Файл: Биология пнінен жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 9сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 227
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
1 – ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
9.1С «Aдам қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Aдам қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімі бойынша
«Қоректену» және «Заттардың тасымалы» бөлімдері бойынша
2 – ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
9.2В «Бөліп шығару» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
C «Координация және регуляция» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
– ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
9.3В «Молекулалық биология» және 9.3С «Жасушалық цикл» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
D «Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары» және 9.3E
А «Көбею» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
C «Координация және регуляция» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары | 9.1.7.1 Жүйке ұлпасының құрылысы мен атқаратын қызметі арасындағы байланысты қалыптастыру 9.1.7.3 Жүйке импульсінің туындауы мен өтуін сипаттау
|
Бағалау критерийлері | Білімалушы:
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 20 мин |
Тапсырма 1. Сызбада жүйке ұлпасының құрылымдық және функционалдық бірлігі - нейрон берілген. (а) Сызбада А әрпімен таңбаланған құрылымды атаңыз. (b) Сызбадағы Е әрпімен таңбаланған құрылымның атқаратын қызметін сипаттаңыз. (с) Нейронның атқаратын қызметі мен құрылысы арасындағы байланысты сипаттаңыз. |
-
Сызбада жүйке импульсының туындауын және өтуін сипаттайтын график берілген.
Деполяризация, реполяризация, гиперполяризация, тыныштық
потенциалы кезеңдері мен 1-4 сандарының арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.
1.
2
3
4
-
Қалыпты жағдайдағы адам қанында глюкоза мөлшері шамамен 100 мл 90 мг құрайды. Глюкоза деңгейінің реттелуі - эндокриндік және жүйке жүйелерімен бақыланатын гомеостаздың мысалы. Сіз тамақтанғаннан кейін қанда глюкоза мөлшері артып кетеді.
(а) Қандағы глюкозаның деңгейінің реттелу механизмін түсіндіріңіз.
-
Сызбада өсімдіктердің өсуіне әсер ететін затты анықтау үшін жасалған Ч.Дарвиннің тәжірибесі берілген.
(а) Ч.Дарвин анықтаған өсімдіктердің өсуіне әсер ететін затты атаңыз.
(b) Суретті пайдалана отырып Ч.Дарвин анықтаған заттың өсімдіктерге қалай әсер ететінін сипаттаңыз.
Бағалау критерийлері | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білімалушы | |||
Жүйке ұлпасының құрылысы мен атқаратын қызметі арасында байланыс орнатады | 1 | А әрпімен таңбаланған нейронның құрылымын атайды; | 1 |
А әрпімен таңбаланған нейронның құрылымының атқаратын қызметін сипаттайды; | 1 | ||
нейрон құрылысы мен атқаратын қызметі арасындағы байланысты сипаттайды; | 1 | ||
Жүйке импульсінің туындауы мен өтуін түсіндіреді | 2 | деполяризация; | 1 |
реполяризация; | 1 | ||
гиперполяризация; | 1 | ||
тыныштық потенциалы кезеңдерін анықтайды; | 1 | ||
Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау- гомеостаз механизмін түсіндіреді | 3 | қандағы глюкозаның деңгейінің реттелу механизмін түсіндіреді; | 1 |
Өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін заттардың әрекетін талдайды | 4 | өсімдіктің өсуіне әсер ететін затты анықтайды; | 1 |
Ч.Дарвиннің тәжірибесін сипаттайды. | 1 | ||
Барлығы | 10 |
«Координация және регуляция» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Оқу жетістіктерінің деңгейі | ||
Төмен | Орташа | Жоғары | |
Жүйке ұлпасының құрылысы мен атқаратын қызметі арасында байланыс орнатады | Жүйке ұлпасының құрылысы мен атқаратын қызметі арасында байланыс орнатуда қиналады | Нейронның құрылымдық элементін атауда/атқаратын қызметін көрсетуде/ атқаратын қызметі мен құрылысы арасындағы байланысты сипаттауда қателіктер жібереді | Жүйке ұлпасының құрылысы мен атқаратын қызметі арасында байланыс орнатады |
Жүйке импульсінің туындауы мен өтуін түсіндіреді | Жүйке импульсінің туындауы мен өтуін түсіндіруде қиналады | Деполяризация/реполяризация/ гиперполяризация/ тыныштық потенциалы кезеңдерін анықтауда қателіктер жібереді | Жүйке импульсінің туындауы мен өтуін дұрыс түсіндіреді |
Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау- гомеостаз механизмін түсіндіреді | Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау- гомеостаз механизмін түсіндіруде қиналады | Ағзаның ішкі орта тұрақтылығын сақтауда қандағы глюкозаның деңгейінің реттелу механизмін түсіндіруде қателіктер жібереді | Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау- гомеостаз механизмін түсіндіреді |
Өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін заттардың әрекетін талдайды | Өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін заттардың әрекетін талдауда қиналады | Өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін затты анықтауда/ Ч.Дарвиннің тәжірибесін сипаттауда қателіктер жібереді | Өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін заттардың әрекетін талдайды |
- 1 ... 5 6 7 8 9 10 11 12 ... 18
– ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
-
А «Қозғалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты |
3А |
Бағалау критерийлері | Білімалушы:
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Жоғарғы деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
Қысқа уақыт ішнде Фло-Джо сияқты спринтердің бұлшықеттеріне аэробты тыныс алу үшін оттегі жетіспей қалды.
|