Файл: 78 сыныптара арналан дегейлік тапсырмалар Алматы 2008ж.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 1808

Скачиваний: 40

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жұмыс, қуат және энергия. Шығырлар мен иіндер
НҰСҚА 2 7/6


А-ТОБЫ




  1. Иіндерінің қатынасы . Кіші иінге ілінген жүктің массасы m1=5 кг болса, үлкен иінге ілінген жүктің массасы неге тең?




  1. Шахтадан массасы 10,5т жүкті бірқалыпты көтеріп шығару үшін, 6200 кДж жұмыс істелетін болса, шахтаның тереңдігі қандай?




  1. Ат массасы 200кг жүкті тегіс жолмен тартып келеді, тарту күші 750Н-ға тең. Аттың 440м жолда жұмысын анықта.




  1. Ат арбаға 100Н күш жұмсай отырып 3 м/с жылдамдықпен тартып келеді. Ат қандай қуат өндіреді?




Б-ТОБЫ




  1. Оқушы массасы 1,2 кг жүкті ұзындығы 0,8 м, биіктігі 0,2 м көлбеу жазықтықтың ең биік жеріне бір қалыпты қозғай отырып орналастырған. Бұл жағыдайда көлбеу жазықтықтың ұзындығына параллель бағытталған орын ауыстыру күші 5,4 Н-ға тең болған. Оқушы қондырғының ПӘК-ін есептеп шығарғанда қандай нәтиже алуы тиіс?




  1. Рычаг тепе-теңдікте болу үшін, тіреу нүктесін рычагтың сол жағынан қандай қашықтыққа қою керек (сурет). Рычагтың ұзындығы 60см, жүктердің массасалары m1=2кг, m2=3кг. Рычагтың массасы ескерілмесін.




С-ТОБЫ




  1. Қозғалтқышының қуаты N1=30кВт машина жүк тасығанда 115 м/с жылдамдық алады. Ал қозғалтқышының қуаты N2=20кВт машина жүк тасығанда 210 м/с жылдамдық алады. Егер осы екі машинаны темір арқылы жалғастырсақ машиналардың жылдамдығы қандай болар еді?




Жұмыс, қуат және энергия. Шығырлар мен иіндер
НҰСҚА 3 7/6


А-ТОБЫ




  1. Рычагтың ұштарына салмақтары 78,4 Н және 235,2 Н жүктер ілінген. Кіші иіннің ұзындығы 0,5 м болса, онда үлкен иіннің ұзындығы неге тең?




  1. Массасы 40 кг қыз бала, рычагтың көмегімен пілді қалай тепе-теңдікте ұстап тұруға болатынын ойластырды. Рычагтың бір ұшында 10м қашықтықта массасы 4 т піл тұрса қыз бала тіреу нүктесінен қандай қашықтықта тұруы керек болар еді?




  1. Ат массасы 300кг шананы 2 м/с жылдамдықпен бірқалыпты тартып келеді. Егер шананың 1 сағаттағы орын ауыстыру жұмысы 2,1 МДж болса, үйкеліс күші шананың салмағының қанша бөлігін құрар еді?




  1. Массасы 15кг жүкті көлбеу жазықтықтың бойымен бір қалыпты орын ауыстырғанда, жүкке байланған динамометр 40Н-ға тең күшті көрсеткен. Көлбеу жазықтықтың ұзындығы 1,8м, биіктігін 30 см деп алып, оның ПӘК-ін есептеңдер.




Б-ТОБЫ




  1. Салмақсыз рычаг тепе-теңдікте тұр (сурет). Егер рычагтың ұзындығы 40 см, АВ=30см, m2=6кг болса, m1 жүктің массасы неге тең?



  1. Шығыр валының диаметрі 20см-ге, ал дөңгелегінің радиусы 0,6-ге тең. Құдықтан салмағы 120Н суы бар шелекті көтеру үшін шығырдың дөңгелегіне шамасы қандай күш түсіру керек?




С-ТОБЫ




  1. Массасы 10кг, ұзындығы 40 см сырықтың ұштарына массалары 40 кг және 10 кг жүктер ілінген. Осы сырық тепе-теңдік қалыпын сақтауы үшін, тіреуді оның қай жерінен қою керек?




Жұмыс, қуат және энергия. Шығырлар мен иіндер
НҰСҚА 4 7/6


А-ТОБЫ




  1. Қуаты 5 кВт мотор массасы 4 т жүкті 20м биіктікке қанша уақытта көтеріп шығарады?




  1. Массасы 20 т бу балғасы 120см биіктікке он рет көтерілетін болса, ол қандай жұмыс атқарар еді?




  1. Көлемі 1,2м3 мәрмәр текшесін 8 м биіктікке көтеру үшін қандай жұмыс істеу керек? Осы мәрмәрді, сол биіктікке су ішінде көтеру үшін қанша жұмыс істейді? , .




