ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 282
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- жылдық максималды бірлік;
- есептік.
Бөліну көзінің параметрлері мен сипаттамалары, орналасуы мен геометриялық сипаттамалары қалалық жүйе бойынша алынады және экология бойынша аймақтық өкілдермен келісіледі. Максималды бірлік агрегатты максималдыжүктеген кезде және отынды жаққан кезде қазан немесе жұмыс қондырғысы үшін анықталады.
Билет №24
1 И-160 иономер
ЭВ-74 ионөлшегіште жұмыс жасау операциялардың белгілі бір бірізділігін талап етежді. Датчиктің ұшындағы штекерді аспаптың артқы қабырғасындағы «Изм» ұяшығына қосады, салыстырудың қосымша электродын қаныққан KCl ерітіндісімен толтырады. Аспапты желіге қосып, 50-60 мин қыздырады және гальванометрдің нөлін түзетеді.
Одан соң ионөлшегішті буферлік ерітінділер бойынша баптайды. Құрғақ стақанға рН 1,68 буферлік ерітіндіні құяды, оған электродтарды салады, температуралық түзеткішті ерітіндінің температурасына сәйкес келетін белгіге қарсы орналастырады. Содан соң потенциометрдің баптау сабын орташа қалыпқа келтіреді, «тербелу шегі» айырып-қосқышты «Eu» потенциометрімен «-1-19рН» қалпына көшіреді және гальванометрдің тілін 1,68рН қалпына өрескел түрде түзетеді; бұл нүктеге «Eu» потенциометрімен тілді бір қалыпты келтіреді.
Электродтарды сумен шайып және сүзгіш қағазбен құрғатып, оларды рН 4,58 буферлік ерітіндіге салады, диапазон кнопкасын 4-9рН қалпына айырып, қосады және рН түзетеді. Дәл осылай рН 6,88 (4-9рН диапазонында) және рН 9,22 (8-11 рН диапазонында) стандартты буферлік ерітінділердің рН тексереді. Егер барлық диапазондарды тексерген кезде рН айытқуы 0,05 аспаса, баптауды аяқтайды. Содан соң зерттелетін ерітіндінің рН өлшеуге болады. Шыны электродты құрғаудан қорғайды, өйткені бұл оның сипаттамаларын өзгертуі мүмкін: жұмыс аяқталған соң оны суға салады. Қосымша электродты қаныққан KCl ерітіндісімен толтырады және мерзімді түрде ерітіндіні толықтырып отырады.
ЭВ-74 ионөлшегіште ерітіндінің рН анықтау.
Өлшеудің алдында ионөлшегіштің айырып-қосқыштарын «t» және «-1-19» қалпына қойыңыз. Ионөлшегішті желіге қосыңыз және оны 30 мин қыздырыңыз. Электродтары бар стақанды сәл көтеріңіз, бағананы жылжытыңыз, электродтарды жуғыштан тазартылған сумен жуыңыз. Электродтардағы судың қалдықтарын сүзгіш қағаздың бөлшектерімен алыңыз.
Анықтау барысы
Сыналатын ерітіндіні ионөлшегіштің стақанына (көлемінің жартысына дейін) құйыңыз және оған электродтарды салыңыз. Одан соң кезекпен аспаптың «Катиондар, аниондар» , «рХ», «-1-19» кнопкаларын басыңыз. Көрсететін аспаптың «-1-19» шкаласындағы тілдің жағдайын байқаңыз және сәйкес диапазон кнопкасын басыңыз. Егер «-1-19» шкаласы бойынша көрсеткіш 8-9 цифрларының арасында болса, 4-9 диапазонының кнопкасын басу керек. «0-5» шкаласы бойынша иономер тілінің көрсеткіштерін жазыңыз және оған таңдалған диапазонның бастапқы цифрын қосыңыз. Сыналатын ерітіндінің рН шамасын анықтау осымен аяқталды. Келесі анықтауға дейін электродтарды тазартылған суда қалдырыңыз. Ионөлшегішті желіден сөндіріңіз.
