Файл: 1 билет 1 Геоэкологияны рылымы мен ылыми мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 284

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1.4 Стационарлы ластаушы көздердің шығарынды түрлері.

Қазіргі таңда қоршаған ортаның ластануы үлкен мөлшерде жүріп жатыр. Оның салдары табиғи ортаның жойылуы мен биотүрлердің жоғалуы мен түрлі алуан аурулардын пайда болуына әкеліп отыр. Сол ластаушы көздердің бірі стационарлы көздердің ластаушы заттары болып табылады.

Стационарлы ластаушы көздердің шығарындылары әр түрлі болуы мүмкін.

Олар өндіріс орнының салалық бағытына және технология түрлерін пайдалану жолдарына байланысты. Олар қатты, сұйық және газ түрінде де болуы мүмкін. Мысалы: күкірт диоксиді (SO2), азот оксиді NOx (диоксид азотына қайта есптегенде), аммиак (NH3), қатты бөлшектер (ҚБ10, ҚБ2,5 және қатты бөлшектердің (ҚБ) сомасы), көміртегі оксиді (СО), буға айналатын метанды емес органикалық қосылыстар (БМОҚ), тұрақты органикалық қосылыстар (ТОҚ, полихлорбифенилдерді қоса (ПХБ), диоксиндер/фурандар және полициклді хош иісті көмірсутектер (ПХК)) және ауыр металдар (ең алдымен кадмий (Сd), қорғасын (Pb), және сынап (Hg)), сондай-ақ спецификалық ластайтын заттар (хлор, фенол, бензол және оның қосылыстары) шығарындылары және әр түрлі жолдармен ластанған қарқынды сулар төгінділері және т.с.с.

Қазіргі кезде стационарлы көздерден атмосфераға ластайтын заттардың шығарындылары көрсеткішін қалыптастыру үшін ҚР Статистика агенттігі жүргізетін атмосфераға ластайтын заттардың жалпы шығарындыларының мөлшеріне және ластау көздерінің тазарту қондырғыларымен жабдықталғаны мен жабдықталмағанына тәуелсіз ауаны ластаудың стационарлы көздері бар барлық заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері жартыжылдық кезеңділікпен қамтылатын ауа нысаны бойынша статистикалық байқаудың деректері пайдаланылады.

Көрсеткішті қалыптастыруға кәсіпорында ұйымдастырылған алғашқы есепке алу, ластаудың стационарлы көздері мен олардың сипаттамаларын есепке алу журналдары, газдан тазарту және шаң ұстайтын қондырғылардың жұмысын есепке алу журналдары, сондай-ақ кәсіпорынның экологиялық паспортының деректері негіз болады.

2.Ауа отасындағы шекті мөлшерлік концентрациясы (ШМК)

1. ШМКж.з – жұмысшы зонадағы ауаның құрамындағы ластаушы заттардың ШМК, (мг/м3) (ПДКр.з – рабочей зоны). Бұл концентрация апатының 8 сағаттық жұмыс күнінде (жексенбіден басқа күндерде), немесе аптасына жалпы 41 сағаттан аспайтын жұмыс істеген кезде жұмыс жасының соңына дейін (25-30 жыл) ауырмаған, немесе қазіргі зерттеу әдістері оның ешқандай ауруын тіркемеген немесе денсаулығында ешқандай ауытқулар болмаған шаманы білдіреді. Жұмысшы зона деп, еденнен немесе жұмысшы тұрақты тұратын жерден 2 м биіктіктегі кеңестікті айтады.


2. ШМКм.б – тұрғын үйлер орналасқан ауадан ауасындағы максимальді бірреттік шектік концентрациясы, мг/м3 (ПДКм.р – максимально разовая). Бұл концентрация сол ауа мен 20 минут тыныс алынған жағдайда, адам организімінде рефлекторлық (субсенсорлық) реакция бериеуі керек.

