Файл: Ежелгі жне ортаасыр ркениетіндегі мдениет ымыны алыптасуы жне оны аналогы (вэнь, дхарма, пайдейя).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 359

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




  1. Еуропалық Қайта өрлеу кезеңіндегі әлеуметтік-мәдени процестің мазмұны

XIV ғасырдың екінші жартысынан ортағасырлық Батыс Еуропаның мәдени өмірінде жаңа ерте буржуазиялық мәдениеттің тууына байланысты маңызды бетбұрыс болды. Капиталистік қатынастар Италияда басқа елдерге қарағанда бұрын туып, дами бастағандықтан, «Қайта өркендеу» деп аталған ертебуржуазиялық мәдениет те түңғыш осы елде калыптаса бастады. XV ғасырдың аяғында және XVI ғасырда қайта өркендеу мәдениеті толық гүлдену деңгейіне жетті. Сол дәуірде дүниеге келген тамаша мәдениет туындылары адамзат баласын әлі күнге дейін таңғалдырып келеді. Италияда бұл кезеңде мәдениеттің барлық түрі өте тез дамыды. Италияның түрлі аудандарында жергілікті көркемсурет мектептері ашылып, қайта өркендеу дәуірінің перзенттері - кейінгілерге үлгі болған ұлы суретшілер дүниеге келді. Мәдениеттің қоғамдық өмірдегі рөлі артып, адамдардың күнделікті рухани қажетіне айнала бастады. Зәулім үйлер мен салтанатты сарайлар салынып, ірі монумент ескерткіштер орнату бүкіл халықтық игілікті іске айналды. Италиядағы басты мәдениет орталықтарының бірі - Флоренция қаласы. Ол Римнен Альпіге баратын сауда жолының үстіне орналасты. Қалада қолөнер кәсібі мен сауда өте жаксы дамыды. Кеме жасау және су қатынасы ісі де алға басты. Мекен ендігін анықтау үшін құбылнамаларды, географиялык карталарды, приборларды қолдану ашық теңіздерде үзақ сапарларға шығуға мүмкіндік берді. Бұл XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында жүзеге асқан географиялық жаңалықтардың ашылуына жол салды.

Сағат жасау ісі жетіле түсті. Италия қалаларында мүнара сағаттары пайда болды. Сауданың дамуына байланысты, көпестер мен банкирлердің кеңселері, ірі шеберхана үйлері көптеп салынды. Әсіресе банкирлер байыды, олардан папалар мен корольдің өзі де қарызға ақша алып тұрды. Қала байлары мен ірі өндіріс иелері, папалар мен корольдер сән-салтанатты, әшекейленген әдемі үйлерде түрды. Олар ата-бабаларының және өздерінің суреттерін салдырып, оны «мәңгілікке» калдырғысы келді. Қала билеуигілері суретшілерді қолдап, оларға тапсырыстар берді. Флоренция бүкіл Италияның мәдени орталығына айналды. Осы Флоренцияда итальян ақыны, өз заманының ірі суреткері 
Данте (1265-1321) өмір сүрді. Ол өзінің атақты «Құдіретті комедиясын» жазды. Бұл қалада көптеген мүсіншілер өздерінің ғажайып туындыларымен мүсін өнерін жаңа сатыға көтерді. Уақытына қарай алғанда итальян қайта өркендеу дәуірінің алғашкы суретшісі Дантенің кіші замандасы Джотто ди Бондоне (1266 немесе 1267-1337) болды. Ол өз картиналарында адамдарды өздерінің қуаныш-қайғысымен, олардың кейпін, қимылын, бет-ажарын шебер де табиғи түрде, шынайылықпен бейне леп берді. Ертедегі итальян қайта өркендеу дәуірінің мүсіншісі Донателлоның (1386-1466) еңбектері күш-жігерге, құштарлық пен шынайылыққа толы болды.

