ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 253
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
@оң жақ үшкіл нервінің II тармағының невралгиясы
@оң жақ жедел тіласты нервісінің невропатиясы
106. Қабылдау бөліміне 15 жыл сөйлеу бұзылысымен жүретін гипертониялық аурумен зардап шегетін науқас таңертеңгісін сөйлеу алмауына 65 жастағы әйел шағымданып түсті. Неврологиялық статус: есі анық, қарашықтары D=S, мұрын еріндік қатпары тегістелген, моторлы афазия, оң жақты гемипарез , бұлшықеттік тонус және сіңірлік рефлекс жоғарылаған, Бабинский симптои оң. Төмендегі диагоздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін болып табылады?
@+ишемиялық инсульт
@Жедел гипертониялық энцефалопатия
@Транзиторлы ишемиялық атака
@Серозды менингит
@Геморрагиялық инсульт
107. 72 жасар еркек саябақта отырғышта табылған. Есін жоғалтпаған. Жедел жәрдем дәрігері қарап тексергенде оң қолындағы қозғалыстың бұзылысы мен сөйлеудің қиындауы – кенеттен басының айналғандығы болғанын түсінуге болатын бөлек сөздер айтқаны анықталды. Құспаған. Қабылдау бөліміне жеткізілді. Қарап тексергенде: есі сақталған, әлсіз, апатиялы. Сөйлеспейді. Қарап тексергенге наразылық кейпімен қарайды. Пульсі аритмиялы, 104 рет минутына, жүрек тондары тұйық, АҚҚ 150/100 мм сын.бағ. Ауызының оң бұрышы төмендеген. Оң қолы қозғалмайды. Оң табаны сыртқа қараған. Сіңірлік рефлекстер оң жағында сол жағына қарағанда жоғары. Оң жақта Бабинский рефлексі оң. Келесі диагностикалық кезеңде қандай зерттеу жүргізілуі тиіс?
@+магнитті-резонансты томография
@Электроэнцефалография
@жалпы қан анализі
@қанның биохимиялық анализі
@электрокардиография
108. 25 жасар әйел аяқтарының жансыздануына және әлсіздігіне, жүрісінің шайқалуына, 3 күнге созылған жиі зәр жіберуге шағымданады. Стресстен кейін аяғында жансыздану болып 3аптаға созылып кейін өзі жазылған. Бір жылдан кейін аяғында әлсіздік , жүрісінде шайқалу болып гормональды терапиямен емделген. Екі жылдан кейін аяқтарында қайта ауру пайда болып, жамбас мүшелерінде бұзылыстар мен императивтік шақырулар болған. Қарау барысында: горизонтальды нистагм, төменгі спастикалық парез, мишықтық атаксия, зәр шығаруда императивтік шақырулар болған. МРТ-да: ақ шарда көптеген демиелиназацияланған гиперинтенсивті ошақтар байқалған. Төмендегі диагоздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін болып табылады?
a) бүйірлік амиотрофиялық склероз
b) жедел миелит
c) сирингомиелия
d) +шашыранды склероз
e) Гийена-Барре синдромы
109. 17 жастағы жасөспірім оңға қарағанда қосарлануға, аяқтарындағы әлсіздікке, жүріс барысында шайқалуға, үздіксіз зәр тұрып қалуына шағымданады. Ай бұрын стресстен кейін аяғындағы әлсіздікке, жүрісінің шайқалуын байқаған. Неврогогиялық статус: оң көзінің жеңіл қылилығы, оңға өқарағанда диплопия, скандирленген сөйлеу, төменгі спастикалық парапарез, кеуде рефлексі теріс, Ромберг қалпы тұрақсыз. Көз түбінде: көру нервінің бозаруы. Төмендегі диагоздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін болып табылады?
a) бүйірлік амиотрофиялық склероз
b) +шашыранды склероз
c) жедел шашыранды энцефаломиелит
d) сирингомиелия
e) полиомиелит
110. 54 жасар әйел оң аяғына берілетін беліндегі ауру сезіміне шағымданады. Айтуы бойынша ауру сезімі ауыр көтергеннен кейін пайда болып, қозғалыс кезінде және бір қалыпта ұзақ уақыт тұрғанда күшейеді. Оң жақ аяған жамбас сан және тізе буындарында бүгіп, сол жағында жатқанда жеңілдік алып келеді. Объективті: арқасы аздап бүгілген қалыпта фиксацияланған, ауру жағына еңкейсе ауырады, паравертебралды бұлшықеттердің айқын кернелуі. Ауру сезімі оң аяғының артқы бетінде табанның 5 саусағына дейін орналасқан. Табанның сыртқы бетінеде сезімталдық төмендеген. Ласег симптома оң жақта оң, Ахилл рефлексі оң жағынан жоқ. Омыртқа бағанының қай бөлігінде патология орналасқан?
