ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 218
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қызмет аралық байланыс- бір басқару бөлімшесі деңгейі арасында болады (өндіріс бөлімшесінің бастығы-іздестірулік партиясының бастығы)
Ұйымды басқару құрылымы байланыс сипаттамасына қатысты бірнеше негізгі түрге бөлінеді:
желілік;
қызметтік;
матричті;
көпшілік.
Ұйымды басқару құрлымы бұл – құрамын, өзара іс -әрекетін және оның элементтерінің бағынушылығын анықтайтын басқару жүйесі.
Басқару құрлымын салыстыру. Басқару құрлымының кемшілігін және жетістігін талдауы олардың қолайлы қолданылу өлшемін табуға көмектеседі.
Желілік-қызметті басқару жүйесінің артықшылығы:
Қызметкерлердің жоғары мамандануын қамтамасыз етеді;
Шешімдердің қабылдануын және қажетті ресурстарды тура анықтауға көмектеседі;
Басқару процесінің бағдарламалануына, қалыптасуына және стандартталуына себепші болады.
Желілі-қызметті басқару жүйесінің кемшілігі:
Спецификалық білім үшін мақсаттарды қызметтік бөлімшелеуі олардың горизонтальды үйлесімділігін қиындатады;
Күрделі құрылымдық жұмыстарға және өзгерістерге қиыншылықпен жауап қайтарады.
5.6. Мемлекеттік жүйедегі Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ кәсіпорнының өндірістік бөлімшелерінің қалыптасуы.
Жобалық-іздестірушілік жұмыстарды орындаушы мемлекеттік кәсіпорындарға, жұмыс істеу мөлшеріне байланысты типті өндірістік құрлымы құрылды. Жұмыс істеу түріне қарай, типтік схемаға табиғи және экономикалық жағдайларға байланысты енгізіледі.
Ұйымдық құрлымда еңбек ұйымы мүмкіндіктерін еңбек бөлінісін жұмыс мөлшері мен мазмұнынан есепке алғандағысын ескереді сол сияқтыі жұмыс кезеңдерінде де жиындық немесе арнайы бөлімшелер құрылуы мүмкін.
Бөлімшелерді қалыптастыру және жұмыс мөлшерін жоспарлау кезінде көбінесе жұмыс мазмұнынан тұратын мамандардың мамандануы, қызмет көрсететін террриторияның табиғи жағдайы, жылжымалы мүліктің болуына ұйымның басқарушылығымен ескеру керек.
Ұйымды бөлімде объект бойынша жұмыста барлық өндірістік процесс оның бастапқы бөлімшелері және жұмыс барысына толық бағдар жасау арасындағы бөлініс объектісі толығымен бөлім бастығына қалады, арнайыланған бөлімшелерде ол кәсіпорын жетекшісінің тапсырмасы болып қалады.
Жобалаушы топтар жерге орналастыру жобасының ішкішаруашылығын топ жетекшісінің 2-3 жерге орналастыруші және 1 агроном немесе экономист құрауымен қалыптасады. Жұмыс жобасын құраушы топтар да қалыптасады, олар 4-5 адамнан тұрады. Топтың жетекшісі етіп салалық маманды таңдайды. Бұл топтардың құрамы жұмыс маңызы және мөлшерімен анықталады.
Партиялар мен топтар мамандандырылған (іздестірушілік, топырақтық және т.б.) бір саласы маманы бойынша құралады. Бөлімшелер өндіріс шарттарымен сәйкес келеді. Егер олар жақсы басқарылатын болса, жұмыстарын сапалы орындаса, олардың өндірістік еңбегі өседі, барлық тапсырмалар дәл бекітілген уақытында орындалады және еңбек шығыны мен қаражаты аз шығады.
Өндірістік бөлімшелік қалыптасу бойынша соңғы шешім жыл сайынғы кәсіпорындық бұйрықпен толтырылады.
