ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 123
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы. Санақ жүйесі
Бөлімі: | |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы. Санақ жүйесі |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 12.2.1.1 – келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру – материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырма-лылығы, траектория, жол, орын ауыстыру |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар істей алады: Механикалық қозғалысты сипаттайтын шамалардың мағынасын түсінеді (материялық нүкте,санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру) Көптеген оқуышылар істей алады: Осы терминдерге сипаттама бере алады. Кейбір оқушылар істей алады: Қозғалысты сипаттайтын шамалар траектория, жол ,орын ауыстыру ұғымдарының физикалық мағынасын түсінеді, өмірден мысал келтере алады |
Бағалау критерийлері | - Механикалық қозғалысқа сипаттама береді. - Қозғалысты сипаттайтын шамалар траектория, жол,орын ауыстыру ұғымдарының физикалық мағынасын түсінеді. - Терминдердің физикалық мағынасын түсінді және мысал келтіреді |
Құндылықтарға баулу | Жалпыға бірдей еңбек қоғамына сүйене отырып еңбекқорлыққа тәрбиелеу |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 мин. 5мин Өткен тарауды тексеру Физикалық тест 10 мин Диалогтік оқыту Жұппен жұмыс Топпен жұмыс | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау. Ынтымақтастықты қалыптастыру, оқушылардың сенімділігін арттыру. Шаттық шеңбер "Жақсы тілек- жан жылуы " Топқа бөлу: І топ: Қозғалыс ІІ топ : Траектория ІІІ топ : Материялық нүкте Өткен тарауды тексеру Физикалық тест Өткен сабақтарда «Заттың құрылысы» тарауы бойынша тест жүргіземіз. дұрыс жауабын таңдайды. Интербелсенді тақтада физикалық тесттің кілттік сөздерін шығару. «Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы». 1, 2 топтарға тақырып бойынша тапсырмалар беру. 1 топқа 1-4 аралығындағы абзацтар, ал 2 топқа 5-9 аралығындағы абзацтар беріледі. Одан кейін оқушыларды тағы да топтармен орындарын ауыстырып, яғни 1, 2 сандарға бөлу. | «Жақсы тілек- жан жылуы» оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтып, жақсы көңіл күймен сабақты бастайды. Жұптар арасында жұмыстарымен алмасып, физикалық тестті тексереді Әр топ өз міндеттерін орындайды. Әр топ өздерінің абзацтарын оқиды, бір-бірімен, жұппен, топпен өзара талқылайды Оқушылар дыбыссыз қадам жасап, 2 топқа бөлінеді. | Дескриптор -Өткен бөлімдегі ережелерді қайталайды Жалпы балл-2 Дескриптор -Тақырыпты оқиды,топта талқылайды - Флипчартқа түсіреді , топта қорғайды Жалпы балл-3 | Қағаз қиындылары Үлестірме ДК экран Тест сұрақтар Әр топқа флипчарт , маркер, түрлі түсті фломастер |
Сабақтың ортасы. 10 | Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар: 1. Траектория – бұл … А) дененің жүріп өткен жолы В) дененің қозғалысы барысында қалдырған ізі С) дененің қозғалысы барысындағы орны 2. Жол дегеніміз – А) дененің жүріп өткентраекториясының ұзындығы В) дененің қозғалысы барысында қалдырған ізі С) дененің қозғалысы барысындағы орны 3.Орын ауыстыру – бұл ........ А) дененің жүріп өткентраекториясының ұзындығы В) дененің қозғалысы барысында қалдырған ізі С) дененің бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді 4. Векторлық шамалар – бұл … А) тек қана модулі бар шамалар. В) тек қана бағыты бар шамалар. С) модулі және бағыты бар шамалар. 5. Скалярлық шамаларды анықтаңдар А) тек қана модулі бар шамалар. В) тек қана бағыты бар шамалар. С) модулі және бағыты бар шамалар. 6. Қозғалыс салыстырмалылығының анықтамасын жаз. 12. Ғарыш кемесі 20 км биіктікке көтеріліп Жерге қайта оралды. Ғарыш кемесінің жүріп өткен жолын және орын ауыстыруын табыңыз. 8. 400 км жолды метрға ауыстырыныз және стандарт түрде жазыңыз. | Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмаларға оқушылар жауап жазады. | Дескриптор -Орын ауыстыру мен жол ережелерін біледі, ажырата алады. -Орын ауыстыру мен жолға есептер шығара алады. -Скаляр жіне векторлық шама туралы біледі Жалпы балл -3 | Слайд Сызғыш Ақ парақ |
Сабақтың соңы. 5 мин Синтез «Ойлан, тап!» (сабақты бекіту) 5мин Рефлекция Бағалау Үй тапсырмасы | «Ойлан, тап!» (сабақты бекіту) Қозғалып келе жатқан жолаушылар поезының вагонындағы үстелде кітап жатыр. Кітап. 1. үстелге, рельске 2. вагонға, еденге 3. телеграф бағаналарына, жерге қатысты тыныштықта тұра ма, әлде қозғалыста ма? «Менің көңіл-күйім баспалдағы» Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады. Әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша 10 баллдық жүйемен бағалау | Оқушылар тапсырмамен жұмыс жасайды Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады | Дескриптор -Қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіре алады Жалпы балл-2 Жалпы тапсырмалар бойынша 10 балл | Дк экран Дәптер Стикерлер смайликтер |
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||
Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | | Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады. | ||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Қозғалыстың салыстырмалылығы.
