Файл: араанды аласы білім блімі Келісілді Бекітемін араанды аласыны білім араанды аласыны білім блімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 3016
Скачиваний: 51
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қылмыстық жаза - қылмыстық заңмен ғана белгіленеді, осы міндетті – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі жүзеге асырады. Кодекстің негізгі міндеттері - адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын-алу болып табылады.
-
Мәтін мазмұнындағы негізгі ойға қатысты деректі ақпараттар негізінде кесте-сызба әзірлеңіз.
-
Қазақстан Республикасының Ата Заңының баптары мен Тәуке ханның «Жеті Жарғысының» баптарында қандай ұқсастық бар деп ойлайсыз? Ойыңызды 2-3 сөйлеммен беріңіз.
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Жазылым.Жергілікті газетке «Жасөспірімдер неге қылмысқа барады? » деген тақырыпта мақала жазыңыз. Мақала мазмұнында теңеу мен эпитет және риторикалық сұраулы сөйлемдерді қолданыңыз.
Балл қою
Бағалау критерийі | Тапсырма | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Мәтінге қатысты деректі ақпаратты анықтайды, өз пікірін білдіреді, баға береді | 1 | Мәтін бойынша кесте-сызба дайындайды; | 1 |
Деректі ақпараттарды қолданады; | 1 | ||
2 | Мәтіндегі негізгі ойға қатысты пікірін 2-3 сөйлеммен білдіреді; | 2 | |
Көркемдегіш құралдар мен айшықтауды қолданып, шығармашылық жазба жұмысын орындайды. | 3 | Мақаланың кіріспе бөлімінде мәселенің өзектілігі туралы айтылады; | 1 |
Негізгі бөлімде жастардың қылмысқа баруының 3-4 себебін көрсетеді; | 1 | ||
Қорытынды бөлімде мәселенің шешу жолдарын көрсетеді; | 2 | ||
Мақала мазмұнында теңеу мен эпитеттер қолданады; | 2 | ||
Риторикалық сұраулы сөйлемдерді қолданады. | 1 | ||
Барлық балл | | | 11 |
10 – СЫНЫП
IV ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Ұзақтығы – 40 минут
Тыңдалым – 12 минут
Оқылым – 13 минут
Жазылым – 15 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі). Ұпай саны – 30
Тапсырмалар түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Тапсырма | Қамтылатын мақсаттар | Тапсырмаларға сипаттама | Тапсырмалардың түрлері | Орындау уақыты | Ұпай саны |
1-4-тапсырмалар | 10.1.3.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәденитақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну 10.1.6.1. Көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу; 10.1.1.1. Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру | Тапсырмалар жеке орындалады. Оқушылар екі түрлі көзқарасты қамтитын 250 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін екі рет тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында оқушылар шығармада көтерілген мәселені айқындауға; екі түрлі көзқарасты салыстыруға, өз көзқарасын білдіруге, оны дәлелдеуге; мәтін үзіндісі негізінде болжам жасауға бағытталған тапсырмаларды орындайды. | Толықтыруды қажет ететін тапсырма Жазбаша жауапты қажет ететін сұрақтар | 3 4 2 3 | 3 3 2 2 |
5-7-тапсырмалар | 10.3.1.1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау | Тапсырма жеке орындалады. Оушылар тақырыпқа қатысты 254 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Оқушылар мәтіннің жанрына, құрылымына тілдік құралдарына, мақсатты аудиториясына талдау жасайды | Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар | 7 3 3 | 3 1 1 |
8-тапсырма | 10.4.2.1. Қажеттіклишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дускуссивті эссе, аргументативті эссе); 10.4.3.1. Шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу; 10.5.2.2.Құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану. | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолдануын; көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдей алуын, құрмалас сөйлемдерді орынды қолдануын бағалайды. | Жазбаша толық жауапты қажет ететін тапсырма | 15 | 10 |
9-тапсырма | 10.2.6.1. Әр түрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеясын түсіндіру. | Тапсырма жеке орындалады. Оқушы графиктік мәтіндердегі ақпараттарды бір-бірімен байланыстырып, ауызша мәтін құрастырып, ортақ идеяны түсіндіреді. | Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Айтылым сабақтан тыс уақытта тексеріледі. Әр оқушыға 4-5 минут беріледі. | 5 |
Барлығы: | | | | | 30 |
10-сынып. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І - нұсқа
Тыңдалым
Қазақстанның сандық сауаттылығын анықтау мақсатында қала тұрғындарынан сауалнама алынды.