a) Th 12- L1
b) L1-L2
c) +L5-S1
d) L3-L4
e) L2-L3
111. 22 жастағы әйел, емхана дәрігеріне ауыруының 3 ші күні ауызының құрғауына, заттардың екі еселеніп көрінуіне, көру қабілетінің нашарлауына, жутынудың қиындауына, қақалуына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. 3 күн бұрын қонақта салат, кәуап, үйде жасалған консервіленген шұжық жеген. Келесі күні әлсіздік, ауызының құрғауы, эпигастрии аймағында ауырсыну, 2 рет құсу болған. Көз алдында “тор”, заттардың екі еселеніп көрінуі, жұтынудың қиындауы, даусының қарлығуы пайда болғанын байқаған. Қарап тексергенде: есі анық, екі қабақта птоз, мидриаз. Сұйық тағамды жұтуы қиындаған, тамағында жайсыздық сезінеді.
Ең ықтимал диагноз?
*+Ботулизм
*Мидың ісігі
*Гипертониялық криз
*Тағамдық токсикоинфекция
*Ми қан айналымының жедел бұзылысы
112. 16 или 23 жасар еркек дене қызуының жоғарлауы, бас ауру, бас айналу жүрек айнумен бірге, эмоционалды лябилділікке, кейде галлюцинациялардың болуына шағымданады. Осы жағдай 3 күн бойы мазалайды. Объективті: аяқ-қолдарындағы гиперкинездер, қауысу қитарлық, диплопия, гипергидроз, бұлшықет тонусының төмендеуімен жүретін жеңіл пирамидті жеткіліксіздік. Анамнезінде жиі баспа ауруы. Қай алдын-ала диагноз ең мүмкін болып табылады?
a) Нейросифилис
b) Нейробруцеллез
c) Гентингтон хореясы
d) +нейроревматизм
e) шашыранды склероз
113. Ер кісі 50 жаста. Өткен жылы алғаш анықталған сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, ыдырау кезеңі, МБТ+. бойынша 1 категориямен толық терапиялық курс өтті. Терапиялық нәтижеге жетіп, бактерия бөлінуі тоқтады, бірақ ыдырау орнында каверна пайда болды. Рентгенограммада сол жағында жоғарғы бөлігінде айқын шекарасымен жұқа қабырғалы кольценирленген көлеңке анықталды. Төменде аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
a) сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративтң туберкулезі,ыдырау сатысанда
b) сол өкпенің жоғарғы бөлігінің фиброзды-кавернозды туберкулезі
c) сол өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы,ыдырау сатысында
d) +сол өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі
e) сол жақтық абсцедирлеуші пневмония
113+. Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің бірінші рет анықталған инфильтратты туберку-лезінің ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагнозбен 1 категория бойынша толық терапиялық курсын 50 жастағы Е. деген науқас былтырғы жылы алған.Терапевтік нәтижеге жеткен, бактерия бөлу тоқтаған, бірақ ыдыраған жерде каверна түзілген. Рентгенограммаға қараңыз:
Сіздің таңдаған мүмкін болатын диагноз:
*Инфильтратты туберкулез ыдырау фазасы
*Абсцестерленген пневмония
*Туберкуломаның ыдырауы
*+Өкпенің кавернозды туберкулезі
*Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі
114. Оң өкпенің бірінші сегментінде орналасқан инфильтратты туберкулез, ТМБ (+) алғаш рет 25 жастағы К. деген науқаста анықталған, ол науқас 2 ай бойы қарқынды фазасын 4 АБП-мен ауруханада емделді және жалғастырушы фазасының 4 ай жүргізілді. Бактерия бөлуі тоқталды.
