Файл: 1 билет 1 Геоэкологияны рылымы мен ылыми мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 285

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ландшафтылы-геохимиялық жүйелердің тұрақтылығы (техногенді ықпалдың белгілі бір типінде), улы заттарды инертті формалардан алдын алуға, олардың биологиялық айналым саласынан шығаруға, жерүсті және жерасты суағармен және ауа ағындарымен шашырауына мүмкіндік тудыратын, жағдайлардың жиынтығына тәуелді. Сондықтан

берілген ландшафтылы-геохимиялық жүйенің қызмет ету типін және оның тұрақтылық (немесе тұрақсыздық) дәрежесін анықтайтын, осы заманғы геохимиялық үрдістер мен факторлар бірінші орынға шығады.

Геохимиялық аудандауды жетілдіру үшін түрлі элементтердің және олардың қоспаларының техногенді ықпалының дәрежесін білу қажет және табиғи миграциялық ағындарға олардың ену сәтіндегі техногенді ағындардың көлемін дәлірек білу қажет. Технобиогеманың түрлі типтеріндегі биоценоздардың геохимиялық жағдайы мен күйі өзгеруінің шынайыи формаларын жүйелі зерттеуді жүргізу қажет. Ортаны және адамдардың денсаулығын қорғау мақсатында болжамды аудандауда техногенді аномалиялардың ықпал ету сфераларындағы арнайы медициналық-геохимиялық зерттеулер маңызды роль атқарып келеді.

3 Геоэкологиялық аудандаудың схемасы.

Геоэкологиялық аудандау схемасының негізінде түрлі токсономикалық жетістіктері бар табиғи аймақтарды біртіндеп ажырату, ландшафтылы-геохимиялық картаның негізінде анықтау жатыр.

Түрлі токсономиялық артықшылығы бар геоэкологиялық аймақтарды ажырату бірқатар белгілер бойынша жүзеге асырылған:

• Біріншіден, табиғи жағдайлардың бүкіл кешенінің генетикалық ортақтығы мен бірлігінің (бір түрлілігінің) белгісі бойынша.

• Екіншіден, геоэкологиялық аймақтарды ажырату, қазіргі уақытта да, келешекте де қоршаған ортаны экологиялық тұрақтандыру үрдістеріне мүмкіндік тудыратын немесе кедергі келтіретін, маңызды табиғи факторларды есепке алып жүргізіледі.

• Үшіншіден, табиғатты пайдалануды тиімділеу және табиғатты қорғау саласындағы қазіргі шараларды да, ұсынылатын шараларды да жүзеге асырудың ортақтық белгісі бойынша.

Геоэкологиялық аудандаудың негізінде Қазақстанның жеке аймақтарындағы экологиялық жағдайдың өткірлік белгілері жатыр.

Табиғи-антропогендік ландшафттардың қоршаған ортасының экологиялық тұрақсыздығының келесі деңгейлері ажыратылған:

• Апаттық деңгей – табиғи ортаның экологиялық жағдайындағы терең, орны толмас өзгерістермен сипатталады, бұл халықтың тіршілік жағдайларын күрт нашарлатты. Бұл өзгерістер антропогендік жүктемелердің деңгейінен көп есе артудан туындаған, осының салдарынан адамдардың денсаулығы айтарлықтай нашарлайды. Көптеген табиғи компоненттерде терең өзгерістер жүреді.


• Ауыспалы деңгей – табиғи ресурстардың жеке түрлерінің азаюы немесе толық жойылу қаупінің жылдам қарқынмен артуымен ерекшеленеді. Экологиялық дағдарыстың орнау қаупі қайтымды сипатқа ие, бұл уақытында араласуда антропогендік стресстің салдарын жоюға және бұзылған геожүйенің тұрақтылығын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

• Қауырт деңгей – антропогенезге негізделген, геожүйелердің табиғи компоненттерінің жағдайындағы айтарлықтай жағымсыз өзгерістермен сипатталады. Табиғатты тиімді пайдалану ережелерін сақтап, техногенездің жағымсыз экологиялық салдарын толық жою мүмкін.

