ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 323
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.Көктем келді, құс келді,
Ойнаймыз біз саз илеп.
Біздің көлге түсті енді,
Былтыр кеткен қаз, үйрек.
2.Көк көйлегін киді жер,
Шешіп ақ қар ішігін.
Емірене сүйді жел,
Жас теректің бүршігін.
3.Алақай –ау балалар,
Қандай жақсы көктемгі ай.
Нұр жамылды дадалалар,
Келді ауылға көп торғай.
Көктем айы
1.Көктемгі айым дейін сені
Көктемгі қайың дейін сені
Көзден ұшып жарықта жүрсең
Шамшырағым, күнім дейін сені
Әнші бағым, гүлім дейін сені
Өзіңмен бір жумаққа кірсем
(Қ-сы)
Келші бағыңа
Әлдеқайда ұшпай, келші жаным
Қоншы қолыма арман аппақ
Құстай, қоншы, жаным
Келші бағыңа
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел
2.Сағынғанда саялайын сені
Аққуымдай аялайын сені
Айдыныңда қалықта, жаным
Бала қаздай мәпелейін сені
Жаңа өмірге жетелейін сені
Жаныма кел, жабықпа, жаным
(Қ-сы)
Аппақ таңдай тілегім де өзің
Алатаудай тірегім де өзің
Жер бетінде қатар жүргенде
Қол ұстасып бірге күн кешейік
Қол ұстасып бірге үндесейік
Атар таңға, батар күндерг
Көрікті көктем
1.Күн нұрын сепкен,
Жер жылып кеткен.
Тал бүршік көктеп,
Көңілді көктем.
Қ-сы:
Қош келдің ән салдың,
Қуаынп қарсы алдық.
Қош келдің ән саодық,
Бізді еппен қарсы алдық.
2.Жібектей леппен,
Алмадай беттен.
Біздерден өткен,
Көрікті көктем.
Қ-сы.
КӨКТЕМ
Сөзі Қ.Сыдықовтікі
Әні А. Жайымовтікі
Көктем келіп шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай!
Құстар сайрап,
Бақтар жайнап гүл атты.
Ля-ля-ля-ля, ля-ля-ля-ля
Құстар сайрап,
Бақтар жайнап гүл атты.
Дала гүлге толыпты,
Аққу көлге қоныпты.
Алақай-ау, алақай!
Көктем қандай,
Көктем қандай көрікті
Ля-ля-ля-ля, ля-ля-ля-ля
Көктем қандай,
Көктем қандай көрікті.
КӨКТЕМ
Сөзі Т. Исабековтікі
Әні Д. Гусинцовтікі
Көктемге еріп құс келді,
Әнге бөлеп даланы.
Өлкем ерек түске енді,
Киінгендей жаңаны.
Тырна келді тыраулап,
Көк аспанда тізіліп.
Көк майсада жүр аунап,
Бала біткен қызығып.
Алма, өрік ағашы,
Әдемі алқа таққандай.
Көк өзеннің жағасы,
Думандатып жатқандай.
КӨКТЕМ
Сөзі Қ.Аманжоловтікі
Әні М.Дауылбаевтікі
Сансыз көктем сұңқылдап,
Көктем келді ертелеп:
Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп.
Қ-сы:
Асау өзен арқырап,
Асқар таудан дүркіреп.
Айдын жатыр жарқырап,
Алдыдала бір түлеп.
Асқар таудың басына.
Көкте бұлттар күркіреп,
Жерге төкті өрмегін.
Жауды жаңбыр сіркіреп,
Мейірленіп жерге күн.
Қ-сы:
Көктем күйін бастады
Өз өнерін асыра:
Қысты қуып тастады
Асқар таудың басына.
КӨКТЕМ ПОЛЬКАСЫ
Сөзі Б.Әлімқұловтікі
Әні М.Рахманқұловтікі
Дала жайнап көктемде,
Құстар ұшып жеткнде.
Жадырайды жанымыз,
Жібек самал өпкенде.
Қ-сы:
Гүл тереміз қырдан,
Көңіл толып нұрға.
Қарсы аламыз көктемді,
Қуанышпен жылда.
Өзен-көлге барамыз,
Суға қармақ саламыз.
Достығымыз жарасып,
Шаттанып бір қаламыз.
Қ-сы.
Түрлендіріп өңірді,
Көктен шуақ төгілді.
Асыр салып ойнаймыз,
Ән-жыр айтып көңілді.
Шымшық
Сөзі Қ.Мырзалиевтікі
Әні Қ.Қуатбаевтікі
Шымшықтың өр тырнағы,
Құдды шабақ қармақтай.
Бар тұлғасы, болғаны,
Бармақтай-ау, бармақтай!
Сонда да ол, асылы,
Мешкейлікке меңзейді,
Күнде жеке басының,
Салмағындай жем жейді!