Рентгенограммада –оң өкпенің 1-сегментінде шеті анық диаметрі 3 х3 см дейін біртекті/гомогенд фокусты і көлеңке көрінеді. Сіздің таңдаған болжама диагнозыңыз:
*Домалақ инфильтрат
*Толған киста
*Шеткі қатерлі ісік
*Эхинококк
*+Туберкулома
115. Жаңа туған нәрестенің әкесі фиброзды-кавернозды туберкулезбен ауырады. Ауру әкесімен қарым қатнас болмауы керек, бірақ рұқсат етіледі:
a) егер балаға БЦЖ екпе жасалған болса босану уйінен шыққансоң
b) емшек еметін балаға қарым қатнаста болу қауіпті емес
c) +БЦЖ екпе жасалғаннан кейін 6-8 аптадан кейін
d) БЦЖ екпе жасалғаннан кейін 9-10 аптадан кейін
e) ауру әкесі толық емделгеннен соң
117. Бала 6 жаста, 2 ТЕ-мен туберкулинді Манту сынамасын жасады, нәитжесі - папула өлшемі 15 мм, Диаскинтест оң. Толық текеріп болған соң «Гиперергиялық реакция» диағнозы қойылды. Бала жиі суық тиумен және бронхитмен ауырады. Сіздің БАРЫНША бағытталған тактакаңыз?
a) этамбутол мен рифампицинмен 2 ай химиопрофилактика өткізу
b) изониазид пен этамбутолмен 2 ай химиопрофилактика өткізу
c) +изониазидпен 6 ай химиопрофилактика өткізу
d) изониазидпен 3 ай химиопрофилактика өткізу
e) 1 категория бойынша ем жүргізу
118. 62 жастағы ер кісіде АҚҚ 175-190/95-110 мм.с.б дейін жоғарлайтыны анықталды.Ем қабылдауы тұрақсыз.Дене салмағы -100 кг, бойы- 165см., бел өлшемі-105см. Объективті: жүректің сол жақ шекарасы 5 қабырға аралықта сол жақ бұғана ортаңғы сызығынан 1 см солға. ЭКГ: ритмі синусты, Соколов-Лайон индексі – 40мм. МАУ – 300 мг/тәулігіне. Ұйқы артериясының интима-медиа кешені - 1мм. Алдағы 10 жылда кардио-васкулярлы катастрофаның даму жиілігі қандай ?
a) 10% дейін
b) 10-15%
c) 16-20%
d) 21-30%
e) +30% жоғары
119. Ер бала 19 жаста, дәрігерге мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюына, ауырсынуына, дене температурасының 38оС дейін жоғарлауына, әлсіздікке шағымданып келді. Қарап тексергенде лимфа түйіндерінің бетіндегі тері жабындысы гиперемияланған. Пальпациялағанда лимфа түйіндері эластикалы, қозғалмалы,бір бірімен жабыспаған, ауру сезімімен.Кеуде қуысының рентгенограммасында түбірінде петрификаттар. Төменде аталған қандай зерттеу әдісі БАРЫНША мәлметті ?
a) лимфа түйіндерінің рентгенографиясы
b) туберкулинодиагностика
c) сүйек кемігінің трепанобиопсиясы
d) +лимфа түйіндерінің биопсиясы
e) Кеуде қуысы мүшелерінің КТ
120. Әйел 28жаста, дәрігерге босанып болған соң (баласы 3 ай) бас ауруына, селсоқтыққа, шаршағыштыққа, қозғыштыққа, ұйқысынң бұзылуына, жарықтан қорқуға, субфебрильді температураға 37,3оС шағымданып келді. Бір аптадан бері өзін аурумын деп санайды. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, шеткері лимфы түйіндері пальпацияланбайды, өкпесінде везикулярлы тыныс. Желке бұлшықеттерінің ригидтіліг 1,5 п/п. Кеуде торының шолу рентгенограммасында оң жақта төменгі бөлігінде Гон ошақтары және оң жақта түбірінде кальцинаттар. Аталған зерттеулердің қайсысы дамыған асқынудың заманауи диагностикасы болып табылады?