• Қанағаттанарлық деңгей – табиғи-антропогендік ландшафттарды өздігінен реттеу үрдісінде немесе оларға антропогендік ықпалды азайтқан кезде оңай жойылатын, табиғи компоненттердің құрылымындағы айтарлықтай өзгерістермен ерекшеленеді.

• Қолайлы деңгей – антропогенезге немесе олардың шамалы көріністеріне негізделген, геожүйелердегі экологиялық өзгерістердің толықтай болмауы. Геожүйелердің

құрылымындағы шамалы өзгерістер негізінен экстремалды табиғи үрдістердің ықпалына негізделген. Жағымсыз экологиялық салдар оңай жойылады.
3 Түрақты әрекет ететін үлгі. Оны құрудың мақсаттары мен міндеттері.

Жоспар:

1 Үлгілеу әдістері.

2 ТӘҮ қызмет етуі.

3 Экологялық-геологиялық болжам.

1 Үлгілеу әдістері.

Экологиялық-геологиялық мониторингті ұйымдастыру кезінде ақпаратты жинау және өңдеу жүйелерін құрудан кейін қарастырылатын территория шектерінде литосфераның жоғарғы горизонттарының мүмкін өзгерістерін болжау және басқару шешімдерін қабылдау міндеті тұрады. Осы екі міндет үлгілеу базасында экологиялық- геологиялық мониторинг жүйесінде шешіледі.

Экологиялық-геологиялық мониторингті ұйымдастыруда ЭЕМ көмегімен математикалық (аналитикалық) үлгілеудің әр түрлері кең таралып келеді.

Литосфераның жоғарғы горизонттарда копфакторлы үрдістерді немесе геодинамикалық үрдістерді (жылжымалы, велді, сейсмогравитациялық) үлгілеу үшін, бұл үрдістердің қатаң математикалық сипаттамаларға байланысты ықтималдық теориясы мен математикалық статистиканың математикалық аппараты үлгілеу кезінде қолданылады. Статистикалық үлгілер эмпирикалық мәліметтерге негізделген және айнымалы шамалар мен константалардан басқа, литосфера объектілері қасиеттерінің кездейсоқ сипаттамаларын бейнелейтін, түрлі табиғаттағы бір немесе бірнеше кездейсоқ шамадан тұрады. Экологиялық-геологиялық мониторинг жүйесінде үлгілеуді ұйымдастыруда, табиғи және техногенді компоненттердің экологиялық маңызды әрекеттестігін бейнелейтіндей, табиғи ортаның, геологиялық орта объектілерінің немесе оның элементтерінің үлгісін құру маңызды. Ол үшін, түрлі ресми және мазмұнды үлгілерін негіздеуге мүмкіндік беретін, жүйелі талдау теориясы қолданылуы мүмкін.



2 ТӘҮ қызмет етуі.

Экологиялық-геологиялық мониторингте тұрақты әрекет ететін үлгіге (ТӘҮ) ерекше роль беріледі. Инженерлік геологиядағы, гидрогеологиядағы зерттеулердің басқа бағыттарына қарағанда, экологиялық-геологиялық мониторинг жүйесінде үлгілеуді қолдануыдың ерекшелігі сол кезде құрылатын табиғи ортаның экологиялық-геологиялық үлгісі, тау жыныстарының массивтері немесе оның бөліктері мониторинг жүйесінде қандай да бір реттік, бірлік міндетті шешуге бағытталмай, тұрақты «жұмыс жасайтындығынан» тұрады. Бұл автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің бөлігі болып табылатын және мониторингтің бүкіл жүйесінің қызмет етуі бойынша экологиялық-геологиялық ақпаратпен тұрақты толтырылатын, тұрақты әрекет ететін үлгі болып табылады. ТӘҮ құру және пайдалану – литосфераның жоғарғы горизонттарын тиімді пайдалану мен қорғау, барлық мүмкін экологиялық-геологиялық мәселелерді шешу саласында басқару жүйесін жетілдірудің жалғыз және ең тиімді тәсілі.