Қайта өркендеу дәуірінің аса көрнекті суретлерінің бірі Рафаэль Санти (1483-1520) болды. Ол адам бойындағы барлық тамаша қасиеттерді - сымбатты да қайратты денені, терең ақылдылықты, ізгі мінезді бейнелеуге тырысты. Жас шағында Рафаэль Флоренцияда түрып, жұмыс істеді. Ол өзінід ең таңдаулы картиналарының көбін осында жазды. Көп ұзамай оны Римге шақырды. Римде ол портреттер салды, Әулие Петр соборының құрылысына басшылық етті. Рафаэльдің туындылары шаттық қуанышын бойына жиып, бақытты дамыл тауып жатқандай. Рафаэльдің Мадоннаны бейнелеген көп картинасы сакталған. Оның картиналарының орта ғасыр шеберлерінің икондарына үқсастығы аз. Рафаэльдің ең даңқты картинасы - «Сикст мадоннасы». Мұны суретші Италияның шағын қалаларының біріндегі Әулие Сикст монастыры үшін салды. Бұл ғаламат шығарма адамға деген шексіз сүйіспеншілікке толы: суретші адамзат бақыты үшін өзінің ең қымбаттысы - баласын да құрбан ете алатын адамды дәріптейді. Қайта өркендеу дәуірінің ұлы шеберлері осы күнге дейін адам баласы мақтаныш ететін, қайталанбас туындылар калдырып кетті



  1. Реформация және протестанттықтың пайда болуының әлеуметтік-мәдени алғышарттары

Протестантизм (лат. protestatio, onis f [protestor] — қарсылық, келіспеушілік) — Рим Католик шіркеуі және Православ шіркеуімен бірге христиан әлемінің басты бөлімшелерінің бірі болып табылады. Протестанттық Реформация (Еуропадағы XVI ғасырдағы Рим-католик шіркеуінің қарсы қозғалысы) кезінде пайда болған христиан сенімі мен практикасының нысаны болып табылады. Протестантизмнің басы – өткен христиандық дәстүрді мойындамау, мирасқорлық және католиктік шіркеудің теріс сипаты, сонымен қатар барлық шіркеулік өсиеттен, үздіксіз шіркеулік тарихи болмыстан бас тарту. Шіркеу І ғасырда пайда болған, енді ол апостолдық білімнің діни оқуының тазалығына қайтып келуі арқылы қайта дамуға тиіс. Әсіресе Киелі Жазбаның тікелей және терең мағынасына назар аударылады. Шіркеу – тек діндарлардың жиылысы, оның іші көз жеткізгісіз және құпия, ал көз көрерлігі тек көз жеткізгісіздің нышанын көрсетеді. Протестантизмде шіркеудің көзге көрінетіні мен көрінбейтіні арасындағы шынайы байланысты түсіндіру, Құдаймен жеке сұхбаттасу – сенімнің жалғыз негізі болады. Шіркеудің көмегінсіз сенімнің негізін табу мүмкін емес. Протестантизм салтсыз құбылыс, сондықтан Киелі Жазбадағы “жеке-ақыл-парасат” жылдам көбейеді. ХІХ-ХХ ғасырларда протестантизмнің шеңберінде көптеген секталар пайда болды. Олардың ішінде “Исаның шәкірттері”, “7-ші күннің адвентистері”, “Иегова куәгерлері”, “Христиандық ғылым” және т.б. айтуға болады.

[1]

Реформация жақтаушыларыныӊ көзқарасы бойынша Рим-католик шіркеуі бастапқы негізгі христиандық принциптерінен кетіп қалып, ортағасырлық схоластикалық діни ілімдері мен әдеп–ғұрыптарын араластырған.

Діни қозғалысыныӊ көсемі Мартин Лютер болған. Оныӊ алғашқы шіркеу саясатына қарсы аттануы 1517 жылы болған. Мартин Лютер шіркеулердіӊ индульгенциялармен саудаласқанын айыптап, шіркеудіӊ есігіне өз көзқарасын анықтайтын 95 тезистан тұратын петициясын шегемен қағып кеткен.

Реформация (лат. reformatio - қайта құру түзеті) - римдік католиктік шіркеудің монополиясында, христиан діни ілімін Папа билігі тұрғысынан түсіндіруге қарсы бағытталған Солтүстік және Орталық Еуропадағы 16 ғасырдағы діни - қоғамдық қозғалыс.

