ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 183
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
КІРІСПЕ
1 Бөлім. Мектепте математиканы оқытудың жалпы әдістемесі және оқытудың маңызы мен міндеттері
1.1. Мектепте математиканы оқыту әдістемесі, оның мазмұны
1.2. Математика әдістемесінің құрамы, зерттеу әдістері, басқа ғылымдармен байланысы
1.3. Математиканы оқыту әдістемесі тарихына шолу, мектептерде білім берудің және оны оқыту әдістемесінің дамуы
1.4. Математиканы оқыту процесіндегі пәнаралық байланыс
2 Бөлім. Мектеп математикасын оқытуды ұйымдастыру,оның ғылыми әдістері
2.1. Бақылау және эксперимент
2.2. Салыстыру
2.3. Анализ және синтез
3 Бөлім. Мектепте математиканы оқытудың өзекті мәселелері
3.1. Математикалық білім беруді ұйымдастыру
3.2. Математиканы оқытуда жаңа технологияларды қолдану
3.3 Математиканы тереңдете оқыту мәселелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Мектептегі математиканы оқыту әдістері:
Математиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері;
Эвристикалық әдіс;
Оқытудың дәстүрлі әдістері;
Бағдарламалық оқыту әдістері;
Практикалық және зертханалық жұмыстар;
Проблемалап оқыту;
Оқушылардың өздік жұмыстары.
Тақырыптың өзектілігі:
Математиканы оқыту әдістемесін толық қарастыру арқылы математиканы оқытудың өзекті мәселелерін, тереңдете оқыту мәселелерін, оқыту әдістерін, жаңа технологияны меңгеру әдістерін нақты ашып көрсету.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
- Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселерімен таныстыру (Математиканы оқытудың әдістері, ғылыми таным әдістері,математиканың оқыту әдістемесінің маңызы,міндеттері және мақсаты, пәнаралық байланыс).
- Математиканы оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерімен таныстыру (Жаңа технологиялардың қолдану мүмкіндігі, тереңдетіп оқыту мәселелері, математиканы оқытуда есептің рөлі, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту).
Зерттеу обьектісі: Математиканы оқыту әдістемесінің шығу тарихы, өзекті мәселелері, тереңдете оқыту мәселелері, қолданатын әдістер.
Кіріспе
«Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың ертеңі білімді ұстаздардың қолында» -деп, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, еліміздің негізгі тірегі – бүгінгі студенттер, ертеңгі білімді, білікті, іскер, жан-жақты дамыған елін, жерін сүйетін ұлтжанды ұстаздар. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті, ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру стратегиясының талаптарына сай, егеменді елдің жас ұрпақтарына сапалы білім, саналы тәрбие беретін, үлгісі жасалып жатқан ұлттық мектептерімізде – жаңашыл, шығармашылық ізденістермен еңбек ететін кәсіби маман ұстаздарды ХХІ ғасыр деңгейінде дайындау – бүгінгі күннің уақыт күттірмейтін талаптарының бірі. «Әрбір елдің келешегі – мектебіне байланысты...» деп, М.Жұмабаев
айтып кеткендей, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздың еңбегі зор. Қазіргі заман математиканың жан-жақты дамыған кезеңі. Ғылымның қайсы саласын алсақ та математикалық білім жүйесінің қолданылмайтын жері жоқ деп айтуға болады. Мысалы физикада, биологияда, географияда, ғарышты игеруде және тағы басқа ғылымдар саласында математика ең қажетті құралдардың бірі. Сондықтан да, математикалық білім көзінің бастауы, мектептен, басталатын математикалық білім мазмұнының алатын орыны ерекше. Математиканың бастапқы курсының негізгі тарауларын оқытудың технологиясының талаптарына сай бастауыш сынып оқушыларының математикалық ойлауы мынадай ұғымдар және олардың жиындарының бірлігіне сүйене отырып дамиды: сандардың концентр бойынша реті, арифметикалық әрекет, алгебралық және геометриялық материалдар, мөлшер мен бөлшектер, шамалар. Мектептегі мәтінді арфиметикалық есептерді шешуді оқытудың теориясы мен технологиясы. Арифметикалық әрекетке негізделген жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру технологиясы. Математикалық білім, біліктілік және дағдыларды меңгеру үдерісін ұйымдастыру. Қазақстан Республикасында, жалпы білім беретін орта мектептің білім мазмұнын түбегейлі өзгерту, жаңарту және дамыту мақсатында шығармашылық ізденіс жұмыстар іске асырылуда. Айталық, 1997-1998 оқу жылынан бастап, бастауыш және орта білімнің мемлекеттік стандарты мектеп тәжірибесіне жаңа оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік жиынтықтар түрінде жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш буынына толығымен енді. Бүгінгі күні елімізде 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылына арналған мемлекеттік бағдарламасында әзірленген жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты, білім мазмұны, бағалау жүйесі және т.