Файл: Автоматтандыру адамды технологиялы рдістерді басару міндеттерін тікелей орындаудан босатып, бл міндеттерді автоматты рылылара артумен сипаттайтын кешенді механикаландыру кезеі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 422

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ТЕҢМӘНДІЛІК функциясы құрылымдық түрде F= +ab түрінде жазылады. Екі аргумент бір уақытта бірдей мәнге ие болғанда функция 1 мәнің қабылдайды, яғни екі айтулы да бір уақытта шынайы немесе жалған болғанда ғана күрделі айтыулы шынайы болады.

ТЕҢ ЕМЕС МӘНДІЛІК функциясы құрылымдық түрде F = a+b түрінде жазылады. Екі аргумет бірге емес, немесе аргумент а немесе аргумент 1 мәінен тең болған жағдайда ғана функция бір мәнің қабылдайды, яғни айтулардың біреуі шынайы, екіншісі жалған болған жағдайда ғана күрделі айту шынайы болады. Бұл функцияның электрлік аналогы – егер сигнал кірістердің біреуіне ғана берілсе, шығысында сигнал пайда болатын сұлба: егер кірістерге бір уақытта екі сигнал келіп түсе сұлбаның шығысында сиганал болмайды.

ИМПЛИКАЦИЯ функциясы құрылымдық түрде F=+b түрінде жазылады.

Аргумент а 1 мәніне ие болғанда, ал аргумент - 0 мәніне ие болғанда функция 0 мәнін қабылдайды, яғни тек бірінші айтылу шынай, ал екіншісі жалған болған кезде күрделі айтылу жалған болады.

ТЫЙЫМ САЛУ функциясы құрылымдық түрде F=a түрінде жазылады. А кірісінде сигнал қандай да болмасын, егер кірісіне бір сигналы келіп түсе функция 0 мәнін қабылдайды.

ҚАЙТАЛАНУ функциясы құрылымдық түрде F= ка түрінде жазылады да функция танбасы бойынша сәйкес келе отырып кіріс сигналдан к есе өзгеше мәнді қабылдайды.

КЕШІГУ функциясы құрылымдық түрде F= а(l-t) түрінде жазылады және сингал берілгеннен кейін t уақыттан соң кіріс сигналдың танбасы бойынша функция сәйкес келетін немесе өзгеше мәнді қабылдайтының білдіреді.

Әр түрлі өнбірістік үрдістерді автоматтандыру үшін өнер кәсіп «және логика » типті жартылай өткізгіштік элементтерді, (өндірістік пневмоавтоматиканың әртараптандырылған элементтер жүйесі) типті элементтер шығарады.

4.3. Логика алгебрасының

негізгі заңдары және олардың салдары
Релелік автоматты жүйені құрғанда сұлбаның жұмыс шарты және аналитикалық құрылымдық жазбасы оның оңтайлы нұсқасын табуға мүмкіндік береді. Осы мақсатпен өзіндік әрекеті бойынша үйлесімді бірақ құрылымы бойынша әрр түрлі аналитикалық тең күшті түрлендірулердің негізінде логика алгебрасының (сонымен қатар оны буль алгебрасы деп атайды – өткен ғасырдағы ағылшын математигі Бульдің фамилиясымен) математика аппаратына негізделетін түрлендіру әдістері жатады.

Қарапайым математикада белгілі бір сандық мән және физикалық мағына беріле алатын сандар мен символдар жүзеге асырады. Дегенменде сол немесе өзге оқиға мен құбылысты логикалық түсіндіру жолымен бағалауға болады.

Екі айтылуымен – «шынайы» немесе «жалған», «иә» немесе «жоқ», «1» немесе «0» ісек асатын математиканың бөлігі логика алгебрасы (немесе екілік Буль алгебрасы) деп аталады. Мәні бойынша айтылуларды анықтау екі санда алгебра болып табылады, яғни кез келген аргумент және функция осы екі түсініктермен мәндердің біреуіне иә бола алады.

Автоматиканың түйіспелік релелік жүйесінде сұлбаның кез келген контакті тек екі күйді қабылдай алады (құрылымдық формулада тек екі мәнді) – тұйық немесе ашық, онда тура осылай барлық құрылымдық сұлба да немесе тұйық немесе ашық тізбекті сипаттайды. Сонымен қатар, контактілердің ашық күйіне (0) мәні, ал тұйыққа (1) мәні сәйкес келеді.

Буль алгебрасында бір өрнекті басқасымен алмастыруға мүмкіндік беретін, әр түрлі өрнектердің тең күштілігін орнатуға мүмкіндік беретін төрт жұп заңды бөліп көрсетеді. Әр өрнекке белгілі бір сұлба сәйкес келсе, онда бұл сұлбаны басқасымен алмастыруға болатынын білдіреді. Тең күштіліктің символы ретіне қарапайым алгебрадағы тең символы (=) қолданылады.

