ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 318
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ағарып атқан таңымсың,
Әсерлі әсем әнімсің.
Анашым, менің анашым,
Сенімді сирек панасың.
Анашым, анашым, анашым, анашым.
3.Анашым менің анашым,
Кетсе өзің баласың.
Құшағыңа ыстық аласың.
Анашым менің анашым.
Анашым, анашым, анашым, анашым.
Ана –өмір шырағы
1.Ана-өмір шырағы,
Ана –өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр әні,
Жүрегімде тұрады.
Әлди-әлди әлди –ай,
Анамыздың бұл әні.
2.Гүлді өмірде мәуелі,
Нұрлы өмірде мәуелі,
Анамыздан тыңдадық,
Әсем әнді әуелі.
Әлди-әлди әлди –ай,
Анамыздың бұл әні.
Ақ мамам
Әнуарбек Дүйсенбиев
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың,
Аман-сау бол,ақ мамам.
Қ-сы:
Күлімдеген көзіңнен,
Күн мейірімі сезілген.
Бұл жалғанда балаға,
Жақын жан жоқ өзіңнен.
Өзің маған мият күн,
Сен деп таңым жиі атты.
Ақ мамамның айқайы.
«Айналайын» сияқты.
Қ-сы.
Мен деп кірпік қақпаған,
Менсіз тағам татпаған.
Бақыты үшін балаңның,
Аман-сау жүр, ақ мамам!
Қ-сы.
Жан анам
1.Құдіреттен жаралған,
Тең келе алмас жан адам.
Алыптардың алыбы,
Ол өзімнің жан анам.
Қ-сы:
Мейіріміне қанбаймын,
Ең бақытты жандаймын.
Ақ мамама ешкімді,
Теңестіре алмаймын.
2.Қабағына қараған,
Көңілімді таба алған.
Ең ақылды адам да,
Ол өзімнің жан анам.
Қ-сы:
3.Бейнетіме қашпаған,
Еңбегі үлкен басқадан.
Ол өзімнің анашым,
Жүрегі кең жақсы адам.
Асыл ана
Самайдағы ақ шашыңның әр талына қарызбын,
Еш нәрсемен өтелмейді-ау парызым.
Жауаптымын, жанарыңнан, сырғанасы тамшы жас,
Маған бәрі сын.
Ауырмашы , аман жүрші, көз алдымда көрініп,
Арамыздан ұзамашы бөлініп,
Көңіліме қаяу түссе, шырылдайды-ау жүрегім,
Жаным, егіліп.
Қ-сы:
Асыл анам, жаулығы желбіреген,
Асыл ана, жүрегі елжіреген.
Асыл ана, жаулығы желбіреген,
Асыл ана, жүрегі елжіреген.
Ақ тілекшім, ақ жолдайым, ақ жүректі анашым,
Бәйек болып, қабағымды бағасың.
Сан айналып, өтсем дағы, таба алмаспын әлемнен,
Сендей жан ашыр.
Есейсемде, аңсатады алақаның , аялы,
Еске салып сәби күнді баяғы.
Айналайын дегенсөзің жүрегімде анаым,
Мәңгі қалады.
Анашым
1.Кішкентайдан мені аялап өсірген,
Осы жасқа мені, еңбекпен жеткізген.
Осы жасқа мені , еркелеп жеткізген,
Аяулы анашым.
Қ-сы:
Аяулы анашым,
Ақ сүт берген маған,
Бұл өмірде жоқ
Сенен артық адам.
Ана деп әрқашан,
Ән салып мақтанам ,
Аяулы анашым.
2.Міне менде өстім,
Өсер жасқа жеттім.
Анамның ақ сүтін,
Ақтар жасқа жеттім.
Қызым өссе егер,
Бір қайтарар депсің,
Аяуыл анашым.
Қ-сы:
Апатайым анашым
1.Кіршіксіз жүрегіндей жас баланың,
Апатай өзің менің асқақ әнім.
Өсірдің әлдиледің, аяладың,
Ойыңнан бір сәт мені тастамадың.
Қ-сы:
Апатайым, анашым,
Ақылы мол данасың.
Қамқоры сен сәбидің,
Гүлі десең әр үйдің.
2.Ойладың бала қамын,
Сипайды маңдайыңнан алақаның.
Сөзіңді екі етпейді қадірлейді,
Қарайды қабағыңа балапаның.
Қ-сы.
Жан гүлім
Анашым- дүниенің нәрлі гүлі,
Бар жанға шуақ шашқан таңның нұры.
Сүйетін сәбиінің анасына,
Арнаған жүрек жарды бұл жан сыры.
Қ-сы:
Күлші анам,
Жүрші анам.
Сүйенішім
Болшы маған.
2.Мейірім төккен бізге жан анашым,
Ең жақын жаным болып саналасың.
Сәбиін күн нұры боп еркелетсе,
Сүйеді сәби гүл боп сол анасын.
Қ-сы:
3.Бақытты олар,
Ару аналар.
Қабағына
Шаттық паналар.
Анаға сәлем
Сөзі: О.Иманғлиев
Әні: Е.Хасанғалиев
1.Мереке күніңмен,
Қарсы алам өзіөді.
Сәбилік сезіммен,
Арнаймын сөзімді.
Қ-сы:
Көргенше алаңмын,
Аңсаймын, толғанам.
Қабыл ал, балаңның,
Сәлемін жолдаған.
2. Бөбегің оянса,
Ұйқыңнан мың тұрдың.
Гүліңмен балауса,
Көктемдей құлпырдың.