б. өзекті мәселелер жан-жақты талдануда. Білім беруді жаңарту – үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үдерісі; салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Бастауыш сынып оқушыларының білім, білік және дағдыларын бағдарлама талаптары деңгейінде қалыптастыру үшін мұғалім бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметінің жалпы психологиялықпедагогикалық сипатын ғана емес, сонымен қатар оны ұйымдастырудың мазмұны мен әдістемесін терең игеруі қажет. Математиканы оқыту барысында лекция, практикалық және зертханалық сабақтар қолданылады. Бүгінгі студент, ертеңгі ұлағатты ұстаз, мұғалімнің педагогикалық білімі мен кәсіби шеберлігін қалыптастыруда математиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілетін лекция, практикалық және зертханалық жұмыстар ерекше орын алады. Біздің дайындап отырған математиканы оқыту әдістемесінен өтілетін лекция, практикалық және зертханалық сабақтарды жүргізуге арналған оқу құралы осы жаңа талаптарға сәйкес дайындалған. Негізінде лекция әдісін теореманы дәлелдеу кезінде, белгілі бір тақырып туралы мағлұмат бергенде, курстың бір тарауын немесе бір бөлімін қорытындылағанда және бұрын мәлім материалға шолу жасағанда пайдаланылады. Практикалық сабақтарда қолданылатын бірден-бір әдіс – жаттығу, ал зертханалық сабақ, оқу жаттығуы болып табылады. Практикалық және зертханалық сабақтар, студенттерді мектептегі практикалық жұмыстарға бүгінгі күннің қойып отырған талаптарына сай дайындайтын негізгі жұмыстардың бірі.
1 Бөлім. Мектепте математиканы оқытудың жалпы әдістемесі және оқытудың маңызы мен міндеттері
Математикалық білім алудың басты шарты – математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады. Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, шыңдай түседі. Американдық педагог – математик Д.Пойа былай деген: « Математиканы білу деген не? Бұл есептерді шығара білу, онда стандарттық есептерді ғана емес ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өз болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару». Енді осы математиканы қалай оқытамыз? Және оны оқытудың қандай әдістемесі бар? Математиканы оқыту әдістемесі ( методикасы ) – педагогиканың бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Методика (әдістеме) терминінің төркіні «метод» «әдіс» – «жол» деген грек сөзінен шыққан. Математика әдістемесін басқаша «математика педагогикасы», «математика дидактикасы» деп те атайды. Олардың мағынасы бір-біріне өте жақын, сондықтан да оларды біз бір мағынада қолданамыз. Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен математика ғылымымен тікелей байланысты дамиды. Сондықтан да математика әдістемесінің мазмұны мен даму барысын дұрыс бағдарлап түсіну үшін математика ғылымының даму тарихынан мағлұматтар білу қажет Математика ақиқат дүниенің кеңістіктік формалар мен мөлшерлік қатынастарын зерттейді.
Математиканың даму тарихын төрт кезеңге бөледі. Математиканың тууы. Бұл кезең тарихқа дейінгі өте ерте дәірден басталып, біздің зманымызға дейінгі VI-V ғасырларға дейін созылды. Бұл аралықта математикалық білім дағдылар молайып, қорланады, математиканың алғашқы да негізгі ұғымдары (сан, фигура т.б.) қалыптасады. Тұрақты шамалар немесе элементар математика кезеңі. Біздің заманымызға дейінгі VI-V ғасырлардан басталып біздің заманымыздың XVII ғасырына дейін созылған бұл аралықта негізінен тұрақты шамалардың қасиеттері зертеліп, ашылады. Арифметика, геометрия, алгебра, тригонометрия ғылымдары дербес салалар болып бөлініп шығады. Айнымалы шамалар немесе жоғары математика кезеңі. XVII ғасырдан бастап XIX ғасырдың орта тұсына дейін созылған бұл дәірде жоғары математикалық білім негізін қалайтын математика салалары болды. Олар Декарт (1596-1650) еңбектерінде жасалынған аналитикалық геометрия, Ньютон (1642-1727) және Лейбниц (1646-1716) негізін құрған дифференциалдық және интегралдық есептеулер, ықтимаодықтар теориясы т.б. Қазіргі математика кезеңі. Бұл дәуір XIX ғасырдың ортасынан басталады. Мұнда математика пәні мен қолданылу облыстары мейлінше кеңейіп, көптеген математикалық жаңа теориялар пайда болады. Математиканың оқыту әдістемесі соңғы жылдары қарқынды дамып мазмұны жағынан да, ғылыми әдіс-тәсілдері жағынан да кемелденген педагогиканың бір саласы. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсат-мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, методикалық зерттеулерді, есеп шығаруды және оларды оқушыларға түсіндірудің жолдарын оқытудың техникалық және көрнекі құралдарын оқу процесінде пайдалану әдістемесін, оқушыларды оқу-ісіне жұмылдыру тәсілдерін, педагогика ғылымы мен озат тәжірибе жетістіктерін мектеп практикасына батыл енгізу тәсілдерін жоғары мектеп қабырғасында жүргенде игеруі тиіс. Математиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым сондықтан да ол қазіргі қоғамның талаптарына сай педагогика ғылымы анықтап берген жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылады. Математиканы оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалдарын беру, оқушылардың математикалық білімді саналы меңгеру және алған білімінпрактикада қолдану іскерліктерін шыңдау әдістері мен құралдарын тағайындайды.
