ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 198
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Территория – ол жағрапиялық кеңістік, мемлекеттің физикалық негізі.
Тұрғындар – ол мемлекет территориясында тұратын, оның билігіне бағынатын және ұлттың немесе елің құрайтын адамдар жиынтығы.
Саяси билік – ол «ұйымдасқан азшылықтың» – яғни саяси элита және халықтың арасындағы үстемдік пен бағыну қарым-қатынасы.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
Территория бірлігі
Ұлттың өз анықтаушылығы
Қоғам үстінде тұрып және оның басқарып отыратын белгілі жүйе қоғам өмірінің негізгі саласымен басқарып отыратын публикалық биліктік бар болуы.
Құқықтың болуы, яғни халық билігімен орнатылған және санкцияланған міндетті мінез-құлық тәртібі.
Салық – ол публикалық билік арқылы мемлекеттің қызметін жүзеге асыру кезіндегі пайда болған шығынтарын жабу және толтыру үшін азаматтар мен коммерциялық ұйымдар алатын міндетті төлеу.
Тәуелсіздік – ол мемлекет биліктің тәуелсіздік ұйымдастыруын ұсынады.
Жоғары айтылғанның негізінен мемлекетке осындай анықтама беруге болады. Мемлекет – ол материалдық-қаржы ресурстар және қоғаммен арналған механизмнің көмегімен құқық негізінен басқарушылығының жүзеге асыратын, анықталған территорияда ұлттын немесе көпұлттың жалпылығымен қалыптасатын саяси ұйымның ерекше түрі.
Мемлекет өзін басқа саяси институттардан айыратын бір қатар қызметтерін атқарады.
Мемлекет қызметтері – ол оның іс-әрекетінің басты бағыттамалары. Дәстүр бойынша мемлекет қызметі ішкі және сыртқыға бөлінеді. Ішкі қызметіне саяси, экономикалық, ұйымшылдық, құқықтың, әлеуметтік, мәдени - тәрбиешілдік жатады. Саяси қызметтің міндеті саяси тұрақтылыққа қамтамасыз ету, биліктік әрекеттерді жүзеге асыру, саяси бағыттама бойынша жұмыс жасау немесе таптың саяси үстемділігін тірек ету.
Экономикалық қызмет салықтың және несиелік саясаттың көмегімен экономикалық үрдістерді реттейді, координация жасайды және ұйымдастырады, экономикалық өсуіне стимул тұғыстырады немесе жоспарлау жүйесін пайдаланады ж.т.б.
Ұйымдастырушы қызмет биліктің әрекетін жүзеге асырады, шешімдерді атқарады, мемлекеттік аппараты қалыптастырады және қолданады, заң орындауына бақылау жүргізеді, саяси жүйенің әр түрлі субъектілерінің әрекет координациясын жүзеге асырады.
Құқықтық қызмет – құқық тәртіп орнатады, қоғамдық қарым-қатнастарды және азаматтардың қылықтарын, қоғамдық құрылымды экстремистердің бұзушылық әрекетінен қорғайтын құқықтық нормалар орнатады.
Әлеуметтік қызмет адамдардың өмірлік маңызды қажеттіліктердің қанағаттандыру, деңсаулығын сақтау, қарт адамдарға, мүгедектерге, жұмыссыздарға, жастарға, әлеуметтік кепілін беру, өмірін және деңсаулығын сақтау.
Мәдени-тәрбиелік қызмет адамдардың мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай тұғызуға бағытталған отандық және әлемдік көркемдік мәдениетке ендіру, патриотшылдықты, азаматшылдықты, ұнатпаушылықты тәрбиелейді. Сыртқы қызметтің арасынан екіге бөледі.
Қорғау қызметінің міндеті елдің тұтастылығына қауіпсіздігіне және тәуелсіздігіне қамтамасыз ету. Ынтымақтастық қызметі ол экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, саудалық және басқа салаларда қарым-қатынас құру.
. Мемлекет ұғымы, пайда болуы, негізгі тұжырымдамалары
Г. Гегель «Әрбір мемлекет өзіне сәйкес, сай келетін мемлекетті құрады».
Мемлекет ұғымы екі мағынада қолданылады. Біріншісі, «ел», «жұрт» деген мағынада тұтас территориясы халқымен алып түсіндірілсе, екіншісінде тек жоғарыды қолында билігі бар басшылар тобын ғана айтады.
Мемлекеттің белгілері:Территория, Тәуелсіздік немесе егемендік, Мемлекеттік билік, Халық, Салық салу құқығы.
