ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 215
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Еңбек нормасының техникалық негіздеу.
7.3.Еңбекті нормалаудың мәні мен принциптері.
Құқықтық регламентация нормалау және норма мен нормативте негізделген.
Жалпылық – жұмыс істейтін орындардың барлық категориясында еңбек етуді, объективті бағамен қамтамасыз ету мақсатында, жұмыстардың
барлық түріне еңбекті нормалау көлемін кеңейту.
Ғылыми негіздеу еңбек пен демалысықа негізделген адам денсаулығы мен жұмыс қабілетінің толық сақталуы, әлеуметтік, психофизиялогиялық және басқа факторы тіркеме нормасымен түсіндіріледі.
Біркелкі таралу-аналогты өндірістік-техникалық шарттың қалыпты орындарына еңбек етуге зәрулі және жұмысқа міндетті түрде біркелкі ұмтылуы. Прогресивті -ұйымдастыру және басқару әдістері қазіргі заманғы техникадағы өзгеріс. Динамикалы еңбек ету эканомикасына жан-жақты әрекет керек. Негізгі бұйрықтар Қазақстан Республикасының нормативті құжатындағы нормалауда бекітілген. Еңбекті нормалаудың дәлдігі-нақты бір шартта жұмыс уакытын жұмсау мөлшеріндегі объективті қойылым. Пайдалы еңбектің мәнін және әр түріне, мына жұмсалар еңбек нормаларында өз орнын табады: уақыт нормасы, өндіріс нормасы, қызмет көрсету нормасы, қызыметкерлердін сандық нормасы.
Еңбек нормасы, тек жұмыс уақытын керекті көлемде жұмсауға ғана емес, сонымен қатар кез-келген ұйымның еңбек міндеттерін орындарында көрінеді.
7.4 Еңбек үрдісі және оны құрайтын элементтер
Еңбек үрдісінің элементтері оны орындайтын әдістермен түсіндіріледі.
Еңбекті нормалау мен ұйымдастыру тәжірибесінде қолданылатын, еңбек үрдісінің элементі - еңбек қимылы.
Еңбек қимылы – бұл жұмысшылардың еңбек үрдісіндегі өз қолымен, аяғымен, басымен, саусақтарымен және әрекет етіп жұмыс жасауы.
Еңбек қимылы қимылдың бірінен кейін бірінің үзіліссіз жұптасып аяқталады. Мысалы, горизонтальді орта бойынша есеп келесідей еңбек қимыдарынан тұрады: теодалиттік горизонтальді орта жөніндегі отчет.
Ұйымдастырылған операция, бұл еңбек құралдары өзгермейтін бір немесе бірнеше жұмысшылардан құралады және үш түрлі белгімен түсіндіріледі: күнделікті жұмыс пәні, жұмыс орны және орындаушы. Осы үш белгі біреуінің өзгерісі ұйымдастырылған операциядағы жұмыстың негізін бөлек элемент ретінде оқшаулайды. Теодалит бұрышын өлшеу үш элементтен тұрады: құралды орнату, теодалиттік горизонтальді орта жөніндегі есеп, журналда белгілеу және т.б.
Мәні бойынша элементтер бөлімінің негізі болып табылады және оның жеке үрдістерін құрайды. Жұмыс кескіні мен сатысы - бұл жұмыс комплексінің нәтижелі технологиялары, ол бір сападан екішісіне өтуімен сипатталады.
Жер үлестіру және топграфо-геодезиялық жұмысты нормалаудың мақсаты – ұйымдастырылған операция мен оның элементтерін өндірістік үрдісте жеткілікті дифференциялау, ол әдетте жұмыс қимылына да қатысты. Бұл жұмыс өндірісінің құрылымына, сапасына, сонымен қатар еңбекті бөлу сатысына және оны орындау қабілетіне байланысты.
7.5 Еңбекті нормалауда әсер ететін факторлар.
Еңбек етудің көлемін анықтайтын барлық факторлар екі топқа бөлінеді: жұмысты орындаушы мен оны жасауына байланысты.
