Файл: Ежелгі жне ортаасыр ркениетіндегі мдениет ымыны алыптасуы жне оны аналогы (вэнь, дхарма, пайдейя).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 381
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Хандар[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қазақстанның аумағын Шыңғысхан бастаған монғолдар қолы жаулап алғаннан кейін хан тағына Шыңғысханның ұрпақтары болып табылатын төре тұқымынан таралғандар ғана отыра алатын еді. Сөйтіп Шыңғысхан ұрпақтары Қазақстанды 600 жыл бойы билеп-төстеп келді. Қазақ қоғамының ең жоғары билеушісі үлкен ханмен қатар әр жүздің өз ханы болды, кейде бір жүздің өзін екі немесе одан да көп билеуші басқарды. Атап айтқанда, патша үкіметі әр жүздің өзінде бірнеше билеуші болғанын қалады. Соның өзінде ең осал билеушіге әдейі қолдау көрсетумен келді. Ондағы көздеген қитұрқы мақсаты оларды ел басқара алмайды деп көшпелі жұрттың көз алдында масқара ету болатын.
Хан тағына отыратын адамды сұлтандар қатарынан сайлаудың өзіндік ерекше тәртібі болды. Ол үшін құрылтай жиналысы шақырылатын. Оған сұлтандар , билер, батырлар және рубасылары жиналатын. Хан сайланатын сұлтанды ақ киізге отырғызып, жоғары көтеру арқылы ұлықтайтын. Ұлықтау рәсімін халықтың ең таңдаулы деген беделді өкілдері жүзеге асыратын. Олар ақ киізге отырғызылған ханды бүкіл жиналған халықты аралатып, жоғары көтерген бойы алып өтетін. Содан соң ұлықтау рәсімі аяқталған бойда әлгі ақ киіз ту-талақай тілгіленіп, құрылтайға қатысқан жұртқа ұсақ кесінділер түрінде, қасиетті естелік тәбәрік ретінде үлестіріліп жіберілетін. Олар сонымен қатар ханның меншігіндеп бүкіл малды ханталапай етіп бөліп әкететін. Бүл әдеттің мәнісі хан бұдан былай халықтың есебінен күн көреді дегенді білдіретін. Хан халық алдында елді дұрыс басқаруға, шиеленісті айтыс-тартысқа толы алтыбақан алауыздыққа жол бермеуге, әділет пен адалдықтың салтанат құратынына ант беретін болған.
Хан билігі Кіші жүз бен Орта жүзде 1822—1824 жылдарға дейін жүргізіліп келді. Астрахан губерниясындағы Ішкі Ордада хан билігі 1845 жылы ғана жойылды. Ұлт-азаттық көтерілістері болған жылдарда қазақтар тарапынан хан билігін қайта орнатуды көксеген әрекеттер болып жатты. Қалыптасқан дәстүр бойынша, қазақ хандары Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи мешітінің кесенесіне жерленетін. XVIII ғасырдағы ең айбынды хандар: Тәукехан, Абылай хан және Әбілқайыр хан, ал XIX ғасырдағы ең күшті хан — Кенесары Қасымулы болды.
Сұлтандар[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Шыңғысханның бүкіл ұрпақтары сұлтандар деп аталды. Олар қожалар сияқты «ақсүйектер» қатарына қосылды. Халық арасында оларды төрелер деп атады. Төрелер жеке әлеуметтік артықшылықты топты құрады. Олардың текті тұқымнан шыққанын қазақтармен көршілес жартылай көшпелі және отырықшы диқан халықтар да мойындады. Мәселен, XVIII ғасырдың бүкіл барысында Қазақстандағы осы топтан шыққан өкілдерді Башкұртстанда және Орта Азия мемлекеттеріндеп хан тағына отыруға арнайы шақырулар жиі-жиі болып тұрды.
Сұлтандардың айрықша артықшылық жағдайы қазақтардың дәстүрлі әдет заңында нақты кәрініс тапты. Сұлтандардың ісін билер соты қарай алмайтын. Олардың ісі тек хан сотында ғана қарала алатын. Сұлтандарға олардың денесіне зақым келтіретін жаза қолдануға тыйым салынатын. Сұлтанға тіл тигізіп, масқаралағандар айып төлеуге міндетті болған. Ал оны өлтіріп қойған адам әдеттік заңның талабы бойынша құн төлейтін. Ол құнның мөлшері қатардағы жеті қарапайым көшпелілердің құнына тең болатын. Олар өздерінің қыздарын әдетте тек сұлтандар мен қожаларға ғана ұзататын. «Қара сүйектен» қыз алып некеге тұрғандар қарамандар деп аталатын. Сұлтандар жеке-жеке ауыл болып, көшіп-қонып жүретін. Бұл әлеуметтік топтың белгілі өкілдері Сұлтанбет төре, Орыс Сұлтанбетұлы, Шоқан Уәлиханов, Ғұбайдулла Уәлиұлы, Қасым Абылайұлы, Саржан Қасымұлы және басқалары болды.
