Файл: 78 сыныптара арналан дегейлік тапсырмалар Алматы 2008ж.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 1803

Скачиваний: 40

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Күш және салмақ
НҰСҚА 7 7/3


А-ТОБЫ




  1. Толтыра сұйық құйылған ыдысқа әсер ететін ауырлық күші 28 Н. Егер бос ыдыстың массасы 1,8кг, ал ыдыстың көлемі 2 л болса, ыдыстың ішіне қандай сұйық құйылған?




  1. Дүкеннен 2 кг нан, 5 кг картоп, 400г май және 1 кг 200г ет сатып алынды. Сатып алынған нәрселердің жалпы салмағын анықта.




  1. Динамометрдің серіппесі 4Н күштің әсерінен 5 мм-ге ұзарды. Осы серіппенің 16мм ұзартатын жүктің салмағын анықта.




  1. Массасы 0,5 кг ыдысқа көлемі 4 л керосин құйылды. Осы ыдысты көтеру үшін қандай күш жұмсау керек. к800 кг/м3.




Б -ТОБЫ




  1. 5Н күшпен әсер еткенде серіппе 8см ұзарды. Осы серіппеге 7 Н күш әсер етсе, ол қанша ұзарар еді?




  1. Радиусы 10см, қалыңдығы 1 см іші қуыс мыстан жасалған шардың салмағы қандай болады? м8900 кг/м3.


Ескерту: - шар көлемі, R – шардың радиусы


С-ТОБЫ




  1. Темір цилиндрдің биіктігі 30см, оның табанының сыртқы радиусы 15 мм, ал ішкі радиусы 13мм. Осы цилиндрдің салмағы неге тең? Цилиндрдің көлемі V=R2h, т7,8 г/см3.





Күш және салмақ
НҰСҚА 8 7/3


А-ТОБЫ




  1. Ішінде суы бар ыдыстың салмағы 2,5Н. Егер бос ыдыстың массасы 120г болса, ыдыстың ішіндегі судың көлемі қандай? с103 кг/м3.




  1. Егер серіппені 120Н күшпен созса, ол 4см-ге ұзарады. Осы серіппе 90Н күштің әсерінен қанша сығылар еді?




  1. Ұзындығы 4 м, ені 20см, қалыңдығы 4 см, шырша тақтайдың салмағы қандай? ш600 кг/м3.




  1. Горизонталь қозғалып келе жатқан машинаға двигательдің 1,25 кН тарту күші, 600Н үйкеліс күші, ауаның 450Н кедергі күші әсер етеді. Осы күштердің тең әсерлі күштері неге тең?




Б-ТОБЫ




  1. Массасы 240г бос ыдысқа көлемі 75см3 су құйылған. Суы бар ыдыстың салмағы қандай? с103 кг/м3.




  1. 1 мин ішінде адам демін ішке 15 рет тарқанда өкпесіне 600см3 ауа келеді екен. Бір сағатта адамның өкпесі арқылы өтетін ауаның салмағын есептеп шығарыңыздар. ауа1,29 кг/м3.




С-ТОБЫ




  1. Динамометірге өлшемдері 8х3х0,3 см мыс білеушені ілген кезде, серіппе 1,9 см-ге ұзарды. Егер динамометрдің бөліктер құны 0,1Н болса, онда әр бөліктің арасының ұзындығы қандай болады? М8,9 г/см3.






Күш және салмақ
НҰСҚА 9 7/3


А-ТОБЫ




  1. Өлшемдері 5х7х10 см мыс білеуше үстел үстінде жатыр. Осы білеушенің салмағы қандай? м8900 кг/м3, g10 Н/кг.




  1. Массасы 1 кг ыдысқа көлемі 5 л керосин құйылған. Ыдысты көтеру үшін қандай күш жұмсау керек? к800 кг/м3.




  1. Көлемі 65 см3 мырыштың салмағы қандай? м7100 кг/м3.




  1. Кеме бір-біріне тіркелген үш баржаны сүйреп келеді. Су бірінші баржаға 9000Н, екіншісіне - 7000Н, үшіншісіне - 6000Н кедергі күшін түсіреді. Кеменің өзіне түсіретін судың кедергі күші 11кН. Баржалар бір қалыпты қозғалады деп есептеп, осы баржаларды тартқанда, кеменің өндіретін тарту күшін анықта.




Б-ТОБЫ




  1. 2,5Н күшпен әсер еткенде серіппе 4 см ұзарды. Осы серіппеге 3,5Н күш әсер етсе, ол қанша ұзарар еді?




  1. Іші қуыс шойыннан жасалған кубтың қырының ұзындығы 12 см. Егер осы кубтың салмағы 50Н болса, куб қабырғасының қалыңдығы қандай болады? ш7000 кг/м3.




