ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 1030
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
VІ ғасырда өмір сүрген халық шипагерлерінің күрделі хирургиялық ем-шаралараы, кесарь опреациялары және т.б. ем-шаралары Европа елдеріндегі ірі хирургтардың жаңа құрал саймандармен, құрал жабдықтармен және асептика жағдайында жасаған ем-шараларынан озып түскен. Дәлірек айтсақ, 1901ж. орыс дәрігері А.Г.Колосовтың мақаласында жарияланған. Сүйек туберкулезі, ісіктер мен жараларды халық емшілері өте күшті антисептикалық заттарды (сулема, сынап жағылмасы, азотты қышқыл, күміс және т.б.) қолданып, консервативті заттармен емдеген.
Қазақ халқы медицинасында қолданған әдістер араб, парсы және шығыс дәрігерлерінің қолданған әдістерімен сәйкес келеді.
Ішкі ауруларды емдеу үшін қан құю (ағзаны арам қандардан аластату үшін), ағзаны қыздыру, сылап-сипау немесе дене шынықтыру, ішке дәрі-дәрмектер қабылдау белгіленген. Тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларында күшті тағамдар (жылқы еті және т.б. майлар) пайдаланылған. Зат алмасуды реттеу, ағзаны күшейту үшін қымызға көп көңіл бөлген. Тірек-қимыл қызметінің ауруларын емдеуде жылы ем шараларды, сылап-сипау (ысқылау) және дене шынықтыру, балшық-сумен емдеу және құмға түсуге көп көңіл бөлген. Күйген, үскен жерге жылқы майын жағып, ашыған сүт қойып, ұн және ақ балшық сеуіп емдеген.
Жара мен жарақаттарға және т.б. қабынған жерлерге ағаш ыдыстағы ашыған сүт өнімдерінен пайда болған өңезді (плесень) жаққан. Оған қазіргі уақыттағы антибиотиктермен емдеудің дамығаны дәлел.
ХІХ ғасырда сауда саласының дамуына байланысты жұқпалы қоздырғыштар таралып, дәлірек айтсақ 1829-1830 ж. шығыстан керуен жолы арқылы тырысқақ, сібір жарасынан Қазақстан мен Ресей жапа шеккен. Онда эпидемия жарияланып, су («қайнаған судың қасиеті бар»), ішуге тиым салынған.
ХVІІІ-ғасырда І Петрдің дәуірінде дәріханаларда дәрі-дәрмектер сатуға тиым салынып, «дәріханалық бақшалар» құрып, онда дәрілік өсімдіктер өсірілген.
Ең алғаш дәріхана 1422ж. Солтүстік Европада ашылған. Ал Ресейде ең алғаш дәріхана 1581ж. ашылған. Мәскеуде 1673ж. 2-ші, 1682ж. 3-ші дәріхана ашылуына жарғы шығарылған.
ХV-ХVІ ғасырда Парацельс (1493-1541ж.) бірінші болып бейорганикалық заттарды медицинаға ендірген. Олар: темір, сынап, қорғасын, мыс, мырыш, күкірт және т.б. қосылыстар.
ХVІІІ-ХІХ ғасырдың аяғында Ганеман гомеопатияның (аз мөлшермен емдеу) негізін қалаған.
ХVІІІ ғасырда қазақ даласында өмір сүрген шипагер Құртқа Сұлтанқожаұлы өз өмірін халқын емдеуге арнаған. 56 жасында Санкт-Петербургте медициналық университетті бітіріп, қазақ дәрігерлерінің арасында жоғарғы дәрежелі дәрігерлердің бірі болған. Сол кезде Европа медицинасына бейтаныс өсімдіктер тізімін келтірген. Бұхара, Самарқанд, Тәжікстан елдерінен дәрілік өсімдіктерді алдырып, өзі дәрі-дәрмек дайындаған. Жылан ұстап, оның уын дәрі құрамына аздап қосқан. Ең қауіпті рак, оба ауруларын емдеген көрінеді. Керуен арқылы Европа дәрігерлерінің кітаптарын алдырған. Үнді талибтерінің 800-гу жуық дәрілік препараттарын, Ибн Синаның 2600 рецептерін пайдаланған. Пышақсыз операциялар жүргізіп, дүниеден озғанша адам түгілі құстарды да емдеген көрінеді. Бүкіл өмірін халқын емдеуге арнаған ұлы бабамыз 136 жасында өмірден озыпты.
Қазақ шипагерлері іш айдағыш дәрі ретінде рауғаш, асқазанның секрециясын күшейту үшін үшжапырақты сүбеде, созылмалы диареяны айыр тамырсабағымен, жүйке ауруларын таушымылдық (пиона) препараттарымен, бүйрек ауруларын аршамен, туберкулезді қымызбен, итжидек, балмен және т.б. емдеген. Ол кездері: цинорий, құстаран шөбі, аңдыз, көкнәр, салаубас, бақбақ сынды өсімдіктер белгілі болған. Қазақ халық медицинасына 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер белгілі болып құрамында йоды мен бромы бар (теңіз балдырлары шарюм-дорю) өсімдіктерді Үндістаннан, Египеттен, Қытайдан 100-ге жуығын алдырған. Кейіннен препараттар шығарылып, ХІХғ. 50-жылдары дәріханалар ашылып, онда сатыла бастаған.
Қазақстан аймағында ең алғаш дәріхана 1842ж. Орал қаласында Жәңгір ханның тұсында ашылған. Дәріханада дәрі-дәрмектер дайындалып, халыққа қызмет ете бастаған.
1880-1889ж. сібір күйдіргісін жараға ине шаншып, одан оны мүсәтір спиртімен өңдеп, темекі жапырағын қойып емдеген.
ХІХ ғ. 80 жылдары қазақ дәрігері Әмре Дурмухамбетұлы Айтбакин өзі дәріхана ашып, дәрі-дәрмек дайындаған. Ол жылдары Қазақстан бойынша 3 фармацевт ғана болған. Оның саны 1890ж. 8-ге; 1910ж. 44-ке жетіп, 1915 ж. 64-ке өскен. Осы дәріханаларды басқарудың бір орталығы қажет болған соң, 1925ж. Каз.Госмедторг ашылып, 1928ж. Қызылорда қаласында (республика астанасы болатын) Қазақстан дәріханаларын басқару ұйымы болып өзгертілген. Оны ең алғаш басқарған М.М.Чумбалов болатын. Ең алғаш арнайы фармацевтикалық білімі бар республикаға еңбегі сіңген фармацевт Қуанышбай Махмұдұлы Ұмекенов болатын. 1928 ж. 65 дәріхана, 10 дәріханалық дүкендер болған. Сол жылдардағы халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ат салысқандар: Б.А.Абдрахманов, М.М.Чумбалов, И.Р.Сафран, И.А.Пивень, В.Р.Циринский, Қ.М.Ұмекенов, Г.Н.Кустанович, Н.Д.Давиенов сынды ұйымдастырушылар.
1940 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары Қазақстанда дәріхана саны 313-ке жетті. Ұлы Отан Соғысынан кейін фармацевтикалық мамандардың жетіспеушілігіне байланысты, 1951ж. Алматы мемлекеттік медицина институтында (АГМИ) фармацевтикалық факультет, ал Алматы, Қостанай, Орал, Шымкент медицина училищелерінде фармацевтикалық бөлімдер ашыла бастады. 1964 ж. республикада дәріханалар саны 838-ге, дәріханалық бекет 4789-ге, дәріханалық қойма 18-ге және т.с.с. көбейді. Сол жылдары әлем бойынша дәрі-дәрмек ең төмен баға СССР-де болған, сондықтан дәрі-дәрмектің бағасы халыққа тиімді болды.
Дәрі-дәрмектерді дайындау әдісі мен сапасын бір жүйеге келтіру үшін 1778 ж. бірінші Мемлекеттік фармакопея латын тілінде, ал 1866 ж. (ІІ-1871 ж., ІІІ-1880 ж., ІV-1891 ж.) орыс тілінде жарық көрді. ХVІІІ ғасырда медицина мен фармацияның дамуына үлес қосқан орыс ғалымдары: М.В.Ломоносов, С.М.Крашенинников, М.В.Севергин, Т.Е.Ловиц, Н.М.Максимович-Амбодик, К.И.Щепин болатын. ХІХ ғасырда фармакологияның эмпирикалық жолмен дамуы басталады. Жаңа препараттар жануарларда зерттеліп, одан соң клиникалық қолданылуына рұқсат етілген. ХХ ғ. V фармакопея, ал 1910 ж. VІ, VІІ-1925 ж., VІІІ-1946ж, ІХ-1961 ж., Х-1968 ж., ХІ-1987 ж., фармакопея жарыққа шықты. Ғылыми фармакологияға үлес қосқан ғалымдар: А.П.Нелюбин, О.В.Забелин, неміс ғалымы Шмидеберг, француз ғалымы Мажанди және Клон Бернар.
Отандық фармацияның дамуына Петербургтағы медико-хирургиялық академияның фармация кафедрасының профессоры А.П.Нелюбин (1785-1858 ж.), Мәскеу университетінің фармация кафедрасының профессоры А.А.Иовский (1796-1857 ж.) фармацевтикалық пән бірлестігіне оқу-әдістемелік кешендер мен оқулықтар құрастырған.
ХІХ ғасырдан бастап өсімдіктерден әсер етуші заттар таза күйінде бөлініп (алкалоидтар, морфин, кофеин, атропин, папаверин, кокаин және т.б.), химиялық қосылыстар синтезделіп және фармакологиялық зертханалар ашылып, зерттеулердің экспериментальды әдістері дами бастады.
Ресейде зерттеулер хирург Н.И.Пирогов, физиолог А.М.Филомафитский, И.П.Павлов басқаруымен жүзеге асып отырды. 1890 ж. И.П.Павлов әскери медициналық академияның фармацевтикалық кафедрасын басқарып, фармакология оқулықтарының авторы атанған. Фармакологияның негізін қалаушы педагог Н.П.Кравковтың еңбегі зор. Академик Д.А.Харкевич – «Фармакология» атты медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған оқулықтың авторы.