Теңкүшті өрнектердің оң және сол юөліктеріне сәйкес келетін сұлбаларды талдау арқылы олардың әділеттілігін орната отырып, негізгі заңдарды және олардың салдарын қарасиырамыз.


  1. Ауыстырмалы (коммутативті) заңдар:


Қосуға байланысты

(4.1)

Көбейтуге байланысты

(4.2)


  1. Үйлетірімді (ассоциативті) заңдар



Қосуға байланысты

(4.3)
Көбейтуге байланысты
(4.4)


  1. Тартушы (дистрибутивті) заңдар


Қосуға көбейтуге байланысты

(4.5)
Көбейту қосуға байланысты

(4.6)

  1. Инверсия заңдары:


Қосуға байланысты
(4.7)
Көбейтуге байланысты
(4.8)

(4.7) және (4.8)теңдеулерінің үстіндегі сызықшалар осы өрнектен терістеу алатындағын білдіреді, ал бірнші бөлігінде берілгенге қарағанда кері мәнге ие болатын өрнек пайда болады.
4.4 Түйіспесіз элементтерде релелік сұлбаны құру

Түйіспесіз логикалық элементтерді қолдану арқылы автоматизация жүйесін релелік сұлбаларды түйіспесізге алмастыру арқылы және технологиялық үрдістердің берілген шартына сәйкес түйіспесіз сұлбалардың ойластырып жасау арқылы құруға болады.

Бірінші жол – сұлбаның тәжірибелік жұмысы үшін тексерілген және жарамды релелі – түйіспелі нұсқасының бар екендігін жорамалдайды. Егер мұндай нұсқасы болмаса, онда бірінщіден релелі – түйіпелі сұлбаларды жасау тәжірибесі бар болған жағдайда қолданған тиімді.

Бар релелік – түйіспелі сұлбалар бойынша құрылымдық формаларды құрастырады және бұл жұмыста екі кезеңді ерекшелейді.

Бірінші кезенде a, b, c, d,…, контактілері бар кіріс эелементтерін, орныдаушы және аралық y, x,…,p контактілері бар Z, Y, X,…P. Элементтерін анықтайды. Кіріс элементтер арқылы басқару сұлбасының функционалды бөлігіне кіріс сигналы беріледі. Шығыс сигналдар орындаушы элементтерге тікелей шығыс немесе аралық элементтер арқылы түседі. Кіріс аралық және шығыс сигналдарды сәйкес элементтердің контактілері тәрізді белгілейді.

Кіріс сигналдарға шеткі және аралық ажыратқыштар, үрдісті бақылайтын датчектер және т.б. күйі жайындағы сигналдарды жатқызады. Мүмкіндік болса, қарапайым сигналдар қатарын бір эквивалентті немесе күрделі сигналға бірлестіру арқылы кіріс сингалдар санын азайтады.

Осылай, блокты тізбектегі бірнеше контактілерді тізбектей қосқанда олардың сигналдарын мәні элементер сингалдарының коньюнкциясына тең болатын бір сигналмен алмастыруға болады, Шығыс сигналдарға электрмагниттердің, контактілердің орындаушы эелементтерінің және т.б. жұмысын басқаратын сигналдарды жатқызады. Мүмкіндік болса, шығыс және аралық сигналдарды топтачтырады.


Екінші кезенде релелік – түйіспелі сұлбасының шығыс және аралық айнымалылар тізбегіне сәйкес келетін алгебралық теңдеулер жазбасы жүргізіледі. Алгебралық теңдеулерді құрастыру реті келесілермен түсіндіріледі. Кіріс сигналдарға және бөлек аралық сигналдарға кері байланысы жоқ және кері байланысы бар құрылымдық теңдеулер құрастырылады. Құрылымдық теңдеулерде кері байланысы жоқ аралық кіріс сигналдарында кездесетін кері байланысы бар шығыс және аралық сигналдарды өрннектейді. Алынған теңдеулерді алгебралық тепе – теңдікті қолдана отырып түрлендіреді. Түрлендірілген құрылымдық формулаларды функционалды түйінді бойынша топтастырады. Таңдалған логикалық элементтердің ерекшелігін ескере отырып түйіспесіз сұлба құрастырылады.

Екінші жол, технологиялық үдістер қойған талаптар негізінде құрылымдық теңдеулердің құрастырылуын қарастырады, аппаратуралар саны аз және қарапайым түйіндермен ең тиімді сұлбалық шешімдерді табуға мүмкіндік береді. Логикалық элемент реле баламасы болмайтындығын ескеру қажет. Реледе бір кіріс орам және байланысыз бірнеше шығысы бола алады – тізбектердің, контактілерімен тұйықталатын, ал логикалық элементте жиі бірнеше кірсі және бірнеше шығыс болады. Түйіспесіз сұлбаларды бейнелегенде түйіспелі сұлбаларға қарғанда тек бөлек элементтер арасындағы логикалық байланыстын көрсетеді

4.2-сурет. 1 және 2мысалдарға арналған сұлбалар:

а және в- түйіспелі; бжәне г- түйісепсіз


және принципалды мәні жоқ байланыстар мен олардың қоректену тізбегін қарастырмайды. Түйіспесіз сұлбаларды құруға арналған әдістерді мысалдардан құрастырамыз.

1-мысал. Релелік түйіспелі сұлбаны (4.2, а-сурет) түйспесіз сұлбаға түрлендіру қажет,

Көрсетілген әдіске сәйкес сигналдарды белгілейміз; кіріс сингалдар – a, b, c, d, шығыс – г: аралық – олар жоқ.

Орындаушы элементтің қосылу тізбегінің контактілері үшін құрылымдық теңдеуді құрастырамыз
.

(4.9)
Бұл құрылымдық иеңдеуге бес логикалық элементтен: қосуға сәйкес келетін немесе екі элементінен, көбейтуге сәйкес келетін және екі элементінен және с элементінің үстіндегі сызықшаға сәйкес келетін емес бір элементінен тұратын түйіспесіз сұлба (4.2, б-сурет) сәйкес келеді.

2-мысал. Түйіспелі сұлбаға әрекеті бойынша балама болатын логикалық элементтер негізінде сұлба құрау қажет (4.2, в-сурет). Кіріс – a, b, c, d, e,шығыс – Z, X, Y, N, M, P; және аралық
–P сигналдарын ерекшелейміз.

Z, X, Y, N, M, P орындаушы элементердің қосылу тізбегінің конвактілері үшін құрылымдық теңдеуді құрастырамыз



; (4.10)



(4.11)

Осы теңдеулер арқылы және , емесе, емес элементтері негізінде логикалық құрылымдық сұлбаны құрастырамыз (4.2 г-сурет). Бірінші теңдеуді жүзеге асыру үшін кірісне 4 сигнал келіп түсетін және 1 элемент қажет: а- тікелей, - немесе 1элементі арқылы, с- емес2 элементі арқылы, у – емес 2элементі врқылы. Және 1элементінен шығыс сигнал У1 күшейткіш арқылы орындаушы элементке беріледі. Осы әдіс бойынша қалған теңдулер жүзеге асырылады.

5-тарау. БАСҚАРУ НЫСАНДАРЫ

ЖӘНЕ РЕТТЕУІШТЕР
5.1. Жалпы мәліметтер

Кез келген өндіріс, соның ішінде ауыл шаруашылығы да басқару нысандардың төтенше көптүрлілігімен төтенше көптүрлілігімен сипатталады.

Мұндай нысандар ретінде бөлек машиналар және қондырғылар мен қатар әр түрлі қондырғылар мен жабдықтар бүтін машиналар комплектері қарастырыла алады.

Ауылшаруашылық өндірісінің көп тараған нысандарына энергияны немесе отынды, ауа берілісін, температурасын басқаруды талап ететін жылу қондырғылары (жылу генераторы, су қыздырғыштары, колориферлер, электр пештері, қазандық қондырғылар, жылытқыштар) жатады, температурасын, ылғалдылығын, газқоспасын бірге бір уақытта басқаруды қажет ететін өндірістік, қайта өңдеу және өнім сақтау (мал ұстау бөлмелері, көкеніс сақтау орындары, жылыжай, бидай кептіру орындары ) комплекстері жатады; жылдамыдқты басқаруды, қозғалыс траекториясын, өнімділігін және жұмыстың басқа да көрсеткіштерін басқаруды талап ететін ауыл шаруашылығының мобильді агрегаттары, машиналары (таркторлар, комбаиндар, сепкіштер, соқалар және т.б.) жатады.

Нысандардың қасиеттері басқарудың барлық үрдісіне айтарлықтай әсерін тигізеді, сондықтан автоматты жүйенің жұмысын талдағанда оларды ескеру қажет. Басқару нысандарының негізгі қасиеттеріне статикалық және динамикалық сипаттамалар, аккумуляциялаушы қасиеті, өздігінен теңестіру қасиеті, нысанда үрдістің кешігуі, екпіндеу уақыты жатады.