Біріншілік бөлімшелі құру кезде келесілер алдын - ала қаралады: сектор 7 адамнан кем емес; жоспарлау топтары 3-6 адам; партиялар 10 адамнан кем емес; топтар 7 адамнан кем емес, 15 адамнан кем емес жасақ ұстайтын партиялар, жасақтары 5 адамнан кем емес. Көрсетілген құрамға бөлімшенің бастықтары да кіреді.
Бақылау сұрақтары
1.Адамдарды мативациялау үшін қандай әдістерді қолданады?
2.Ұйымды-тәртіптік басқару әдістерінің түрлерін атап өтіңіз.
3.Әлеуметті-психологиялық басқару әдістерінің күйлерін атап өтіңіз.
4.Кәсіпорынның құрылымдық өндірісіне қандай жағдайлар әсер етеді?
5.Басқару элементтері арасында қандай байланыстар ажыртылады?
6.Ұйымды басқару құрылымының жетістіктері мен кемшіліктері, олардың түрлерін атап өтіңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгіәдебиет:[1],[2],[3],[4], ],[6]
Қосымшаәдебиет:[1],[2],[3],[4].[5],[6]
6 –дәріс. Жерге орналастыру және жер кадастры бойынша есепке
алу және есеп беру жұмыстарын жоспарлау.
Дәрістің мақсаты: Жерге орналастыру бойынша мемлекеттік кәсіпорындарында жоспарлау және есеп беру жүйесін үйрену.
Түйінді сөздер: кәсіпорын, жерге орналастыру және жер кадастры
Жоспар:
6.1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі.
6.2 Кәсіпорындағы жұмысты жоспарлау.
6.3 Жерге орналастыру және жер кадастры бойынша есепке алу және есеп беру жұмыстарын жоспарлау.
6.4 Ғылыми-техникалық өнімдерді орындау туралы келісім жасасу.
6.5 Жер үлестіру бойынша тіркеудің мәні және оның ұйымдастырылуы. Тіркеуінің дәлдігі және мәні.
6.1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі - өзара айланысқан элемент жиынтығынан, ұстанымдардан құралатын, құжаттар, мемлекеттік жоспарларға қатысушылары және процестері, елдің дамуын ұзақ мерзімді және орта мерзімді кезеңдерге қамтамассыз етеді.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің ұстанымы:
бірлік және біртұтастық;
ішкі баланстылық;
нәтижелік және тиімділік;
өз бетінше тапсырмаларды шешу жолдарын таңдау;
мемлекеттік жоспарлау процесіне қатысушылардың жауапкершілігі;
тазалық (ашықтық);
шынайылық және ақиқаттылық;
үздіксіздік, сыйымдылық және жалғасушылық;
ресурстық қамтамассыз етілу.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары:
Қазақстанның 2030 ж.дейінгі даму стратегиясы;
Қазақстан Республикасының 10 жылға стратегиялық даму жоспары;
мемлекеттік бағдарламалар 5 жылға;
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы;
Территорияның 5 жылға даму бағдарламасы;
әлеуметтік-экономикалық дамуды 5 жылға және бюджеттік параметрлерді 3 жылға болжау;
мемлекеттік мүшелердің 3 жылға дейінгі стратегиялық жоспарлары;
республикалық бюджет 3 жылға;
меморандум 1 жылға;
мемлекеттік мүшелерінің 1 жылға арналған операциялық жоспарлары;
6.2 Кәсіпорындағы жұмысты жоспарлау.