3. ШМКо.т – тұрғын үйлер орналасқан аудандағы ауа құрамындағы үлы заттардың орташа тәуліктік шекті мөлшерлік концентрациясы, (мг/л) (ПДКс.с - среднесуточная). Бұл концентрация адам ол ауамен қанша уақыт тыныс алса да тікелей немесе жанама ешқандай әсер етпеуі керек.

Қоршаған ортаға өндіріс орындарының әсерін бағалау негізгі болып, атмосфераға қоспалар тарағанан кейінгі іс жүзінде концентрацияның шекті мөлшерлі концентрациясымен ШМК салыстырғанда шамасы болып табылады. Атмосфералық ауада ШМК–ның сәйкес мәндері белгіленген.

Өндіріс ғимараттардың ауасындағы зиянды заттардың концентрациясын ШМКж.з мөлшерлі ауаландырылты цехтардың ауасындағы шамасы - 0,3 ШМКж.з, елді мекендер атмосфера ауасында ШМКм.б, демалыс және курортты жерлерде - 0,8 ШМКм.б болуы қажет.

Атмосфераның күйін бағалаудың оптималды компоненттерінің интегралды кешенді жүйесі төмендегілерді қамтуы қажет:

1. Санитарлық-гигениалық тұрғыдан (ШМК) ластану деңгейінің бағалануы .

2. Атмосфераның ресурстық потенциалының бағалануы (АРП) және АПП).

3. Белгілі басқа орталарға әсері дәрежесінің бағалануы (топырақ және өсімдіктер, қар, сулар).

4. Антропогендік әсерлердің табиғи-техникалық жүйеге әсерін интинсивтілігі негізінде ол әсерлердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамы.

5. Антропогендік әсердің кеңестік және уақыттық ықтимал кері әсердің көлемін анықтау.


2.билет

2.1РБҚ-мен, олардың агрегаттық күйіне байланысты жұмыс істеу тәсілдері.

Жер бетінде 2 мГр/сағ-тан асатын гамма-сәулеленудің дозасын тудыратын РБҚ-ды уақытша сақтау үшін арнайы қорғаныс құдықтары немесе нишалары қолданылуы тиіс. 

Сұйық РБҚ арнайы ыдыстарға жиналады, одан соң көмуге бағытталады. Сұйық РБҚ-ды шаруашылық-тұрмыстық және нөсерлік канализацияларға, құдықтарға, ұңғымаларға, суландыру егістіктеріне, сүзілу егістіктеріне және Жер бетіне төгуге тыйым салынады. 

Реактордың белсенді зонасында жүріп жататын ядролық реакциялар кезінде радиобелсенді газдар бөлінеді: ксенон-133, криптон-85, радон-222 және басқалары.  Бұл газдар сүзгіш-адсорбцерге түседі, онда өзінің белсенділігін жоғалтады және тек осыдан кейін ғана атмосфераға шығарылады. Қоршаған ортаға сондай-ақ 14С және 3Н кейбір мөлшері түседі.  

Құрамында жартылай ыдырау периоды 15 тәуліктен кем радионуклидтері бар РБҚ жеке жиналады және белсенділігін қауіпсіз деңгейге дейін төмендету үшін уақытша сақтау орындарында ұсталынады, содан соң қарапайым өнеркәсіптік қалдықтар ретінде жойылады. 
2.2Геологиялық-экологиялық зерттеулердің негізгі объектілері жалпы сипаттамасы.

Геологиялық-экологиялық зерттеулер экологиялық жағдайы шиеленіскен аудандарда жүргізіледі. Олардың ерекшелігі геологиялық, геохимиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, ландшафтылы және өзге зерттеулерді, сонымен қатар геологиялық ортаның жағдайын, техногенез үрдістерінің бағытын және зерттелетін территориядағы геоэкологиялық жағдайды жалпы бағалауға мүмкіндік беретін, ретроспективті (өткен жылдардағы) материалдарға талдау жүргізу арқылы геологиялық ортаны кешенді зерттеу қажеттілігі болып табылады.