Бөлімі: | |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Қозғалыстың салыстырмалылығы. |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 12.2.1.2 – механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар істей алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Көптеген оқуышылар істей алады:Топтық жұмысты білесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Кейбір оқушылар істей алады:Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
Бағалау критерийлері | -Дене қозғалыста болған санақ жүйесін дұрыс анықтайды; -Әртүрлі санақ жүйелеріне қатысты денелердің қозғалыс траекториясын анықтайды; |
Құндылықтарға баулу | -Оқушылардың белсенділігін арттыру; -Сыни ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау; -Коммуникативтік дағдысын жетілдіру; -Ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту; |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 3 мин. 5 мин. 12мин Сыныппен жұмыс. | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау. Психологиялық ахуал қалыптастыру Механикалық қозғалыс тақырыбын қайталау. Қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс. Денелердің қандай денелермен салыстырғанда қозғалатынын таныстырылым көрсету арқылы анықтату. Сыныппен жұмыс. Бейнематериал көрсету http://bilimland.kz/index.php/kz/ Видеодан алған білімдерімен мына сұраққа жауап беру барысында тақырыпты ашу. Асан поездға отырып келесі станциядан түспекші болады.Ол әлі билет алмағандықтан, билет тексерушілерді көріп, ол ұсталып қалмас үшін түзусызықты бірқалыпты келесі вагонға орын ауыстырады.Билет тексерушілер де сол бағытта келесі вагонға ауысады.Ал Асан болса келесі вагонға ауысады.Ең бірінші вагонға жетіп, баратын жері қалмағанда, дәл сол кезде өзіне керекті станцияға жетеді.Ол өзінің ұсталмағанына көңілді болып вагоннан түседі. Сонда поезд екі станцияның арасын 5 километрді 5 минут ішінде жүрсе, ал Асан осы уақытта 5200 метр жүреді.Яғни, поездың ұзындығы қосылады.Біз осы жерде қозғалыстың салыстырмалылығымен ұшырасамыз. | Оқушылар үйден жасап келген таныстырылым материалдарын көрсетеді . Оқушылар бейнематериал қарайды | Ынталандыру Дескриптор -Механикалық қозғалыс,жол, орын ауыстыру, санақ жүйесі ұғымдарын түісіндіреді, ажырата алады. Жалпы балл-2 | Слайд, сұрақтар Оқулық http://bilimland.kz/index.php/kz/ |
Сабақтың ортасы. 12 мин Жұптық жұмыс 5 мин Жеке жұмыс | Жұптық жұмыс(таныстырылым бойынша). 1.Траекторияның салыстырмалылығын көрсету 2.Қозғалыстың салыстырмалылығы
Жеке жұмыс. -Әртүрлі санақ жүйелеріне қатысты денелердің екі қозғалыс траекториясын сызады | Қозғалыстың салыстырмалылығы ережесіне сүйеніп, оқушылар мысалдарды ажырата біледі Оқушылар қозғалыс траекторясын сызады | Дескриптор -Қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіре алады Жалпы балл-3 Дескриптор -Қозғалыс траекторисын сызады Жалпы балл -2 | ДК эран Слайд сұрақтар дәптер |
Сабақтың соңы. 8 мин Жұптық жұмыс 5мин Рефлекция Бағалау Үй тапсырмасы | Жұптық жұмыс. Жұмыс барысы.
