Файл: Балалар аурулары негіздері модулі, Балалар аурулары пні бойынша жм 4курса арналан емтихан тест тапсырмалары балалар аурулары1282.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 230
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Диагнозды нақтылау үшін ЕҢ ақпаратқа толы көрсеткіштер қайсы?
-V фактордың деңгейі + тромботест
+VIII фактордың деңгейі және тромбоциттердің сипаттары
-VII фактордың деңгейі және протромбин индексі
-VI фактордың деңгейі және фибринолитикалық белсенділік
-IX фактордың деңгейі + плазманың гепаринге қарсы төзімділігі
#72
!7 жастағы ұл бала. Тіс жұлынғаннан кейін ұзақ уақыт бойы қанның кетуіне шағым бар. Анамнезде: нағашы ағасы мен апайы, сонымен қатар баланың анасы қанағыштықпен ауырады (мезгіл-мезгіл мұрыннан, қызыл иектен мол қан кетеді, сондай-ақ болмашы жарақат кезінде ұзақ қан кетеді). Бір жастан бастап балада мұрыннан жиі қан кету, тез көгеру жағдайлары байқалады.
Ең ықтимал зертханалық өзгерістер қайсы?
-қан ұю уақытының қысқаруы
+қан ұю уақытының ұзаруы
-қан кету ұзақтығының қысқаруы
-протромбин индексінің азаюы
-фибриноген деңгейінің азаюы
#73
!6 айдағы ұл бала. Тіл жүгеншігі кесіленнен кейін 6 сағат өткенде қатты қан кету басталды. Анамнезде: туғанда балада кефалогематома; нағашы атасында жоғары қанағыштық болған. Қарап тексергенде: бозарған, тізеде кішігірім көгеру болған. Қан талдауында: эритроциттер - 3,5х1012/л, Нb - 110 г/л, лейкоциттер - 6,0х109/л, ЭТЖ - 4 мм/сағ, ұю уақыты - басы 12-мин, соңы - 20-мин.
Зерттеудің ЕҢ ақпаратқа толы әдісі қайсы?
-миелограмма
+қан ұю факторларын анықтау
-жалпы қан талдауы
-биохимиялық қан талдауы
-тромбоциттердің ристоцетинмен агрегациясы бойынша сынақ
#74
!6 жастағы ұл бала. мұрыннан қан кетуіне, аяқтарында көптеген көгерулер мен нүктелі қан құйылуларына шағымданды. 3 күн бұрын - дифтерия мен сіреспеге қарсы ревакцинация жасалды. Қарап тексергенде денесінде асимметриялы петехия мен көгерулер, көздің ішкі тор қабығынақан құйылулар байқалады. Қан ағу ұзақтығы - 16 мин.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-гемофилия
-жедел лейкоз
-Виллебранд ауруы
-геморрагиялық васкулит
+иммундық тромбоцитопениялық пурпура
#75
!8 жасар қыз бала емханаға беті ісіп, зәрдің мөлшері азайған. Анамнезде: ЖРВИ-ден кейін 7 күн бойы ауырып жүр. 6-күні ісінулер пайда болған, олигурия, несептіңтүсі қою-қоңыр, бұлдыр. Баланың жағдайы ауыр. Бетінде анық ісіну белгілері бар, терісі бозарған таза. Зәр анализінде келесі өзгерістер анықталды: меншікті салмағы 1010, зәрдің түсі қою қоңыр, ақуыз 3,6 г/л, лейкоциттер 3-3 к.а., эритроциттер – 0-1 к.а.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-жедел цистит
-жедел гайморит
-жедел нефритикалық синдром
+жедел нефротикалық синдром
-қуық-зәрағар рефлюксі
#76
!11 жастағы ұл бала іші және белі ауырады, беті, аяқтары ісіп тұр, зәр түсінің «ет шайындысы» болып өзгерген деп шағым айтады. Жалпы жағдайы ауыр. Терісі мен шырышты қабықтары таза, беті мен сирақта бірқалыпты ісінулер бар. Өкпеде везикулярлық тыныс бар. Жүректің үндері бәсең, тахикардия 120 қағыс/минут. ҚҚ – 130/95 мм сын. бағ., ЖҚТ анализдерінде: меншікті салмағы 1010, зәрдің түсі «ет шайындысы», ақуыз 1,9 г/л, лейкоциттер 2-3 к.а., эритроциттер – 0-1 к.а.