Геологиялық суретке түсірудің және өзге түрлердің құрамындағы геологиялық-экологиялық зерттеулердің негізгі міндеттері болып табылады:

  • Техногенді ықпалдың түрлі дәрежесімен аудандарды зерттеу және картаға түсіру;

  • Геологиялық ортаның жағдайын және ондағы жүріп жатқан үрдістердің экологиялық жағдайға ықпалын бағалау;

  • Техногенді үрдістердің ықпалынан геологиялық ортаның өзгерістерін бағалау;

  • Геологиялық-техникалық жүйелердің қызмет етуін және олардың экологиялық параметрлерін анықтайтын, геологиялық ортаның табиғи және техногенді факторларының жиынтығын бағалау;

  • Экологиялық қауіпті жағдайлар мен геологиялық үрдістердің қолайсыз дамуы туралы ведомстволық, шаруашылық, табиғатты қорғау органдарын, қоғамдық ұйымдарды жедел хабардар ету;

  • Қолайсыз және қауіпсі геологиялық және техногенді объектілерді шектеу және алдын алу бойынша ұсыныстар құру.


Геологиялық-экологиялық зерттеулерде зерттеудің негізгі объектілері болып табылады:

  • Тау жыныстары, топырақ-грунттар (аэрация белдемінің жыныстары), суағарлар мен су айдындарының түп түзілімдері (олардың геохимиялық, соның ішінде радиогеохимиялық, геофильтрациялық, сулы-физикалық, төзімділік, геотехникалық және өзге көрсеткіштері);

  • Аэрация белдемінің жыныстарынан, беттен алғашқы орналасқан сутұтқыш горизонттардан, техногенді түзілімдерден тұратын, ландшафттардың компоненттері (соның ішінде техногенді, өнеркәсіптік, отын-энергетикалық, тау-кен өндіруші, өзге кешенден құрған);

  • Эндогенді және экзогенді геологиялық үрдістер;

  • Техногенді өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік объектілер, соның ішінде орталықтанған сутартқылар мен мелиоративті жүйелер;

Қосалқы объектілерге ландшафттардың келесі компоненттері (соның ішінде техногенді) жатады:

  • Атмосфералық ауа (газшаңды шығарындылардың мөлшері, атмосфералық жауын-шашындардың химиясы);

  • Суағарлар мен су айдындарының беткі сулары;

  • Өсімдік жамылғысы.

Геологиялық-экологиялық зерттеулерді орындауда геологиялық ортаның келесі техногенді өзгерістері зерттеледі:

  • Экзогенді геологиялық үрдістерді техногенді белсендіру;

  • Бедердің техногенді түрленулерінің масштабтары мен бағыты;

  • Аэрация белдеміндіге топырақтың жағдайы мен қасиеттерінің техногенді өзгерістерінің бағыты;

  • Жерасты сулары құрамының, қуаттану жағдайларыны, режимі мен минералдануының, ауыз сумен және шаруашылық сумен қамту үшін және өзге мақсаттарда жерасты суларын іріктеу шамасы мен режимінің техногенді өзгерістерінің масштабтары мен бағыты;

  • Өсімдік жамылғысының техногенді өзгерістерінің масштабтары мен бағыты;

  • Аэрация белдеміндегі топырақтардың, жыныстардың, жерүсті суларының, батпақтардың, қазіргі түп шөгінділерінің, суағарлар мен су айдындарының ластану көздері, түрлері мен сипаты;

  • Геологиялық ортаға ықпал ететін техногенді объектілер (өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындар, жерасты суларының сутартқылары, мелиоративті жүйелер, энергетика объектілері және басқалары);

  • Тұтынылатын шикізат пен өндірілетін (қатты, сұйық, газтәрізді) қалдықтардың түрлері, құрамы, олардағы ластаушы компоненттердің мөлшері, қалдықтарды, қолданылатын тыңайтқыштар мен улы химикаттарды сақтау, миграциялау, тасымалдау және жою жағдайлары.