Мына сұрақтарға жауап беріңіздер. А) Қағаз парағы мен білеуше үстелге қатысты қандай күйде болады? Ә) Қағаз парағына қатысты білеуше қандай күйде болады? Б) Бұл күйлерді қандай белгілері бойынша анықтадыңдар? В) Үстел білеушеге немесе қағаз парағына қатысты қозғалды деп айтуға болар ма еді Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, неніүйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмыстыжалғастыруқажет Әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша 10 баллдық жүйемен бағалау Үй тапсырмасын беру: §11, 8 –тапсырма,123 бет. | Оқкушылар жұп болып, сұрақтарға жауап жазады | Дескриптор -Дененің тыныштықта және қозғалыста екендігін ажырта алады. -Қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіре алады. Жалпы балл-3 Жалпы тапсырмалар бойынша 10 балл | Қажетті құралдар: Ағаш білеуше, А3 парағы. Стикерлер |
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||
Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | | Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады. | ||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар
Бөлімі: | |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 12.2.1.3 – түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар істей алады: Түзу сызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар туралы біледі. Көптеген оқуышылар істей алады: Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата алады. Кейбір оқушылар істей алады:Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты тәжірибе жүзінде дәлелдеп өмірмен байланыстыра алады. |
Бағалау критерийлері | -Түзу сызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстарды түсінеді -Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалысты мысалдар келтіріп, бір-бірінен ажыратады. -Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалысты тәжірибе жүзінде дәлелдейді. |
Құндылықтарға баулу | Түзусызықты қозғалыстың түрлерін білу және оларды бір-бірінен ажыратуға тәжірибелік тапсырмалар орындай отырып, индустриялaндыру aрқылы экономикaның өсуiнe жол aшу |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 3 мин. 5 мин. «Сұрақ менен,жауап сенен» әдісі | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау. Ыстық алақан» тренингін ұйымдастыру. Мұғалім үй тапсырмасын «Сұрақ менен,жауап сенен» әдісі арқылы сұрайды. Қозғалыстың салыстырмалылығы дегенді қалай түсінесіз? Қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіріңіз. | Оқушылар бір-бірінің қолдарын ұстап, оң алақандарын бір-бірінің үстіне қойып, жылы лебіздерін білдіредң Оқушылар сұрақтарға жауап береді | Ынталандыру Дескриптор -Қозғалыстың салыстырмалылығын біледі -Қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіреді. Жалпы балл-2 | Сұрақтар слайд | ||
Сабақтың ортасы. 3 мин «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Білу «Менің ойым» 2 мин Түсіну «Кітаптың ойы» 5 мин «Сәйкесін тап» 2 мин Қолдану «Тәжірибе бекеті» 10 мин | Жаңа тақырыпты «Ойлан, жұптас,бөліс» әдісі Оқушыларға шаблон- карта таратылады. Шаблон- картамен қалай жұмыс жасайтынын мұғалім түсіндіріп кетеді.Шаблон карта үш бөліктен тұрады: «Менің ойым», «Кітаптың ойы», «Қолдану» «Менің ойым» (Жеке жұмыс) Бұл бөлікте оқушылар жаңа тақырып бойынша өз ойларын, білімдерін көрсетеді.Мұнда оқушыларға бұрын өздерінде бар білімді өз сөздерімен жазу тапсырылады. 1.Механикалық қозғалыс дегеніміз................... 2.Механикалық қозғалыстың түрлері................ «Кітаптың ойы» (жұптық талқылау). Бұл бөлікте жаңа тақырыпты меңгерту үшін тұжырымдамалық органайзерді қолданамын. Оқушылар оқулықты қолданып, жаңа тақырыпты меңгереді.Яғни шаблон картада берілген тұжырымдамалық органайзерді толтырады. Жазған тапсырмаларын жұпта талқылайды. Тапсырма «Сәйкесін тап» Төмендегі суреттерді қозғалыстың түрлерімен сәйкестендіріңіз «Қолдану» бөлігінде оқушылар алған білімдерін тапсырмаларды орындап, қолданады. Оқушылар кітапта берілген тәжірибені жасайды.