Файл: С сЕйфуллин атындаЫ аза агротехникалы университеті.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 212

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жерге орналастыру құжаттамасы – бұл жерге орналастыру жүргізу нәтижесінде (болжамдар, сызбанұсқалар, жобалар, техникалық – экономикалық есептеулер мен негіздемелер, басқа материалдар), сонымен қатар ұжыммен белгіленген іс- шараларды жүзеге асыруда еліміздің территориясындағы және әкімшілік – территориялық жерлерді рационалды қолдану негізінде алынған құжаттар.

Жерге орналастыру жобасы - бұл мекемелік территориялардың жаңа формаларын құрудағы құжаттар жиынтығы ( есептесулер, сызбалар және т.б.), мәселен ұжымның рационалды қолданылуы мен жер қорғалуын қамтамасыз ететін олардың экологиялық, экономикалық, техникалық және заңдық тұрғыдан негіздемелері. Жобада сызба және мәтіндік бөлігін ажыратады.

Жобаның графикалық бөлімінде объект территориясының іс- жүзінде жағдайын бейнелейтін және жобаланған кезде әртүрлі карталарды қолданылатын – жобалық жоспар, істік сызбалар, жобаны жаратылысқа ауыстыру, карталар, сызба нұсқалар, графиктер, суреттер, диаграммаларды қамтиды.

Жобалық жоспарда ұжымның территориясына байланысты жобалық шешімдердің барлығы суреттеледі. Жоспарлық материалдар жерге орналастырумен қабылданған шартты белгілерді қолдануымен қамтылады.

Жергілікті сандық моделдерді және компьютерлік технологияларды қолданғанда, жобалық құжаттамаға сонымен қатар қолданбалы жұмыстарды, ақпаратты тасымалдаушы әр түрлі заттар ( CD және DVD дискілер, дискеттер және т.б.) қолданылады.

Жобаның графикалық және мәтіндік бөлігінің жиынтығы жобалық- сметалық құжаттамадан құралады.

Жерге орналастырудың қызметтік жобасы сонымен қатар, сметалы- қаржылық есептеулері болуы тиіс, мәселен бұл құрылыстың жүзеге асырылуында заттарды құру мен шығындауда өткізетін нақты қаржылық операциялар мен жабдықталуын қамтамасыз етеді.

Қоныстандыру құжаттамасын жетілдіруде тәртібі мен техникалық шарттары, оның хатталуы мен берілуі – Қазақстан Республикасының Үкіметі нұсқау жер ресурсын басқарушы Агенттілігінің басқа нормативті- техникалық құжаттарымен жерге орналастыру жағдайымен және жерге орналастыруды реттеуші басқа нормативті актілер негізінде анықталады.

Жерге орналастыру құжаттамасы мемлекеттік және қоғамдық ұжымдар мен мекемелердің қызығушылығымен үндеседі және мемлекеттік орындаушы билік органдары мен жергілікті өзін- өзі басқару мекемелерінің құжаматтамасына сәйкес құрылу деңгейіне байланысты болады.

Жерге орналастыру ісі объектіге қатысты яғни, арыз, хаттама, анықтама, акттар,сараптама және т.б. мәліметтер жерге орналастыру объектісі негізінде, жерге орналастыру құжаттамасын және басқа материалдарын қамтиды. Бұл Қазақстан Республикасының бекітілген нормативті- актілерімен белгілі тәртіпте құрылып, сақталады.


Жер кадастрының құжаттамасы. Кадастрлық іс. Кадастрлық істер – бұл кадастр объектілері туралы мәлімет алуға және барлық ақпараттық қайта құрылуларды іске асыруға бағытталған әртүрлі шаралар мен істер жиынтығы.

Жер кодексінің 156 бабына сәйкес жер кадастры құжаттамасы барлық тіркелу деңгейінде: негізгі, аралықты жаңарып отыратын жылдық құрамды қамтиды.

Негізгі құжаттардан мәліметтерді беруде немесе орталықтандыру процессінде туындайтын документтерге, бекітілген формадағы көшірмелер және статистикалық есептеулер жатады.

Жер кадастр құжаттамасына қойылатын талаптар.

Мемлекеттік жер кадастры мәліметтері Жер кодексімен сәйкес мемлекеттік ақпараттық ресурс статусы беріледі. Мемлекеттік қор құрамына қосылған Жерге орналастыру құжаттамасы мемлекеттік меншік болып саналады. Жерге орналастыруды жүзеге асырушы азаматтар мен заңды тұлғалар – олармен жасалған жерге орналастыру құжаттамасын мемлекеттік қорға тегін беруге міндетті. Жерге орналастыру нәтижесінде алынған мәліметтерді мемлекеттік қорды құру тәртібі және енгізілуі сонымен қатар, қолданылуы Үкіметтің сәйкес заңдары мен шешімдерімен анықталады.

