Файл: Биология пнінен жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 9сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 225
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
1 – ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
9.1С «Aдам қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Aдам қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімі бойынша
«Қоректену» және «Заттардың тасымалы» бөлімдері бойынша
2 – ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
9.2В «Бөліп шығару» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
C «Координация және регуляция» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
– ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
9.3В «Молекулалық биология» және 9.3С «Жасушалық цикл» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
D «Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары» және 9.3E
А «Көбею» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
9.2В «Бөліп шығару» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары |
|
Бағалау критерийлері | Білімалушы:
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма 1. Суретте нефрон берілген. (а) Суреттегі O,P,Q әріптерімен берілген құрылымдарды сипаттаңыз. O P Q |
(b) Фильтрация үрдісі жүретін бөлік қай әріппен берілгенін анықтаңыз.
2 (а) Реабсорбция үрдісі нефронның қай бөліктерінде жүзеге асатынын көрсетіңіз.
(b) Реабсорбция үрдісінің механизмін түсіндіріңіз.
-
Зәр шығару жүйесі мүшелері мен бүйрек ауруларының алдын алу жолдарын ұсыныңыз.
| аурудың атауы | себебі | алдын алу жолдары |
зәр шығару жүйесі мүшесі | | | |
бүйрек | | | |
-
Адамның зат алмасуының соңғы азоттық өнімі- несепнәр. Несепнәрдің артықшылықтарын (кемінде 2) түсіндіріңіз.
-
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Шаянда ыдырау өнімдері ағзадан аммиак, ал жәндіктерде несеп қышқылы түрінде шығарылатыны белгілі.
Ыдырау өнімдерін сыртқа осылай шығару әдісінде қандай да бір биологиялық мән бар ма әлде бұл кездейсоқтық па?
Шаян мен жәндіктердің зәр шығару мүшелері жұмысында қандай айырмашылық бар және ол мекен ету ортасымен қалай байланысты?
Бағалау критерийлері | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білімалушы | |||
Нефронның құрылысы мен қызметін сипаттайды | 1 | O әріпімен берілген құрылымды сипаттайды; | 1 |
P әріпімен берілген құрылымды сипаттайды; | 1 | ||
Q әріпімен берілген құрылымды сипаттайды; | 1 | ||
нефронның фильтрация үрдісі жүретін бөлігін анықтайды; | 1 | ||
Фильтрация және несептің түзілуін түсіндіреді | 2 | реабсорбция үрдісі нефронның қай бөліктерінде жүзеге асатынын көрсетеді; | 1 |
реабсорбция үрдісінің механизмін түсіндіреді; | 1 | ||
Зәр шығару жүйесі мүшелері мен бүйрек ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіреді | 3 | зәр шығару жүйесі мүшелері мен бүйрек ауруларын атайды; | 1 |
себебін анықтайды; | 1 | ||
алдын алу жолын ұсынады; | 1 | ||
Әртүрлі ағзалардың мекен ету ортасы мен зат алмасудың соңғы өнімдері арасындағы байланысты орнатады | 4 | несепнәрдің адамның зат алмасуының соңғы азоттық өнімі болуының артықшылықтарын түсіндіреді; | 1 |
5 | шаян мен жәндіктердің азоттық өнімдерінің әр түрлі болуының биологиялық мәнін анықтайды; | 1 | |
шаян мен жәндіктердің зәр шығару мүшелері қызметіндегі айырмашылықты мекен ету ортасымен байланыстырады. | 1 | ||
Барлығы | 12 |
«Бөліп шығару» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Оқу жетістіктерінің деңгейі | ||
Төмен | Орташа | Жоғары | |
Нефронның құрылысы мен қызметін сипаттайды | Нефронның құрылысы мен қызметін сипаттайды | Нефронның құрылысындағы O, P, Q құрылымдардын сипаттауда, нефронның фильтрация үрдісі жүретін бөлігін анықтауда қателіктер жібереді | Нефронның құрылысы мен қызметін дұрыс сипаттайды |
Фильтрация және несептің түзілуін түсіндіреді | Фильтрация және несептің түзілуін түсіндіруде қиналады | Нефронның реабсорбция үрдісі жүретін бөлігін көрсетуде, реабсорбция үрдісінің механизмін сипаттауда қателіктер жібереді | Фильтрация және несептің түзілуін түсіндіреді |
Зәр шығару жүйесі мүшелері мен бүйрек ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіреді | Зәр шығару жүйесі мүшелері мен бүйрек ауыруларының алдын алу жолдарын ұсынуда қиналады | Зәр шығару жүйесі мүшелері мен бүйрек ауруларын атауда/ себебін анықтауда/алдын алу жолдарын ұсынуда қателіктер жібереді | Зәр шығару жүйесі мүшелері мен бүйрек ауруларының алдын алу жолдарын толық түсіндіреді. |
Әртүрлі ағзалардың мекен ету ортасы мен зат алмасудың соңғы өнімдері арасындағы байланысты орнатады | Әртүрлі ағзалардың мекен ету ортасы мен зат алмасудың соңғы өнімдері арасындағы байланысты орнатуда қиналады | Несепнәрдің адамның зат алмасуының соңғы азоттық өнімі болуындағы артықшылықтарын дәлелдеуде, шаян мен жәндіктердің азоттық өнімдерінің әр түрлі болуының биологиялық мәнін анықтауда қателіктер жібереді | Әртүрлі ағзалардың мекен ету ортасы мен зат алмасудың соңғы өнімдері арасындағы байланысты орнатады |
- 1 ... 4 5 6 7 8 9 10 11 ... 18