Оны топта талқылайды. | Оқушылар шаблон-картмен жұмыс жасайды Оқушылар өз ойларын жазады | Дескриптор: -Механикалық қозғалыстың анықтамасын біледі -Механикалық қозғалыстың түрлерін біледі. Жалпы балл-2 Дескриптор: -Түзусызықты қозғалыстың түрлерін біледі -Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстың анықтамасын жазады -Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстарға мысал келтіреді Жалпы балл-3 Дескриптор: -Суреттерде берілген денелердің қозғалысын бақылайды. -Денелердің қозғалысы қозғалыстың қай түріне жататынын анықтайды. -Қозғалыстың түрлерімен сәйкестендіреді. Жалпы балл-3 Дескриптор: -Тамызғышы бар шыны ыдысты қолдана отырып, тәжірибені жасайды. -Сызық бойымен тамған тамшыларды бақылайды. -Тамшылардың суретін салады. Қозғалыстыңтүрлерін ажыратады Жалпы балл-3 | Шаблон-карта Дәптер слайд дәптер Тамызғышы бар шыны ыдыс,гір тастары, ұзын жіп, ақ парақ | ||
Сабақтың соңы. Сабақты қорытындылау 5 мин 5мин Рефлекция Бағалау Үй тапсырмасы | «Серпілген сауал» әдісі Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында төмендегі сұрақтарды қойып,қағаз лақтырамын.Қағып алған оқушы сұрақтың жауабын айтып, қайта мұғалімге лақтырады. Түзусызықты қозғалыстың қандай түрлері бар? Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не? Бірқалыпсыз қозғалыс дегеніміз не? Бірқалыпты қозғалысқа қандай мысалдар келтіруге болады? Бірқалыпсыз қозғалысқа қандай мысалдар келтіруге болады? Осы қозғалыстардың қай түрі өмірде сирек кездеседі? Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстарды қандай тәжірибе жасап бақылауға болады? «Тазалық» әдісі арқылы кері байланыс жасаймын. Оқушыларға чемодан,еттартқыш, қоқыс жәшігінің суреттері бар парақша тарқатылады.Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданға салады (жазады), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салады (жазады), ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса еттартқышқа салады (жазады) Тапсырмалардың бағалау критерий бойынша бағаланады. Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстарға эссе жазу. | | Дескриптор: -Түзусызықты қозғалыстың түрлерін біледі. -Қозғалыс түрлерінің анықтамаларын айтады. -Қозғалыстың екі түріне мысалдар келтіреді -Бірқалыпты қозғалыстың өмірде сирек кездесетінін біледі. Жалпы балл-4 Жалпы балл-112 | Умаждалған қағаз Түрлі-түсті чемоданның, еттартқыштың, қоқыс жәшігінің суреттері бар үлестірмелі материалдар | ||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||
Әр оқушының қажет-тілігін және білім деңгейін ескере отырып тапсырмалар құрастыр-дым.Кері байланыста, дескрипторлармен жұмыс жасағанда оқушылардың білім деңгейінің қай сатыда екенін білдіре отырып, қолдау жасаймын. Барлық оқушылар: «Серпілген сауал», «Ойлан,жұптас, бөліс» әдістерін бүкіл сыныптың қажеттілігіне қарай таңдадым.Бұл әдістер оқушылардың тақырып бойынша танымдық қабілеттерінің қалыптасыуына жол ашады.Оқылым,айтылым, жазылым дағдыларын дамытады. Көптеген оқушылар: «Сәйкесін тап» тапсырмасын орындай отырып, қозғалыс түрлерін бір-бірінен ажыратады, кестені толтырады,логикалық ойлау дағдылары дамиды,білім деңгейі артады озат оқушылар топтағы оқушыларға көпірше қызметін атқарады.Сыныптағы оқушылардың барлығының сабақ мақсатына жетуіне ықпал жасаймын. Кейбір оқушылар: Сыныптағы қабілеті жоғары оқушыларға «Тәжірибе бекеті» әдісін алдым. Эксперименттік тапсырмаларды орындау барысында қозғалыстың түрін бір-бірімен салыстыра отырып, қорытынды жасайды. Тапсырма барысында оқушылардың танымдық және сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамытуға ықпал жасаймын. | Әрбір кезеңде ауызша кері байланыс беру арқылы оқушыларды ынталандыруға бағыттаймын және оларға әр тапсырмада дескрипторларды ұсына отырып, оқуының қай деңгейде екенін білуіне жол ашамын және мақтап, мадақтау арқылы қолдау көрсетіп отырамын. Оқушылардың бүгінгі сабақты қалай меңгергендігін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалаймын | Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады. | ||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |