Файл: Мектеп уендері мектеп уендері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 325

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бетіңді сүйгізіп.

Қ-сы:

Ақшақар, ақшақар,

Қуанышты құйғандай.

Ақшақар, ақшақар,

Төккен нұрын жанға-жай.

Ақшақар, ақшақар,

Көңілімнің шуағы

Әнге толы өмірімнің шырағы.

2.Жан бітіп орманға,

Қарға дала толғанда

Жарқырап айнала,

Барайық тауларға

Аппақ қарлы бауларға

Ақшақар жауғанда,

Көңілсіз жан бар ма?

Аяз ата

1.Борандатып, аққарлатып,

Аязата келеді.

Ақ көңілмен, пәк көңілмен,

Бізге сәлем береді.

Қ-сы:

Аязата, аязата,

Сені күтіп жүрдік біз.

Томпаң қағып, арқаланып,

Келеріне сендік біз.

2.Сақалы ақ, мұрны қызыл,

Жылы екен жүзі де.

Кірпігі ақ, ерні қызыл,

Мейірмід екен көзі де.

Қ-сы:

3.Қолда таяқ, майман аяқ,

Қорбаң –қорбаң етеді.

Жүгіргенде жеңіл аяқ,

Желді қуып жетеді.

Қ-сы:

Аяз ата келеді

Сөзі.Ф. Оңғарсыновнынікі.

Әні: Қ. Бексұлтановтікі

1.Ақша қарға малынып,

Аппақ тонын жамылып

Сақалы мен мұртына,

Күміс моншақ тағынып,

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып.

Қ-сы:

Келіп қалды қараңыз,

Шашу толы даламыз.

Күміс дала үстінде,

Біз де зулап барамыз.

2.Бар баланың қонағы,

Төрлет ата, жоғары.

Енді дала, алақай,

Ақ күміске толады.

Жұрттың бәрі атадай

Қашан мырза болады?

Қ-сы.

Аяз ата

1.Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аязата келіп тұр,

Ақ күпіге оранып.

Қ-сы:

Ал, балалар тұрайық,

Би билейік ойнайық.

Аязата келіп қуансын,

Дөңгеленіп зырлайық.

2. Кетті көңіл шалқып –ақ,

Жұлдыздардай қалтырап.

Аязата үстінде,

Ақшақар тұр жалтырап.

3. Көрдің бе, Аязатаны,

Аппақ екен сақалы.

Аппақ екен мұрты да,

Аппақ екен шапаны.

Қ-сы:

Жаңа жыл

1.Көк шыршамыз ырғалып,

Жатыр дала қыр қағып

Жылы келді аппақ жүзі нұрланып

Жарасатын еліме.

Төрлет жылым төріме

Бейбіт жатқан қазағымның жеріне.

Қ-сы:

Жаңа жыл, Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Ақ көрпесін жамылды ғой дала қыр.

Жаңа жыл, Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Шалқытайық шаттық ән мен жаңға жыр.

2.Шыршамызға шам жағып,

Қараймыз ғой тамсанып

Би билейік , ал кәнекей ән салып,

Аяз Ата әніміз

Ақшақар ғой сәніміз

Қарсы алайық Жаңа жылды бәріміз.


Қ-сы:

3.Күлімдесін күніміз,

Жалындасын жүзіміз.

Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз

Жаңа жылым шаттығым

Арайланып атты күн

Тілейікші елімізге сәтті күн.

Қ-сы:

Жаңа жыл

1.Жамылған ақ мамық ұлпа қар,

Нұрлы да кең байтақ Отаным.

Бала жоқ сыйлықтан құр қалар,

Сыйлық көп аяз атаның.

Қ-сы:

Бәріміз бір жасқа үлкейіп,

Бүгінгі Жаңа жыл тойында.

Бір жүріп, қызықты бір келіп,

Билейміз , ойнаймыз ойын да.

2.Қош келдің

Қарсы алдық, Жаңа жыл.

Өзіңді сағына, сағына.

Бақытты жылдардың жаңа бір,

Күндері басталды тағы да.

Жаңа жыл

  1. Қош келдің жаңа жылым қазағыма,

Қайран мың дүниенің ғажабына.

Күндерге бейне түнмен азабына,

Қош келдің жаңа жылым қазағыма.

Қ-сы:

Белін бекен, бұлған елім,

Бақыт дәулет, тұнған елім.

Құтты болсын, құтты болсын,

Жаңа жылым туған елім.

2.Қош келдің жаңа жылым даламызға,

Айналған туған жерім анамызға.

Жыл келді той тойлауға арамызға,

Қош келдің жаңа жылым арамызға.

Қ-сы:

3.Қош келдің жаңа жылым бағымызға,

Үмітті сәуле берді жанымызға.

Қуаныш күй ойнады қаламызда,

Қош келдің жаңа жылым бағымызға.