Тілші: Сәлеметсіз бе, Сандық сауаттылық дегенді қалай түсіндірер едіңіз?
Сұхбат беруші: Менің есімім – Жанар. Менің ойымша, сандық сауаттылық кең ауқымды құрама бөлшектерден тұрады. Сандық сауатты адамды сандық азамат деп атайды. Сандық сауатты азаматқа тән бірнше қасиеттер бар. Бірінші: киберкеңістікке кіруге мүмкіншілігі бар азамат. Екінші: сандық коммерцияны пайдалану. Оның ішінде онлайн-дүкендерден тауарлар мен қызметтер ала алу қабілетінің болуы. Сонымен қатар интернет арқылы интернет картасын пайдалана алу да кіреді. Үшінші: сандық коммуникация. Интернет желісі арқылы басқа адамдармен байланыс орнату, хаттарды тасымалдайтын қызметтерді дұрыс пайдалану жатады. Төртінші: сандық сауаттылық ұғымы азамттардың ресуртарды тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Бесінші: сандық заңдарды білу. Бұл заңи сауаттылықпен тікелей байланыста болады.
Тілші: Сандық сауаттылықты дамытуға бағытталған бағдарламалар туралы не айтар едіңіз?
Сұхбат беруші: Менің есімім – Аяулы. Менің білуімше, Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет», — делінген. Осыған орай халықтың сандық сауаттылық деңгейін 2022 жылға қарай 83 пайызға жеткізу, яғни 2017 жылғы көрсеткіштен 7,5 пайызға өсіру жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті. Министрдің айтуынша, жол картасының 17-ші тармағына сәйкес, министрлік жергілікті атқарушы мекемелермен бірлесе отырып, «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында халықтың сандық сауаттылығын арттыру шараларын қарастырды. Осының нәтижесінде сауаттылық деңгейін 2022 жылға қарай 83 пайызға жеткізу, яғни 2017 жылғы көрсеткіштен 7,5 пайызға өсіру жоспарланып отыр.
1-тапсырма. Көп нүктенің орнын қажетті сөздермен толықтырыңыз.[3]
Қажетті сөздер: қызметтер ала алу/ жаңа индустрияларды/«Сандық Қазақстан» бағдарламасы
1)Екінші: сандық коммерцияны пайдалану. Оның ішінде онлайн-дүкендерден тауарлар мен _______________________ қабілетінің болуы.
2)«Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын __________________өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет».
3) ________________________________аясында халықтың сандық сауаттылығын арттыру шараларын қарастырды.
2-тапсырма. Екі сұхбат берушінің көзқарастарын салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз. Жауаптарыңызды сөз тіркесімен (сөйлеммен) беріңіз.
[3]
Сұхбат берушілер пікірі [1] 1-сұхбат беруші 2-сұхбат беруші | |
Ұқсастығы [1] | Айырмашылығы [1] |
| |
3-тапсырма. Сіз бірінші сұхбат берушінің сандық сауатты азамат туралы көзқарасын мәтінмен байланыстыра отыра, 2-3 сөйлемнен тұратын өз көзқарасыңызбен толықтырыңыз.
4-тапсырма. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, жол картасының 17-ші тармағына сәйкес, министрлік жергілікті атқарушы мекемелермен бірлесе отырып, «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында халықтың сандық сауаттылығын арттыру шараларын қарастырды. Министрдің қандай шаралар туралы айтқысы келіп отырғанын анықтап, ойыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз.
[2]
Оқылым:
Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған» делінген.
Адамдардың денсаулығы неге байланысты болады деген сауалға келетін болсақ, денсаулықты шартсыз түрде 100 % етіп алсақ, оның 20%-ы тектік факторларға, 20%-ы экологиялық факторлардың әсеріне, 10%-ы денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр. Денсаулықтың 50%-ының жақсы болуы адамдардың өздеріне байланысты болатынын медицина және биология ғылымдары дәлелдеп шықты. Сонда, жастардың денсаулығының нашар болуы немен байланысты?
Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зияны жайлы сөз болғанда, ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік. Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Екіншіден, компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс ісер етсе, компьютер алдында дұрыс отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді. Қимыл-қозғалыс азайғандықтан, қан айналымы нашарлайды. Жаңа технологиялар адамның жасушаларына қауіп төндіріп, қатерлі ісік ауруының туындауына себеп болады.