1. Математиканы не үшін оқыту керек?
2. Нені оқыту керек? Қандай тәртіппен, ретпен оқыту керек?
3. Математиканы қалай оқыту керек?
Математиканы оқыту әдістемесі шартты түрде үш салаға бөлінеді:
1. Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі.
2. Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі.
3.Математиканы оқытудың нақты әдістемесі.
Сонымен математиканы оқыту әдістемесі болашақ мұғалімдерді оқыту мен тәрбиелеудің жалпы теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Математиканы оқытудың негізгі міндеті – қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті тынысы мен еңбек әрекетіне қажетті білімін одан әрі жалғастыруға жеткілікті математикалық білім мен біліктілікті жүйелі түрде тиянақты әрі саналы меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, әдістемелік зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды түсіндірудің жолдарын жоғары мектеп қабырғасында игеруі тиіс. Математиканы оқытудың арнайы методикасы оқушылардың жасына, оқу материалдарының мазмұн ерекшеліктеріне сәйкес курсты оқытудың дербес мәселелерін қарастырады. Арнайы методика белгілі бір тақырыпты (мысалы векторлар) немесе программаның бір тарауын оқытудың реті жайында жүйелі нұсқау береді, оқу құралдарын қалай қолдану жөнінде ұсыныс жасап, оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстар мен жаттығуларға арналған тапсырмалар үлгісін көрсетеді, оқыту процесінің жеке мәселелерін (мысалы, мектеп математикасындағы геометриялық шамалар туралы ұғым) қарастырады.
Математиканы оқытудың нақты методикасында
1) жалпы методиканың жеке мәселелері (мысалы, математика сабақтарында және кластан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру; V класс математикасының сабақтарын жоспарлау және т.б.);
2) арнайы методиканың жеке мәселелері (мысалы, «Үшбұрыштар» тақырыбын оқытуда оқушылардың есептеу шеберліктерін шыңдау т.б.) қарастырылады.
