Файл: Балалар аурулары негіздері модулі, Балалар аурулары пні бойынша жм 4курса арналан емтихан тест тапсырмалары балалар аурулары1282.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 225
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Зерттеудің ЕҢ ақпаратқа толы әдіс қайсы?
+спирометрия
-флюрография
-бронхоскопия
-рентгенография
-компьютерлік томография
#48
!9 жасар бала мектептегі сыныптасымен жанжалдасу кезінде кенет ұстамаға тап болып, оған қоса құрғақ, ауыр жөтел, демікпе, тыныс шығаруы қиындаған шулы тыныс пайда болған. Баланың тамақ аллергиясы, анасының бронх демікпесі бар. Жедел жәрдем бригадасының дәрігері бронх демікпесі диагнозын қойды.
Осы ауру кезінде обструкцияның ЕҢ ықтимал генезисі қайсы?
-бронхтардың шырышты қабығының ісінуі
-бронх саңылауының сөлмен бітелуі
-бронх саңылауының ісікпен бітелуі
+бронхтардың тегіс бұлшықетінің спазмы
-бронх саңылауының бөгде денемен бітелуі
#49
!4 айлық бала ТАЖ 84/мин тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты ауыр халде емханаға түсті. Тынысы шулы, алыстан естіледі, эксикозды токсикоз. Өкпенің үстінде тимпанит, аускультативті түрде – дем шығарудың созылуы және қиындығы. Барлық өрістерде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар бар. Гемограммада: лейкоцитоз.
Ең ықтимал диагноз:
-жедел пневмония
-обструктивті бронхит
+жедел бронхиолит
-жедел бронхит
-жедел плеврит
#50
!10 жасар бала педиатрдың «Д» есебінде қай диагнозбен тұрады? «Туа біткен жүрек ақауы». Қаралған кезде шағым айтпайды. Физикалық жетілуі жасына сәйкес келеді. Қарап тексергенде: шыңдағы түрткі және жүрек шекаралары өзгермеген. Аускультация кезінде төстің сол жағындағы III-IV қабырғааралық кеңістікте систолалық шу бар.
Ең ықтимал диагноз:
-жүрекше аралық қалқадағы ақау
+қарынша аралық қалқадағы ақау
-Фалло тетрадасы
-ашық аорталық өзек
-аорта коарктациясы
#51
!3 жастағы ұл бала. Физикалық жетілу жағынан артта қалып қойған. Терісі бозарған. Жүректің шекаралары көлденең және жоғары қарай кеңейтілген. Шыңдағы түрткі жайылған, көтерілген және төмен ығысқан. Төстің сол жағында III-IV қабырға аралық кеңістікте систолалық діріл және ұзақ систолалық шу бар.
Ең ықтимал диагноз:
-ашық күретамырлы өзек
-жүрекше аралық қалқадағы ақау
-өкпе артериясының оқшауланған стенозы
-аорта коарктациясы
+қарынша аралық қалқадағы ақау
#52
!3 жастағы ұл бала. Демікпе ұстамасына және терінің, еріннің, көз склерасының көгеруіне шағым бар. Объективті түрде: қол мен аяқ ұштары фалангаларының цианотикалық түсі. Жүрек: өкпе артериясында II тонның әлсіреуі, төстің сол жақ шетіндегі қысқа, дөрекі систолалық шу бар. Жүрек ақауының болжалды нұсқасы:
+Фалло тетрадасы
-қарынша аралық қалқадағы ақау
-аорта коарктациясы
-ашық күретамырлы өзек
-жүрекше аралық қалқадағы ақау
#53
!6 жасар балада – шаршағыштық, жүрек қағысының күшеюі, сол жақтағы 2-ші қабырға аралық кеңістікте діріл, төстің сол жағындағы 2-ші қабырға аралық кеңістікте систолалық-диастолалық шу, ЭКГ-да – V1 және V2 тісшесінің өкпелік тарамдарында P тісшесінің жоғары болуы, рентгенограммада – кіші қанайналым шеңберінің гиперволемиясы, сол жақ қарыншаның ұлғаюы бар.