Ең ықтимал диагноз:
-жедел цистит
-жедел гайморит
+жедел нефритикалық синдром
-жедел нефротикалық синдром
-қуық-зәрағар рефлюксі
#77
!Ер бала 3 жаста, клиникаға бетінің ісінуіне шағымданып түсті. Анамнезінен: ЖРВИ-дан кейін 7 күннен кейін ауырған. 7 күні ісінулер, олигурия, зәрдің қою-қоңырболуы байқалған. Жалпы жағдайы ауыр. Бетінде, аяғында айқын ісінулер, тері қабаты боз. Б/х қан анализінде: жалпы ақуыз-39г/л, креатинин -130мкмоль/л,ЖЗА: салыст тығ-1010, зәр түсі қою-қоңыр, ақуыз-3,9г/л, лейкоциттер-2-3 к/а, эритроциты –0-1 в к/а.
Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
-уросепсис
-жедел цистит
-жедел гайморит
-жедел нефритикалық синдром
+жедел нефротикалық синдром
#78
!Қыз бала 6 жаста клиникаға беттің және балтырдың ісінуімен түскен. Анамнезінен: ЖРВИ-дан кейін 7 күннен кейін ауырған. 7 күні ісінулер, олигурия, зәрдің қою-қоңырлануы байқалған. Жалпы жағдайы ауыр. Бетінде, аяғында айқын ісінулер, тері қабаты боз. Б/х қан анализінде: жалпы ақуыз– 44г/л, креатинин -150мкмоль/л. Зәр анализінде келесі өзгерістер анықталады: салыс тығы 1010, зәр түсі қою-қоңыр, ақуыз-3,9г/л, лейкоциттер-2-3 к/а, эритроциты –0-1 в к/а.
Қандай қосымша зерттеу әдісін тағайындау қажет:
-бүйрек УДЗ
-коагулограмма
-липидтер фракциясы
+тәуліктік протеинурия
-зәр қалдығының микроскопиясы
#79
!1,5 жастағы балада интоксикация, қызба анықталады. Дене қызуы 3 күн бойы 38,9-39С көтерілген. Жалпы зәр анализінде– салыс тығ 1020, зәр түсі қою қоңыр, ақуыз-0,03 г/л, лейкоциттер-28-30 к/а, эритроциттер –0-1 к/а.Зәрді флораға бактериологиялық зерттеуге анализ алынды.
Төменде келтірілген қандай тактика дұрыс болып табылады?
-цистография
-цистоскопия
-уросептиктерден бастау
-экскреторлы урография
+эмпирикалық антибактериалды терапиядан бастау
#80
!Мерзіміне жетіліп туылған ер бала, 25күн емшек сүтімен тамақтанады. Жедел ауырды: t-39
0С, емшектен бас тартады, құсу, 2 ретке дейін іші өткен, шырышсыз.ЖЗА–салыс тығ-1020, түсі қою-қоңыр, ақуыз-0,03 г/л, лейкоциттер-28-30 к/а, эритроциттер –0-1 к/а.
Көрсетілген зерттеулердің қайсысы алғашқы орында болып табылады?
-цистография
+бүйрек УДЗ
-экскреторлы урография
-цистоскопия
-қанды бактериологиялық зерттеу
#81
!1 айлық балада дене температурасы 40оС дейін көтерілді, жалпы мазасы жоқ, тәбеті төмендеген, құсу. ЖҚА: Л -16000, нейтрофилез, ЭТЖ - 30 мм/сағ., ЖЗА – пиурия. Аурудың 3 кунінде жағдайы нашарлады– интоксикация кушейіп, қатты мазасыздық, оң жақ құлағынан іріңді бөлініс, жиі жөтел, ентігу симптомдары қосылды.
Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
-септицемия
+уросепсис
-туберкулез
-жедел пиелонефрит
-бүйрек тас ауруы
#82
!Ер бала 9 жаста. Шағымдары айқын ісінулер мен зәрдің мөлшерінің азаюы. Суықтаудан кейін жедел ауырған. ЖҚА: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан саысуында: жалпы ақуыз – 38 г/л.
ЖЗА: ақуыз – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0, салыст тығ – 1025.
Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
-нефритикалық синдром
+нефротикалық синдром
-тубулоинтерстициалды нефрит
-оқшауланған несептік синдром
-жеделпрогрессияланған гломерулонефрит
#83
!Науқас 9 жаста, шағымдары бетінің, алдыңғы құрсақ аймағының, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Қарау кезінде: ісік анасаркаға дейін. АҚ 85/40 мм рт. ст. Жалпы қан анализінде: жалпы ақуыз 38 г/л, альбумин 16 г/л, холестерин 9,8 ммоль/л. ЖЗА-ақуыз 4,5 г/л, лейкоцит-бірен саран, Эр 0-1к/а. Гипотензияның даму механизмі қалай?
-эндокринді бұзылыстар
-жүректік лақтырудың төмендеуі
-нейрогенді активтіліктің бұзылуы
+қан тамыр ішілік көлемнің азаюы
-ренин-ангиотензин жүйесінің активациясы
#84
!Қыз бала 12 жаста. Шағымдары аздаған ісінулер, АҚ-150/95 мм рт ст. ЖҚА:ЭТЖ- 65 мм/сағ, холестерин 4,0 ммоль/л, протеинурия 1,3 г/л, макрогематурия, ШФЖ 67 мл/мин.
Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
-пиелонефрит
-нефротикалық синдром
+нефритикалық синдром
-оқшауланған несептік синдром
-жеделпрогрессияланған гломерулонефрит
#85
!10 жастағы балаға: Жедел постстрептококты гломерулонефрит диагнозы қойылды. Қабылдау бөлдімінде клонико-тоникалық сипаттағы тырысу болды. Гломерулонефриттің жедел кезеңідегі болуы мүмкін асқыну:
-өкпе ісінуі
-ТШҚҰ
+гипертензионды энцефалопатия
-жедел бүйрек жетіспеушілігі
- жедел жүрек жетіспеушілігі
#86
!Қыз бала 12 жаста, клиникаға зәр түсінің өзгеруі мен бас ауруына шағымданып келді. Зерттеу кезінде: ісіну беті мен аяқтарында, АҚ- 130/90 мм рт ст, макрогематурия. Б/х қан анализінде: креатинин 120 мкмоль/л, мочевина 8,9 ммоль/л, жалпы ақуыз-55 г/л; ЖЗА-ақуыз 2,3 г/л, эритроциттер –барлық көру аймағында.
Мейлінше ықтимал қоздырғыш:
-микоплазма
-стафилококк
-ішек таяқшасы
-көкірің таяқшасы
+-гемолитикалық стрептококк
#87
!Қыз бала 13 жаста, созылмалы гастритпен ауырғанына 2 жылдай болған. Шағымдары: тамақтанғаннан кейін іштегі үшкір ауру сезімі, кекіру, жүрек айну, ауыздағы жағымсыз иіс, метеоризм, диарея, бозғылт, склерасы субъиктериялық, "лактанған" тіл, кейде тілдің күйгендей сезімде болуы, аяқ-қолда "құмырсқа жүргендей" сезімнің болуы. ЖҚА: гиперхромды макроцитарлы анемия.
Эритроциттер – 2,9х1012/л,
Гемоглобин–80 г/л
MCV – 120fl
MCH – 38pg
MCHC -360g/l
Ретикулоциттер 0,01%
Жоғарыдағы көріністер, қай ауруға тән болып табылады?