3 Геоэкология саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Жоспар:
1 Халықаралық ынтымақтастықтың объектілері.
2 Үкіметаралық экологиялық ұйымдар.
3 Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар.

Адамның тіршілік ету ортасын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау мақсатында мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы БҰҰ қамқорлығымен және екіжақты негізде ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық
ынтымақтастықтың қажеттілігі мемлекеттердің бір-бірінен экологиялық тәуелділікте болуымен түсіндіріледі.
Атмосфераға шығарындылар, өзендердің, теңіздердің, мұхиттардың ластануы және т.с.с. мемлекеттік шекаралармен шектелуі мүмкін емес. Осылайша, ҚО бірқатар маңызды бөліктері халықаралық ынтымақтастық объектілеріне жатады. Ең алдымен бұл мемлекеттердің қарамағындағы объектілер.
• Ғарыш – ең ерекше қорғалатын халықаралық объект – бүкіл адамзаттың игілігі.
• Антарктида – дүниежүзінің және халықаралық ынтымақтастықтың материгі, оны қорғау мен пайдаланудың принциптері 1959 ж. Антарктида туралы Арнайы Келісіммен бекітілген.
• Жер атмосферасы, онда ауаның табиғи циркуляциясынан ғаламдық экологиялық мәселелер туындады: ауа-райындағы, климаттық өзгерістер; озон қабатының бұзылуы; ластаушы заттарды трансшекаралық тасымалдау.
• Дүниежүзілік мұхит – табиғи ресурстардың үлкен қоймасы және жалпығаламшарлық көлік жүйесі.
Сонымен қатар, бұл мемлекеттердің қарамағындағы объектілер:
• Екі немесе одан көп мемлекеттің пайдалануындағы бөлінетін табиғи ресурстар
(Дунай, Рейн өзендері, Балтық, орта теңіздері және басқалары);
• Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген, сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар;
• Қорғалуы мен ұсталуына арнайы қорлардың есебінен халықаралық ұйымдардан қаржы бөлінетін, халықаралық бақылауға алынған бірегей табиғи объектілер (қорықтар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері және басқалары).
2 Үкіметаралық экологиялық ұйымдар.
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ үлкен үлес қосады. Табиғатты қорғау әрекетіне оның барлық жетекші ұйымдары мен арнайы мекемелер қатысады.
ЮНЕП – (қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы) 1972 жылдан бастап жүзеге асырылады. БҰҰ негізгі қосалқы органы болып табылады.
ЮНЕСКО (білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша БҰҰ ұйымы) ағарту, ғылым мен мәдениет саласында мемлекеттердің арасындағы бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікке, ынтымақтастыққа қолдау көрсету мақсатында 1946 жылдан бері әрекет етіп келеді.
ФАО (БҰҰ азық-түліктік және ауылшаруашылық ұйым) 1945 жылы ұйымдастырылған, дүниежүзі халықтарының тіршілік жағдайларын жақсарту мақсатында азық-түлік мәселелерімен және ауылшаруашылықты дамыту мәселелерімен айналысады.
ДДСҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) 1946 жылы құрылды, басты мақсаты адамдардың денсаулығы жайлы қамқорлық, бұл қоршаған ортаны қорғаумен тікелей байланысты.
ДМҰ (дүниежүзілік метеорологиялық ұйым) 1951 жылы құрылған, оның табиғатты қорғау фукнциялары қоршаған ортаның ғаламдық мониторингімен байланысты, соның ішінде:
• Ластаушы заттардың трансшекаралық тасымалдануын бағалау
• Жердің озон қабатына тиетін ықпалдарды зерттеу.
3 Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар.
90-шы жж. аяғында дүниежүзінде өз іс-әрекетіне табиғатты қорғау шараларын енгізген, сонымен қатар экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын жүздеген (түрлі мәліметтер бойынша 200-500) үкіметтік емес халықаралық ұйымдар болды.