Ең ықтимал диагноз:
-өкпе артериясының стенозы
-қарынша аралық қалқадағы ақау
-жүрекше аралық қалқадағы ақау
-субаорталық стеноз
+ашық күретамырлы өзек
#54
!1 жастағы ұл бала. Объективті түрде: бозарған. Жүректің шекаралары; оң жағы пастернальды сызық бойынша, жоғарғы - II қабырға аралығында, сол жақ -2,5см ортаңғы бұғана сызығымен ішке қарай кеңейтілген. Төстің сол жағындағы II қабырға аралық кеңістікте – жүрек пен мойын тамырларының сыртына өтетін систолалық-диастолалық «машиналық» шу бар.
Ең ықтимал диагноз:
-жүрекше аралық қалқадағы ақау
-қарынша аралық қалқадағы ақау
-Фалло тетрадасы
+ашық күретамырлы өзек
-аорта коарктациясы
#55
!12 жастағы ұл бала. Күш түскенде демікпеге, жүрек тұсындағы шаншуларға, әлсіздікке шағым бар. ЖРВИ-ден кейін бір апта өткенде жедел ауырып қалған. Объективті түрде: бозарған. Жүректің шекаралары Жүректің шекаралары; оң жағы пастернальды сызық бойынша, жоғарғы - II қабырға аралығында, сол жақ -2,5см ортаңғы бұғана сызығымен ішке қарай кеңейтілген.Тондары бәсең, тахикардия, жеке-дара экстрасистолалар. ЖҚТ-да ерекшеліктер жоқ. ЭКГ-да – жеке-дара экстрасистолдар, тістер вольтажының төмендеуі.
Ең ықтимал диагноз:
-ревматизмдік безгек
-артериалық гипертензия
-жедел перикардит
+жедел миокардит
-артериалық гипотензия
#56
!8 жастағы қыз бала. Жүрек тұсындағы ауырсынуға, жүрек қағысына шағымдар бар. Екі апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Қарап тексергенде: Жүректің шекаралары; оң жағы пастернальды сызық бойынша, жоғарғы - II қабырға аралығында, сол жақ -2,5см ортаңғы бұғана сызығымен ішке қарай кеңейтілген. Жүрек үндері бәсең. Үстіде жұмсақ систолалық шу, ретсіз экстрасистолалар бар. ҚҚ – 90/60 мм сын. бағ.
Ең ақпаратқа толы зерттеу қайсы?
-электрокардиография
+эхокардиография
-фонокардиография
-жүрек рентгенографиясы
-спирография
#57
!8 жастағы қыз бала. Жүрек тұсындағы ауырсынуға, жүрек қағысына шағымдар бар. Екі апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Қарап тексергенде: Жүректің шекаралары; оң жағы пастернальды сызық бойынша, жоғарғы - II қабырға аралығында, сол жақ -2,5см ортаңғы бұғана сызығымен ішке қарай кеңейтілген. Жүрек үндері бәсең. Үстіде жұмсақ систолалық шу, ретсіз экстрасистолалар бар. ҚҚ – 90/60 мм сын. бағ.
Қандағы ненің деңгейін анықтау ең көп ақпарат береді?
-антистрептолизин-О титрі
-антистрептокиназа титрі
+креатинфосфокиназа
-аланинаминотрансфераза
-сілтілі фосфатаза
#58
!7 жастағы қыз бала. Ангинамен ауырғаннан кейін 12 күн өткенде екі тізе буыны да ісініп, ауыра бастаған. Температура 38-ге дейін көтерілді. 3 күннен кейін бұл белгілер жойылды. Қарап тексергенде: дене мен иықтың терісінде аннулярлық бөртпе бар. Пульс бәсең, жиілеген. ЖСС -122 мин. Жүрек тондары жүрек ұшында I- тон әлсіреген, үрмелі систолалық шу. ЭТЖ – 45 мм/сағ.
Ең ықтимал диагноз:
-реактивті артрит
-жүйелік қызыл жегі
-геморрагиялық васкулит
-жедел миокардит
+жедел ревматизмдік безгек
#59
!8 жастағы ұл бала. Жедел түрде ауырып қалды: ангинадан кейін 10–12 күн өткенде, тізе буындары ісініп, содан кейін табан буындары да ісінген. Кардит көрсеткіштері. Жамбас пен иықтың ішкі беттерінде сақина тәрізді эритема бар. ЭТЖ – 55 мм/сағ.