Күнде жеке басының
Салмағындай жем жейді!
НЕ ДЕГЕН КЕРЕМЕТ КҮН!
Сөзі М.Мақатаевтікі
Әні Т.Шапайдікі
Не деген керемет күн!
Жаныңа бәрі даяр не керектің.
Көрінеді гүлдердің бүр жарғаны,
Естіледі ұшқаны көбелектің,
Не деген керемет күн!
Естіледі бал-ара нәр сорғаны,
Бармақтай балапан құс ән салғаны,
Бәрін де кеудесіне қондырып ап,
Дала бір рахатта
Дел-сал жаны.
Таулардың самал ессе балағынан,
Гүлдер тұр үзірлердей сабағынан.
Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ,
Шашырап күннің алтын табағынан.
Сусындап көк аспанның шанағынан,
Шарықтап шанырауда ана-қыран.
Ару-жер өз дидарын көріп жатыр,
Мөп-мөлдір тұнық көктің жанарынан.
Не деген керемет күн!
Кейпіне елітесің төңіректің,
Қаласа мына жатқан сәби дүние,
Келеді өміріңді бере кеткің!
ҚАРЛЫҒАШЫМ
Сөзі Ә.Дүйсенбиевтікі
Әні Ә.Бейсеуовтікі
Қарлығашым, қарлығашым,
Табиғаттың еркесі.
Қарлығашым, жан сырласым,
Самға туған жер төсін.
Қ-сы:
Шырқа биік, шырқа биік,
Ақ ниетті адал дос.
Қалықтаған, шарықтаған,
Әуеніңді маған қос.
Қақ қанатты, қарлығашым,
Сен бармаған дала бар.
Қанатыңа хат жазамын,
Қалқатайға ала бар.
Қ-сы.
Қайта ұшып кел, қарлығашым,
Сен шығарма мені естен.
Бәйтеректің басына шық,
Қалқашым боп елесте.
Қ-сы.
Қарлығашым, қарлығашым,
Сұлу әнге сала кел.
Досың сенің сарылмасын,
Жақсы хабар ала кел.
Қ-сы.
ҚОС ҚАРЛЫҒАШ
Сөзі Б.Әліқұловтікі
Әні М.Рахманқұловтікі
Шаттық қосып менің көңіл-күйіме,
Қос қарлығаш ұя салды үйіме.
Жұбын жазбай қайта келген жарасып,
Екеуіне қарап тұрмын сүйіне.
Жылда осындай жарастықпен келіңдер,
Есігімнен емін-еркін еніңдер.
Адамзаттың асыл досы титтей құс,
Адалдықтың дәнекері едіңдер.
Адалдыққа әркім достық танытпақ,
Адалдықты жырлайды әлі сан ұрпақ.
Жақсылықтың жаршысы боп әрдайым,
Ұшыңдаршы көгімізде қалықтап.
КӨБЕЛЕК
Сөзі А.Сәрсектікі
Әні М.Рахманқұловтікі
Мен тимеймін жасқанба,
Дос болйық көбелек.
Ұйқыңды сен ашқанда,
Гүлдейсің сен керемет.
Қ-сы:
Даласындай көктемнің,
Баласындай көк белдің.
Кел көбелек, көбелек,
Гүлдерімді көре кет,
Жайнап тұрған бақшамда,
Гүлдерімді тере кет.
Тұтқиылдан састыра,
Жаңбыр жауса себелеп.
Тақиямның астына,
Тығыла ғой көбелек.
Қ-сы.
БОЗТОРҒАЙЫМ
Сөзі. Б.Тәжібаевтікі
Әні Е.Хасанғалиевтікі
Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан
Құс едің ғой – кең далаға бауыр басқан
Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым!
Даланы мен де
Сүйемін сендей
Бауырмал, құсым!
Назыңнан әсем
Сазыңнан әсем
Жаңылма, құсым!
Тауқымет тартып
Торықпа, жаным
Қорықпа, жаным
Құшағымды ашып
Кеудеме басып
Берейін жалын!
Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан
Құс едің ғой – кең далаға бауыр басқан
Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым!
ЖАУҚАЗЫН
Сөзі М. Мұсағитовтікі
Әні Қ. Сәтиевтікі
Ән салайық, келіңдер,
Жырдан моншақ теріңдер.
Көтерейік көңілді
Мың бұралып билеңдер.
Күй айналған бой баурап,
Бізбен қатар жүр ойнап.
Ортамызға жауқазын
Келді бүгін сый арнап.
Бала, бала балдырған,
Бұлбұл құстай ән салған.
Бала, бала балдырған,
Жауқазындай жайнаған.
Өнер өрге самғасын,
Жас қанатың талмасын.
Мерекеміз мерейлі
Қуанышпен жалғасып.
Қаймалаған халайық
Сайысқа ат салайық.