Реформацияның көсемдері және негізін салушылар - М. Лютер мен Ж. Кальвин.

Реформацияның нәтижесі христан дінінің жаңа тармағы - протестантизмнің пайда болуы. Протестантизмнің римдік-католиктік шіркеуден бөлінуін Папа тағы заңды түрде мойындады. Протестантизмде шіркеу осы дүниелік институтқа, ал Інжілді білу оның діни негізіне айналады. Зұлымдық - діни надандықтың синонимі, ол Құдай сөзін білмеудің салдары. Дүниені Құдай сөзін халыққа түсінікті тілде уағыздау арқылы түзетуге болады.

Еуропа елдерінің мәдени-тарихи дамуындағы басты кезең — Реформация дәуірі болып саналады. Реформация — XVI ғасырда алғашқы ширегінде неміс елінің топырағында дүниеге келген діни-идеологиялық және әлеуметтік-саяси қозғалыс. Ол католиктік бағыт түрінде қалыптасқан христиан дінінің кейбір қағидаларын қайта қарап, жаңғыртуға бағытталған. Бұл қадам Римдік-католиктік шіркеудің шектен тыс шығушылығынан, оның қарама-қайшылықтарға толы идеологиясына көңілі толмаушылықтан туған еді. Өзінің мәні жағынан алып қарағанда, Реформация буржуазия табының ескі орта ғасырлық тәртіптеріне қарсы болатын. Христиан дінін қайта қарауды, адамның дүние-танымы мен сана-сезімін өзгертуді мақсат еткен бұл діни қозғалыс жаңа капиталистік қарым-қатынастарға жол ашып берді. Реформацияның ең басты мәселелерінің бірі — христиан дінінің жаңа үшінші бағыты — протестанизмнің католиктерден алшақтай бастауы. Сонымен қатар, папа бастаған Римдік католик шіркеуінің билігіне шек қойылды, одан қалды кез келген шіркеу билігі мен байлығына тосқауыл жасалды. Реформация қозғалысының мазмұны мен мәні — оның объективтік қорытындылары сияқты осы қозғалысқа қатысушылармен қатар, бұл қозғалысқа дем беруші — идеологтарға да түсініксіздеу болып қалған сияқты. Олай болса, мәдени-тарихи процесс үшін Реформацияның маңызын анықтау — бүгінгі таңдағы тарих және мәдениеттану ғылымдарының үлесіне тиер келелі мәселе болып қалары сөзсіз.


Реформацияның басталуы — «Қайта жаңғыру» мәдениетінің соңғы кезеңімен сәйкес келеді. Демек, бұл діни қозғалыс адамзат баласы басынан кешірген прогрессивтік төңкерістердің ішіндегі ең ұлы мәдени тәңкеріс — «Қайта жаңғыру» дәуірінің заңды жалғасы болып саналады. 



  1. Жаң дәуірдегі либералды-демократиялық көзқарастардың пайда болуының әлеуметтік-мәдени алғышарттары.

Либералды демократия теориясы[1] — классикалық либерализмнің идеялары, принциптері, саяси-идеологиялық бағыттары мен мақсаттарының теориялық негізі. Либералды демократия теориясы индивидті қоғам мен мемлекеттен бөлек қарастырды, мемлекет пен азаматтық қоғамды бір-бірінен ажыратты, мемлекеттің қоғам және тұлғамен қатынасындағы қызметі мен өкілеттілігі аясын шектеді, азшылықтың көпшілікке қатысты дербестігі мен құқығын қорғады, барлық азаматтардың саяси теңдігін жариялады, адамға негізгі, ажырамас құқықтар беріп, оны саяси жүйенің негізгі элементі ретінде қарастырды. Осы идеялар негізінде 18 — 19 ғасырларда қазіргі демократиялық жүйелер бастау алатын басқару нысандары пайда болды. Либералды демократия теориясы бойынша халық билік субъектісі ретінде биліктің бастапқы және негізгі қайнар көзі болып танылуы; жеке адамның бостандығы мен құқықтары, сондай-ақ парламентаризм мен өкілді билік органдарының басым болуы; мемлекеттің құзыреті мен іс-әрекет аясы негізінен қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғаумен шектелуі, оның экономиялық, әлеуметтік және рухани процестерге араласпауы тиіс. Либералды демократия теориясында жеке және топтық дербестіктің танылуы көпшіліктің азшылық үстінен билік жүргізуін шектейді. Либералды демократия теориясының осы және өзге де белгілері адам бостандығы, оның қадір-қасиеті мен құқықтарын құрметтеу туралы теориялық ой-пікірлердің дами түскендігін көрсетті. Либералды демократия теориясының кемшіліктері жеке адамның рөліне асыра мән бере отырып, оның ұжымдық байланыстарын жоққа шығару, қоғамның тіршілік әрекетін реттеудегі мемлекеттің рөлін тым төмендетуден көрініс тапты. Дегенмен де либералды демократияның классикалық теориясы қазіргі демократиялық тұжырымдамалар мен оларды іске асырудың басты теориялық негіздерінің біріне айналды.