Ең ықтимал диагноз:
-жедел миокардит
-жүйелік қызыл жегі
+жедел ревматизмдік безгек
-реактивті артрит
-геморрагиялық васкулит
#60
!12 жастағы қыз бала. Тізе буындарының ісінуіне және ауыруына шағымдар бар, 37,5ºС дейін қызу артқан. Ангинамен ауырғаннан кейін 2 апта өткенде ауырған. Бозарған, буындары ісінген, қозғалыстары ауыртады. Жүрек үндері бәсең, үстіде систолалық үрлейтін шу, тахикардия бар. Рентгенограммада: кардиомегалия.
Ең ықтимал диагноз:
-геморрагиялық васкулит
-жедел миокардит
+жедел ревматизмдік безгек
-жүйелік қызыл жегі
-бруцеллез, полиартрит
#61
!12 жастағы қыс бала. Оң жақ тізе буынындағы ауырсыну, әлсіздік мазалайды. Анамнезде: жиі ангиналар болған. Кезекті ангинадан кейін: субфебрилитет, тізе буындарының артриті. Жүректің шекаралары; оң жағы пастернальды сызық бойынша, жоғарғы - II қабырға аралығында, сол жақ -2,5см ортаңғы бұғана сызығымен ішке қарай кеңейтілген. Үстіде I-үн әлсіреген, систолалық үрлейтін шу.
Ең ықтимал диагноз:
-инфекциялық эндокардит
-қарынша аралық қалқадағы ақау
+жедел ревматизмдік безгек
-қос жармалы қақпақшаның стенозы
-реактивті артрит
#62
!6 жастағы қыз бала. Көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге қарсы вакцинациядан кейін 3 күн өткенде іштің ауыруы, құсу, гипертермия пайда болған. Қарап тексергенде: бозару, дене температурасы 38,5°С, тілде ақ қабат түзілген. Іші жұмсақ, ауырады, бауыры қабырға доғасының шетінің астынан 2 см шығып тұр, эластикалы, қозғалмалы, ауырсынусыз, қыры жұмырланған. Көкбауыр пальпация кезінде сезілмейді. Бөкседе және буын айналасында папулездік-геморрагиялық бөртпе бар.
Ең ықтимал диагноз:
-гемофилия
-жедел лейкоз
-Виллебранд ауруы
+геморрагиялық васкулит
-иммунды тромбоцитопениялық пурпура
#63
!Хирургиялық бөлімге тізе буынының ісінуіне байланысты 2 жасар қыз жеткізілді, бір апта бұрын және бір жыл бұрын екі рет мұрыннан қан кеткен. Әжесі мен нағашы апайы жоғары қанағыштықпен ауырады. Қарап тексеру кезінде сирақтың терісінде, мойында, кеудеде көгерулер байқалды. Оң жақ тізе буыны ісінген, ауырады, периартикулярлы жұмсақ тіндерге қан кетеді. Эритроциттер 3,2х10х12/л, Нв 90 г/л, лейкоциттер 11,0х10х9/л, ЭТЖ 22 мм/сағ, тромбоциттер 280х10х9/л.
Ең ықтимал диагноз:
-гемофилия
-жедел лейкоз
-Шенлейн-Генох ауруы
+Виллебранд ауруы
-иммундық тромбоцитопениялық пурпура
#64
!3 жастағы бала. Тежелген, сылбыр, тәбеті жоқ, іші қатады. Балшық, топырақ жейді. Езулерінде ауыздықтар бар. Аускультативті түрде - жүректің үстіңгі жағында систолалық шу, 1 тарсылдаған үн бар. Қандағы эритроциттер 2,1х10х12/л, Нв 74 г/л. ОЖСС -103мкмоль/л. Сарысулық ферритин -5мкг/л. Сарысулық темірдің көрсеткіші- 6,2мкмоль/л.
Ең ықтимал диагноз:
-Фанкони анемиясы
-Гемолитиялық анемия
+Темірдефициттік анемия
-постеморрагиялық анемия
-Минковский-Шоффар анемиясы
#65
!5 жастағы ұл баланың аяқтарында ЖРВИ-ден кейін бір апта өткенде симметриялық ұсақ
папулездік бөртпе пайда болып, геморрагиялық сипат алды. Қарап тексергенде: тізе мен табан буындарының
ісінуі және ауыруы болған. Қарны жұмсақ, ауырмайды. Бауыр мен көкбауыр үлкейген жоқ.