Кіші жүз бен Орта жүзде хан билігі жойылғаннан кейін сұлтандардың айрықша артықшылық құқықтары бірте-бірте жойыла бастады. Олардың сословиелік айрықша артықшылығына берілген алғашқы қатты соққы патша үкіметінің 1867-1868 жылдарда қабылдаған әкімшілік реформалары болды. Сол кезден бастап сұлтандар өздерінің құқықтары жағынан қатардағы қарапайым қазақтармен теңестірілді.
Қожалар[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қарастырылып отырған кезде дін өкілдері — қожалардың жағдайы нығая түсті. Қазақ қоғамында олар таңдаулы топ — ақсүйектер саналды. Олар қазақтардың дәстүрлі рулық-тайпалық құрылымына кірген жоқ, өздерінің арғы аталарын Мұхаммед пайғамбардың туыстарынан тараған деп есептеді. Қожалар көшпелі қо- ғамның рухани өмірінде өте үлкен рөл атқарды. Олар ислам дінін насихаттады, оның негізгі қағидаларын уағыздап түсіндірді. Қожалар ағартушылық қызмет те атқарды. Іс жүзінде барлық салттық жоралар — балаларды сүндетке отырғызу, неке қию, үйлену, қайтыс болған адамдарды жерлеу, аруақтарға арнап ас беру міндетті түрде солардың қатысуымен өткізілді.
Қазақтар қожаларды әдетте Қазақстанның оңтүстігінен және Орта Азия қалаларынан шақыртатын. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты жағдайында қазақтардың әрбір руында қожалардың 2—3 отбасы болатын. Олар хандардың, сұлтандардың және ықпалды билердің ауылдарында өздерінің жеке шаруашылығымен айналысып, емін-еркін жүріп жатты. Өте сирек жағдайда өз алдына жеке ауыл болып отырды. Қожалар бірте-бірте қазақ халқының өмір салтын қабылдай берді. Олар қазақтардың генетикалық шығу тегін, тұрмыс-тіршілігін, материалдық және рухани мәдениетін өте жақсы білді. Қожалар қатардағы қарапайым қазақтарға қыз бермейтін, некесін қидырмайтын десе де болатын.
Патша үкіметі олардың Қазақстан аумағында емін-еркін көшіп-қонып жүруіне шек қою саясатын қолданды. Отаршыл әкімшілік оларды мұсылман елдерінің, соның ішінде, әсіресе Түркияның саясатын жүргізушілер деп ойлады. Ресей ислам дінін таратуда XVIII ғасырдың аяқ кезінен бастап қожаларға қарсы қысым жасап, Еділ татарларына едәуір қолдау көрсетуге көшті. Қожалар алым-салық төлеудің барлық түрінен босатылған болатын. Дәстүрлі билер соты оларға тән жазасын қолдануға рүқсат етпейтін. Қожалар қазақ халқының рухани мәдениетін дамытуда елеулі рөл атқарды. Мәселен, Күдері қожа айтыстарға түсіп, халық арасында кеңінен танылды. Белгілі ағартушы-ғалымдардың бірі — қожадан шыққан Мұхамед Салық Бабажанұлы.
Құрамалар[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Дәстүрлі қазақ қоғамының құрамында халықтың әр түрлі этностық және субэтностық топтары да болды. Солардың бір тобы Құрамалар деп аталды. Өйткені бұл топ алуан түрлі рулардың, тайпалардың және халықтардың өкілдерінен құралды. Ол топтың құрамында қарақалпақтардың да, қырғыздардың да және ноғайлардың да бірнеше шағын топтары болды. Мәселен, XIX ғасырдың өзінде қырғыздардың аз ғана бөлігі Ақмола губерниясының Көкшетау уезіндеп қазақтардың ортасына біржола сіңісіп кетті. Олар жергілікті қазақ халқының тілін, мәдениетін және әдет-ғұрпын толық қабылдады. Құрамалардың едәуір топтары Ташкент қаласының төңірегінде де болды. Ондағы Құрамалардың жалпы саны 50 мың адамнан асатын еді. Құрамалар, негізінен алғанда, кең-байтақ қазақ даласының шет аймақтарын мекендеді.
