу факторы болып табылады. Олардың әсерінен діңгек жасушаларынан әртүрлі қан жасушалары түзіледі. Филграстим белсенді нейтрофилдердің өндірілуін, өсуін және қанға шығарылуын күшейтеді. Нейтрофил саны төмендеуімен байланысты, жұқпалы ауруларды емдеу үшін және туа пайда болған нейтропенияда антибактериальды терапиямен бірге тағайындалады. Молграмостим гранулоциттердің, Т- лимфоциттердің және моноциттердің өсуін күшейтіп, фагоцитозды белсендіреді. Сепсисте, лейкопенияда, ЖИТС мен ауыратын науқастарды емдеуде қолданылады.

Реаферон (альфа2 интерферон) және басқа да интерферондар вирусты инфекцияларда (гепатит және т.б.) және қатерлі ісікте (миелолейкоз, бүйрек өспесінде(рак) және т.б.) қолданылады.

Ронколейкин және беталейкин іріңді хирургияда және онкологияда химио- және радиотерапиядан кейінқолданылады.

4. Синтетикалық иммуностимуляторлар. Левамизол (декарис) және тимоген жасушалық иммунитетті күшейтеді. Левамизол ревматоидты артритте, кейбір созылмалы және қайталанатын жұқпалы ауруларда, ісік ауруларында қолданылады. Тимоген жіті және созылмалы жұқпалы аууларда, репаративті (қалпына келу) процестердің тежелуінде, операцияларда, ісіктердің сәулелі және химиотерапиясында қолданылады.

Метилурацил және дибазол – антидене мен интерферонның синтезін күшейтіп, фагоцитоздың белсенділігін арттырады. Метилурацил лейкопенияның жеңіл түрінде, баяу жазылатын жараларда, күйгенде, сынықта, сондай-ақ асқазан мен ұлтабардң ойық жараларында, панкреатитте, гепатитте ұлпалардың регенерациясын (қалпына келуін) күшейту мақсатында қолданылады. Дибазол тұмау мен басқа да ТЖВЖ (ОРВИ) алдын алуүшін қолданылады.

5. Иммуноглобулиндер.

Адамның қалыпты иммунолобулині (интраглобин, сандоглобулин, октаган, пентаглобин) жұқпалы аурулар түрінде өтетін біріншілік және екіншілік иммунды тапшылықта орын басушы терапия ретінде қолданылады.

Ағзаның қорғаныш қаиетін және зат алмасу процесін жақсарту арқылы иммунитеті қуаттандырғыш әсер ететін препараттары:


- Өсімдіктекті препараттары: жень-шень тұндырмасы, аралия тұндырмасы, элеутнрококк тұндырмасы, қызғылт сезімот (алтын тамыр) сығындысы жалпы тонусты реттейтін әсері бар.

- Витаминдер: аскорбин қышқылы, ретинол, а-токоферол, В және басқа тобының витаминдері – ағзаның резистенттілігін (қарсы тұру) күшейтеді. - -

- Пробиотиктер мен эубиотиктер: бифидумбактерин, лактобактерин, бификол және т. б. препараттары ішектің ұалыпты микрофлорасын ұалпына келтіре отырып, имунитетті жоғарлататын микробтыұ масса.
б) Иммунодепрессивті дәрілер (Иммуносупрессорлар)

Бұл топ препараттары жасушалық иммунитетті тежеп, баяу типті гипериммундық реакцияларда, ауыр аутоиммундық ауруларда (спецификалық емес ревматоидты полиартритте, спецификалық емес тоқ ішек жарасында, жүйелі қызыл жегіде, ООЖ-сі мен бүйректің иммунды бұзылуында, созылмалы гепатитте) және мүшелердің ауыстырып қондырымында (бүйрек, жүрек, өкпе, бас ми) қолданылады. Иммунодепрессанттардың әсер ету механизмі антигенмен шақырылған иммунды жасушаларының кооперативті реакциялардың тежелуімен, Т- лимфоциттердің пролиферациясымен және олардың Т- киллерге, Т- супрессорға, Т- хелперге өзгеруінен, сондай-ақ ұлпалардың зақымдануынан төмендетуімен байланысты.

1. Цитостатикалық дәрілер: азатиоприн (имуран), циклофосфан, метотрексат - иммунодепрессивті әсерінен басқа азатиоприннің ісікке қарсы белсенділігі (азиотопринде цитостатикалық белсенділігі төмен) басым. Цитостатиктер ДНҚ - ң және РНҚ- ң синтезін бұзып, жасушалардың, әсіресе тез бөлінетін жасушалар, көбінесе лимфоциттердің бөлінуін тежейді. Көбінесе аутоиммунды ауруларда қолданылады. Қан жасалуын бұзып АІЖ -ң жаралары, диспепсия, бауыр мен бүйректің зақымдалуын, жұқпалы аурулардың өршуін тудырып, концерогенді және тератогенді әсер көрсетеді.

Azathioprinu - азатиоприн (А): 0,05 таб. шығарылып 1-2 таб. тәулігіне 2-3 рет (қанның құрамын үнемі бақылап отырып, науқас дәрігердің бақылауында болуы қажет) белгіленеді.

2. Антибиотиктер: циклоспорин (сандиммун), такролимус (FK-506, програф)- мүшелердің ауыстырып қондырымында қолданылады(ішке және күре тамырға енгізіледі).

Циклоспорин нефро-және гепатотоксикалық әсер етеді, ал такролимус нефро -және нейротоксикалық әсер етіп, АҚ-ң және қандағы қанттың мөлшерін жоғарылатады.

3. Батриден - бүйректі ауыстырып қондырымында (глукокортикойдтармен, антибиотиктермен бірге) және созылмалы гломерулонефритте (0,1 таб.) қолданылады.


4. Глюкокортикоидтар - преднизолон, дексаметазон және т.б. Т-лимфоциттердің пролиферациясын және В- лимфоциттермен кооперациясын тежеп, иммуноглобулиндердің синтезін төмендетеді.

Сонымен қатар күшті қабынуға қарсы әсері бар. Аутоиммундық аурулардыа қолданылады.

5. Антилимфоцитарлы сары сулар: антилимфолин- Кr, АТГ- Фрезениус- құрамында иммунодепрессивті әсер ететін иммуноглобулині бар. Тек стационар жағыдайында антибиотиктермен және глюкокортикоидтармен бірге мүшелер мен ұлпалардың ауыстырып қондыруда қолданылады.

6. Коллагеноздардың базисті терапиясындағы препараттары: хингамин (делагил, хлорохин) және гидроксихлорохин (плаквенил)- малярияға қарсы препарат; алтын препараттары: кризанол (5% 2мл майлы суспензиясы ампулада шығарылып, аптасына 1рет б\е енгізіледі) ауранофин (0,003 таб) ; пеницилламин (куперенил)- "әлсіз иммунодепрессанттар", бұлар жасушалық және гуморальды иммунитетті төмендетіп, қабыну процесінің пролиферативті фазасымен төмендетеді. Әсері баяу басталып (10-12 аптадан соң) ұзаққа сақталады. Препаратты ұзақ қолданады (6ай), алтын препараттары мен пеницилламин улы болып келеді. Препараттарды көбінесе ревматоидты артритте қолданылады. Бұл препараттар қабыну процесінің жедел фазасында әсері тиімсіз.
13. Қатерлі ісікте қолданылатын дәрілер

(Бластомаға қарсы дәрілер)

Бластомаға қарсы дәрілер қанның қатерлі ісік ауруларындағы (лейкоздар және т. б.) қатерлі ісік жасушалары (рак және т.б.) мен форменді элементтердің дамуын тоқтатуға қабілетті дәрілер. Қатерлі ісіктер үшін инфильтративті өсу мен метастаз тән. Қатерсіз ісікте бұл әсерлер байқалмайды. Қатерлі ісіктерді бластомаға қарсы дәрілермен емдеу "химиотерапия" деп аталады. Онкологиялық науқастарды емдеуде химиотерапиямен қатар хирургиялық ем және сәулелі терапиясы тағайындалады.
Бластомаға қарсы дәрілердің жіктелуі


Бластомаға қарсы дәрілік топтар мен оның препараттары

Әсер ету механизімі

Ісікке қарсы әсерінің спектрі

1. Цитотоксикалық дәрілер а) Алкилдеуші дәрілер:

1) Хлорэтиламиндер: циклофосфан, хлорбутин, допан, сарколизин;

2) Этиленминдер: тиофосфамид;

3)Нитрозомочевина туындылары: ломустин, кармустин, нитрозометлмочевина;

4) Метансульфон қышқылының туындылары: миелосан, миелобромол;

б) Антиметаболиттер:

1) Фолий қышқылының антогонисттері: метотрексат;

2) Пурин антогонисттері: меркаптопурин, тиогуанин;

3) Пиримидин антагонисттері; фторурацил, фторафур, цитарабин (цитазар).