Қ-сы:

Жаңа жыл-той тамаша

1.Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Тамашы тойымыз.

Алақай, алақай,

Өседі бойымыз.

Қ-сы:

Ортада таңдантып тпалайды,

Шыршамыз жасаынп ойнайды.

Құбылып, құлпырып айнала,

Сиқырлы сәулелер ойнайды.

2.Сағынып көп күткен,

Атамыз келеді.

Алақай, алақай,

Көп сыйлық береді.

Қ-сы:

Жаңа жыл

1.Аяз Ата, Ақшақар,

Бораны бар, қары бар.

Жаңа жылым қызықта,

Ән күйі бар, сәні бар.

Қ-сы:

Жаңа бақыт , жаңа жыл,

Жаңа ән бар, жаңа жыр.

Құтты болсын, қүтты болсын,

Құтты болсын, Жаңа жыл.

2.Қол ұстасып бәріміз,

Шырша жаққа келейік.

Аяз ата жанында,

Өлең айтып берейік.

ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!

Сөзі А.Меңжанованікі

Әні– В.Питерцевтікі

Қош келдің, Жаңа жыл!

Жаңа өмір, жаңа нұр.

Шашу боп жолыңа,

Төгілсін ән мен жыр.

Қ-сы:

Шыршаны айналып,

Билейміз ән салып,

Жаңа жыл өзіңді

Жырменен қарсы алып.

Жайнатып шыршаны,

Жағылды жыл шамы.

Шаттыққа бөледі

Қуантып жыл таңы.

Қ-сы.

Ағылсын жыр толқын,

Кеудеге нұр толсын.

Жеңісті, жемісті

Бақытты жыл болсын!

Қ-сы:

ЖАҢА ЖЫЛ

Сөзі Ө. Сәдетхандікі



Әні Қ. Сәтиевтікі

Бізге жаңа жыл келді,

Жаңа бақыт нұр берді.

Жаңа жыл деп қуандық,

Көңіл шалқып гүлдеді.

Жаңа, жаңа, жаңа жыл,

Асыр салып ойна, күл.

Ата-анадай мейрімді,

Жаңа жылдық жанары.
Жаңа жыл деп тамсанып,

Сені көптен аңсадық.

Әйгілейміз атыңды,

Бар әлемге жар салып.

Жаңа, жаңа, жаңа жыл,

Асыр салып ойна, күл.

Ата-анадай мейрімді,

Жаңа жылдық жанары.

Тамаша

1.Қар жамылды жер үсті,

Мұз жамылды көл үсті.

Жан-жануар той жасап,

Дос болуға келісті.

Қ-сы:

Тамаша, тамаша,

Қандай қызық тамаша.

Аяз ата ортада,

Би билеп жүр балаша.

2.Аю қойды ашуды,

Қоян қойды қашуды.

Аяз та ортада,

Бөліп берді шашуды.

Жасыл шырша

1.Жасыл шырша жайнаған,

Жарқыраған нұрменен.

Қагдай ғажап айналам,

Құлпырғандай гүлменен.

Қ-сы:

Әрқайсымыз жаңа жылмыз,

Әрқайсымыз ғасырмыз.

Өмір таңын жарқыратып,

Бізде сендей жасылмыз.

2.Жаңа жылдай уақытым,

Ән ұясы, жыр басы.

Жанарындай шаттықтың,

Жасыл шырша тұлғасы.

Шырша жыры

1.Аппақ, аппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман , қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

2.Кең пейілді, мол мейірлі,

Сағынышпен табысқан.

О, алақай , аязатай,

Келе жатыр алыстан.

3.Кел, билейік, үйренейік,

Ол келгенше жаңа жыр.

Құтты болсын, құтты болсын,

Құтты болсын, жаңа жыл.

Шыршаға бардық

1.Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап,

Жаңа жыл келді ,

Жаңа жыл аппақ.

Қ-сы:

Шыршаға бардық,

Әсем ән салдық,

Аяз атадан

Сыйлықтар алдық.

2.Қуантып елді,

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдық,

Бір жасқа енді.

Қ-сы:
Шырша әні

1.Ормандардың арасында,

Бір шырша өседі.

Қыста да ол, жазда ол,

Жасыл боп өседі.


БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ әуендері




БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

Сөзі Ж.Тұрбековтікі

Әні Ә.Еспаевтікі

Жарастықпен жайнатып өмір көркін,

Гүл бақшада сайрандап, өскен еркін.

Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз,

Келешекте ұлы істі меңгеретін.

Отанымыз әлпештеп анадайын,

Құшақтайды аялап сағат сайын.

Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң,

Не керектің біз үшін бәрі дайын.
Білім шыңын өрлейміз, басып алға,

Қиындық жоқ, бөгеліс жолымызда.

Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,

Бостандық туы желбіреп қолымызда.