Тархандар[өңдеу | қайнарын өңдеу]
XVIII ғасырда Ресей империясы қазақ өлкесін отарлау саясатын жүзеге асыру үшін ондағы жергілікті ақсүйектерге арқа сүйеуге мұқтаж болды. Сондықтан да патша өкіметі жергілікті ақсүйектерді әдеттегі құнды сыйлықтармен марапаттаудан басқа, ежелден бар тархандық атақты да пайдаланды. Тархандардың қоғам өмірінде ерекше артықшылығы болды. Бұл атақ патша өкіметіне айрықша сіңірген адал қызметі үшін берілетін. Қазақтар арасында тархан атағын 1743 жылы Ресей императоры II Елизаветаның арнайы жарлығымен Орта жүздің батыры Жәнібек, содан соң Кіші жүздің батыры Есет алды. Олар ерекше дипломатиялық қызметімен көзге түсті, бұрын тұтқынға түскен орыс азаматтарын және империяның қол астындағы халықтардың құл болып жүрген адамдарын Ресейге қайтарып беруге көмектесті. Тархандар қазақтардың башқүрттармен және қалмақтармен екі арадағы шиеленіскен өшпенділігін басуға белсене қатысты. Сол еңбегі үшін олар өздерінің отбасы мү- шелерімен қоса мемлекетке алым-салық төлеуден босатылды. XIX ғасырдың орта кезіне қарай тархандардың қатары азая бастады. Бұл кезде Қазақстанда тархан атағы бар 20 адам ғана қалды.
Билер.Қазақ қоғамында әлеуметтік билікке ие топ билер болды. Олар қазақтардың барынша беделді бөлігі еді. Билер өздерінің тапқырлығымен, қызыл тілге ағып тұрған шешендігімен, дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтарын жете білетіндігімен ерекше көзге түсетін. Бұл топтың өкілдері ру ақсақалдары мен қазыларының міндетін атқарды, руаралық және тайпааралық даулы мәселелерді шешіп отырды. XVIII ғасырда қазақ даласында орасан зор беделге ие болған билер: Ұлы жүзден шыққан үйсін Төле би, Орта жүзден шыққан Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден шыққан айыр тілді алшын Әйтеке би еді. Бұлардың сұлтандар мен хандарға ықпалы күшті болды. Соңғы кезде патшалық Ресей билерді өзі тағайындауға көшті. Мұның өзі билердің дала тұғындары арасындағы беделін бірте-бірте төмендете берді.
Батырлар. Қазақ даласына сыртқы жаулар жиі-жиі шабуыл жасап келді. Кіндік кесіп, кір жуған қасиетті туған елдің, Қазақ хандығының шекарасын қорғау үшін халық жасақтары құрылды. Ол жасақтардың жаумен шайқастарда ерекше көзге түскен қолбасылары, сондай-ақ қатардағы қарапайым қазақтар да батыр деген атаққа ие болды. Жекпе-жекте жауын жеңіп шыққан сарбаздарға да батыр атағы берілді. Кейінірек батыр деп руаралык күрес кезінде көзге түскендерді де барымтаға қатысқандарды да, патшалық Ресейдің әкімшілік өктем билігіне және Орта Азия хандықтарының зорлық-зомбылығына қарсы көтеріліске қол бастап шыққандарды да атай беретін дәстүр қалыптасты. Бұл атаққа әркім өзінің жеке басының ерлігімен ғана ие болатын. Батыр атағы мұрагерлікпен берілмейтін. Ондай атаққа қарапайым адамдар да, билер де, сұлтандар да, тіпті хандар да ие бола алатын. Мәселен, XVIII—XIX ғасырларда қазақхандары Тәуке, Қайып, Әбілқайыр,Абылай және Кенесары батыр атанды. XVIII ғасырда қазақ қоғамында халық арасында шексіз сүйіспеншілікке бөленген батырлардың тұтас бір тамаша тобы пайда болды. Мұның өзі, ең алдымен, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне тікелей байланысты еді. Ол батырлар Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Олжабай, Наурызбай және басқалар. XIX ғасырда Ресей империясының отаршылдық экспансиясына, сондай-ақ Орта Азия хандықтарының зорлық-зомбылықтарына қарсы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы кезінде ерекше көзге түскен Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, Иман, Жанқожа, Есет сияқты тағы басқа да батырлардың есімдері мәңгі бақи халықтың есінде қалды.
