Файл: Автоматтандыру адамды технологиялы рдістерді басару міндеттерін тікелей орындаудан босатып, бл міндеттерді автоматты рылылара артумен сипаттайтын кешенді механикаландыру кезеі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 404

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сөнетін гармониялық өтпелі үрдістің фазалық траекториялық өтпелі үрдістің фазалық траекториясы реттелетін шаманың ауытқу амплитудасы мен оның өзгеру жылдамдығы біртіндеп азаюына байланысты фазалық жазықтықтың координат басына біртіндеп жақындайтын спираль тәрізді қисық түзеді .Координат басындағы теңдесу нүктесі орнықты фокус деп аталады.

Гармоникалық тербелісті таралатын (орнықсыз) үрдіс үшін (8.1, д-сурет) фазалық траектория басқарылатын шаманың ауытқу амплитудасы мен оның өзгеру жылдамдығы біртіндеп ұлғаюына байланысты координат басынан алыстайтын спираль тәрізді қисық түзеді. Бұл жағдайда тепе-теңдік нүктесі - координат ортасы орнықсыз фокус деп аталады. 8.2, а-суретінде көрсетілген апериодты сөнетін өтпелі үрдісте (жүйе орнықты), фазалық траекториялар координат басына ұмтылады. Мұндай жағдайдағы тепе-теңдік нүктесі орнықты түйін деп аталады. 8.2, б-суретінде көрсетілген апериодты таралатын үрдісте фазалық траекториялар фазалық жазықтықтың координат басынан жоғалады. Мұндай жағдайдағы тепе-теңдік нүктесі орнықсыз түйін деп аталады.
Келтірілген мысалдар фазалық жазықтықтағы бейнелейтін нүктелердің сол не басқа фазалық траекториямен орын ауысуы зерттеліп отырған өтпелі үрдісті сипаттауға мүмкіншілік беретінін дәлелдейді. (у) және (у҆) фазалық траекторияларын фазалық жазықтықта тұрғызуда барлық өтпелі үрдістерге ортақ келесі жалпы еределерді қолдануға болады:
1) фазалық траекториялар өзара қиылыспайды;
2) егер (у) мәні оң болса, онда фазалық траектория фазалық жазықтықтың жоғары жартысында болады және оңға қарай жылжиды

.

8.3 Гармоникалық баланс әдісі
Кез келген ретті бейсызықты жүйені зерттеудің гармоникалық баланс тәсілі (жиілікті-амплитудалық тәсіл) жоғары гармониканың әсерін есепке алмауына байланысты жақындатылған тәсіл болып табылады. Тәсіл бейсызықты элементтің гармоникалық тербелістің кірісі мен бірінші гармониканың шығысын салыстыруға негізделген.

Бір бейсызық элементті БЭ және сызықты элементті СЭ автоматты жүйесінде жүйенің барлық сызықты элементтерін топтастырады. Мұндай гармоникалық қобалжу әсеріндегі бейсызықты тұйықталған жүйеде бейсызықты элементтің кірістік шамасы (x) гармоникамен ауысады деп жорамалдайды. Мұндай жорамал дұрыс, егер жүйенің сызықты бөлігі кіріс сигналының (x) барлық жоғары (біріншіден басқа) гармоникалық құраушыларын өткізбесе. Бұл гипотеза бейсызықты жүйенің орнықтылық шартын анықтауға мүмкіншілік береді және гармоникалық кіріс әсері кезінде амплитуда мен жиіліктің кіріс және шығыс функциялары болып табылатын бейсызықты элементтің беріліс функциясы деген түсінік енгізеді.

Ең көп тараған тәсіл, бұл беріліс функциясы кіріс тербелістің амплиткдасына ғана тәуелді болғанда, яғни бейсызықты элементтің беріліс функциясы деп оның шығыс сигналының бірінші гармоникасының амплитудасының кіріс гармоника сигналының амплитудасының қатысына теңдігін айтамыз. Егер тұйықталмаған автоматты жүйенің бейсызықты элементінің кірісіне гармоникалық әсер x = Аm sin t берсе, онда бейсызықты элементтің шығысында сол жиілікті периодты тербеліс орын алады.
y= A0 + A + A1 sin t + A2 cos t). (8.4)
(8.4) теңдеуін Фурье қатарына қойып және жоғары (біріншіден басқа) гармоникаларды алыпүтастасақ, аламыз
y= A0 + A1 sin t + A2 cos t (8.5)

Фурье қатарына қойылған А1 және А2 коэффициерттері келесі теңлеулермен анықталады

A1 = (Am sin t) sin td t; (8.6)

