Файл: араанды аласы білім блімі Келісілді Бекітемін араанды аласыны білім араанды аласыны білім блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 2985

Скачиваний: 51

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

10-сынып

І – тоқсан № 1 БЖБ «Жастардың денсаулығы – қоғам байлығы», «Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

І - нұсқа
Оқу мақсаты: 10.1.4.1 прозалық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау;

10.2.6.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеясын түсіндіру;

Бағалау критерийі: Білімалушы

Жалпыадамзаттық мәселені анықтайды;

Графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыра отырып, ортақ идеяны түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Сөйлеу әрекеттері: Тыңдалым, айтылым

Орындау уақыты: 20 минут

Тыңдалым

Тапсырма Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Денсаулық — табиғаттың ең  қымбат сыйы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. «Қозғалыс – бұл өмір» деген сөздің жаны бар. Қимыл белсенділігі салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады.

Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды.

Құрамы дәрумендер мен құнарлы заттарға бай тағамдарды тұтыну арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады. Бүгінде авитаминозға шалдығу қаупі көп. Алайда көпшілігі оны ауру деп санағысы келмейді екен. Бұл қате пікір. Себебі бұл басқа да аурулардың туындауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан дұрыс тамақтануға аса көңіл бөліп қараған жөн. 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь, (ішімдік) есірке, және уытты заттар жатады. Қазақстан Ұлттық Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Орталығының деректері бойынша Қазақстанда 20-59 жастағы шылым шегетін еркектердің саны 60%, ал 12-15 жас жасөспірімдер арасында – 30% астам, оның үстіне басым бөлігі – қыздар.


Жұқпалы аурулар – бүгінде ең қауіпті аурулардың бірі болып табылады. Аурудың ерекшелігі: олар адамнан адамға жұгу арқылы үлкен аумақтарға таралуы мүмкін. Жұқпалы аурулардың алдын алу жолдарының ең басты ережесі – жеке гигиенаны ұстану болып табылады. Өнімдерді пісіру алдында мұқият жуып отыру керек. Тамақтанудың алдында міндетті түрде қолды жууды ұмытпау. Үйді желдету, шаңды сүрту, еденді тазалау, жеке гигиена заттарын қолдану қажет.


  1. Денсаулықтың мықты болуының 4 жолын анықтаңыз.



  1. Адамзаттың денсаулығының бұзылуына апаратын зиянды әдеттердің салдарын анықтап, оны шешу жолдарын ұсыныңыз.

Айтылым

Графиктік мәтіндердегі ақпараттарды бір-бірімен салыстыра отырып, ортақ идеясын түсіндіріңіз.



ІІ – нұсқа
Тыңдалым.

Тапсырма Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1. Денсаулыққа зиян келтіретін 4 себепті анықтаңыз.



2. Адамзаттың денсаулығының жақсаруына әсер ететін себептерді анықтап, оны ұстану жолдарын ұсыныңыз.

Айтылым

Графиктік мәтіндердегі ақпараттарды бір-бірімен салыстыра отырып, ортақ идеясын түсіндіріңіз.





Балл қою


Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Жалпыадамзаттық мәселені анықтайды



1


Денсаулықтың мықты болуының 4 жолын анықтайды:

1 жолы

2 жолы

3 жолы

4 жолы


1

1

1

1

жалыпадамзатқа ортақ 1 мәселені анықтайды;

1

мәселенің 3 салдарын анықтайды;

1

мәселенің нақты 2-3 шешу жолын ұсынады;

2

Графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыра отырып, ортақ идеяны түсіндіреді


2

графиктік мәтіндердегі ақпараттарды бір-бірімен салыстырады;

2

ортақ идеяны түсіндіреді;

1

Барлық балл

11


10- сынып

ІҮ – тоқсан «Қоғам және заң» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

І-нұсқа

Оқу мақсаты: 10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық

анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оныбағалау

10.4.3.1шығармашылықжазбажұмыстарындакөркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімдіқолданып жазу
Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтінге қатысты деректі ақпаратты анықтайды, өз пікірін білдіреді, баға береді




  • Көркемдегіш құралдар мен айшықтауды қолданып, шығармашылық жазба жұмысын орындайды


Ойлаудағдыларының деңгейіЖоғары деңгей дағдылары

Сөйлеу әрекеттері
Оқылым, жазылым

Орындау уақыты 20 минут
Оқылым. Тапсырма

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық нормалар ерте заманда-ақ қалыптасқаны белгілі. Салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыз секілді әлеуметтік нормаларымызға үңілсек, өмір сүру қағидасы еркіндікке негізделген қазақ жанының әділеттілік пен ар-намысты қорғау, сөзге қонақ беру ұстанымына беріктігін байқауға болады. 

Бұрынғы ата-бабаларымыз ұстанған Ясы заңы, Қасым заңы, Есім заңы, Жеті Жарғы сияқты дәстүрге негізделген заңдарға қызығушылық танытып, бүгінгі заңдарды тәжірибеде қолданып жүрген заңгерлер де бар. Бұрынғы қазақ қоғамында ел ішінде қылмыс аз болды, түрме, басқа да жазалау орындары мүлдем дерлік болмады. Қазір күннен-күнге жаза өтейтін орындар көбейгенімен, қылмыскерлер саны азаяр емес.

Бұрынғыдан қалған сөз «қазақ жолы – қанағат, қасаң дау емі – шариғат, ол да жолдан адаспас». Яғни бабаларымыз қазақи бауырмалдық пен кешірімшілдік, кеңдік ұстанымына бағынбай бара жатқан дауларды шариғат жолымен әділ шешіп отырған. 

Жаза мәселесіне келгенде, бабаларымыз шынында да аса көрегендік таныта білген. Оған бір жағынан сол кездегі қоғамдық құрылымы да ыңғайлы болды. Мысалы, қазақ халқы әр рудан тұрғаны белгілі. Тиісінше әр рудың рубасы, өзінің орналасқан жері, жайылымы болды. Айталық, бір рудың адамы екінші рудың адамын барымтада сойылға жығып істі болды делік. Ердің құны жәбірленуші келіскен жағдайда айыптыдан, егер оның шамасы жетпесе, рудан өндіріледі. Ол үшін жауапты адам рубасы бар, кімнен қандай мөлшермен алады, рубасының өз шаруасы. Және би шешімі тез арада орындалады. Айыпты адамды әдетте сол ру ақсақалдары өздері жазалайды.

Құқықтық білім беру – адамның құқытық санасын қалыптастыру мақсатында орвндалатын құқытық тәрбиенің негізгі ықпалы етуші әдісі. Нақты айтсақ, құқытық білім беру арқылы жасөспірім құқыты ұғынады және оның санасы қалыптасады, дамиды.құқықы ұғыну мен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру – құқытық сананың негізгі белгілері. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім-тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады. Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: қоғамдық тәртіпті; заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т.б.



  1. Мәтін мазмұнындағы негізгі ойға қатысты деректі ақпараттар негізінде кесте-сызба әзірлеңіз.




  1. Құқықтық сауаттылық қылмыстың азаюына қаншалықты ықпал етеді деп ойлайсыз? Ойыңызды 2-3 сөйлеммен беріңіз.


________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________
Жазылым.Жергілікті газетке «Жасөспірімдер неге қылмысқа барады? » деген тақырыпта мақала жазыңыз. Мақала мазмұнында теңеу мен эпитет және риторикалық сұраулы сөйлемдерді қолданыңыз.

ІІ-НҰСҚА

Оқылым. Тапсырма

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
 17-18 ғасырларда Қазақ хандығына өткен жылдардың сот іс-тәжірибесі және ұлттық салт-дәстүрлерге сәйкес келетін  жаңа құқықтық негіз қажет болды. Тәуке хан кезінде қабылданған, 7 бөлімнен тұратын Жеті Жарғы заңдар жинағы барлық талаптарға сай кеді. Бұл заңдар жинағын құрастыруға сол кездегі әділетті әрі халық арасында танымал билер: Төле би, Қазыбек би және Айтеке би қатысқан болатын. Жеті Жарғы көшпелі халықтың аға буын ұрпақтан іні буын ұрпаққа ауыздан ауызға ауызша тараған негізгі заңдарының бірегейі болды. Осы заңдар ата – бабаларымыздың бірнеше ұрпағын тәрбиелеп,  жеке жауапкершілікпен ұжымдық жауапкершілікке, үлкендерге деген сыйластыққа және ұлттық дәстүрлерді ардақтауға жастайынан үйреткен.

Бұл заңдар жинағының ішінде ата-анасына физикалық және рухани (моральды) зиян келтіргені үшін жазалар белгіленген. Қазіргі заманда аға буын жасөспірімдердің басқыншылық әрекеттерінен, балалары мен немелерінің немқұрайлығынан сақтанбаған. Жеті Жарғы Қазақ хандығы  Ресейге қосылғанша қазақ халқы үшін негізгі заң болды.

Конституция азаматтардың еркіндігі мен заң алдындағы теңдігіне кепілдік береді. Бұл құжаттың негізіне бағыну және азаматтардың конституциялық құқығы азаматтар өмірінің тыныштығына кепілдік береді. Олардың барлығы - президенттен бастап қарапайым азаматқа дейін заң алдында бірдей жауапкершілікке ие. Қазақстан Республикасы Конституциясы барлық деңгейдегі органдар арқылы шығарылатын барлық нормативті-құқықтық актілердің іргетасы болып табылады. 

Қылмыс – дегеніміз қоғамдық қауіпті іс-әрекет, ал жаза – мемлекеттік күштеу шараларының бірі және ол қылмысқа қарсы күрес жүргізудің негізгі құралы.

   Заң бұзушылық іс-әрекеттер сипатына және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және ерекше ауыр қылмыстар болып бөлінеді. Елеулі маңызы жоқ, қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет қылмыс болып табылмайды.