С-ТОБЫ




  1. Биіктігі 30 см, ені 20 см, қалыңдығы 3 мм, алюминийден “П” әріпін қиып алды. Әріп сызықтарының ендері бірдей, 5см-ден. Осы әріптің салмағы қандай? А2,7 г/см3.




Күш және салмақ
НҰСҚА 10 7/3


А-ТОБЫ




  1. 0,5л өсімдік майының салмағы қандай?  900 кг/м3.




  1. Адам салмағы 500Н жүкті көтере алады. Егер ыдыстың массасы 2 кг болса, адам көтеру үшін қанша сынап құю керек? с13,6103 кг/м3.




  1. Салмағы 400Н бала салмағы 100Н кіртасты жоғары көтеріп ұстап тұр. Ол жерді қандай күшпен басып тұр?




  1. Қорғасыннан жасалған кубтың қыры 10 см. Оның салмағы қандай? Қ11300 кг/м3.




Б-ТОБЫ




  1. Сыйымдылығы 10л ыдысқа сүйық құйылды. Егер осы сұйықтың салмағы 80Н болса, оның тығыздығы қандай?




  1. Массасы 60 кг адам, салмағы 40 кг жәшікті көтеріп келеді. Ол еденге қандай қысым күшін түсіреді?




С-ТОБЫ




  1. Іші қуыс қалайыдан жасалған кубтың қырының ұзындығы 10см. Егер оның салмағы 51Н болса, кубтың ішіндегі қуыстың көлемі қандай болар еді? Қ7,3 г/см3.





Сұйықтардың және газдардың қысымы. Қатынас ыдыстар. Гидравликалық пресс.
НҰСҚА 1 7/4


А-ТОБЫ




  1. 3 кН күш 600см2 ауданға біркелкі әсер етеді. Қысым (Паскаль есебімен) қандай?




  1. Гидравликалық престің кіші поршеньіне 200 Н күш әсер етеді. Егер кіші поршеньнің ауданы үлкеніне қарағанда 25 есе кіші болса, үлкен поршеньге қандай күш әсер етер еді?




  1. Гидравликалық көтергіштің үлкен поршеньінің ауданы 375 см2. Кіші поршеньнің ауданы қандай болғанда, оған 160 Н күшпен әсер етіп, салмағы 12 кН жүкті көтеруге болады?




  1. Массасы 45 кг, ал бір аяқкиімінің табанының ауданы 150 см2 болатын бала, еденге қандай қысым түсіреді?




Б-ТОБЫ




  1. U тәрізді қатынас ыдыстың ішінде су бар. Ыдыстың ендісінің көлденең қимасының ауданы, жіңішкесінен 4 есе үлкен. Қатынас ыдыстың жіңішке жағына бағанының биіктігі 20 см болатындай керосин құйылса, ыдыстың үлкен бағанындағы су деңгейі қанша көтеріліп, жіңішке жағындағысы қанша түсер еді?




  1. Гидравликалық машинаның кіші поршеньі 100Н күштің әсерінен 8 см түседі. Егер үлкен поршеньнің жүгімен салмағы 1,6 кН болса, ол қандай биіктікке көтеріледі?




С-ТОБЫ




  1. Тіктөртбұрышты параллелепипед пішінді ыдыстың ішіне салмақтары бірдей сынап және су құйылған. Сынап қабатының биіктігі 6 см болса, су қабатының биіктігі қандай болады. сын13,6103 кг/м3, су103 кг/м3.





Сұйықтардың және газдардың қысымы. Қатынас ыдыстар. Гидравликалық пресс.
НҰСҚА 2 7/4


А-ТОБЫ




  1. Үшкір иненің ұшының ауданы 0,000006 см2. Инеге 3Н күш түсірсек, қысым қандай болар еді?




  1. Керосин құйылған бактің бүйірінде ауданы 8 см2 тесік бар. Осы тесіктің центрінен керосиннің еркін бетіне дейінгі биіктік 1,8 м. Тесікті тығынмен жабатын болсақ оған әсер ететін қысым күші қандай болар еді? к800 кг/м3.




  1. Қатынас ыдыстарда сынап және су бар (сурет). Су бағанының биіктігі 68 см. Сынап бірдей деңгейде болу үшін қатынас ыдыстардың сол жақтағы тармағына қандай биіктікке дейін керосин құю керек? к800 кг/м3, с103 кг/м3.





  1. Гидравликалық престің кіші поршеньінің ауданы 10см2. Оған әсер ететін күш 200Н. Үлкен поршеньнің ауданы 200см2. Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?




Б-ТОБЫ




  1. U тәрізді түтікшенің ішінде сынап бар. Түтіктің екі жағына су және май құйылды. Түтіктердің ішіндегі сынаптың деңгейі бірдей болу үшін, май бағанының биіктігі 20 см болса, су бағанының биіктігі қандай болады? с103 кг/м3, м0,9103 кг/м3.