Еркін көшпелілер («Қара сүйектер»). Қатардағы қарапайым көшпелілердің негізгі бөлігін еркін қауымдастықтың «Қара сүйектер» деп аталатын қалың бұқарасы құрады. Олар жеке бастарының өз билігіне өздері ие еркін жандар болатын. Өз руының құрамында мал жайылымының ыңғайына қарай көшіп-қонып жүрді. Қаншама көп мал ұстаймын десе де, егіншілікпен немесе басқа да кәсіп түрлерімен айналысамын десе де ерікті болды. Соғыс кезінде олар қазақтардың атты әскерінің негізгі бөлігін құрады.
Төлеңгіттер. Хандар мен сұлтандар ауылдарының төңірегінде төлеңгіттер қоныстанды, олар өз шаруашылығын өздері жүргізді. Төлеңгіттерді қазақтың әр түрлі шағын рулары мен тайпаларынан шыққан адамдар, сондай-ақ сұлтандардын қамқорлық пен қорғауына өткен өзге халықтардың өкілдері құрайтын. Мәселен, төлеңгіттер арасында өзбек, башқұрт, қалмақтар мен қарақалпақтар көп болды. Төлеңгіттер шаруашылығын өздері жүргізгенімен, өздерін қамқорлыққа алған сұлтандардың елтаңбасын пайдаланды. Мұның есесіне сұлтандарға өмір бойы қызмет етті, әскери жасағын да құрады. Төлеңгіттер барып кел, шауып кел сияқты жұмыстарды, кейде тіпті дипломатиялық жауапты міндеттерді де атқарды. Ішкі Ордада Жәңгір хан олардың арасынан руларды басқаратын старшындарды да тағайындады. XV1II-XIX ғасырлардың бірінші жартысында төлеңгіттер негізінен сұлтандар мен хандардың әскери қызметін атқарды. Мәселен, Абылай ханға 5000 үй төлеңгіт, Кенесары ханға 1000 үй төлеңгіт қызмет етті. Кейінгі кезде рудың ақсүйек өкілдері саналатын билер мен старшындардың да өз төлеңгіттері болды. Мәселен, Бөкей хандығындағы қожа Қарауыл Бабажанұлы өз қарамағында бағынышты 200 үйге жуық төлеңгіт ұстады.
Құлдар. Бас бостандығы жоқ,тәуелді адамдардың тобын қазақтар құл деп атады. Қазақстандағы құлдық патриархалдық (үй ішілік) сипатта болды. Қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты құлдықтың кеңінен әріс алуына мүмкіндік бермеді. Құлдарға мал бақтыру сенімсіз еді. Мәселен, Кіші жүзде құл болып жүрген ауғандықтар, парсылар, орыстар, башқұрттар және қалмақтар аз кездескен жоқ. Орта жүздеп құлдардың арасынан жоңғарлар, қалмақтар мен алатау қырғыздары басым еді, орыс құлдар да болды. Орыс құлдар негізінен қазақтар Тобыл губерниясының Есіл және Қорған округтарына, Орал мен Орынбор шекара желісіндеп бекіністерге шабуыл жасаған кезде қолға түскен тұтқындар еді. Олар Орта Азияның құл базарларына сату үшін көптеп жіберіліп тұрды. Қазақстанның көршілес елдермен шекарасында құл сататын бірнеше базар болды.
Қазақтар өз тайпаластарын құл етіп ұстамаған. Құлдар төлем орнына да, ұзатылған қыздың жасауына қоса берілетін құл не күң орнына да жүре беретін. Ат жарыстары кезінде жүлде ретінде бәйгеге де тігіле алатын. Құлдың құлағын кесіп ен салатын. Құлдың шағым айтып, бидің алдына баруына да, куә ретінде сотқа тартылуға да қүқығы жоқ болатын. Егер сатып алынған күң ислам дінін қабылдап, қазаққа ерге шығатын болса, оған бас бостандығы толық берілетін. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғыға» сәйкес қазақтардың құл ұстауына тыйым салынды. Құлдардың қазақтармен араласып ағайындас болып кеткен кейінгі ұрпақтары толық бас бостандығын алған. Олардың біразы төлеңгіттердің қатарын толықтыра түскен, бірқатары дала қазақтарының «асырап алған балаларына» айналып кеткен.