Барлық жұмыстар белгілі табиғи және әлеуметтік тұрғыда орындалады, ал мәні еңбек етудің көлеміне әсер ететін факторлармен түсіндіріледі. Әсер ететін факторлар бағыты мен мәнінің бір- біріне тәуелдігі, еңбек етудің көлеміне байланысты бөлінеді: техникалық, мекемелік, психофизиологиялық, әлеуметтік, экономикалық.
Техникалық фактор еңбек пәні мен еңбек құралы және т.б. өндіруде қажетті материалдық элементтермен түсіндіріледі. Мекемелік фактор бөліну формасы және еңбек ету мен оның әдістері, еңбек ету және демалу режимі, өндіру типі, мекеме жұмысының режимі және т.б. анықталады. Психофизиологиялық фактор жұмысты орындаушыға қатысты: жынысы, жасы; антропометриялық көрсеткіштері (бойы, қолының, аяғының ұзындығы) күші, эмоцианальді көрсеткіштері және т.б.
Әлеуметтік фактор жұмысшының мәдени-техникалық дәрежесі, жұмыс өтілімі, еңбегінің тартымдылығы және басқалармен сипатталады. Экономикалық фактор ұйымдастыру үрдісінің тиімділігімен анықтады. Мысалы, жеделдік, байланысты өндіріс сипатымен немесе оның басқа элементтерімен сипатталады. Еңбек етудің көлеміне сай барлық факторлардың есебі мен дәлдігі еңбек нормасының жұмыс үрдісіндегі басты бөлімді құрайды. Уақыт нормасы нақты ұйымдастыру-техникалық және басқа да жұмысқа керек қажеттіліктермен сипатталады. Осы қажеттіліктердің кез келгенінің өзгерісі, жаңа норманың туындауына немесе әрекеттің өзгеруіне әкеледі.
Фактор учеті, жұмыс үрдісінде еңбек ету нормасының көлеміне сай сипатталады.
7.6 Жер кадастры және жер үлестіру жөніндегі жұмысты нормалаудың негізі.
1. Жұмыс кескіні мен әрқилы табиғи және экономикалық қажеттіліктердегі қиындығы, нормалаудың бақылау объектісінің таңдауын қиындатады. Нормалауға сай әртүрлі факторлардың топтық әсернен жұмыс істеуге нақты уақытты қою қиын. Осы жағдайды жұмыс істеу тәсілдері немесе еңбек етудің негіздерін анықтайтын, басты белгілер бойынша орындалатын аумақтау шекарасы жолымен шешуге болады.
2. Жер үлестіру жұмысының кең көлемдегі әртүрлілігі – бұл технологиямен орындаудың еңбек үрдісін оқуға арналған әртүрлі әдістерді қолдануды талап ететін, әртүрлі еңбек қаруын пайдаланумен ерекшеленеді.
3. Жұмыс уақытының оқу әдістері мен әртүрлі нормалау бірліктері жұмыстың бір түріне арналған. Жер үлестіру жұмысының түрлері бойынша біртекті нормалау еңбек ету қалпын белгілі бір өлшемде орнату үшін, алаңның өлшемін, ұзындығын және т.б. алуды талап етеді.
Жер үлестіруде жұмыс түріне сай біртекті нормалау қолданылады. Жұмыс кескініне кеткен уақытты анықтау үшін біртекті нормалау - жерді қолдануда, бөлуде пайдаланылады. Қадағалауды қажет ететін (геоботаникалық және басқа) және егіншілік шаруашылығында біртекті нормалау үшін, алаң көбінесе гектар немесе км2 түрінде алынады.
4. Қиындық категориясының мәні. Күрделілік категориясы арқылы, жұмысты орындаудағы еңбек етудің көлемін анықтау, әртүрлі факторлардың жұптасуымен түсіндіріледі.
Жер кадастры және жер үлестіру жұмысының барлық түрінде күрделі категориясы жазбаша түрде, ал топографо-геодезитикалық жұмыста эталон түрінде болуы мүмкін.