Мемлекеттің пайда болуы туралы бірнеше тұжырымдамалар бар. Олар:
Қоғамдық келісім теориясы (Дж. Локк, Т. Гоббс); Т. Гоббс: Мемлекет әлеуметтік келіспеушіліктерді шешуге және күш көрестуді легитимді қылдыру үшін құрылған., Дж. Локк: Мемлекет билікті шектеу мақсатында құрылған., зорлық-зомбылық тұжырымдамасы (Л. Гумплович); Маркстік концепция (К. Маркс); Теологиялық тұжырымдама (А. Августин); Патриархалдық теория (Конфуцийден бастау алады).
Мемлекет түрлері мен қызметі
Мемлекет бірнеше түрлерге бөлінеді.
Басқару түріне байланысты: монархия (абсолюттік, дуалистік және конституциялық) және республика (президенттік, парламенттік және аралас).
Абсолюттік монархияға Сауд Аравиясы, Катар, Кувейт, Оман, Бруней жатады.
Конституциялық монархияға Бельгия, Испания, Люксембург, Монако, Ұлыбритания, Дания, Швеция, Нидерланды, Жапония, Норвегия жатады.
Дуалистік монархияға жататындар: Иордания, Марокко, Тунис.
Абсолютік монархияның белгілері:
-
монарх билігі Конституция немесе заңдармен шектелмеген; -
Парламент жоқ, немесе оның іс-қимылы барынша шектелген.
Конституциялық монархияның белгілері:
-
Конституция монарх билігін шектейді; -
монарх мемлекет символы ретінде, бірақ нақты биліктік құзыреті жоқ; -
үкімет монарх алдында жауапты емес.
Дуалистік монархия белгілері:
-
билік монарх пен парламент арасында бөлінген; -
монарх үкіметті тағайындайды; -
монарх парламент шығарған заңға вето жариялай алады.
Парламенттік республикаға жататындар: Италия, Германия, Израиль, Индия, Греция, Австрия.
Президенттік республикаға жататындар: АҚШ, Индонезия, Иран, Ирак, Кипр, Швейцария (бұл мемлекетте үкіметтің міндетін президент атқарады, ол Парламент (Федералдық Жиын) арқылы Федералдық Кеңес (Үкімет) мүшелерінен бір жыл мерзімге сайланады, бір-ақ рет).
Президенттік республика белгілері:
-
Президент мемлекет басы және атқарушы билікті басқарады; -
Президент үкіметті құрады; -
Үкімет президент алдында жауапты; -
Президент парламент шығарған заңдарға вето қоя алады.
Парламенттік республика белгілері:
-
Мемлекеттегі басты күш Парламент болып табылады; -
Президентті парламент сайлайды; -
Үкімет парламент алдында жауапты; -
Үкімет парламентте көп орын иеленген партия арқылы құрылады; -
Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алады.
Аралас республикаға жататындар: Франция, Перу, Португалия, Финляндия, Исландия.
Оның белгілері:
-
Президент жалпы сайлау арқылы сайланады; -
Президент кең құзыреттерге ие; -
Президент пен атқарушы билікті басқаратын премьер-министр Парламент алдында жауапты.
Мемлекеттік құрылымына байланысты: унитарлық (Польша, Франция, Турция, Египет, Япония, Швеция), федеративтік (Россия, АҚШ) және конфедеративтік болып бөлінеді.
Унитарлық мемлекетті біріктіреді:
-
ортақ Конституция; -
ортақ заң шығарушы орган; -
ортақ әкімшілік-территориялық бөліну; -
ішкі шекараның болмауы; -
ортақ саясат.
Унитарлық мемлекеттің кемшіліктері:
-
заң шығарушы аппараттың икемсіздігі; -
аймақтардың мәселелерін ескермеу; -
этностық топтардың пікірімен санаспау.
Федеративті мемлекет белгілері:
-
бірнеше Конституция, азаматтық құқық бар; -
федеративті және аймақтық сот және атқарушы билік қатар жұмыс істейді; -
территориялық бірліктердің өз бетімен федерациядан шығуға құқығы жоқ; -
саяси салада орталыққа бағынған.
Конфедерация белгілері:
-
ортақ Конституция жоқ, тек құжаттарды қабылдағанда бірігеді; -
азаматтық ортақ емес; -
ортақ конфедеративтік сот жүйесі жоқ.
Діни белгісіне байланысты: зайырлы және діни болып бөлінсе, саяси режимнің қалыптасуына байланысты демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық болып үшке бөлінеді.
Негізгі приоритетті қызметіне байланысты құқықтық және әлеуметтік деп бөлеміз.
Қазақстан Республикасы осылырдың ішінде қайсына жатады?