Табиғатты қорғау бойынша халықаралық одақ – ТҚХО – 1948 жылы Фонтеблода (Францияда) құрылды. ТҚХО жұмысы флора мен фаунаның жабайытүрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияны жүзеге асыруға мүмкіндік тудырады. ТҚХО – қызыл кітаптарды жүргізудің бастамашысы.
Жабайы табиғатты қорғаудың бүкіләлемдік қоры – сансыз көп жеке халықаралық экологиялық ұйым, 1961 жылы құрылды, бүкіл әлемде 27 ұлттық бөлімдерді, сонымен бірге 5 млн. жеке мүшелерді біріктіреді. Қордың әрекеті негізінен табиғатты қорғау шараларына қаржылық қолдау көрсетуден тұрады.
Халықаралық экологиялық сот (ХЭС) 1994 жылы қарашада Мехикодағы конференцияда заңгерлердің бастамасымен құрылды. Дүниежүзілік қауымдастықтың тәжірибелік экологиялық әрекетінде тиісті құзыреттік шешілуді талап ететін даулар туындайды. Соттардың құрамы 24 елден 29 заңгер-экологты құрайды.
ХЭС даулар аралық сот принциптерімен қарастырылады. Тараптар сотқа жүгіну туралы шешімді өздері қабылдайды және қоршаған ортаның халықаралық құқығы, тараптар мен прецеденттердің ұлттық заңнамасы негізінде жүргізілетін істі қарауға 3 немесе одан көп сотты оның құрамынан таңдайды.
ГРИНПИС (жасыл әлем) – қоршаған орта құлдырауының алдын алуды мақсат етіп қойған, тәуелсіз халықаралық қоғамдық ұйым, 1971 жылы Канадада құрылды. Оның 1,5 млн. Мүшесі бар, олардың 1/3 – американдықтар. ГРИНПИС қоршаған ортаны қорғау бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларда толыққанды мүше немесе ресми бақылаушы мәртебесіне ие, дүниежүзінің 32 елінде бөлімдері бар.
4 Минералдардың микрохимиялық диагностикасы.
Минералдар диагностикасының химиялық әдістері түпшаймалы сынамалардың және кенді концентраттардың құрамына енетін минералдарды анықтауда кең қолданылады. Олар берілген минералдың құрамына енетін қандай да бір элементті сапалық ашуға негізделген және жасалған визуалды анықтамалардың дұрыстығын дәлелдеуге қызмет етеді. Сонымен қатар химиялық реакциялар анықталатын элемент үшін әдетті болып табылады.
Элементті ашу әрқашан басқа элементтер болғанда жүзеге асырылады. Сондықтан реакцияның нәтижесі сәйкес химиялық элементті анықтаудың сенімділігін кепілдендіру керек. Негізінен барлық химиялық реакциялар заттық немесе сағаттық шыныларда; түтікшелерде немесе фарфор тигельдерде орындалады. Микрохимиялық реакцияларды жүргізу үшін заттың аз мөлшері (2-3 түйір) қажет. Микрохимиялық реакцияларды жүргізу асқан ұқыптылықты талап етеді. Сенімді нәтижелер алу үшін қажет:
- кірікпелері жоқ, таза минералдардың түйірлерін зерттеуге алу;
- тек таза ыдысты пайдалану;
- барлық реакцияларды ерітінділердің масималды аз мөлшерінде жүргізу;
- реактивтерді шағын бөліктермен қосу.
Реакцияны жүргізудің тәсіліне және алынған нәтижелерге қарай, микрохимиялық реакциялар бөлінеді:
- қабықты;
- тамшылық;
- ұнтақты (ұнтақтарды үгіту әдісі бойынша реакциялар);
- кристаллоскопиялық;
- жалынды.
Қабықты реакциялар.
Минералдардың түйірлерінде жүргізіледі. Реакцияларды жүргізу үшін минералдың түйірлерін күшті ерітіндімен (қышқылмен, сілтімен) өңдейді, содан соң сәйкес түске боялған, жұқа қабықтың түйірдің бетінде пайда болуын тудыратын, реактивтің тамшысын қосады. Бұл әдіс түпшаймалы сынамадан алдын ала ажыратусыз кейбір минералдардың анықтауға мүмкіндік береді.
