Файл: Орталы нерв жйесі рылымыны жалпы жоспары, рылымы, блімдері жне маызы мен ызметтері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 154
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сенсорлық рецепцияның механизмі - әлі толық ашылмаған, бірақ келесі қағида бар: Рецептор тітіркендіргішпен әрекеттесіп, оның трансформациясы → рецепторлық потенциалдың пайда болуы→ афференттік талшықта ӘП пайда болуы → ОЖЖ. Сенсорлық рецепторлардың біріншілік және екіншілік сезгіш түрін ажыратады.
Экологиялық рецепция Әртүрлі экологиялық ерекшеліктер әсеріне байланысты жануарлар организмінде сол сыртқы ортаға бейім- делуді қамтамасыз ететін рецепторлар өте жақсы дамыған (жылан, кальмар - инфрақызыл сәуле, иттер-иіс, жарқанат, кит-ультрадыбыс, құстар-электромаг- нитті өріс).
Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері Қозғыштық Өткізгіштік
Жүйке талшығының құрылысы I. Миелинсіз талшықтар бойымен қозу үздіксіз таралады. II. Миелинді талшықтар бойымен қозу секірмелі, яғни сальтаторлы таралады.
Жүйке талшығының қозуды өткізу жылдамдығы Талшықтар типі Талшықтар Өткізу диаметрі (мкм) жылдамдығы (м/с) А Аα 12 -22 70 -120 Аβ 8 -12 40 -70 Аγ 4 -8 15 -40 Аδ 1 -4 5 -15 В 1 -3 3 -14 С 0, 5 -1, 0 0, 5 -2
Қозудың жүйке бойымен өту заңдары 1. Жүйке талшықтарының морфологиялық және физиологиялық бүтіндігі 2. Қозуды екі жақты өткізу 3. Қозуды жеке өткізу
Жүйке талшықтарының қажымауы Қажымау себептері: 1. Зат алмасу қарқының салыстырмалы түрде төмен болуы 2. Қуатты аз пайдалануы 3. Ресинтездің тез болуы
Парабиоз және оның кезеңдері П а р а б и о з (para – жуық, bios – өмір) – бұл тітіркендіргіш (химиялық зат) әсерінен, тіннің қозғыштығы мен лабилдігінің төмендеуі. ← Қалыпты жағдай. Парабиоз кезеңдері: 1. Теңестіру кезеңі; 2. Парадоксалды кезеңі; 3. Тежелу кезеңі. Толық парабиоз кезеңінде, яғни тітіркендіру аймағында қозудың жайылу үрдісі тарамай бір жерде тұрақталады ( «стационарлық қозу» ).
Тұрақты токтың қозғыш тіндерге әсері (Пфлюгер 1759 ж) Тұрақты токтың полярлы әсерлерінің заңдары 1. Тітіркендіру әсері тек қана ток тұйықталғанда және ажыратқанда ғана байқалады. 2. Ток тұйықталғанда қозу катодта, ал ажыратқанда анодта пайда болады. 3. Тұйықталғандағы әсері ажыратқандағы әсерден жоғары келеді.
Катэлектротон – бұл тұрақты ток әсерінен катодтың астында пайда болатын қозғыштық пен өткізгіштіктің үдеуі Анэлектротон - бұл тұрақты ток әсерінен анодтың астында пайда болатын қозғыштық пен өткізгіштіктің әлсіреуі
Синапс Синапс – бұл қозуды (немесе серпіністі) жүйке талшықтарынан бұлшықетке немесе жүйке жасушасына өткізетін құрылымдық ұласу. Синапс құрылымы: 1. Пресинапстық мембрана; 2. Синапстық саңылау; 3. Постсинапстық мембрана. Рецепторлар: холинорецепторлар (М және Н холинорецепторлар, адренорецепторлар – альфа, бета)
Медиаторлар Ацетилхолин, норадреналин, гамма-аминомай қышқылы (ГАМҚ), глицин, гистамин, серотонин, дофамин. Ацетилхолин қозуды жүйке клеткалардан ОЖЖ-ға өткізеді, симпатикалық жүйке жүйесінің преганглийлік талшықтарынан қозуды гангийлерге өткізеді. Парасимпатикалық жүйке жүйесімен қозуды эффекторға өткізеді, қозғалтқыш жүйкелерден эффекторлық нейрондарға өткізеді. Норадреналин қозуды симпатикалық жүйке талшықтардың постганглийлерінен эффекторға өткізеді. Медиаторлардың екі түрі болады: Қоздырғыш медиаторлар - ацетилхолин, адреналин, серотонин, дофамин. Тежегіш медиаторлар - ГАМҚ, глицин, аланин.
СИНАПСТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ: 1. Орналасуына байланысты: - аксо-аксонды - аксо-дендритті - дендро-дендритті - аксо-сомалық - ет жүйкелік 2. Әсер ету механизміне байланысты: қоздырушы тежеуші. 3. Ақпаратты өткізу түріне байланысты: - электрлік - химиялық - аралас
Химиялық синапстардағы қозуды өткізу механизмі Қоздырушы синапста: Қозу серпінісі → жүйкенің ұшы (жүйке бұршағы) → пресинапстық мембрананың деполяризациясы (Са++ кіруі және медиатордың шығуы) → медиатордың синапстық саңылауға өтуі → постсинапстық мембранада медиатордың рецептормен байланысуы → ҚПСП → ӘП генерациясы.
Тежегіш синапстарда : пресинапстық мембрананың деполяризациясы → тежегіш медиатор бөлінеді → постсинапстық мембрана гиперполяризацияланады ( К+ иондардың қатысуымен) → ТПСП.
ХИМИЯЛЫҚ СИНАПСТАРДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ: 1. Қозу химиялық синапстарда медиатор арқылы өтеді. 2. Қозу бір жақты өтеді. 3. Тез шаршайды (медиатордың азаюынан). 4. Лабильдігі төмен 100 -125 имп. /сек. 5. Қозудың жинақталуы 6. Із салу 7. Синапстық кідіру (0, 2 -0, 5 м/с). 8. Фармакологиялық заттарға іріктеп сезімталдығы. 9. Температуралық өзгерістерге сезімталдығы. 10. Іздік деполяризациясының болуы.
Электрлік синапстардың (эффапс) физиологиялық қасиеттері. 1. Қозуды электр тоғы арқылы өткізеді 2. Қозуды екі жаққа өткізеді 3. Лабильдігі жоғары 4. Синапстық кідіру жоқ (саңылау тар) 5. Тек қозуды өткізеді.