БАЛДЫРҒАН ӘНІ

Сөзі Н.Жанаевтікі

Әні Б.Дәлденбаевтікі
Біз балдырған баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туған жердің төрінде,

Алау болып жанамыз.
Алау болып жанамыз,

Құлыншақ боп шабамыз.

Балапандай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.
Болсын кіші бойымыз,

Биікке ұшу – ойымыз.

Біз бақытты балдырған,

Тойға ұласқан тойымыз.
ОЙЫНШЫҚТАР

Сөзі Н.Әлімқұловтікі

Әні И.Нүсіпбаевтікі

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ.

Қуыршақтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Ал, қозы мен қуыршақ,

Ұйықта десең ұқпайды.

Тыңдамайды ұрысса,

Осылары дұрыс па?!

Тентектігін тыймаса,

Тұрғызармын бұрышқа.

ӨСІП КЕЛЕ ЖАТЫРМЫН

Сөзі Т. Айбергеновтікі

Әні Қ. Сәтиевтікі

Кеудесінде таулардың,

Кемесінде арманның.

Жалау етіп ерлікті,

Ескек етіп ерлікті,

Өсіп келе жатырмын.
Адал терім әрдайым

Моншақтатып маңдайым.

Соқсын дауыл, соқпасын,

Қиындықтың көк тасын,

Өсіп келе жатырмын.
Кейде күнмен теңесем,

Таласып мен күнмен өсем.

Гүл теремін жерімнен,

Бірге туған еліммен

Өсіп келе жатырмын.

БАЛДЫРҒАНДАР ӘНІ

Сөзі О.Әубәкіровтікі

Әні Ш.Қалдаяқовтікі

Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.

Қ-сы:

Өмір тым жайдары,

Қызықтың қайнары,

Бақшамыз жайнады.

Біз – Отанның балдырған ұлдарымыз.

Әдептілік, батылдық – ұранымыз.

Қ-сы:


ЖАС ҰЛАНДАР МАРШЫ

Сөзі Б.Тәжібаевтікі

Әні И.Нүсіпбаевтікі
Біз – бейбіт ел ұланы,

Өнер, білім ұраны.

Алдымыздан жақсы арман,

Күлім қағып тұрады.

Қ-сы:


2 рет
Біз – батыр ел жастары,

Бақыт алға бастады.

Тербетіліп алтын дән,

Теңіздейін толқыған.

Даламызда тасқындап,

Еңбек күйі шалқыған.

Қ-сы.

Күш-қайратын қаулаған,

Келешекке арнаған.

Алтын айдын төріне

Көгілдір ту қадаған.

Қ-сы.

КӨКЕШІМ

Сөзі Ә.Асылбектікі

Әні М. Омаровтікі
Көкесі: Айналайын, бөпешім,

Ән салады көкешің.

Есейгенде ер жетіп,

Кім болады екенсің?

Бөпесі: Тәтті үніңе көкешім,

Тәнті балғын бөпешің.

Әсерлі де әуенді

Әнге құмар етесің.

Бірге: Ән – көңілдің ажары,

Ән – өмірдің базары.

Әуелесін, қалқысын,

Қазағымның жаз әні.

Көкесі: Айналайын, бөпешім,

Ән салады көкешің.

Жалғастырсаң жолымды,

Жарық күнім екенсің.

Бөпесі: Тәтті үніңе көкешім,

Тәнті балғын бөпешің.

Әнші балапаныңды,

Шын мақтаныш етесің.

Бірге: Ән – көңілдің ажары,

Ән – өмірдің базары.

Әуелесін, қалқысын,

Қазағымның жаз әні.

Ән – көңілдің ажары,

Ән – өмірдің базары.

Әуелесін, қалқысын,

Қазағымның жаз әні.

КЕЛШІ, КЕЛШІ, БАЛАШЫМ

Сөзі Қ.Ыдырысовтікі

Әні Е.Хасанғалиевтікі

Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.
Айдарыңнан айналдым,

Маңдайыңнан айналдым.

Торсық шеке, тоқ шеке,

Бақ болар деп ойладым.

Ашық жанар – көңілің,

Ақ болар деп ойладым
Қуанышым – арай жүз,

Сөйлесерміз талай біз

Бар ағайын жиналып,

Мәз боп саған қараймыз.

Сендей бала ешкімде,

Болмаған деп санаймыз.
Жалғыз дара – өзіңсің,

Атасының көзісің

Әжесінің сөзісің,

Мен барымды аяман.

Көмектесем бәріне

1.Отын жарып берейін,

Суды да алып келемін.

Аялаймын мамады,

Тиеді ылғи көмегім.

2.Сылтып басқан аяғын,

Атама ауыр әр адым.

Жылтыратып галошын,

Әперемін таяғын.

3.Ең елгезек баламын,

Үлкен тілін аламын.