  1. Оқушы массасы m жүкті ұзындығы l=2 м, биіктігі h=1м көлбеу жазықтықтың ең биік жеріне бір қалыпты сүйреп шығарды. Бұл жүкке көлбеу жазықтыққа параллель F=100Н-ға тең күш әсер ететін болса, жүктің массасы неге тең? (Шығын есептелмесін).




Б-ТОБЫ




  1. Рычагтың ұштарына 4Н және 36Н күш әсер етеді. Рычагтың ұзындығы 2 м. Егер рычаг тепе-теңдік қалыпта болса, оның тіреу нүктесі қай жерде болғаны?




  1. Массасы 200г жүкті шығырлар жүйесімен көтереді. Жүкті бір қалыпты көтеру үшін жүктің А нүктесіне қандай күш түсіру керек? (Үйкелістер ескерілмесін).



С-ТОБЫ




  1. Массасы m1=400кг, ұзындығы l=7м бөрененің бір ұшынан a=2м қашықтықта массасы m2700кг жүк ілінген. Бөрененің екі ұшына тіреу қойылған. Әр тіреуге түсетін қысым күшін тап.





Жұмыс, қуат және энергия. Шығырлар мен иіндер
НҰСҚА 5 7/6


А-ТОБЫ




  1. Спортшы еденнен массасы 120кг штанганы 1,5с-та 2 м биіктікке көтереді. Осы уақыт ішінде спортшының өндіретін қуаты қандай?




  1. Адам үйдің алтыншы қабатынан тоғызыншы қабатына көтерілгенде 5кДж жұмыс істейді. Үйдің әр қабатының ара-қашықтығы 3,2м болса, адамның массасы қандай?




  1. Шығырлар жүйесі тепе-теңдікте болу үшін (сурет), салмағы қандай жүкті ілу керек? (Шығырдың салмағы мен үйкелісі ескерілмесін).




  1. Қабырғада ілулі тұрған сағаттың тетіктерінің өндіретін қуаты 0,0001Вт. Егер сағаттағы жүктің массасы 860г болса, ол тәулігіне қандай биіктіктен түсер еді?




Б-ТОБЫ




  1. Шығырлар жүйесінің көмегімен шығырдың ілгегіне, ілінген тұрған (сурет) жүкті көтереді.

а) Арқанның а, в, с, d, e нүктелеріндегі керілу күшін анықтаңдар.

б) Осы жүйе күштен қандай ұтыс береді?


  1. Ұзындығы 1 м рычагтың ұштарына салмақтары 2 және 18Н жүктер ілінген. Рычаг тепе-теңдікте болу үшін тіреу нүктесі қай жерде болу керек?




С-ТОБЫ




  1. Массасы m=9 кг, ұзындығы =1м сырыққа екі тіреу қойылған. Тіреудің біреуі сырықтың сол жақ басына, ал екіншісі оң жақ басынан а10см қашықтыққа қойылған. Әр тіреуге түсетін қысым күшін тап?





Жұмыс, қуат және энергия. Шығырлар мен иіндер
НҰСҚА 6 7/6


А-ТОБЫ




  1. Рычагтың кіші иініне 600Н, ал үлкен иініне 40Н күш әсер етеді. Кіші иінінің ұзындығы 10см. Үлкен иінінің ұзындығын анықта.




  1. Оқушы мектептің екінші қабатына 20с-та көтеріледі. Қабаттың биіктігі 2м болса, массасы 40 кг оқушының өндіретін қуаты қандай?




  1. Жер жыртып жүрген трактор, ілгегіне 25,8 кВт қуат жұмсай отырып, 300м қашықтықты 1,5 минутта жүріп өтті. Трактор жеңетін кедергі күші қандай?




  1. Массасы 900кг балғаны бу 50см биіктікке, минутына 15 рет көтергенде, қандай қуат өндіреді?




Б-ТОБЫ




  1. Салмақсыз рычаг тепе-теңдікте тұр (сурет). Егер m1=4 кг, ал рычагтың ұзындығы 1 м, тіреу нүктесі рычагтың оң жақ ұшынан 20см қашықтықта тұрса, m2 масса неге тең болады?



  1. ПӘК-і 75% болатын иінтректің көмегімен массасы 150 кг жүкті 50см биіктікке көтерді. Егер рычагтың ұзын иініне 500Н күш әсер ететін болса, онда ол қандай қашықтыққа түсер еді?




С-ТОБЫ




  1. Массасы 200 кг ұзындығы 5м бөрененің бір ұшынан 3 м қашықтықта массасы 250 кг жүк ілінген. Бөрененің екі ұшына тіреу қойылған. Әр тіреуге әсер ететін қысым күшін тап.





Жұмыс, қуат және энергия. Шығырлар мен иіндер
НҰСҚА 7 7/6


А-ТОБЫ




  1. Массасы 0,4 кг қаршыға ауа ағынымен 70м биіктікке көтерілген. Құсты көтерген күштің жұмысын анықта.