  1. Өндірістік революция және оның әлеуметтік-мәдени процесінің түбегейлі өзгеруінің (трансформациясының) мәні


Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) деп атаған құбылыс ғылымды қоғамдық өндірістің жетекші даму факторына айналдыру негізінде өндіргіштік күштердің түбегейлі, сапалы қайта құру болып табылады. Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық революция дегеніміз- белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі. Дүниежүзі аймақтары мен елдердің ҒТР дамуы түрліше деңгейде өтуде. Жоғары дамыған елдерде XX ғасырдың 80-90 жылдардан бастап ҒТР-дің дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заман тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі ҒТР өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға, технологиялар мен қызмет түрлеріне деген сұранысын қамтамасыз етеді. Жаңа үлгінің басты мақсаты дәстүрлі ҒТР-дің дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заманғы тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі ҒТР өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға, технология мен қызмет түрлеріне деген сұраныс қамтамасы етеді. Жаңа үлгінің басты мақсаты дәстүрлі ҒТР-дің адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына тигізетін кері әсерінің орнын толтыру немесе жою болып табылады. Адам өмірін қорғауға бағытталған бұл шаралар өте мол қаржыны қажет өте мол қаржыны қажет еткендіктен, таралу ауқымы бірнеше елдің аумағынан аспай отыр.

Дүниежүзіндегі көптеген елдерде ҒТР дәстүрлі сипат алған. Мешеу елдер экономикасына қатысты бұл ұғым мүлде қолданылмайды да. Қазіргі кезде ҒТР-дің құрылымдық бөліктері анықталып, негізгі белгілері талданған.

Ғылыми-техникалық революция – ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапалық жағынан түлету. 20 ғ-дың 40-жылдарынан басталған ғылыми-техникалық революция барысында ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі қарқын алып, елеулі нәтижелерге қол жетті: ең бастысы, еңбектің жай-ахуалы, сипаты мен мазмұны, өндіргіш күштердің, еңбек бөлінісінің құрылымы өзгеріске ұшырап, еңбек өнімділігі күрт өсті, сол арқылы қоғам өмірінің өзге салалары, әсіресе, адамдардың мәдениеті, тұрмысы, психологиясы жетіліп, табиғатпен қарым-қатынасы айқындала түсті.

ҒТР-дің басты белгілері мыналар:

  1. әмбебаптық,ауқымдылық;

  2. ғылыми-техникалық өзгерістердің жеделденуі;

  3. өндірістің ғылымды көп қажет ететін салаларының қарқынды өсуі;

  4. әскери-техникалық революция.

Ғылым мен білім адамзат өркениетті тарихында қоғамның алға басуы үшін қызмет етумен келеді. Қазіргі заманғы ғылым өндіріс пен қызмет көрсету салаларына күрделі техника мен технологияларды енгізу арқылы оларды Ғылымды көп қажет ететін мүлде жаңа салалардың дамуына негіз болуда. ҒТР-дің әмбебаптығы мен ауқымдылығы дүниежүзінің барлық елдері мен географиялық қабықтың кез-келген бөлігін қамтуымен және адамзаттың ғарыш кеңістігін игеруімен түсіндіріледі.