Ең ықтимал диагноз:
-апластикалық анемия
-жедел лейкоз
-тромбоцитопатия
+геморрагиялық васкулит
-Виллебранд ауруы
#66
!1 жастағы ұл бала. Құлағаннан кейін басында үлкен гематома пайда болып, мұрыннан мол қан аға бастаған. Нағашы ағасы бала кезінен буын ауруынан зардап шегеді, мүгедек. Немере ағасы 3 жасында миына қан кетуден қайтыс болған.
Ең ықтимал диагноз:
-тромбоцитопатия
-геморрагиялық васкулит
-Виллебранд ауруы
-жедел лейкоз
+гемофилия
#67
!6 жастағы қыз бала. Көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге қарсы вакцинациядан кейін 3 күн өткенде іштің ауыруы, құсу, гипертермия пайда болған. Қарап тексергенде: бозару, дене температурасы 38,5°С, тілде ақ қабат түзілген. Іші жұмсақ, ауырады, бауыры қабырға доғасының шетінің астынан 2 см шығып тұр, эастикалық, ауырсынусыз, шеті жұмарланған. Көкбауыр пальпация кезінде сезілмейді. Бөкседе және буын айналасында папулездік-геморрагиялық бөртпе бар.
Зерттеудің ЕҢ ақпаратқа толы әдіс қайсы?
-миелограмма
-коагулограмма
-биохимиялық қан талдауы
-иммунологиялық қан талдауы
+жалпы қан талдауы (толық)
#68
!6 жастағы қыз бала. Көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге қарсы вакцинациядан кейін 3 күн өткенде іштің ауыруы, құсу, гипертермия пайда болған. Қарап тексергенде: бозару, дене температурасы 38,5°С, тілде ақ қабат түзілген. Іші жұмсақ, ауырады, бауыры қабырға доғасының шетінің астынан 2 см шығып тұр, эластикалы, қозңалмалы, ауырсынусыз, шеті жұмарланған. Көкбауыр пальпация кезінде сезілмейді. Бөкседе және буын айналасында папулездік-геморрагиялық бөртпе бар.
Қай мамандардың бақылауы ЕҢ дұрыс болады?
+педиатр және хирург
-дерматолог және хирург
-гастроэнтеролог және хирург
-педиатр және гастроэнтеролог
-гастроэнтеролог және дерматолог
#69
!5 жастағы ұл бала. Іштің толғақ тәрізді ауыруына, жүректің айнуына, құсуына, терідегі бөртпелерге, табан буынының ісінуіне шағымданды. Қарап тексергенде: аяқтың терісінде, көбінесе табан буыны айналасында симметриялық геморрагиялық бөртпе бар. Іш ауырады, алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшық еттерінің сіресуі байқалды. Нәжісте қан бар.
Ең ықтимал диагноз:
-гемофилия
-жедел лейкоз
-Виллебранд ауруы
+геморрагиялық васкулит
-иммундық тромбоцитопениялық пурпура
#70
!5 жастағы ұл бала. Іштің толғақ тәрізді ауыруына, жүректің айнуына, құсуына, терідегі бөртпелерге, табан буынының ісінуіне шағымданды. Қарап тексергенде: аяқтың екі жағындағы терісінде, көбінесе табан буыны айналасында геморрагиялық бөртпе бар. Іш ауырады, алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшық еттерінің сіресуі байқалды. Нәжісте қан бар.
Қандай маманның кеңесін алған ЕҢ дұрыс болады?
+хирург
-дерматолог
-ревматолог
-инфекционист
-гастроэнтеролог
#71
!7 жастағы ұл бала. Тіс жұлынғаннан кейін ұзақ уақыт бойы қанның кетуіне шағым бар. Анамнезде: нағашы ағасы мен апайы, сонымен қатар баланың анасы қанағыштықпен ауырады (мезгіл-мезгіл мұрыннан, қызыл иектен мол қан кетеді, сондай-ақ болмашы жарақат кезінде ұзақ қан кетеді). Бір жастан бастап балада мұрыннан жиі қан кету, тез көгеру жағдайлары байқалады.