Мемлекет негізгі екі қызмет атқарады: ішкі және сыртқы. Ішкі қызметіне жататындар:
-
экономикалық салады мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, уйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді; -
әлеуметтік өмірді ұйымдастырады; -
заңдылықты қамтамасыз етеді; -
мәдени-тәрбиелік салада жұмыс атқарады; -
Сыртқы қызметіне жататындар: -
мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау; -
өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау; -
ауқымды мәселелерді шешуге араласу; -
басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау;
Сайып келгенде мемлекеттің басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау.
Мемлекеттік құрылым және басқару түрі
Басқару түрі – ол жоғарғы мемлекеттік биліктің ұйымдастыру тәсілі, органдарының қарым-қатынас жасау принципі, және оның қалыптасуына тұрғындардың қатысуы.
Басқару түрінің екі негізгі түрінайырады; монархия және республика.
Монархия – ол басқару түрі осыған сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік мемлекет басшысының қызметін көбінесе басқа билік қызметін біріктереді. Олар: заң шығарушы және атқарушы билік бір адамның қолында болады – ол монарх.
Монархия екі түрінде өмір сүреді: абсолюттік және конституциялық. Абсолюттік монархияда мемлекеттік билік монархтың өзімен жүзеге асады.
Конституциялық монархия. Онда монарх билігі басқа билік органдарымен шектелген, ол конституцияға негізделген.
Республика – басқару түрі, онда мемлекеттегі жоғарғы билік сақтаушы органға жатады, олар парламентке және президентке. Республиканың бір неше түрі бар. Олар: парламенттік, президенттік және аралас.
Парламенттік республиканың ең басты айырмашылығы – ол үкіметтің парламент негізінен қалыптасуы және парламент алдында формалдық жауапкершілігі.
Парламенттік республиканың айыру белгісі, онда (АҚШ, Азия елдері, Африка) приезидент бір уақытта мемлекет басшысы және үкімет басшысы, ішкі және сыртқы саясатпен басқарады және қарулы күштердің жоғарғы күштердің басшысы болады.
Аралас республика Австрияда, Ирландияда, Португалияда, Польшада, Финляндияда, Болгарияда ж.т.б. елдерде бар.
Бұнда күшті президенттік биліктің және парламенттің үкімет іс-әрекетіне бақылау жасау.
Мемлекеттің территориялық-ұйымшылдық құрылымы оның құрамдасының түрі болып келеді.
Мемлекеттік құрылымының түрі әр түрлі болады. Саясаттануда мемлекеттің унитарлық, федеративтік, конфедерациялық және империя түрлерін көрсетіледі.
Унитарлық мемлекеттік құрылымға, бір территория, бір Ата заң, орталықталған сот жүйесі, мемлекеттік биліктің жоғаррғы органдардың бір жүйесі, бір азаматтық сәйкес. Мысалы: Қазақстан, Япония, Англия.
Федерация ол одақтық мемлекет болып келеді. Анықталған тәуелсіздігі бар автономиялық мемлекеттерден құрылған. Мысалы: Ресей, АҚШ, Германия.
Конфедерация – ол бір жалпы- сыртқы саяси, қорғау экономикалық мақсаттарға жету үшін тәуелсіз мемлекеттердің одағы. Қазіргі кездерде өте сирек кездеседі, тіпті жоқ деп айтуға болады.
Федеративтік мемлекеттің құрылымның бір типі, ол империя, (латын тілінде- империум – мемлекет билігі). Оларға кең территория, күшті орталықталған билік, әр елдік ұлттық және тұрғындардын мәдени құрамы сәйкес.
Мемлекет мынандай сипаттармен айқындалады:
1) Бұқаралық билікті жүзеге асыратын адамдардың ұйымы, ол үшін нормалық-құқықтық және ақпараттық-идеологиялық жағдайларды қалыптастырып отырады.
2) Елдің барлық территориясын қамтитын жағдайда салықтарды алып отыратын ұйым. Мемлекет саяси билікті жүргізетін құрылым екендігі белгілі. Әр түрлі қоғамда мемлекеттің билігі де өзгеріп отырады, қызметінің түрлері де көбейіп отырады. Соңғы уақытта мемлекет үстем таптардың мүддесіне орай езілуші таптардың мүддесіне орай езілуші таптардың қарсылығын басып отыратын аппарат деп келеді. Бұл дұрыс та. Тек бұл қырынан келіп қарау маркстік теорияны жете бағаламаумен бірдей. «Анти-Дюринг», «Л.Фейербах және неміс классикалық философиясының ақыры», «Семьяның, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбектерді талдай келіп, біз мынандай қорытындыларға келеміз: