ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 216
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4.7 Халықаралық қызмет.
Қазіргі жағдайда Қазақстанның халықаралық қызметтестігінде заңдылық жүйесінің құрылуы, құқықтық, экономикалық және жер қатынастары бойынша қаржылық келісімдер, жерге орналастыру, жер кадастры, жер мониторингі, геодезия және картография саласында құрылу маңызды болып келеді.
Қазақстанды жер ресурстарын басқару бойынша агенттік таныстырады және ТМД елдері қатысушыларын жерге орналастыру және жер қатынастары бойынша Халықаралық Ғылыми Кеңеске қатыстырылады.
Оның тапсырма негізіне жер саясатының болашағы және жағдайына талдау жасау, жер қатынастарының ғылыми қамтамасыз етілуі, жерге орналастыру дамуының жер нарығының қалыптасу сұрақтары мен жер кадастры, жер мониторингі, қазіргі кезеңдегі жер реформасын ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі кіреді.
Геодезия және картография салаларында халықаралық ғылыми-техникалық және экономикалық істе белсене жүзеге асуда.
Қазақстан Республикасы әлемдік деңгейдегі карта жасаушы мемлекеттер тізіміне кіреді. Қазақстан Республикасы географиялық аттары бойынша ұдайы ТМД-ның сарапшы топтар мүшелігіне қабылданған.
Халықаралық қызметтестік геодезиялық кеңістік бірлігін, қазіргі технологиялардың қолданылуын, геодезиялық тығыз қатынасын, картографиялық және кадастрлық ТМД елдер қатысушыларының қызметтерін қорғау қажеттілігін және маңыздылығын көрсетеді.
Бақылау сұрақтары:
1.Жер заңдылықтарының сақталуы қандай амалдармен қамтамасыз етіледі?
2.Жер ресурстарын басқару Комитеті біліктілігіне не атады?
3.Жерге орналастыру ісінің негізгі бағыттарын көрсетеді?
4.Мемлекеттік жер ресурстарын басқарушы орталық атқарушы мүшелікті қай басқарма мүшесі атқарады?
5.Жер ресурстарын басқару Комитетінің құқығын, қызметін және негізгі тапсырмаларын атап өтіңдер?
6. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметтерін атап бер.
7. Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ құрылымын ата.
8. Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ кәсіпорны қандай кәсіпорын түріне жатады?
9.Соңғы жылдары жер ресурстарын басқару Комитеті қандай ғылыми-техникалық қамтамасыз етуі бойынша қандай жұмыстар жасалды.
10.Жерге орналастыруда халықаралық қызметтестік қалай дамуда?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгіәдебиет:[1],[2],[3],[4], ],[6]
Қосымшаәдебиет:[1],[2],[3],[4].[5],[6]
5-дәріс. Мемлекеттік жер ресурстарынның басқармасы.
Дәрістің мақсаты: Жерге орналастыру және кадастрлау бойынша мемлекеттік кәсіпорындарды басқару ұйымын үйрену.
Түйінді сөздер: басқару, жер ресурстары,
Жоспар:
5.1.Мемлекеттік жер ресурстарының басқармасы.
5.2.Басқару түсінігі мен ұстанымы.
5.3.Басқару қызметтері.
5.4.Басқару әдістері.
5.5.Өндірістік жалпы және ұйымдық құрлымы.
5.6.Мемлекеттік жүйедегі Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ кәсіпорнының өндірістік бөлімшелік қалыптасуы.
5.1 Мемлекеттік жер ресурстарының басқармасы.
Мемлекеттік жер ресурстарының басқармасы жерді қорғау және жаңашалап қолдану ұйымдары бойынша мемлекеттік өклетті мүшелерін реттеу ісін жүзеге асырады.
Жер ресурстарын басқара отырып, мемлекет және жер саласын пайдаланушылар жер саласының қасиеттерін ескеру керек, адамдардың талаптарын үлкен тиімділікпен қанағаттандыру үшін оларды мақсатты тағайындау негізінде қолдануға міндетті. Сонымен қоса мемлекет бүкіл жер территориясының құқықтық тәртібін оның толық тағайындалуы мен табиғи аймақтар бойынша бөле отырып анықтайды.
Мемлекет өзінің өкілетті мүшелері ретінде, жер ресурстарын қолдану саласында басқару қызметтерін анықтай отырып, жер қорының толық және бөлек те жер санаттарын жаңаша қолдану бойынша ережелер мен мөлшерлерді жазып береді. Ол жерді пайдаланушылар мен жер иелерінің іс әрекетінің шегін анықтайды, жер ресурстарын толығымен шаруашылықта қолдану реттілігімен әртүрлі территориядағы құқықтық тәртіпті жазып береді.
5.2 Басқарудың түсінігі мен ұстанымы.
Кәсіпорын басқармасы ұйымының маңызды ұстанымы болып:
толық бірлесімділік және жинақтылық;
үздіксіздік және сенімділік;
басқару қызметтерінің бөлінуінің демократиялық ұстанымы. Ғылыми басқарманың негізінде басқару тиімділігі жекешелік ұйымдық және мемлекеттік қызығушылықтардың бірлесімділігі қабылданған шешімдерді бақылау және орындалуын қадағалау.
Басқарудың жалпы қызметіне жоспарлау жұмыстары, кәсіпорын ұйымы, мотивация, бақылау және есепке алу қатысады.
5.3 Басқару қызметтері.
Басқару жүйесінің негізгі қызметтері.
Макроқызмет - басқару жүйесінің негізгі мақсатын құрастыру, жүйе орындалуының жалпы саясатын ойлап шығару, басқару жүйе құрылымын және оның даму бағыттарын құрастыру, жүйе асты иерархияларын және қызметтерін анықтау, жүйенің толықтылығымен қамтамассыз ету және басқарманың жүйе асты автономиялық сатысын анықтау.
Басқарманың жалпы қызметтері- бастапқы басқарма (жүйенің нақты параметрлерін жобалау және болжау), шұғыл басқарма (ұйым, координациясы және ұдайылық) және соңғы басқарма немесе кері байланыс (бақылау, есепке алу, талдау жұмыстары);
Басқарманың жеке қызметтері - жоспарлау және болжау бойынша жұмыс ұйымы,өндірістің технологиялық дайындығы, өндірістік ұйым, өндіріспен шұғыл басқару, кадрлармен жұмыс ұйымы, материалды-технологиялық жабдықтандыру, экономикалық талдау және т.б.
5.4 Басқару әдістері.
Басқарудың 3 тобы бар: ұйымды-тәртіптік (әкімшілік), экономикалық және әлеуметтік-психологиялық.
Ұйымды - тәртіптік (әкімшілік) басқару әдістері-басқару жүйесін қалыптастыру бойынша заңды кескінделген, билік қатынастарына негізделген.
Олар өздеріне басқарманың барлық кеңістік иеліктерінеде ресми қызмет ететін мөлшерлер мен нормативтерді заң жүзінде тіркеулерді және әртүрлі деңгейдегі заңдастыру актілерін қосады. Бұндай басқару әдістерін көбінесе өндіріс деңгейінің бұйрық етуші, мөлшер және нормалар мен ереже, нұсқаулар ретінде көрініс табады. Ұйымдық - тәртіптік әдістер бұл әдістер басқару объектісіне субъектісінің тура әсер етуін анықтайды. Ұйымды-тәртіптік әдістің негізгі түрлері:
1.Ұйымдық регламенттеудің әдістері. Оларға- әртүрлі құжаттар, белгілі бір кәсіпорынның регламеттеуші жұмыстары жатады яғни, жүйенің негізгі қызметтеуші элементтін орнатады: басқарушы және басқаратын жүйелеу арасындағы қарым – қатынас жүйенің өзін және оның элементтерінің қызметтерінің ретін анықтайды, олардың бағынушылығын белгілі бір қызметті бекітеді.
2.Ұйымдастырушылық норматив әдістері, өндірістік процесінің негізі ретінде қызмет етеді. Оларға келесілер жатады:
ұйымды - техникалық нормативтің сапалық деңгейі қажет ететін өнім сапасына қатысты сертификат;
әкімшілік-ұйымға: ішкі еңбек тәртібін жатқызуға болатын ережелер, демалыс тағайындау зейнетке шығу т.б. ережелер жатады.
3.Әдістемелік нұсқау беру әдістері. Әдістемелік нұсқау беру әдістеріне бухгалтерлік есепке алуды енгізу және саяси есепке алу жағдайын жатқызуға болады, қолданылған есепке алынған бухгалтерлік шоттар тізімін және ретін, ақиқат мөлшерлігін және т.б. анықтайды.
Экономикалық басқару әдістері әлеуметтік - эканомикалық жүйесін оның одан әрі тиімді қызметтенуіне және даму мақсатында экономикалық қатынас элементтерін қолдану мүмкіндіктеріне негізделген. Сол секілді кәсіпорынға мұндай ұйымның табыс ақысы және материалды формаларын жатқызады, дербес адамға кәсіпорын еншілесі ретінде қарау, өндіріс кірістері ішінде жұмыскерлердің қатысу амалдары және т.б.
Экономикалық басқару әдістері басқару объектілеріне экономикалық қызығушылықтарына әсер ету амалдарының жиынтығын түсіндіреді.
Әлеументті-психологиялық басқару әдістері бұл- наным-сенім әдісі, адамдар психологиясына моральды және құлықтылықты әсер ету.
Әлеументті-психологиялық әдістерінен тұлғалардың психологиялық ерекшеліктерге және әлеуметтік қызығушылық жиынтығына бағытталған әдістемелік топтарды түсіндіреді. Осылайша еңбек ұйымдарында және тұлғааралық қатынастар мен байланыстарда өтетеін бұл әдістер әлеуметтік процестерге әсер етеді. Әлеуметтік басқару әдістерінің ішінде,олардың көп бөлігі мемлекеттік кепілдікпен (еңбектің ұзақтылығы, зейнеткерлік жастың белгіленуі) себепкер. Сонымен қоса психологиялық әдістер ішінен гуманизациялық еңбек әдістері қолданылады (кондиционерлер, қауіпсіз компьютер мониторы, жұмыс орнының жайлылығы) жұмыстарға қабылдау кезінде кей қызметкерлердің психологиялық жарамдылығын (кәсіптік таңдау әдісі) тексереді.
5.5 Өндірістік, жалпы және ұйымдық құрылым.
Өндірістік жалпы және ұйымдық басқару структуралардың ұғымын айырады.
Өндірістік бөлімшелер жиынтығы (цехтар,учаскілер,шаруашылыққа қызмет көрсету және қызметтер) тура және жанама өндірістік процеске қатысады, олардың саны мен құрамы кәсіпорынның өндірістік құрылымын анықтайды.
Шарттарға, кәсіпорынның өндірістік құрылымға әсер ететін, өнімнің сипаттамасын және оның істеп шығару технологиясын, өндіріс ауқымын мамандану дәрежесін және оның басқа кәсіпорындармен көшірмелерін, сонымен қатар өндірістің ішкі кәсіпорындардың мамандану дәрежесін жатқызады.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымының 3 түрі болады: заттық, технологиялық және аралас (заттық-технологиялық).
Заттық құрылымы белгілі бұйым шығару бөлімшесінің мамандандыру немесе әртүрлі бұйымдар, бөлшектер шығару топтары сипатталады.
Технологиялық құрылымына технологиялық процестердің белгілі бір бөлігі және өндірістік процестің жеке сатысының орындалуы, кәсіпорын цехтарының мамандануы жатады.
Кәсіпорынның жалпы құрлымын бүкіл өндірістік, өндірістік емес (жұмысшыларды және олардың отбасыларын қамтамассыз ету) және басқармалық өндірістік бөлімшелер жиынтығын көрсетеді.
Кәсіпорын басқару қызметінің орындалуын қамтамассыз ететін қызметтестік - иерархиялық құрлым ретінде құрылады. Басқару элементтерінің бөлінуі және байланыстарды сақтайды.
Ұйымдық құрылым тапсырмаларды бөлу бойынша бөлімдер мен бөлімшелерді реттейді және осы құрлым элементтерінің жалпы өзара іс-әрекеті мен белгілі бір мәселелерді шешу қызметін жүзеге асырады.
Ұйымдық аппаратты басқару құрлымы - өндірісті басқару бойынша еңбек бөлінісінің формасы. Әр бөлімше мен қызмет белгілі бір басқару қызметінің жиынтығын немесе жұмыстарды орындау үшін құрылады. Бөлімшенің қыметтерін орындау үшін, қызметтік тұлғалар ресурстармен бұйрық беру үшін және олар бекітілген қызметтерді орындауға жауапкершілік алады.
Басқару жүйесі элементтерінің арасында байланыстар болады. Оларды келесідей сипаттауға болады:
Желілік байланыс- әртүрлі басқару бөлімшелері арасында, бір жетекші екіншісіне бағынышты болғанда (директор- бөлім бастығы маман) туындайды;
Қызметтік байланыс- әртүрлі басқару деңгейінің белгілі бір қызметін орындаушы жетекшілермен өзара іс-әрекектті сипаттайды. Олардың арасында әкімшілік бағыныштылық (жоба бөлімінің бастығы- өндіріс бөлімінің бастығы) болмайды;