Михаил Давыдович Машковский Ресейдің атақты фармакологы, 1954 ж. дәрігерлердің және провизорлардың қолдан үзбейтін «Лекарственные средства» атты кітабы жарық көріп, 14 рет жаңарып, қайта басылып шығарылған. Академиктің 500-ден астам ғылыми жұмыстары жарияланған. Оның басшылығымен МФ ІХ және Х басылымдары дайындалған.
1990 ж. Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға кіру бағдарламасы ұсынылды. 1990 ж. Қазақстан аймағында 1763 дәріханалар, 5494 дәріханалық бекеттер, 1402 дәріханалық киоскілер, 21 дәріханалық қоймалар, 14 фармацевтикалық өндірістер қызмет атқарған.
ХХ-ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы фармация саласының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар.
Салкен Хасенұлы Субханбердин. 1938 ж. Алматы облыстық дәріхана басқаруында (АУ) басшылық қызмет атқарып, Ұлы Отан Соғысы жылдарында орасан еңбек еткен. 74 ғылыми еңбектердің, 14 дәрілік заттар туралы брошуралық монографиялардың авторы. Газет, журналдарда 300-ден астам медициналық және фармакологиялық тақырыптарда мақалалары жарияланған;
Галина Иогановна Самарина. Фармаколог, медицина ғылымдарының докторы (1972 ж.), профессор (1974ж.), Ұлы Отан Соғысының ардагері, АММИ фармакология кафедрасын 26 жыл бойы басқарған. 90-ға жуық еңбектің, 1 авторлық куәліктің авторы;
Есболған Тегісбайұлы Тегісбаев. Фармация ғылымдарының кандидаты (1967 ж.), доцент, ОҚММА-ң құрметті профессоры. 95-ке жуық ғылыми еңбектердің және т.с.с. оқулықтардың авторы;
Танагүл Әкімбайқызы Арыстанова.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, фармация ғылымының докторы, профессор, ОҚММА фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі. Т.Ә. Арыстанова – фармация ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан белгілі ғалым. Оның ғылыми бағыты – Отандық өсімдік шикізатынан дәрілік препараттар дайындау. 300-ден астам еңбектері жарыққа шыққан, оның ішінде соңғы 5 жылда 174 еңбегі бар, олардың 70-і шетелдік баспаларда (Америка, Финляндия, Тайланд, Ресей, Украина, Туркия, Тәжікстан, Өзбекстан және т.с.с.) шыққан, 2 монографиясы, 8 әдебиеттік шолу еңбектері бар.
Намазбай Жаппарұлы Орманов. Медицина ғылымдарының докторы (1992 ж.), профессор (1994 ж.), ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, ҚР денсаулық сақтау үздігі (1996 ж.) атағын алған. 164 ғылыми еңбектердің, 8 оқу құралдарының, 20 әдістемелік нұсқаулардың, 10 авторлық куәліктің авторы.
Ильяс Райханұлы Құлмағамбетов. Реаниматолог, клиникалық фармаколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент –мүшесі, 120 ғылыми еңбектердің, 6 монографиялардың, 1 оқу құралының (2 томда) және т.с.с. оқулықтарының авторы. Оның басқаруымен Қазақстанда клиникалық фармакология кафедрасы (1991 ж.) ашылған. 1994 ж. Қазақстанда дәрілік заттардың Мемлекеттік реестрінің бірінші шығарылуын дайындаған. 1997 ж. Қазақстанда «Фармакология», «Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша 1-ші рет 22.05.1998 ж. №286 аумақтың докторлық диссертациялық бұйрығы күшіне енді.
Марат Нүкенұлы Мусин. Фармаколог, медицина ғылымдарының докторы (1993ж), профессор (1995ж), 80-ге жуық еңбектің, 2 курс лекциялардың, 2 әдістемелік нұсқаулардың және т.с.с. оқулықтардың авторы.
ІІ. ЖАЛПЫ РЕЦЕПТУРА
А. ЖАЛПЫ РЕЦЕПТУРАҒА КІРІСПЕ
-
Дәрілік түр, дәрі-дәрмек, дәрілік зат
Жалпы рецептура – дәрілердің рецепте жазылу ережелері мен дайындалу және қабылдау тәсілдерін оқытатын дәрі тану ғылымының бір бөлімі.
Дәрілік түр – қажетті емдеу немесе алдын алу үшін дәріні қолдануға ыңғайлы етіп беретін түрді айтады. Консистенциясына қарай: қатты, жұмсақ, сұйық деп ажыратылады.
Дәрі-дәрмек – фармакологиялық комитеттің рұқсатымен әртүрлі аурулар мен патологиялық жағдайларды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттардың қоспасы.
Дәрілік зат – дәрі-дәрмек ретінде қолданылатын жекелеген химиялық қосылыс.
Дәрілік шикізат - өсімдіктерден, жануарлардан, микробтардан немесе минералдардан алынған дәрілік зат.
2. Мемлекеттік фармакопея