ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 550
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
1-СЫНЫПТА «ЕҢБЕККЕ БАУЛУ» ПӘНІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
Нұр-Сұлтан 2022
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесі шешімімен ұсынылды (2022 жылғы хаттама).
«1-сыныпта «Еңбекке баулу» пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар». – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022. – 60 б.
Жинақ Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының бастауыш сыныптарда 2022-2023 оқу жылында
«Бейнелеу өнері» пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар берілген.
Әдістемелік ұсыным орта білім беру ұйымдарының басшыларына, білім басқармалары мен бөлімдерінің, оқу- әдістемелік орталықтардың әдіскерлеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.
© Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022
«ЕҢБЕККЕ БАУЛУ» ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ТҮСІНІК ХАТ
Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің сабақтың мазмұны мен білім, білік, дағдыларының көлемін құжат болып табылады
«Еңбекке баулу» пәнінің оқу бағдарламасы оқыту үдерісін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әлеуметтік мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін біліктерді меңгеруге бағытталған.
Қазіргі кезеңде оқушының өз
бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді ісәрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады.
Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субъектісі және тұлғааралық қарым- қатынас субъектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.
«Еңбекке баулу» пәні болашақ ұрпақтың бойында патриотизмді, рухани-адамгершілік және шығармашылық сезімдерін дамытуға бағытталған. Ұлттық қолөнерін құндылықтарын жалғастыршы ретінде ұлттық салт-дәстүрлерге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру; оқушыларды еңбекке баулу дағдыларын, шығармашылық әлеуетін дамыту; ұлттық қолөнері туындылары туралы ақпаратты іздеу, алу, талдау және пайдалану дағдыларын дамыту; өзінің шығармашылық ізденіс арқылы өз ойларын білдіру және негіздеу дағдыларын дамыту.
Осы бағдарламада оқушы өзінің шығармашылық идеяларын қоршаған ортаны білу мен түсінуіне, қазақ халқының қолданбалы қолөнерінің ою-өрнектер арқылы табиғат аясына саяхат пен табиғи материалдарды жинау; адамның өміріндегі қағаздың маңызын білуін зерттеулері қамтылған.
Сабақтарда оқушыларды еңбекке баулу іс-әрекет түрлерінің алуан түрлілігімен және көркем материалдардың техникалық жағынан қол жетімді алуан түрлілігімен танысады. Оқу бағдарламасының басым бөлігін практикалық, еңбекке баулу және шығармашылық жұмыстарын құралған. Шамамен жұмыс бағдарламасы 6-10 жас аралығындағы балалардың дамуының психологиялық-жас ерекшеліктері де ескерілген, ал сабақтың мазмұны білім алушылардың жеке қасиеттерін ескере отырып қарастырылуы мүмкін.
Сабақ уақытында білім алушылардың қызметі еңбекке баулу ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру міндетімен жеке немесе топтық форматта ұйымдастырылады.
Еңбекке балу пәнін оқыту барысында оқушылар ойлау, шығармашылық қиял, кеңістіктік-образдық ойлауын,
көркемдік-технологиялық білімінің негізін қалыптастыруын дамытады .
Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін кең ауқымды дағдылармен дамытылуын білім алуын қалыптастырады
«еңбек пен шығармашылық», сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, негіздейді.
БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНІҢ 1-СЫНЫБЫНА АРНАЛҒАН
«ЕҢБЕККЕ БАУЛУ» ПӘНІНЕН ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
-
«Еңбекке баулу» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген). -
«Еңбекке баулу» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдік- технологиялық білімінің негізін қалыптастыру.
«Еңбекке баулу» пәнін меңгерудің пәндік нәтижелері еңбектің адам өміріндегі шығармашылық және адамгершілік мәні туралы алғашқы түсініктерді, материалдар мен олардың қасиеттері, жобалау, модельдеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс деп белгілейді.
-
«Еңбекке баулу» оқу пәнінің міндеттері:
-
әртүрлі іс-әрекеттерді кіріктіру арқылы пәндік білімдерді, дағдыларды және қабілеттерді дамыту; -
ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен таныстыру арқылы құндылық бағыттарын қалыптастыру; -
білім алушылардың визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни ойлауын дамыту үшін терминологиялық аппарат қалыптастыру; -
бақылау, эксперимент жүргізу және көрсетілім жасау арқылы зерттеу дағдыларын дамыту; -
әртүрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру; -
білім алушылардың өзін-өзі бағалауын жоғарылату және жағымды көзқарас қалыптастыру; -
коммуникацияның бір тілі ретінде ұлттық және әлемдік мәдениет мұраларының мағынасын, рөлін түсіндіру; -
өз жұмысын жасау үшін, әртүрлі ақпарат түрлерін (іздеу, жинау, сұрыптау) бағдарлау қабілетін дамытуға ықпал жасайтын, әртүрлі танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерді өздігінен шешу тәжірибелерін қалыптастыру; -
ұжымдық, топтық және жеке жұмыстарды орындау процесінде қолдың моторикасын, сенсорикалық, қиялдауы мен шығармашылығын, елестетуін және қабылдауын дамыту.
-
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық»,
«өмір бойы білім алу» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына негіз болады.