в) Әр түрлі сентетикалық препараттары:

1) Платина қосылыстары: цисплатин, карбоплатин.
2) Триазен және гидразин туындылары: прокарбазин (натулан) декарбазин, проспидин.
г)Ісікке қарсы антибиотиктер:

дактиномицин, рубомокцин , адриамицин (доксорубицин) фарморубицин, карминомицин, оливомицин, беломицин, брунеомицин, метомицин.
Д) Өсімдіктен алынған препараттары:

1) Алкалоидтар: колхамин демоколцин, омаин, винбластин ;

2) Подофиллотоксиндер: этопозид (вепезид), тенопизид(вумон)
ІІ. Гормондар және оның антагонисттері.

а) Андрогендер: тестостерон пропионаты, тестенат;

б) Антиандрогендер: флутамид, ципротерон (андрокур);

в) Эстрогендер: синэстрол, фосфэстрол, этинилэстрадиол;

г) Антиэстрогендер: тамоксифен;

д) Гестагендер:

медроксипрогестерон (провера, фарлутал);

е) Глюкокортикоидтар: гидрокортизон, преднизолон, дексаметазон, триамцинолон.
ІІІ. Ферменттер

L- аспарагиназа


Әр түрлі жасуша элементтерімен өзінің алкилді радикалдарымен қайтымсыз ковалентті байланыс түзеді (әсіресе ДНҚ тізбегіндегі гуанинді қалдықтармен), ол рак жасушаларының бөлінуін көбеюін тежеп, жойылуына алып келеді. Рак жасушалары дамуының әр түрлі фазаларына әсер етеді.


Табиғи метаболиттердің құрлысына ұқсас болғандықтан ісік жасушаларының жасушалық ферменттік процестерін бөгеу арқылы РНҚ және ДНҚ синтезін бұзады. Тек бөлінетін рак жасушаларына әсер етеді.
Платинді кешен ДНҚ- ға қосылып алкилдеуші агенттер тәрізді нуклеин қышқылдарының биосинтезін бұзады.
Алкилдеуші дәрілер тәрізді әсер етеді.


Циклді топтардың көмегімен ДНҚ мен РНҚ-ң жқп арасына қосылып, нуклеин қышқылдары тізбегінің бөлінуі мен ДНҚ синтезінің тежелуін тудырады.


Рак жасушаларының циклінің әр түрлі фазаларына әсер етеді. Түзілуін тежеп, бөлінуін тоқтатады. Тек бөлу фазасына әсер етеді.


Жыныс гормондары рак жасушаларын жоймайды, бірақ жасушалардың бөлінуін тежеп жіктейді, сонымен қатар жасуша қызметінің гуморальді реттелуінің бұзылуын біртіндеп қалпына келтіреді.

Глюкокортикоидтар ісік процесіне аз әсер етеді, бірақ цитостатиктердің әсерін күшейтіп жақсартады. Жасуша мембраналарының құрлымы үшін, ісік жасушаларына қажетті аспарагинді ыдыратады.

Гемабластозда (созылмалы лейкемия, лимфагранулематоз, лимфосаркома, ретикулосаркома), кейбір топ препараттары миеломада, сүт бездерінің, аналық без рагында, семиномада, өкпе майда жасушалық рагында, тоқ ішек рагында тиімді.

Метотрексат - лейкемия, лимфома, өкпе сүт безі мен аналық без рагында қолданылады.

Меркаптопурин - лейкемияда.

Фторурацил- азқазанның тоқ және тік ішектің, сүт бездерінің рагында.

Цитарабин- лейкемияда.
Цисплатин -ұрық безі қуық, аналық без, бас және мойын аймақтарының жалпақ жасушалық рагында, остеогенді саркомада. Карбоплатин - аналық без ісігінде.

Прокорбазин - лимфогранулематозда.
Дакарбазин - меланомада.

Дактиномицин - жатырдың хорионэпителиомасында, Вильмса ісігінде, Юинга ісігінде, лимфогранулематозда және т. б.

Адриамицин- жедел лейкемия, жұмсақ ұлпа саркомасында , лимфосаркомада, және т. б.

Колхамин - тері рагында.

Винбластин- лимфогранулематозда, жатырдың хоринэпителиомасында және т. б.

Винкрестин ісігінде және т. б.

Этопозид- өкпенің майда жасушалық рагында.

Тенипозид - гемобластозда.
Жыныс гормондары гормонға тәуелді ісіктерде қолданылады. Андрогендер мен антиэстрогендер - сүт бездерінің рагында.
Эстрогендер мен антиандрогендер- қуық асты безінің рагында.
Гестагендер - жатыр рагында(эндометрия)

Жіті және созылмалы лейкозда.

Жіті лимфобласты лейкемияда