+созылмалы атрофиялық гастрит, өршу кезеңі
-эрозивті гастрит
-гипертрофикалық гастрит
-беткей гастрит
-гастриттің аралас түрі
#88
!Ер бала 11 жаста. Шағымдары: оң қабырға астының өткір ауру сезімі, көп эмоция кезінде, диета бұзғанда күшейеді, дискомфорт сезімі, тамақтанудан кейін ауырлық сезімі. 2 жыл бойы ауырады. Тілі түбіне дейін ақ жабындымен жабылған. Іші жүмсақ, оң жақ қабырға астында айқын емес ауру сезімі. Ортнера, Кер симптомдары оң.Іш қатуға бейім.
Өт шығару жүйесі дискиезиясының гипотониялық түріне тән белгілер?
+ дискомфорт белгісі, тамақтанғаннан кейін ауыр немесе іштің керілу белгісі
-тоқтаусыз құсу
-аштық ауру
-іштің қатуы мен іштің өтуінің кезектесуі
-қыжыл, қышқылды кекіру
#89
!Ер бала 13 жаста, тамақтанғаннан кейінгі эпигастрий аймағының сыздап ауруына, кейде қышқыл кекіруге, әлсіздікке шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болды. Тілі түбіне дейін ақ жабындымен жабылған, тісінің іздері қалады. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауру сезімімен. Нәжісі, зәрі өзгеріссіз.
Диагностикаға ЕҢ тән белгі қайсы?
+қышқылды кекіру
-сасық кекіру
-іштегі ауру сезімі
-эпигастридің керу сезімі
-құсу
#90
!!Қыз бала 10жаста, Фиброэзофагогастродуоденоскопияда (ФЭГДС): өңеш өзгермеген, өткізгіштігі сақталған, кардия жабылады,асқазан дұрыс пішінді, құрамында лайлы сұйықтық бар, шырышты қабаты тегіс емес, ісіңкі, гиперемияланған, пилорус жабылған, өткізгіштігі сақталған, 12 елі ішек ісінген, гиперемияланған.
Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
-асқазанның жаралы ауруы
-12 елі ішектің жаралы ауруы
-асқазанның функционалды бұзылысы
-созылмалы гастрит
+созылмалы гастродуоденит, өршу
#91
!Ер бала 13 жаста, дамып келе жатқан полиартритке байланысты, 2ші ай ішке индометацин қабылдайды. Аяқ асты эпигастрий аймағында ауру сезімі, әлсіздік, қою кофе тәрізді құсу пайда болды. Қарау кезінде бала бозғылт, пульс-120 минутына, АҚ 90/70 мм.рт.ст. Пальпация кезінде іш аймағы жұмсақ, бұлшықеттің қатаюы анықталмайды.
Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
+асқазан ойық жарасы
-арнайы емес жаралы колит
-тағамдық токсикоинфекция
-жедел холецистит
-жедел панкреатит
#92
!Асқазан эндоскопиясында: шырышты қабат ісінген, гиперемияланған, асқазан бүктемелері ауамен инсуфляция кезінде нашар ашылады. Осындай көрініс қай ауруға тән?
+беткей созылмалы гастрит, өршу
-атрофиялық гастрит
-аралас гастрит
-эрозивті гастрит
-гипертрофиялық гастрит
#93
!Қыз бала 12 жаста тағам қабылдағаннан кейін кететін, эпигастрий аймағының сыздап ауруына, қыжыл, қышқыл иіспен кекіру, іш қатуға бейімдігіне шағымданады. Ауырғанына 3 жылдай болған. Тері қабаты бозғылт, қозғыш болып келеді, қызыл дермографизм, жоғары тершеңдік мазалайды. Тілі түбіне дейін ақ жабындымен қапталған, тіс іздері қалады. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында және пилородуоденальді аймақта ауру сезімі анықталады.Бауыр мен көкбауыры ұлғаймаған.
Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
-жедел гастрит
+созылмалы гастродуоденит
-созылмалы холецистит
-өт шығару жолдарының дискинезиясы
-созылмалы панкреатит