ТӘҮ – бұл, болжау мен басқару үшін логикалық картографиялық немесе математикалық бейнеге өзгертілген, литосфералық кеңістік бөлігінің экологиялық жағдайын бейнелейтін, тәртіппен өзара байланысқан, экологиялық-геологиялық мониторинг барысында айқындалатын жағдайлар мен факторлардың жүйесі. ТӘҮ экологиялық-геологиялық мониторингі жүйесіндегі ТӘҮ негізгі міндеті, литосфера мен оның компоненттерінің (табиғи да, техногенді де) өзгерістерін бағалаумен, сонымен қатар оның дамуын экологиялық-геологиялық болжаумен байланысты, экологиялық- геологиялық міндеттерді шешу болып табылады. ТӘҮ қолдану компьютерлердің негізінде келіп түсетін экологиялық-геологиялық ақпаратты жинау және өңдеу технологиясын тәртіпке келтіруді қамтамасыз етеді. ТӘҮ литосфералық кеңістіктің үлгіленетін бөлігінің экологиялық жағдайы туралы және оған техногенді ықпалдар туралы автоматтандырылған ақпаратты жүйелердің мәліметтер банкінен жаңа бастапқы ақпараттың байланыс арналары бойынша құрылады.

ТӘҮ қызмет етуі циклдық түрде жүзеге асырылады: автоматтандырылған ақпараттық жүйеге жаңа бастапқы мәліметтер түскен сайын, олар ТӘҮ жүктеледі және үлгіде үлгіленетін жүйе дамуының негізгі нұсқасы орындалады, бұдан соң жаңа бастапқы мәліметтер түскен кезде цикл қайталанады. Осыдан ТӘҮ бір маңызды қасиеті мен ерекшеліктері шығады: экологиялық-геологиялық мониторингтің жүйесі ұзақ қызмет еткен сайын (яғни үлгілеуге арналған бастапқы ақпарат толық болған сайын), үлгілеу дәлірек болады, үлгі үлгіленетін объектіге жақынырақ болады.


ТӘҮ үшін экологиялық-геологиялық мониторинг жүйесінде, литосфераның ресурстық геодинамикалық геохимиялық және өзге экологиялық қызметтерін қамтамасыз ететін, экологиялық маңызды объектілер таңдалу керек. Дәл солар литосфераға техногенді ықпал кезінде онда жүріп жататын негізгі өзгерістерді бейнелеу керек. Мәнісі бойынша ТӘҮ, бізге қажетті көрсеткіштердің арасындағы мәнді, экологиялық маңызды байланыстарды сипаттайтын, объектінің немесе оның элементтерінің имитациялық үлгісі болу керек. Қандай да бір зерттеулерді жүзеге асырудың басымдығы, қандай да бір территорияға тиісті, болжау объектісінің нақты экологиялық ерекшеліктерімен, сонымен қатар шаруашылық кешеннің даму мүдделерімен анықталады.

3 Экологиялық-геологиялық болжам.

Экологиялық-геологиялық болжам уақыттың белгілі бір сәтінде территорияның экологиялық-геологиялық бағасын болжауға мүмкіндік береді. Мониторинг аясында литосфераның жоғары горизонттарының өзгерістерін экологиялық-геологиялық өңдеубүкіл режимдік ақпаратты, экологиялық-геологиялық бақылаулардың барлық түрлерін, ТӘҮ мәліметтерін талдауға, бағалаушы және болжаушы экологиялық- геологиялық карталардың, сонымен қатар техногенді жүктеме карталарының кешеніне негізделеді. Бұл кешен компоненттік (аналитикалық) та, қорытушы (синтетикалық) карталардан тұрады. Экологиялық-геологиялық мониторинг жүйесі ұзақ қызмет еткен сайын, болжам да сенімдірек.

Экологиялық-геологиялық болжамда литосфераның барлық күтілетін өзгерістері даму динамикасы көрсетіліп, нақты физикалық шамаларға жеткізіледі.