2.3Сулардың ластану сипаты мен сапа критерийлері


1. Жерүсті сулары ластануының негізгі түрлері:

1. Бейорганикалық – тұщы және теңіз суларының негізгі бейорганикалық (минималды) ластанулары сулы орта мекендеушілері үшін улы түрлі химиялық қоспалар болып табылады. Бұл қоспалар As, Pb, Hg, Cr, Cu, F және т.б. Олардың көбі суға адам әрекетінің нәтижесінде түседі. АМ фитопланктондармен сіңіріледі, содан соң қоректену тізбегі бойынша жоғары дамыған ағзаларға беріледі.

Гидросфераны минералды заттармен ластаудың негізгі көздерінің арасында азық-түлік өнеркәсібінің және ауыл шаруашылығының кәсіпорындарын ажыратады. Суарылатын жерлерден жыл сайын шамамен 6 млн. тонна тұз шайылады. Құрамында Hg, Pb, Сu бар қалдықтар жағалаулардың жеке аудандарында шоғырланған, алайда олардың бір бөлігі территориалдық сулардың шекарасынан асады. Hg ластану фитопланктонның дамуын тежеп, теңіз экожүйелерінің бастапқы өнімін айтарлықтай төмендетеді. Құрамында Hg бар қалдықтар әдетте шығанақтардың түп түзілімдерінде жинақталады, оның одан ары көшіп қонуы метилды Hg жинақталуымен және оның су ағзаларының трофикалық тізбектеріне енуімен қосталады.

2. Органикалық. Құрлықтан мұхитқа шығарылатын еріген заттардың арасында, су ортасын мекендеушілер үшін органикалық қалдықтар да үлкен маңызға ие. Мұхитқа органикалық заттың шығуы жылына 300- 28 380 млн. тонна деп бағаланады. Органикалық жаратылыстағы суспензиялар бар қарқынды сулар тұнады және өздігінен тазару үрдісіне қатысатын түп ағзаларының (бактериялардың) тіршілік әрекетін толық тоқтатады немесе дамуын тежейді. Түп ағзалары шіріген кезде, өзендегі бүкіл судың ластануына алып келетін, күкіртсутек сияқты зиянды қоспалар мен улы заттар түзілуі мүмкін. Суспензияның болуы да су тереңдігіне жарықтың өтуін қиындатады және фотосинтез үрдісін баяулатады. Көпшілігі табиғи суларға тән емес, органикалық заттардың айтарлықтай көлемі өнеркәсіптік және тұрмыстық пайдаланылған сулармен бірге өзендерге ағады. Урбанизацияның жедел қарқынына және тазарту құрылғыларының біршама баяу құрылысы мен оларды жеткіліксіз пайдалануға байланысты, су бассейндері мен топырақ тұрмыстық қалдықтармен ластанады. Әсіресе ағысы баяу су айдындарында ластану қатты байқалады. Органикалық қалдықтар су ортасында ыдырап, патогенді ағзалардың мекен ететін ортасына айналуы мүмкін. Су органикалық қалдықтармен ластанып, ішуге жарамсыз болып қалады, сонымен қатар кейбір адам ауруларының көзіне айналуы мүмкін (іш сүзегі, дизентерия, тырысқақ).

3. СПАВ – судың жер бетіндегі тартылуын төмендететін заттардың ауқымды топтарына жатады. Олар тұрмыс пен өнеркәсіпте кең қолданылатын СМС құрамына кіреді. СМС Na полифосфаттарынан тұрады, оларда су ағзалары үшін улы ингридиенттер бар: хош иісті заттар, ағартқыш реагенттер, кальцийлі сода, Na силикаттары. Молекулалардың гидрофильді бөлігінің табиғаты мен құрылымына қарай, СПАВ мыналарға бөлінеді: анионды-белсенді (кеңірек таралған), катионды-белсенді және амфотерлі. Өнеркәсіптің пайдаланған суларында СПАВ болуы, кендерді флотациялық байыту, химиялық технологиялардың өнімдерін бөлу, полимерлер алу, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау жағдайларын жақсарту, жабдықтар коррозиясымен күрес сияқты үрдістерде оларды пайдаланумен байланысты.