Сонымен бірге, математиканың пропедевтикалық (дайындық) және жүйелі (негізгі) курстарын оқыту методикасы да бар. Математиканы оқыту методикасының методологиялық негізі – маркстік-лениндік философия мен жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі маркстік-лениндік ілім. Объективті дүниені тану процесі оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын танып білуді де қамтиды. Оқыту мен тәрбиенің заңдылықтарын танып білуді де қамтиды. Оқыту мен тәрбиенің заңдылықтарының мән-мағынасын түсіну танымның диалектикалық әдістері негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан педагогикалық құбылыстарды тану процесі танымның лениндік теориясының «нақты аңғарудың абстракті ойлауға және одан практикаға көшу…» дейтін белгілі қағидасы негізінде құрылуы тиіс. Диалектикалық әдістерді методикалық зерттеулерге қолдану педагогикалық құбылыстарды өзара байланыста, дамыта отырып жан-жақты зерттеуді, сандық өзгерістерден сапалық өзгерістерге көшуді талдауды, қарастырылып отырған құбылыстардың ішкі қайшылықтарын анықтауды және алынған фактілерді материалистік тұрғыда түсіндіруді талап етеді. Сондай-ақ, тарихи-методикалық және салыстырмалы-методикалық зерттеулер қарқынды дамуда. Тарихи-методикалық зерттеулердің негізгі бағыты – математика пәні мен оның методикасының даму ағымы. Ал салыстырмалы-методикалық зерттеулер пәні – шетелдерде математиканы оқыту методикасының өрістеуіне көмектесетіні сөзсіз. Методиканың басты міндеті – білім беру. Сондықтан программа жасағанда, оқулықтар жазғанда, мұғалімдерге арналған методикалық құралдар шығарғанда, сабақ тиімділігін арттыруға бағытталған техникалық және көрнекі құралдар жасағанда алған білімді ескрудің зор практикалық маңызы бар. Сонымен бірге, методика мектеп математикасының мақсатын, міндеті мен мазмұнын ашып береді. Оқытудың әдістерімен және түрлерімен, оқыту құралдары жүйесімен, кластан тыс жұмыстардың мазмұны және жүргізу әдістерімен, тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерімен қаруландырады. Дегенмен, методиканың дамуына практика да зор әсер етеді. Методикалық идеялар мен жетістіктер практикалық қажеттіліктен, мұғалімдердің төл тәжірибелерінің негізінде жасалып, методикалық ұсыныс ретінде мектеп практикасына енгізіледі. Математиканы оқыту методикасының міндеті математиканы оқыту процесін зерттеу, заңдылықтарын ашу, оны пән ретінде оқыту теориясын жасау болып табылады. Математиканы оқыту методикасының жалпы міндеттерін көрсете отырып, оның мынадай дербес міндеттерін атап айтуға болады.
Пәннің мазмұны мен құрамы туралы жалпы міндеттер:
1) мектептегі оқу пәні ретінде математика курсының мазмұнын анықтау және оның ғылыми негізін жасау; курс мазмұнының шығуы мен дамуының ерекшеліктері мен алғы шарттарын ашып көрсету;
2) математика курсының мазмұны мен құрылу логикасын ғылым мен техниканың және қоғамымыздың бүгінгі талаптарына сәйкестендіру.
Сөйтіп, бұл міндеттерді шешу – математика пәнәнің мазмұнын анықтау мен жасаудың ғылыми негіздеріне теріледі.
Пәннің мазмұны мен құрамы жөніндегі дербес міндеттері:
1)Совет мектебінде математианы оқытудың қазіргі таңдағы міндеттері мен мақсаттарын анықтап, осыған сай пән мазмұнының ғылыми дәржесін көрсету;
2) математика пәніне керекті ғылыми материалдарды іріктеп алу принциптерін көрсету және оларды оқыту ретін анықтау;
3) шетелдік мектептердегі матьематика пәнінің мазмұнын зерттеу және кәдеге жарайтындарын пайдалану;
4) оқушыларға арналған оқулықтар мен оқу құралдарын дайындаудың және оларды одан әрі жетілдірудің ғылыми негіздерін жасау болып табылады.
Математиканы оқыту жөніндегі жалпы міндеттер:
1) Математиканы оқытудың ерекшеліктерін анықтау және оларды ғылыми негіздеу;
2) педагогикалық процестің жалпы заңдылықтарын математиканы оқытудың нақты ерекшеліктеріне қолдану процестерін зерттеу;
3) математиканы оқытудағы озат тәжірибені зерттеу және қорытындылау;
4) педагогикалық жаңалықтар мен жетістіктерді математиканы оқыту процесіне икемдеу және практикаға енгізу техникасы мен методикасын жасау. Сонымен, бұл міндеттерді шешу ғылыми негізделген, практикада сыннан өткен оқыту методикасы мен әдістерін мектеп өміріне енгізу болып табылады.
Математиканы оқыту жөніндегі жеке міндеттер:
1) оқытуды ұйымдастыру формаларын жасау;
2) оқушылырдың білімін бағалау және оқытудың жеке әдістері мен тәсілдерін жасау;
3) оқыту процесінің тиімділігін тексеру;
4) мұғалімнің сабаққа дайындалуының мәнін ашып көрсету;
5) кластан тыс жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері мен мазмұнын ашып көрсету.
Оқу процесінің бұл проблемаларын зерттеу мақсаты оқу және тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мен оның жоғары көрсеткіштерге жетуін қамтамасыз ететіндей оқыту теориясы мен методикасының принциптік негіздерімен қаруландыру.
Математиканы оқыту теориясы жайындағы ілім бойынша жалпы міндеттер:
1) математиканы оқыту процесінде жүзеге асырылатын оқушылардың оқу қызметінің әр түрінің ерекшеліктерін анықтау және талдау, сондай-ақ олардың тәрбиелік мәнін ашып көрсету;