Жоспарлауда келесі негізгі әдістер қолданылады:
нормативті-ресурстарды қолдану мөлшерінің озық негізінде;
баланстық-ресурстарды қолдануға бағытталған олардың негізгі барлық қаржылық және еңбек баланстық, материалдық өзара байланыстық жүйесі бойынша мақсатты бағытталған келісім;
экстраполяция-кәсіпорын дамуының өткен тенденцияда шығарылғаны болашақ кезеңге тартылады;
интерполяция- кәсіпорын келешекте мақсатын тағайындайды және сол арқылы аралық жоспарлы көрсеткіштерді анықтайды;
факторлық-маңызды факторларға әсер етуін есептеу негізінде жоспарлы көрсеткіштер өзгереді;
матричті-үлгілерді құру жолы бойынша өндірістік бөлімшелер және көрсеткіштер арасындағы өзара байланысы;
экономикалық-математикалық үлгілеуді ЭВМ және басқаларды қолдану арқылы.
6.3 Жерге орналастыру және жер кадастры бойынша есепке алу және есеп беру жұмыстарын жоспарлау.
Қызмет көрсету және қаржылық нормативті бекітуді жоспарлау мөлшері негізінде мелекеттік мекемелер келесі жылға бюджеттік арыздарды құрайды және ұсынады, сонымен қатар бекітілген форма бойынша бюджетті қаржы бөлу мөлшерін хабарлағаннан кейінгі кірістер мен шығыстардың араласуы.
Жұмыс жоспарларының жүйесі. Жоспарлану өндіріспен басқарлануының бір қызметі ретінде жерге орналастыру бойынша ғылыми-өндірістік кәсіпорны жерге орналастыру және жер кадастры бойынша жобалық-іздестірулік жұмыстарды кәсіпорынға бағытталған іскерлігінің барлық жақтарын қамту керек. Нәтижесінде экономикалық көрсеткіштер жүйесімен қамтамассыз ету үшін жоспарлау алдына нақтылы тапсырмалар қойылады, жобалық - аралас құжаттардың бекітілген мөлшеде және күйде уақытылы шығарылуы және өндірістік жобалы-іздестірушілік жұмыстарына аз мөлшерде қажет еңбек шығындары мен қаражаттары мен жерге орналастыру бойынша өндірістік жұмысты басқару ,ұйымның жүзеге асырылуы және өндіріс еңбегі жоғарылауы резервін шығару.
Басқару негізгі жерге орналастыру және жер кадасрлық жиындарын ұзақ мерзімде (10-15 жыл) қамтитын жерге орналастыру жобасы әлі құралмаған. Тек үкіметтің ақиқаттауға байлансты бекітілген жұмыстар бойынша ұзақ кезеңге есептелген тапсырмалар өңделеді. Үкіметтік бекітілімді жүзеге асыру бойынша “Топырақты су эрозиясынан және желден қорғануына жедел шара қолдану” (1967 ж.) топырақ эррозиясымен күресу жиындары территориялық эррозияға қарсы ұйыммен ішкішаруашылықты жерсіндіру құралған болатын, ормандық алқапты отырғызу жобалық жұмысы, қарапайым гидротехникаық ғимараттарды салу және т.б.
Жерге орналастыру ұйымдарының тездетілуімен ғылыми-өндірістік ұйымдарда ұзақ мерзімдік сияқты 5 жылдық жоспарлар да құрылмады. Дегенмен жер ресурстарын басқару агенттігі ЖерМемҒӨО-мен бірге жерге орналастыру бойынша бесжылдық жоспар құрап жатыр. Бұл жоспарлар директивті сипатта емес себебі бекітілген тәртіпте мақұлданбаған. Өзінің мазмұны бойынша олар жұмыстың негізгі түр мөлшерін және олардың бесжылдықтағы жылдық бағасын көрсетеді.
Жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарының жылдық жоспары жерге орналастырудің ДМК бойынша құралады. Жылдық жоспарды құрау –бұл бүкіл өндірістік және шаруашылық іскелікті регламенттеуші, сонымен қатар әлеуметтік ұйым дамуына бағдарлама құрауды білдіреді. Жоспар көрсеткіштері жұмыс түрін, олардың аумағын, санын, сонымен қатар, жұмыс бағасын құруға міндетті. Жұмыс қатары бойынша бұл есептеулер толығымен әкімшілік аудандарда жүргізіледі. Жұмыс көлемін бекітер алдында жобалы-аралас құжаттардың жарамдылығымен қолдылығының жоспарлау жұмысы бекітіледі және ескеріледі, жобалы ұйым құрамын еңбек бөлінісін және кооперациясын есепке ала отырып барлық инженерлік-техникалық маңызын орнату керек. Бұл жерге орналастыру жұмыстарының маусымдық сипатын көрсету керек және жұмыстың орындалу уақытын ескере отырып және өндіріс процесі негізінде жұмыс мөлшерін анықтау кезеңі бойынша жоспарлау кезінде қамтамасыз етіледі.
Ұйымға жерге орналастыру бойынша ғылыми-өндірістік бөлімшелерінде жылдық жоспарды жүзеге асыру үшін өндірістік жоспарлар құрылады. Олардың көмегімен тапсырмалар нақтылы қолданысқа жеткізіледі. Жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстары бойынша жобалық-іздестірушілік жылдық жоспарының құрылуы және мазмұны. Жерге орналастыру және жер кадастр жұмыстарын жылдық жоспарларын құрау жерге орналастырудің ДМК бойынша жүргізіледі. Жоспар-хабарлама мазмұны ағындық жылдағы аяқталмаған жұмыстарды ескере отырып объект таңдаудан басталады. Болашақ көрсеткіштерінің жоспары, басқа да ұйымдар және жұмыс ұйғарымдары арыздарының объектісі болып табылады. Бағасын жұмыс түрі - қаржылау көзінен анықтау үшін арнайы бекітілген көрсеткіштерді есепке алу арқылы немесе дереу объекттерді бойынша дайындалады. Толығымен жоспар-хабарлама қосу жұмыс көлемі жерге орналастыру бойынша кәсіпорын мүмкіншілігімен үйлестірілуі болуы керек. Жоспар – хабарлама, жоспарлық-іздестіру жұмыс жоспары қабылданған формасы бойынша жұмыс түрінің бағасы мен көлем көрсеткіші бойынша құрастырылады. Жоспар-хабарлама жерге орналастыру бойынша кәсіпорын дирекорымен қол қойылады, жер ресурстары бойынша облыстық ұйым басшылығымен келісіледі және жер ресурстарын басқару бойынша Агенттікке жіберіледі. Жер ресурстарын басқару бойынша Агенттік жоспар-хабарламаны барлық жағынан қарап, жерге орналастыру және жер кадастрлық жұмыстардың орындалуына жалпы жоспар-хабарламаны қалыптастырады. Одан кейін кіріс және бюджеттік жоспарлану Министрлігіне жіберіледі. Аталған министрлік ұсынылған жоспар-хабарламаны ұйғарылған бюджет қаржы шектеуінде талқылап, оны ары қарай жетілдіруіне жер ресурстарын басқару бойынша Комитетке қайтарады. Жер ресурстарын басқару бойынша Комитет жоспарлау-хабарламаны өзгерту үшін жерге орналастыру бойынша облыстық кәсіпорындарға қайтарады. Анықталған жоспарлы-хабарламаны кәсіпорын Комитетке жібереді. Одан кейін Комитет өзгертілген жоспар-хабарламаны қайтадан кіріс және бюджеттік жоспарлану Министрлігіне береді. Көрсетілген Министрлік өзгертілген жоспар-хабарламаны бюджеттік комиссияға береді. Бюджеттік комиссиясы жерге орналастыру және жер-кадастр жұмыстарының жоспар-хабарламасының орындалуын өзінің мәжілісінде қарайды. Жоспарларды қарау кезінде бюджеттік қаржы болу мөлшері жұмыс түрлері бойынша болса, сол секілді қаржылық қаражат ретіндеде айқындалуы мүмкін. Көп жағдайларда жұмыс түрлері, көлемі және жерге орналастыру және жер кадастрының жоспар-хабарламасы бойынша сұралатын ақшалық қаражаттар маңызды шығындар әкелмейді. Мұндай түрде жерге орналастыру және жер-кадастрлық жұмыстарды орындау жоспар-хабарламасы Қазақстан Республикасының бюджеттік жоспарына енгізіледі. Одан кейін бюджеттік жоспар құрамымен жерге орналастыру жұмыстары парламенттпен қаралады. Парламентпен бюджеттің келесі жылға мақылдануынан және Қазақстан Республикасының Президентінің қолы ҚР-ның келесі жылға арналған бюджет туралы заңынан кейін жоспар заңдық күшін жинайды және ҚР-ның барлық жерге орналастыру қызметінде орындалуы міндетті.