Тамшылық реакциялар.
Тамшылық микрохимиялық реакциялар минералдарды алдын ала ерітуге және ерітінділердің арасында реакциялар жүргізуге негізделеді. Бұл әдіс белгілі бір минералдың құрамына енетін қандай да бір химиялық элементті сапалық ашудан тұрады. Ерігіштік дәрежесі бойынша барлық минералдар бөлінеді:
- жылдам ерігіш;
- қиын ерігіш;
- ерімейтін.
Жылдам ерігіш минералдар әлсіз еріткіштердің (қышқылдардың, сілтілердің) көмегімен ерітіндіге көшіріледі.
Қиын еритін минералдарды еріту үшін күшті қышқылдар мен сілтілердің қойылтылған ерітінділерін қолданады.
Ерімейтін минералдар арнайы тәсілдің – минералдың балқымалармен алдын ала қорытудың көмегімен еріген күйге көшеді. Балқымалар ретінде сода, сілтілер (КОН немесе NaOH), сақар, бура, калий пиросульфаты қолданылады. Қорытудың алдында минерал шағын келіде үгітіледі, содан соң келіге минералға қатысты 6-8 еселік мөлшерде балқыманы қосады және біртіндеп үнтақтау жүргізіледі. Нәтижесінде минерал мен балқыма жақсы араластырылу керек.
Қорыту екі тәсілмен жүргізілуі мүмкін:
1. Дәнекерлейтін түтіктің жалынында платина сымының көзінде. Алынған қоспаны қорытудың алдында ұнтақтыңң ұшын болдырмау үшін тазартылған судың тамшысымен суландырады. Балқыту аяқталған соң қорытпаны суытады және заттық шыныға көшіреді. Қандай да бір қышқылмен қышқылданған, тазартылған судың тамшысында ерітеді. Бұдан соң әдеттегі схема бойынша тамшылық реакцияларды жүргізеді.
2. Балқыма мен минералдың қоспасы салынатын шағын фарфор тигельдерді спиртпен жанатын шамда қыздырады. Сол кезде қорытпа көбіктенеді, сары-жасыл немесе қоңыр түске боялады, бұл балқыту аяқталуының белгісі болып табылады. Суытқан соң қорытпаны тазартылған сәл қышқылданған суда ерітеді. Бұдан соң схема бойынша тамшылық реакцияларды жүргізеді.
Ұнтақты реакциялар.
Қатты заттардың арасында жүріп жататын реакциялар арқылы жеке химиялық элементтерді ашу принципі әдістің негізіне алынған. Мұндай реакциялардың нәтижесінде боялған өнімдер түзіледі. Олардың боялу сипатына қарай минералдар мен кендердегі химиялық элементтерді сапалық анықтау жүргізіледі. Бұл әдістің әдістемесі өте қарапайым. Минералдың түйірлерін еріткіш болып табылатын кристалды реактивтің 5-6 еселі мөлшерімен мұқият ұнтақтайды. Ұнтақтау шыны таяқшаның көмегімен фарфор кювтада жүргізіледі. Минералдың түйірлерін ұсақтаған соң және біркелкі масса алынған соң, оған реактив-айқындауыштың бірнеше кристалын қосады және ұнтақтауды жалғастырады. Қоспа деммен ылғалдандырылады немесе тазартылған судың шағын мөлшерімен суландырылады. Қоспаға тән түстің пайда болуы минералдарда белгілі бір элементтерді ашуға мүмкіндік береді.
Кристаллоскопиялық реакциялар.
Кристалдардың түзілу формасы мен түсі тән, кристалл тұнбаны реакция нәтижесінде алуға негізделген. Кристалды тұнбаны алу үшін минералды шыныда ерітеді, содан соң алынған ерітіндіге реактив-тұндырғыштың 2-3 кристалын немесе тамшысын қосады. Түзілген кристалдарды лупамен зерттейді. Кейде шыныны қызыру керек, бірақ ерітіндінің булануын болдырмау қажет.