Экологиялық-геологиялық мониторинг жүйесінде болжаудың негізгі әдісі ТӘҮ болжау мақсаттарында пайдалану, сонымен қатар ретроспективті талдау болып табылады. Қазіргі уақытта экологиялық геологияда болжаудың түрлі әдістерінің жүзден аса түрі қолданылады. Осылайша, экологиялық-геологиялық үлгілеу жүйесінде болжамдар құру

кезінде әдістердің кең кешені қолданылады.
4 Ластану көздерін тізімге алу.

Жоспар:

1. Тізімге алудың жалпы ережесі.

2.ЖЭО тізімге алудың объектісі ретінде.

1. Шынайы жағдайларда кәсіпорын көбінесе объективті себептерге байланысты барлық ластаушы ингридиенттер бойынша белгіленген ШМК сақтауға қабілетсіз. Бұл жағдайларда есептеу нүктелеріндегі, мысалы елді мекеннің ауасындағы, концентрация ШМК асуы мүмкін. мұндай жағдайларда шығарындыларды, яғни ШМК-ға шыққанға дейін, біртіндеп төмендету жүргізіледі. Аралаық сатыларда қуаты бойынша ұқсас кәсіпорындар қол жеткізген ең жақсы технологиямен қамтамасыз етілетін шығарындылар деңгейінде уақытша келісілген шығарындылар (УКШ) бекітіледі.


ШМШ және ШМЛ есептеуді жүргізу үшін, кәсіпорынның барлық шығарындылары мен олардың көздері бойынша толық сенімді ақпаратқа ие болу керек. Мұндай ақпаратты өнеркәсіптік шығарындыларды тізімге алу кезінде алады, тізімге алуды белгілі бір территорияда ластаушы заттарды шығару көздерінің және атмосфераны ластау көздерінің таралуы туралы, сонымен қатар шығарындылардың саны мен құрамы туралы мәліметтерді жүйелеу деп біледі. Тізімге алудың мәліметтері негізінде кәсіпорын талап етілетін шығындарды қандай да бір мерзімде төмендету бойынша жоспарлар құрады. Өндірістің инженер-экологының алдында зиянды заттардың регламенттелген шығарындыларын қамтамасыз ету бойынша күрделі міндет тұра.

Тізімге алудың нәтижелері қолданылады:

1.атмосфераға шығарылатын шығарындыларды мөлшерлеу; 2.шығарындыларға өндірістік бақылау жүргізу; 3.шығарындылардың төлемдерін анықтау;

4. кәсіпорынды экологиялық төлқұжаттау;

5. қоршаған орта саласындағы мемлекеттік кадастр органдарын ақпараттандыру.

Тізімге алуды кәсіпорындардың өздері немесе бақылаушы ұйым 5 жылда 3 реттен кем емес жүргізеді. Мерзімінен бұрын тізімге алу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1. нақты мәліметтер мен соңғы есептілік мәліметтерінің арасындағы маңызды айырмашылықтарды анықтау.

2. өндіріс технологиясын, отынның түрі мен сапасын түбегейлі өзгерту және ластанудың артуына әкелетін барлық жағдайларда.

Мерзімінен бұрын тізімге алу экология бойынша аймақтық комитеттің ұйғарымы бойынша жүргізілуі мүмкін. тізімге алу бойынша есепті бірінші басшы бекітеді.

2. ЖЭО-ғы мөлшерленетін ластаушы заттар:

Ластаушылар Код Ластану көздері

NO2 0301 Қазандар, газқұбырлы қондырғылар

NO 0304 Қазандар, газқұбырлы қондырғылар

CO2 0337 Қазандар, газқұбырлы қондырғылар

SO2 0330 Қазандар, дизельді қондырғылар

Мазут күлі 2904 Дизельді қазандар

Қатты отынның

күлі 2908 Қатты отынға арналған қазандар, күл үйгіштер

Күйе 0277 Сұйық және қатты отынды араластыратын

қазандар

Көмір шаңы 2902 Көмір қоймасы

Бензапирен 0703 Сұйық және қатты отынды араластыратын

қазандар

Тізімге алу объектілері:

- ластаушы заттардың шығарындылары;

- бөліну көздері;

- атмосфераны ластау көздері;

- шаң-газ-тазарту қондырғылары. Тізімге алу кезінде анықталады:

- максималды бірлік ластану;