7.7 Уақыт нормасы және оның сипттамалары.
Уақыт нормасы (Нун) – бұл белгілі бір ұйымдастырылған шарттардың квалификациясына сай жұмысшылардың жұмысты орындауына бекітілген, жалпы жұмыс уақытының қажетті көлемі.
Қызмет көрсету нормасы (Нқн) – белгілі бір өндірістік техникалық шарт бойынша белгіленген жұмыс уақыты ішінде жұмысшылардың немесе жұмысшылар тобының (бригада) квалификацияға сай қызмет көрсетуге міндетті өндірістік объектілердің (өндірістік мекеме, жұмыс орны, т.б.) саны.
Қызмет көрсету нормасының жан-жақтылығы бір ғана басшының жұмысшыларды басқаруымен жүретін басқару нормасы болып табылады.
7.8 Еңбекті нормалаудағы тиімді әдістердің таңдауы.
Әдістердің таңдауы нормалаудың жұмыс сипаттамасымен және оның орындау шарттарымен анықталады.
Еңбек нормасын орнықтырудағы аналитикалық әдісі,еңбек және санақтық формула бойынша көрсеткіштердің қолдануына сай еңбек нормасының орнығуын қарастырады.
Еңбек нормасының тәжірибелік-статистикалық әдісі, инженердің нормалау тәжеребиесінің және жұмыс уақытының нақты шығымының оперативті статистикалық тіркемесінің мәліметтерін қолдануға негізделген.
Аналитикалық әдіс еңбектің негізгі әдісі болып табылады және екі түрін қарастырады: дифференцияланған және кеңейтілген. Дифференцияланған әдісте, еңбек операциясының мәні нормалаудың бастауышы, дифференциясының жүргізілуі, факторлар талдауы,еңбек операциясының әр бөлігінің анықталған жалғаулары операцияның жаңа құрамының жобалануы операцияның әр бөлігінің және барлық операцияға бүтіндей еңбек нормасының анықталуы оқылады. Дифференияланған әдістегі еңбек операциясының есеп нормасы екі жолмен жүргізіледі: аналиктикалық-зерттеушілік және аналиктикалық-тіркемелік.
Еңбек нормасы санағының аналиктикалық-зерттеушілік әдісінде, фотохронометржды зерттеу жүргізу жолымен,еңбек операциясының орындау қажеттіліктері, еңбек уакытының зерттейтін шығымның негізі анықталады.
Аналиктикалық-зерттеушілік әдістің негізігі жетістігі –бұл жоғарғы дәл норманы қамтамасыз етуде әр бір жұмыс орнындағы нақты өндірістік шартты нормалы орнықтыру үшін тіркеменің толық біртекті мүмкіндігі.
Аналитикалық әдісте еңбек нормасының орнығуы алдын- ала өңделген уақыт көрсеткішінің және жұмыс құралының көрсеткіші режиміне негізделуімен жүргізіледі. Осы әдістен кейін еңбек операциясы бөлімге бөлінеді, ал сосын операция бөлімінің рациональды мәні мен және оны орындаудың жалғасымы бекітіледі. Көрсеткіш негізінде операция элементіне немесе барлық операцияға уақыт нормасы бүтіндей орнығады. Санақ нормасы, операцияның бөлек бөлімін немесе операцияны толық орындауға уақыт тәуелділігінің орнығуы, формула санағы бойынша, яғни
уақыт көрсеткіші бойынша жүргізілуі мүмкін.
Операцияның кеңейтілген нормасы. Кеңейтілген көрсеткіштерді қолдану арқылы аналитикалық-есептік әдіс модификациясын ұсынады.
Осыдан келе санақ нормасы бойынша жұмыстың дәлдігі мен бір үлгілігін жеткілікті қамтамачыз етумен қысқартылады және төмендейді. Кеңейтілген нормалаудың уақыт көрсеткіші дифференцияның әрқилы сатыларынан тұрады.
Нормалаудың кеңейтілген әдісінің бірі, уақыттың типтік нормасының есебі болып табылады. Бұл үшін уақыт шығымының классификаторы жасалынады, жұмысты орындаудың схемасы құрылады және уақыттың типтік нормасының орнығуымен операция нормаланады. Мұндай нормалар, уақыттың типтік нормасының кестесі түрінде құрылады. Типтік норма бойынша нормалау әдістері, аз дәлдікті иеленеді. Бірақ, еңбек үрдісін нормалау бойынша жұмыс көлемін қысқартуға әкеледі.
7.9. Жұмыс уакытын жұмсаудың жіктелуі.
Жұмыс уақыты қалыпты ұзақ қасқартылған ұзақ және толық емес түрлерінде болуы мүмкін. Қалыпты жалғасатын жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауы керек. Бес күндік жұмыс аптасында күнделікті жұмыстың ұзақтығы 40 сағаттық нормалы аптада, 8 сағаттан, 36 сағаттық нормалы аптада 7 сағат, 5 сағаттан аспауы керек. Алты күндік жұмыс аптасына күнделікті жұмыстың ұзақтығы 40 сағаттық нормалы аптада 7 сағаттан, 36 сағаттық нормалы аптада 6 сағаттан және 24 сағаттық нормалы аптады 4 сағаттан аспауы керек.
Орындаушы, жұмыс уақытын жұмсаудағы оқу барысында, жұмыс уақыты болу үшін қалыпты және қалыпсыз деп бөледі. Қалыпты уақытқа еңбек нормасын кескіндеуде қарастыратын уақытты жұмсау жатады. Олар: орнықтырылған және оперативті уақыт,жұмыс рнының қызмет көрсету уақыты демалу үшін және жеке ісі үшін үзіліс, үзілістер, мекеменің өндірістік техналогиялық орнығуы. Қалыпсыз уақыт өндірістік және техникалық себептерге сай уақыттың жұмсалуы,еңбек диспицлинасының бұзылуларына, сонымен қатар кездейсоқ жағдайды орындауға кеткен уақыт шығыны. Арнайы бекіткен уақытқа маманның аяқтауы керек берілген жұмыстар мен әрекеті орындауы үшін, дайындыққа жұмсаған уақыт жатады. Оған: дайын өнімді өткізуде және жұмысқа қажет құралдарды дайындауға және тексеруге, тапсырманы орындауға кеткен уақыт жатады.
Арнайы бекітілген уақыттың көлемі, жұмыс көлемінен жатады.
Жұмыс уақытының құрамын минутқа ,секундқа және т.б сай жұмсалуы келесідей формулада қарастырылады.
Нун=ТабТнжТқжТкқТджш
Мұндағы:
Нун -уақыт нормасы;
Таб -жұмыстың арнайы бекітілген уакыты;
Тнж - негізгі жұмыстың уақыты;
Тқж - қосымша жұмыстың уақыты;
Ткх - жұмыс орнының ұызмет көрсету уақыты;
Тдш- демалуға және жеке шаруаға кеткен уақыт.
Жұмыс уақытының бар түрінің жиынтығы жұмыс күнінің тепе-теңдігін ал олардың қатынасы жұмыс күнінің құрылымын құрайды. Жұмыс тепе-теңдігі факторлы және кескінді болып бөлінеді. Жұмыс уақытының тепе-теңдігі жұмыс уақытының тұмау түрлері бойынша, факторлы орналасумен көрінеді. Осыдан пайдалы жұмсаудың орны жұмыс уақытының өндірілмеген шығыны болады. Жұмыс уақытының кескінді тепе-теңдігі, пайда нормасының салмағында, жұмыс әдістері мен тәжірибесіне сай жұмыс уакытын толық әрі тиімді қолдануын қарастырады, дұрыс демалыс және еңбек режемінде қолданылады. Ол тек жұмыс уақытын қалыпты жұмсаудан тұрады. Жұмыс күнінің ұзақтылығын факторы және бекітілген деп бөледі.