  1. Шығырдың көмегімен жүк 0,8мин ішінде 10м биіктікке көтерілгенде 120 кДж жұмыс істелген. Жүктің массасын және жұмсалған қуатты есептеп шығар.




  1. Тереңдігі 20 м құдықтан 15с ішінде, шелегімен қоса алғанда массасы 12 кг суды көтеріп шығару үшін адам қандай қуат өндіреді?




  1. Газдың поршеньге түсіретін қысымы 1,2 МПа. Ауданы 40см2 поршеньді 15см-ге жылжыту үшін газдың атқарған жұмысы неге тең?




Б-ТОБЫ




  1. Ауыр жәшікті 12см биіктікке иіндерінің қатынастары 10:1 болтындай рычагтың көмегімен көтеру үшін қандай жұмыс істеу керек? Рычагтың үлкен иініне әсер ететін күш 150Н болса.




  1. Рычаг тепе-теңдікте тұр (сурет). АО рычагтың ұзындығы қандай? Айналу осі О нүктесінде АВ=40см m1=2кг, m2=3 кг. Рычагтың массасы ескерілмесін.



С-ТОБЫ




  1. Сырықтың бір ұшына массасы 12 кг жүк ілінген. Сырықтың жүк жағынан есептегенде 1/5-індей жеріне тіреу қойсақ, ол тепе-теңдікте болса, сырықтың массасы неге тең болар еді?






Жұмыс, қуат және энергия. Шығырлар мен иіндер
НҰСҚА 8 7/6


А-ТОБЫ




  1. Тереңдігі 10м шахтадан массасы 6 т суды қуаты 1 кВт насоспен сорып шығару үшін қанша уақыт қажет?




  1. Сорап (насос) бір секундта 20л суды 10м биіктікке көтерсе, 1 сағатта қанша жұмыс істер еді?




  1. 0,5м/с жылдамдықпен жүріп келе жатқан ойыншық машинаның өндіретін қуаты 2 Вт болса, машинаның тарту күші қандай?




  1. Шахтадан массасы 10,5 т көмір тиелген вагонды бірқалыпты көтергенде 6200 кДж жұмыс істелген. Шахтаның тереңдігі қандай?




Б-ТОБЫ




  1. Массасы 10кг тақтайдың астынан, ұзындығының ¼-індей жеріне, тіреу қойылған. Тақтайды тепе-теңдік қалыпта ұстап тұру үшін, оның қысқа бөлігіне тақтайға перпендикуляр қандай күшпен әсер ету керек?




  1. Шығыр діңгегінің диаметрі 14см, айналдырушы тұтқаның диаметрі 70 см болса, құдықтан сумен қоса есептегенде массасы 14 кг шелекті көтеріп шығару үшін тұтқаға қандай күш түсіру керек?




С-ТОБЫ




  1. Тақтайшаның жоғары ұшы топса арқылы бекітілген. Ал екінші ұшы суы бар ыдыстың ішінде түр (сурет). Су тақтайшаның дәл ортасына келгенде, тақтайша тепе-теңдікте болды. Ағаштың тығыздығы қандай?





Жұмыс, қуат және энергия. Шығырлар мен иіндер
НҰСҚА 9 7/6


А-ТОБЫ




  1. Ұзындығы 60 см болатын рычагтың ұштарына массасалары 100г және 500г жүктер ілінген. Рычаг тепе-теңдікте тұру үшін, тіреу нүктесі қай жерде болады?




  1. Өзендегі судың шығыны 500м3/с. Егер судың деңгейі бөгетпен 10 метрге көтерілсе, онда су ағыны қандай қуатқа ие болады? .




  1. Рычагтың ұзындығы 2 м. Рычагтың ұштарына 20Н және 140H күш әсер етеді. Егер рычаг тепе-теңдік қалыпта болса, онда тіреу нүктесі қай жерде болғаны?




  1. Жіптің бос ұшын 10см-ге жоғары тартатын болсақ, (сурет) онда жүк қанша биіктікке көтерілер еді?



Б-ТОБЫ




  1. Массасы 140 кг бөрене, екі арқанмен ілулі тұр. Егер 1=3м және 2=1м болса, арқанның керілу күштері қандай болады.



  1. Рычагтың көмегімен массасы 245кг жүкті бірқалыпты 6 см биіктікке ұзын иініне 500Н күш түсіріп, одан осы күштің түсу нүктесі 0,3м-ге төмендеген. Рычагтың ПӘК-і қандай?




С-ТОБЫ




  1. Ұзындығы 2 м бір текті шынжыр үстелдің үстінде жатыр. Шынжырдың ұзындығының 0,2м бөлігін үстел шетінен төмен түсіргенде, шынжыр төмен сырғи бастайды. Шынжырдың массасы 5 кг, үйкеліс күші шынжыр салмағының 0,1 бөлігіне тең. Шынжыр сырғанап түскенде үйкеліс күшіне қарсы қандай жұмыс атқарар еді?