A1 = (Am sin t) sin td t; (8.7)
(8.5) теңдеуіне А0 = 0 и wt = j қойсақ, және оған (8.6) және (8.7) теңдеулерін қойсақ, онда
y= (Amsin d ) sin + [ ] cos . (8.8)
Сондықтан бейсызықты элементтің беріліс функциясы анықтамаға сәйкес жалпы түрде кешенді шама түрінде беріледі


Wн.э (jAm)= + j = b(Am) +jc (Am) (8.9)
және Wн.э (Аm) белгіленуі мүмкін.
(8.9) теңдеуі бейсызықты элементтің беріліс функциясы кіріс сигналы амплитудасының Аn функциясы болып табылатындығын көрсетеді. b(Аm) және с (Аm) коэффициенттері болып анықталады.
b(Am) = (Amsin )sin d (8.10)

c(Am) = (Amsin )cos d (8.11)
Беріліс функциясының модулі (оны тағы күшейтудің кешенді коэффциенті немесе бейсызықты элементтің амплитудалық сипаттамасы деп атайды.

Kи.э (Аm) = , (8.12)
Аргументі

= arctg . (8.13)
Бейсызықты элементті автоматты жүйенің автотербелісінің пайда болу шарты

W
л.э (j )Wи.э (Am) + 1 =0 (8.14)

Әдетте (8.14) теңдеуін графикалық түрле есептейді
Wл.э (j ) = (8.15)
Содан кейін кіріс синусоиданың әр түрлі жиілік һ мәндерінде - Wл.э (j ) және әр түрлі амплитуда Аm мәндерінде қисықтар тұрғызады. Бірінші қисықты белгіні есепке ала отырып, амплитудалы-фазалы сипаттаманы, ал екіншісін - нүкте бойынша тұрғызады. 8.3-суретте сипаттаманың үш тұрғызылған жағдайы келтірілген.

8.3-сурет.
9-тарау. АВТОМАТТАНДЫРУДЫҢ

ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ТИІМДІЛІГІ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ

ТҮСІНІКТЕР

9.1. Негізгі мәліметтер
Автоматтандыру –ауылшаруашылық өндірістегі техникалық дамуының магистралды бағыттарының бірі болып табылады. Автоматика құралдарының енгізу машиналардың, агрегаттардың, ағынды желілердің өнімділігін жоғарылатуға және оларды пайдалану сағатының санын өсіруге, еңбек өнімділігін жоғарылатуға және еңбек күшін едәуір жеңілдетуге, өнім бағасын арзандатуға және оның сапасын жақсартуға, жанармай және энергия шығынын азайтуға, энергетикалық жабдық жұмысының сенімділігін жоғарылатуға септігін тигізеді. Технологиялық үрдістерді автоматтандыру кезінде оны практикалық пайдаланудың әр түрлі нұсқалары пайда болады. Солардың ішінен неғұрлым тиімді, қарапайым, сенімді және еңбек өнімділігін неғұрлым жоғары көтеруді қамтамасыз ететіндерін таңдайды.

Салыстырудың базалық нүсқасы ретінде өндірісті механикаландырудың ең жаңартылған түрін таңдайды.

Авоматтандыруды тиімді деп оны еңгізу арқылы өндірістің барлық өнімділігі жоғарылауын, тура және капиталды шығындардың азаюын, өнім құнының арзандауын және оның сапасының жақсаруын, адам еңбегінің жеңілдеуін және еңбек мәдениетінің жоғарылауын айтамыз.
9.2. Автоматтандыру тиімділігінің негізгі көрсеткіштері
Экономикалық тиімділікті бағалау үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Соның ішінде ең маңыздысы: еңбек өнімділігі, жылдық эксплуатациялық шығындар, капиталды шығынды өтемдеу мерзімі, экономикалық тиімділіктің нормаланған коэффициенті. Еңбек өнімділігін жоғарылату не өнімнің уақыт уақыт санымен анықталатын экономикалық тиімділіктің негізгі көрсеткіші болып табылады. Еңбек өнімділігін жоғарылату авоматтандыру есебінен еңбек шығынын азайту бойынша бағаланады:

(9.1)
және жылдық еңбекті үнемдеу бойынша:
(9.2)
Мұндағы Рн - бір өнімге еңбек шығыны немесе өндірістің автоматтандырылмаған тәсілі кезіндегі жұмыс түрі; Ра – сол сияқты өндірістің автоматтандырылған тәсілі кезіндегі; Qa – өндірістің автоматтандырылған тәсілі кезіндегі жылдық өнім өндіру.

Өндірістің жылдық экспуатациялық шығыны амортизациялық аударым, Ша ағымдық жөндеуге аударым