a) биохимиялық қан анализі
b) продольді томография
c) +люмбальді пункция
d) жалпы қан анализі
e) бас миының КТ
121. 39 жастағы науқас таңертең қатты бас ауруы, көпретті құсу, дене температурасының 40° жоғарылауы, ентігу, ұстамалар болуынан жедел жәрдем шықырып ауруханағажеткізілді. Туыстарының айтуымен 2 апта пневмония ауруына ем алған, алкоголизммен зардап шегеді. Неврологиялық статус: есі сопор, қарашықтары D=S, Манн-Гуревичч симптомы оң. Аяқтаында парез жоқ. Шүйде бұлшықетінің ригидтілігі 4 см, Керниг симптомы 90°. Төменгі Брудзинский симптомы оң. Ликвор лайлы, қысымы 300 мм. Цитоз 1 мкл нейтрофилдерде 2330 жасуша, белок 2,5 г/л, глюкоза 0,20 г/л. Төмендегі диагоздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін болып табылады?
a) Серозды менингит
b) Туберкулезді менингит
c) *Менингококкты менингит
d) +пневмококкты менингит
e) Жұлындық сухотка (нейросифилис)
122.
123. 6 жастағы бала. Індеттану мәліметтерінен: үйінде үй жануарларын ұстайды. Шешесінің айтуынша бала 10 күн бұрын ауырған, қызуы 37,8⁰С деңгейінде болып, әлсіздік, бас ауру, тәбеті төмендеген. Динамикада дене қызуы 38,7⁰С дейін көтеріліп, қалтырап, ол қатты терлеумен алмасып, бұлшық еттері мен аяғының буындарының ауыруы пайда болған. Қарау кезінде: қатты терлегіштік байқалады. Мойын және шап лимфа түйндері ұлғайған. Тізе және тобық буындары ауырады. Гепатоспленомегалия. ЖҚА: гипохромды анемия, лейкопения, лимфоцитоз, тромбоцитопения, ЭТЖ жоғарылаған. Төменде көрсетілген қоздырғыштардың қайсысы бұл дерттің ең басты себебі болуы ықтимал?
a) Listeria monocytogenes
b) Legionella pneumophila
c) Iersinia enterocolitica
d) Iersinia pestis
e) +Brucella melitensis
124. 45 жастағы ер адам. Сол жақтағы тізе буындарының ауыруы мен ісінуіне, басқа да ірі буындардағы ауыспалы сипаттағы ауыру сезіміне, бұлшықеттегі ауыруға, бас ауыруына, салмағының 5 кг-ға төмендеуіне, кешкі уақыттарда дене температурасының 37,5°-ға дейін көтерілуіне шағымданады. Кей кездерде дене температурасы бірнеше күн бойына 38,5°-ға дейін көтеріледі. Бұл симптомдардың барлығы 6 ай бұрынғы салқын тиюден кейін пайда болған. Анамнезінде – қолдан сатып алынған сүт өнімдерін көп пайдаланған. Объективті: алақан мен табанның гипергидрозы, тізе буындарының симметриялы емес ісіну, локалды температура, положительный симптом баллотирования наколенника. Қанның жалпы анализі: Эр – 3,2, Нб – 110 г/л, Л- 4,9 х109/л, Нф – 68%, Лф – 38%, СОЭ 29 мм/ч. РФ – 22 МЕ/мл, СРБ - +++. РХ – теріс; РА – теріс. Қандай зерттеу диагнозды нақты анықтауға көмектеседі?
a) Антицитруллиндік антидене
b) Тізе буындарының рентгенографиясы
c) Қандағы зәр қышқылын зерттеу
d) +Бруцеллездік антигендерге антиденеге ИФА
e) Манту сынамасы және кеуде қуысы органдарының Р-суреті
125. Аймақтық дәрігер 2-жастағы балаға шақыртумен келді. Бала бақшаға барады. аурығанына 2-і күн. Дене қызуының 38 -39º жоғарлауына, бас ауруына, селсоқтыққа, бір реттік құсуға, денесіндегі бөрітпелерге шағымданады. Терідегі бөрітпелер кешкісін немесе жедел ауырған күннің ертесіне пайда болған. Бөрітпелер ұсақ, нүкте тәрізді және қызыл түсті. Бөрітпе мойынға, бетке шығудан басталған. Содан кейін бөрітпелер санның іші бетінде, денеде :кеудеде, іштің бүйір аймақтарына шыққан. Мұрын ерін ұшбұрышы бөрітпелерден таза. Фарингоскопиямен қарағанда – «жалындаған аңқа»». Сіздің болжам диагнозыңыз?