Оперативтік жоспарлау- бұл кәсіпорын және оның бөлімшелері жоспарларының қайта қаралуы. Күнтізбелік жоспарлау кәсіпорынның ағымдағы жоспарының маңыздалуын және тапсырманың әр цехқа, бөлімге, салаға, бригадаға, жұмысшыларға жетілдіруін қосады. Жоспарлар мен графиктер айға, декадаға, күнге, мауысымда ал кейде, әр сағатқа да құрылады.
Күнтізбелік жоспарлау - әртүрлі жұмыстардың орындалу кестесін береді. Әрбір орындаушыны оның жұмыс орны жайлы және ағымдағы жұмыс күнінің, алдағы күннің, аптаның тапсырмаларымен ақпараттандырылуын қамтамассыз ету керек. Оны жұмыс істелінетін құралдармен, қондырылғылар мен құрал-саймандармен қамтамасыз етіп, сонымен қатар бүкіл ұйымның бірлесіп жұмыс істеу ұйымындағы әр қызметкер басқа қызметкерді толықтырып отырады.
Өндірістік бөлімшелер жұмыстарының өндірісішілік жоспарлануы толығымен кәсіпорын жұмысы жоспарлануынан айрықша ерекшеленеді. Бұл ең алдымен кәсіпорын бөлімшелері шаруашылық заңгерлік болып табылмайтынымен байланысты. Яғни, банкте өзінің есеп беру шоты болмайды, өз ұйымын ұйым сыртына тек кәсіпорын директоры арқылы ғана шығара алады, кәсіпорын нәтижелерінің және есеп беру шығындарының және әр бөлімшеге үкімін бекітілген бағаның сәйкес келмеуін ескеріп толық шаруашылық есеп беру мүмкіндігінен айырылған.
6.4 Ғылыми-техникалық өнімдерді орындау туралы келісім жасасу.
Ғылыми-техникалық өнімді өндіру және тасымалдау кезінде келісімде келесі шарттар көрсетілуі керек:
Келісім шарт бойынша екі жақ атауы, олардың почталық, телеграфтық және банктық реквизиттары;
Ғылыми-техникалық өнімнің атауы;
Ғылыми-техникалық, әлеуметтік және басқа талап ғылыми-техникалық өнімнің келісімі негізі болып табылады;
Келісімнің жұмыс істеу уақыты;
Ғылыми-техникалық өнімді қабылдау және өткізу реттік мерзімі;
Келісім бағасы;
Ғылыми-техникалық өнімге берілген реттелген есептестік;
Ғылыми-техникалық өнімін қолдану және басқару бойынша екі жақ құқығы, келісім бойынша шығарылған, жүріп жатқан заңдылыққа қарама -қайшы емес;
Қабылданған міндеттердің бұзылуына екі жақ жауапкершілік атқарады.
Келісімде келесілер қаралуы керек:
Ғылыми-техникалық өнімді енгізу үшін керекті шарттар(қолдану аймағы,ауқымы және көлемі);
Ғылыми-техникалық өнімге қолдану аймағын,ауқымын және көлемін енгізу;