  1. 10м тереңдіктегі су қоймасындағы қысымды килопаскальмен өрнекте. Атмосфералық қысым 105 Па.




С-ТОБЫ




  1. U тәрізді қатынас ыдыстың ішінде сынап бар. Қатынас ыдыстың біреуіне бағанының биіктігі h1=48 см май, ал екіншісіне бағанының биіктігі h2=20 см болатын су құйылса екі ыдыстағы сынап деңгейінің биіктігі қанша өзгереді? 10,9103 кг/м3, 2103 кг/м3, 313,6103 кг/м3.







Сұйықтардың және газдардың қысымы. Қатынас ыдыстар. Гидравликалық пресс.
НҰСҚА 3 7/4


А-ТОБЫ




  1. Гидравликалық престегі кіші поршеньнің әсерінен майдың 60 кН/см2-ге тең қысымы пайда болады. Егер үлкен прошеннің ауданы 0,07м2 болса, оған әсер ететін күштің қандай болатынын анықта.




  1. Гидравликалық престегі кіші поршеньнің ауданы 2 см2, ал үлкенінікі – 150 см2. Егер кіші поршеньге түсірілген күш 30 Н болса, үлкен поршеньге түсірілген күш қандай болады?




  1. Мұз 90 кПа қысымға төтеп береді. Осы мұздың үстімен массасы 5,4 т, бір шынжыр табанының ауданы 1,5 м2 трактор өте ала ма?




  1. Сыйымдылығы 2 л тіктөртбұрышты ыдысқа жартылай су, жартылай керосин құйылған. Ыдыстың түбінің пішіні қабырғалары 10 см болып келген квадрат деп алып, сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымын анықта.




Б-ТОБЫ




  1. Судың қандай тереңдігінде, қысым атмосфералық қысымнан екі есе үлкен болады? (армофералық қысым 1105 Па) 103 кг/м3.




  1. U тәрізді түтікте сынап, су және керосин бар (сурет). Түтіктің оң жағындағы сынап бағанының биіктігі h1 см болса, сумен керосиннің бағандарының биіктіктерін анықта. су103 кг/м3, к800 кг/м3, сын13,6103 кг/м3.







С-ТОБЫ




  1. U тәрізді қатынас ыдыстың біреуінің диаметрі екіншісінінен екі есе үлкен. Ыдыстарға сынап құйылды. Сынаптың үстіне ыдыстың жіңішке түтігіне бағанының биіктігі h250см су құйылса, ыдыстардағы сынап деңгейі қалай өзгерер еді? 2103 кг/м3, 113,6103 кг/м3.





Сұйықтардың және газдардың қысымы. Қатынас ыдыстар.
Гидравликалық пресс.

НҰСҚА 4 7/4


А-ТОБЫ





  1. Массасы 1 кг білеуше, көлденең тұрған тақтай бетіне 200 Па қысым түсіреді. Осы білеушенің тақтаймен жанасып тұрған бетінің ауданы қандай болар еді?




  1. Гидравликалық престің кіші поршеньінің ауданы 5 см2. Оған әсер ететін күш 600Н. Үлкен поршеньнің ауданы 200см2. Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?




  1. Сумен толтырылып, көлденең орналастырған құбырдың (сурет) кең жерінің көлденең қимасының ауданы 1 дм2, ал жіңішке жерінікі – 10см2. Б поршеньге әсер ететін 10 кН күшті теңгеру үшін А поршеньге қандай күшпен әсер ету керек?






  1. Биіктігі 40см, ұзындығы 50см және ені 40см тіктөртбұрышты ыдысқа толтыра су құйылған. Ыдыстың түбіндегі қысымды және судың салмағын анықта.

Б-ТОБЫ




  1. U тәрізді қатынас ыдыстың ішіне сынап құйылды. Егер ыдыстың бір жағына бағанының биіктігі 0,8м су, ал екінші жағына бағанының биіктігі 0,2м керосин құйылса, онда керосин жағындағы сынап бағаны қанша биіктікке көтеріледі? су103 кг/м3, к800 кг/м3, сын13,6103 кг/м3.




  1. Бөшке ішіндегі мұнайдың деңгейі түбінен 9,5м биіктікте болса, онда оның бөшке түбіне түсетін қысымын есептеңіздер. Сондай-ақ ауданы 290 м2 түпке түсіретін жалпы қысым күшін анықтаңыздар. м800 кг/м3.




С-ТОБЫ




  1. Цилиндр тәрізді ыдысқа массасы бірдей сынап және су құйылды. Сұйықтардың екеуінің жалпы деңгейлерінің биіктігі h=30см. Сұйықтардың ыдыс түбіне түсіретін қысымын анықта. (сурет) су103 кг/м3, сын13,6103 кг/м3.






Сұйықтардың және газдардың қысымы. Қатынас ыдыстар.