1.3 Жерге орналастыру және жер кадастры бойынша қызметтердің классификациясы.

Жерге орналастыру және жер кадастр ісі классификациясы сатылармен, түрлерімен және сипаттамасымен сонымен орындалу орнымен өткізілуі мүмкін.

Жерге орналастыру және жер кадастр ісі түрі бойынша жіктелуі келесідей:

  • болжамды;

  • зерттеулік;

  • жобалық;

  • есептеуші;

  • сызбалық;

  • жер- кадастры;

  • геоақпараттық.

Жерге орналастыру және жер кадастры орындалу сатысына байланысты:

  • дайындық;

  • зерттеулік;

  • жобалық:

  • жобаларды іске асыруға байланысты;

  • құжаттарды дайындау.

Жерге орналастыру және жер кадастры орындалу сипаттамасына байланысты:

  • жобалық;

  • техникалық;

  • есептеуіш;

  • сызбалық.

Жұмыс істеу орнына қарай жерсіндіру жұмыстары келесідей бөлінеді:

1)камералық;

2)егістік.

Жер шамасын анықтау барысындағы жұмыста топографо­геодезиялық және картографиялық жұмыстар, егістік, геобатаникалық, топырақты ­мелиоративтік және т.б. зерттеу ақпараттарын аралық жаңартып отыруы зор мағына береді.



Нарықтық келісімде жер реформасын орындау барысында жұмыстың жаңа түрлеріне қажеттілік туындады: жер конкурстары және ашық жер саудасының аукционы, жер мониторингісімен жұмыс.

1.4. Жерге орналастыру және жер кадастры процессі.

Кез-келген жерге орналастыру түрі жұмыс істеу дайындық жұмыстарынан бастап жерге орналастыру үрдісінің соңына дейін белгілі бір ретпен орындалады және заңды үрдісі мөлшерінде, техникалық талаптар мен ұйымдастырушылық мөлшермен аяқталады.

Жер құрылысы элементтерінің және құрамына кіретін бөлімін шешуге, өзіндік бір-бірімен байланысқан жұмыстар жерге орналастыру кезіндегі өндірістік үрдісті көрсетеді.

Егер жұмыстың барлық сатылары орындалып және сәйкес келген құжаттар толтырылған болса, өндірістік жерге орналастыру жұмысы аяқталған болып есептеледі.

Жерге орналастыру процессі – бұл белгілі бір құқық құрушы акт. Ол өндірістік жерге орналастыру жұмысының реті заңды бекітілген және Жер кодексімен байланысты және келесі сатыларды қосады (ЖК 151 бап):

өндірістік жерге орналастыру ісінің қозғауы;

дайындық жұмыстары;

жерге орналастыру процессін, бағдарламасын, сызбаларын және болжауларды жасау жұмыстары;

жерге орналастыру құжаттарын құрау, келісу және бекіту;

жерге орналастыружобасын орындау.

Мұнымен қоса жерге орналастыру жобасы орындау жобаның жергілікті жерге көшуі, жобаның барлық элементтерін ұғу, жерге орналастыру құжаттарын және материалдарын беру және толтыруды құрайды.

Жер кодексіне қатысты жерге орналастыру процессінің қатысушылары болып - тапсырыс беруші, жерге орналастыру құжаттарын жасаушы, басқа адамдар, жерге орналастыруін істеу барысында туындайтын құқықтық және заңдық қызығушылықтар, сонымен қатар жерге орналастыру құжаттарымен келісіп, бекітетін өкімет органдары мен басқа да адамдар.

Жерге орналастыру процессі қатысушыларының құрамды бөліктеріне өндірістік жерге орналастыру процесінің дифференциясы.

Дефференцияның қажеттіліктері:

еңбектің кооперациясы және оның бөлінуі;

жобалық, техникалық және т.б. жұмыстарға әр түрлі жүйелі еңбек ақысы;

жерге орналастыруын және жер кадастрлық жұмыстарды жоспарлаған кездегі заттар мен еңбек шығындарын есептеу;

өндірістік жұмыс талдауы.

Жерге орналастыру процесі дифференциясының негіздері.

Өндірістік процестің құрамды бөлігі бұл - жұмыс сатылары. Саты бұл- жұмыстың аяқталған бөлімі. Ол өзіндік бір- бірімен байланысқан құрамы бойынша элементтерден және ұжымдық техникалық бірліктің негізінде орындалатын жекеленген жұмыс сатыларынан түрады.


Егер қызығушылық білдірілген жер пайдаланушылар келісілген және соған қатысты бөлімшелермен қабылданса, жерге орналастыру құжаттарының сызбалары және актісі (жерге орналастырудың материалдары және басқа да қаралулар, кестелерді толтыру және жерді негізгі бағытта қолдану схемасы және өндіріс кеңістігінде орналастыру жұмыстары аяқталғанда) толтырылған әрі бекітілген жағдайда ғана өндірістік процесінің сатысы аяқталған болып есептеледі.

1.5. Жерге орналастыру, топография - геодезиялық және картографиялық қызметтерін лицензиялау.

Өндірістік топография - геодезиялық және картографиялық жұмыстарға лицензия беруге құқысы бар органдар жер ресурсын басқару бойынша Қазақстан Республикасының орталық басқару органдары болып келесілер саналады:

-Қазақстан Республикасының жер ресурсын басқару комитеті және оның территориялық органы;

-жерге орналастыру жұмыстарына жер қатынастарды жергілікті атқарушы билік органдарының басқармасы;

-квалификациялық талаптарға сай заңды тұлғалар мен жұмысшылар.

Лицензияларды айлық мерзімнен кеш бермейді. Кіші кәсіптік субъектілерге арызды құжаттары толық мөлшерде берілгеннен кейін он күн ішінде беріледі.

Лицензиялық жұмыстарды өндірудегі міндетті шарттар:

Кәсіпкерлермен орындалған жер құрылыстық, топография -геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тексеруден өткізіп мұрағатқа өткізу керек;

Жер құрылыс жұмысын орындаушы кәсіпорын және жеке адам берілген лицензия негізінде жұмыс аяқталғаннан кейінгі он күндік мерзімде, кімнің тапсырысы бойынша орындалуынан тәуелсіз, орындау барысында толтырылатын құжаттар мен мәліметтердің көшірмелері мен нақты үлгісін облыстық комитетке қатысты жер ресурстарын басқару бойынша техникалық мұрағатына тапсыру керек;

Бақылау жұмысын жандандыру үшін жер ресурсын басқару бойынша территориялық комитеттің талаптары бойынша бес күндік мерзімде жазбаша және ауызша ақпараттарды көрсетіп отыру керек.
Бақылау сұрақтары:

  1. Жер құрылысы нарықтық келісімде қандай функциялар атқарады?

  2. Жер құрылыс құжаттары түсінігіне не кіреді?

  3. Жер кадастрлық құжат түсінігіне не кіреді?

  4. Жер кадастрының ақпараттық ерекшеліктерін атап өтіңіз?

  5. Жер құрылысының және жер кадастрының нарықтық келісімде қандай маңызы бар?

  6. Жер құрылысы және жер кадастрының өндірістік жұмыстының ерекшелігі неде?

  7. Егістік және камералдық жұмыстарды сипаттап беріңдер?

  8. Жер құрылысы өндірістік үрдісі қажеттілігі неде және дифференциялды принциптері қандай?

  9. Жер құрылыс жұмыстарының қандай негізгі түрлері автоматтандырылған?

  10. Жер кадастрының жүзеге асыру бағыттарын геоақпараттық технология негізінде атап өтіңіз?



Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгіәдебиет:[1],[2],[3],[4], ],[6]

Қосымшаәдебиет:[1],[2],[3],[4].[5],[6]
4-дәріс. Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жүйесі
Дәрістің мақсаты: Қазақстан Республикасының жерге орналастыру органдарының функциялары мен тапсырмаларын, мақсаттарын дәрежелі түрде үйрену.

Түйінді сөздер: орган, заңды тұлға, кәсіпкер, мемлекеттік жер кадастры, жер ресурстарын басқару

Жоспар:

4.1 Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару Комитеті.

4.2 Жер құрылысы және жер ресурстарының мемлекеттік ғылыми - өндірістік орталығы («Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ).

4.3 Мемлекеттік жер кадастрының Республикалық орталығының автоматты ақпараттандырылған жүйесі (МЖК РО ААЖ).

4.4 Аймақаралық жер инспекциясы.

4.5 «Жер қатынасын басқару» (ЖҚБ) жергілікті атқарушы органдар.

4.6 Аудандық (облыстық маңызды қалалар) жер кадастрлық бөлімшесі.

4.7 Халықаралық қызметтестік.

4.1 Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару Комитеті.

Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару Комитеті Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Құқықтық - ұйымдастырушылық мемлекеттік мекеме ретінде Комитет заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өздерінің мөрлері, бекітілген үлгідегі бланкалар сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің органдарында шоты бар.

Комитеттің жұмысын қаржыландыру тек республикалық бюджетінен қамтамассыз етіледі.

Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару мемлекеттің барлық жерін басуымен, комитет аймақаралық жер инспекциясы мен көлденең структуралы басқармасын көрсетеді.

Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар комитеттің қарамағында болады, соған қарай комитеттік субъектінің құқықтық мемлекеттік жеке меншік функцияларын атқарады.

Комитеттің функциялары:

1. Стратегиялық функциялар - мемлекеттік саясаттың қалыптасуын қамтамассыз етеді;

2. Функциялар - мемлекеттік саясаттың жандандыруын қамтамассыз етеді;

3. Мемлекеттік саясатты бақылау арқылы жүзеге асыру функциялары;