Қ-сы:
3.Аялап алақан,
Мәпелеп өсірген.
Аяулы жан анам,
Қатемді кешірген.
Қ-сы:
АНА ТУРАЛЫ ЖЫР
Сөзі Ғ.Қайырбековтікі
Әні Ш.Қалдаяқовтікі
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған,
Балалық құштарым өзіңе арнаған.
Қ-сы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.
Өтеуге борышың, анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,
Сыйлар ем ай, күнін, қолыма түспеді.
Қ-сы.
Ете гөр қанағат, әзірге берерім,
Балалық махаббат, балалық жүрегім.
Бол риза анашым, қолдағы осы бар,
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал.
Қ-сы.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫН, МАМА, ТУҒАН КҮНІҢМЕН!
Сөзі М.Мақатаевтікі
Әні Н.Тілендиевтікі
Нұрын төккен маған
Шуағымсың – сен!
Айналайын мама,
Қуанышыңмен!
Шаттандырған мені
Жұбанышым – сен!
Құттықтаймын сені
Туған күніңмен!
Аялаған мені
Ән қанатымен,
Құттықтаймын сені
Салтанатыңмен!
Бақытты ғой заман,
Қандай көңілді.
Мен тілеймін саған
Ұзақ өмірді.
АНАМЫЗҒА МЫҢ АЛҒЫС
Сөзі Ж.Өмірбековтікі
Әні Б.Ғизатовтікі
Аялаған, баптаған,
Асыраған, сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен.
Анамызға - мың алғыс!
Адал бол деп балдырған,
Әділдікке баулыған.
Жүрегінде – махаббат,
Тілегінде – мархабат.
Анамызға – мың алғыс!
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді.
Анамызға – мың алғыс!
АНАМНЫҢ ТІЛІ – АЯУЛЫ ҮНІ
Сөзі Ш. Смаханұлынікі
Әні Ә. Тыналиевтікі
Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.
Қ-сы:
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі – өмірді думан.
Мектепке келдім,
Ұстазды көрдім,
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі,
Аяулы үні
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.
ӘЖЕ ТУРАЛЫ ӘН
Сөзі Қ. Мырзалиевтікі
Әні Н.Тілендиевтікі
Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым – сары ормандай самсаған.
Әке болып жүргенімді ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.
Құлыңдаймын асыр салған аңғарда,
Қозындаймын ойнақтаған албарда.
Өзің барда қысылмаймын күлуге,
Жылауға да қысылмаймын сен барда.
Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегіме ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.
Тұра тұршы түзелгенше бұзығың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау,
Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!
АСЫЛ АНА
Сөзі А.Нәріков пен М. Нұрхановтікі
Әні Ә. Сүлейменовтікі
Суытпаған бозторғайдай ұясын,
Жүрегіме жылуыңды құясың.
Кенже балаң келді өзіңді сағынып,
Аман жүрші, соның өзі сый асыл.
Аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Аналардың үмітінен жаралған.
Сәби едік, енді қазір ер жеттік,
Жүректерде биік мақсат, бар арман.
Сен туған жер бақша менен бау ма екен,
Ана, өзіңдей бақытты жан бар ма екен?
Ержетсем де еркелегім келіп тұр,
Балалық кез қай жерлерде қалды екен.
Аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Аналардың үмітінен жаралған.
Сәби едік, енді қазір ер жеттік,
Жүректерде биік мақсат, бар арман.
Жаның мөлдір жанарындай ботаның,
Мейіріміңді мәңгі әнге қосамын.
Кенже балаң сенсіз қалай тұра алар,
Сағынышпен мен жолыңды тосамын.
Аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Аналардың үмітінен жаралған.
Сәби едік, енді қазір ер жеттік,
Жүректерде биік мақсат, бар арман.
АНАШЫМ
Сөзі Қ.Жұмағалиевтікі
Әні М.Омаровтікі
Шет жүрсем – сағынарым,
Жабықсам – шағынарым,
Анашым, бір өзіңсің –
Табынарым.
Анашым, шалқып күлсең,
Алдымда ұзақ жүрсең,
Жүрегім жыр толғайды,
Көңілім ортаймайды,
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды.
Ұшырған сұңқарыңмын,
Қияға шырқарыңмың,
Бәйгеге өзің қосқан
Тұлпарыңмын.
Анашым, шалқып күлсең,
Алдымда ұзақ жүрсең,
Жүрегім жыр толғайды,
Көңілім ортаймайды,
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды.
Қорғаным – өзің деймін,
Жан дауа – сөзің деймін,
Анашым, сені ойласам
Көз ілмеймін...
Анашым, шалқып күлсең,
Алдымда ұзақ жүрсең,
Жүрегім жыр толғайды,
Көңілім ортаймайды,
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды.
ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ әуендер
АҚША ҚАР
Сөзі Ж.Смақовтікі
Айнала аппақ ақша қар –
Ауыл-аймақ оранған.
Біз емес желден жасқанар,
Қорықпаймыз бораннан.
Боран күні бәріміз
Мал қораға барамыз,
Бұзауханым тоңбайды,
Жылы, жайлы қорамыз.
Бұзауханым тоңбайды,
Жылы, жайлы қорамыз.
Көк балауса шөптері
Алдына жемін қоямыз.
Әукешім сүтті көп беріп
Балқаймаққа тоямыз.
Ақшақар
Ақша қар жауғанда,
Дала нұрға толғанда.
Сәулетім қамығып, бұйығып отырма,
Шаңғыны кигізіп,
Аққаланы үйгізіп,
Келесің аязға