Жауқазынның бөбегін
Ортамызға салайық.
Бала, бала балдырған,
Бұлбұл құстай ән салған.
Бала, бала балдырған,
Жауқазындай жайнаған.
ТАУ ГҮЛІ
Сөзі С. Тұрғынбековтікі
Әні Ә.Телғозиевтікі
Таудың гүлі қол бұлғайды алыстан,
Маған сәлем жеткізгендей ғарыштан.
Сол бір сәтті, сол бір сәтті, сәулешім,
Түседі еске алғашқы күн танысқан.
Қ-сы:
Табындырған тау гүлім,
Сағындырған тау гүлім.
Тілейтінім – өзіңнің
Есендігің, саулығың.
Таудың гүлі сонда маған сыр айтқан,
Таудың түні тұнжыратқан, мұңайтқан.
Таудың селі сырғып аққан сәтінде,
Таудың желі көңілімді жұбатқан.
Қ-сы.
Таудың гүлі суықтарға тоңбаған,
Таудың гүлі бал бұлаққа қанбаған.
Қол жетпейтін, көз жетпейтін қияда,
Таудың гүлі желбіреу бір мәңгі аман.
Қ-сы.
ҚҰЛЫНШАҒЫМ – ҚҰНДЫЗЫМ
Әні С.Жүнісовтікі
Сөзі Ә.Тәжібаевтікі
Құлыншағым кұндызым,
Құлдырайды шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Кұстай канат қағады.
Қ-сы:
Еміренсе енесі,
Құлыншағым келеді.
Жұп-жұмыр боп денесі,
Бауырына енеді.
Еміп, алып мамасын,
Тағы қайта жөнеді.
Алаңдатып анасын,
Көлеңкесін тебеді.
Қ-сы.
Құлыншағым – құндызым,
Құлдырайды шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
Қ-сы
ҚОШ КЕЛДІҢ, КӨКТЕМ
Әні Л.Мельникованікі
Сөзі Н.Әлімқұловтікі
Күн нұрын сепкен,
Жер жылып, кепкен,
Тал бүршік төккен
Көңілді көктем.
Қ-сы:
Қош келдің, ән салдық,
Қуанып қарсы алдық,
Қош келдің, ән салдық,
«Бестікпен» қарсы алдық.
Жібектей леппен,
Алмадай беттен.
Біздерді өпкен
Көрікті көктем.
Қ-сы.
САНДУҒАШЫМ, КАРЛЫҒАШЫМ
Сөзі Н.Әлімқұловтікі
Әні Ш.Қалдаяқовтікі
Көктемнің күні күлгенде
Арман құсым келді – сандуғашым.
Бопасын жарды гүлдер де –
Ормандарым қалай жаңғырмасын.
Қ-сы:
Сандуғашым, сайрай бер,
Қарлығашым, шарлай бер!
Арман құсым, адал құсым,
Сайра, шарла!
Әлемді шарлап келдің бе,
Арман құсым менің – сандуғашым?!
Достарға сәлем бердің бе,
Адал құсым менің – қарлығашым?!
Қ-сы:
Жыл сайын тыңдап қос үнді
Бас иіп сендерді қарсы алайын.
Аймалап махаббатымды
Қосылып сендерге ән салайын.
Қ-сы
СҰР ҚОЯН
Сөзі Т.Бердияровтікі
Әні К.Қуатбаевтікі
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып жүгірді.
Қара еді артына,
Қиығына сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
ТӨЛДЕР
Сөзі Ж.Өмірбековтікі
Әні Б.Ғизатовтікі
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
Секең-секең, ей, лақ,
Жүрмін саған кейіп-ақ.
Тыныш тапсаң болмай ма,
Секірмей-ақ кей уақ!
Томпаң-томпаң торай,
Даусыңның зоры-ай!
Дөкей болып қаласың,
Толысымен он ай.
Ботақаны нардың,
Жарға неге бардың?
Тілерсегің дірілдеп,
Секіре алмай қалдың!
ЖАЗ КЕЛЕДІ, АЛАҚАЙ!
Халық әні
Балақай-ау, балақай,
Жаз келеді-ау, алақай!
Жалаң аяқ жүреміз,
Балақты да түреміз,
Көлден балық сүземіз,
Жалтылдатып тіземіз.
Балақай-ау, балақай,
Жаз келеді-ау, алақай!
Сайдан жидек тереміз,
Сан қызықты көреміз.
Алтыбақан тебеміз,
Тау мен тасты кеземіз.
ТАБИҒАТ – АНАМЫЗ
Сөзі Н.Жанаевтікі
Әні С.Қарапаевтікі
Табиғат ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Қ-сы:
Жазда аралап тауын да,
Барамыз біз бауына.
Өзеніне шомылып,
Жүгіреміз жауында.
Қыста мәз боп қаламыз,
Сырғанауға барамыз.