ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 176
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.
Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.26 № 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-тарау. Мүгедектігі бар баланың құқықтары
Ескерту. 6-тарау жаңа редакцияда - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
31-бап. Мүгедектігі бар баланың толыққанды өмірге құқықтары
1. Мүгедектігі бар баланың өз қадір-қасиетін қамтамасыз ететін, қоғам өміріне белсене араласуына ықпал ететін жағдайдағы толыққанды өмірге дені сау балалармен бірдей құқықтары бар.
2. Мүгедектігі бар бала өзінің дене бітіміне, ақыл-ес қабілетіне және тілегіне сай білім алуға, қызмет түрі мен кәсіпті таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметке қатысуға құқылы.
3. Ақыл-есінің немесе дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар балалардың ата-анасының (заңды өкілдерінің), сондай-ақ бала мен отбасының жеке талаптарына сәйкес әлеуметтік қызметкердің және басқа да мамандардың басшылығымен жасалған баланың жеке даму жоспарына сай медициналық-әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
32-бап. Мүгедектігі бар баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
1. Мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүгедектігі бар баланың денсаулық жағдайын, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оны оқытуға, кәсіптік даярлауға, лайықты жұмысты таңдап беруге және жұмысқа орналастыруға қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
2. Мүгедектігі бар балалардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, оларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында жеңілдіктер белгіленуі мүмкін.
33-бап. Мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік көмек
1. Мемлекет мүгедектігі бар балаларды қолдауға бағытталған медициналық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық шаралар кешенін жүзеге асырады.
2. Мүгедектігі бар балаларға көрсетілетін мемлекеттік көмек Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
3. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған және оның күтімін жүзеге асыратын ата-ананың және басқа да заңды өкілдердің мемлекеттік көмек алуға құқығы бар.
7-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМ
34-бап. Ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулу
1. Мемлекет балалардың Қазақстан халқының тарихымен, дәстүрлерiмен, рухани қазыналарымен және әлемдік мәдениет жетiстiктерiмен танысуына мүмкіндiк жасайды.
2. Мемлекет балалардың шығармашылық және ғылыми қабiлетiн дамыту үшiн ұйымдар құруды, кино және бейнефильмдер, теледидар және радио хабарларын шығаруды, балаларға арналған газеттер, журналдар, кiтаптар басып шығаруды көтермелейдi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi.
3. Порнографияны, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты дәрiптейтiн, адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететiн және құқық бұзушылыққа ықпал ететiн бұқаралық ақпарат құралдарын, әдебиеттi, ойын-сауық және басқа iс-шараларды пайдалану заң бойынша қудаланады.
35-бап. Бала және дiн
1. Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың дiни дүниетанымына негiзделген тәрбиеге араласпауға, бiлiм беру, тәрбиелеу, емдеу ұйымдарының және өзге де сол сияқты мекемелердiң шегiнен тыс жерлерде баланың қатысуымен дiни жоралардың жасалуына, аталған әрекеттер баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн, оның құқығын бұзатын және жауапкершiлiгiн шектейтiн жағдайларды қоспағанда, кепiлдiк бередi.
2. Кәмелеттiк жасқа толмаған балаларға қатысты дiни жоралар ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келiсiмiмен жасалады. Балаларды дiнге тарту жөнiндегi мәжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi.
36-бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау
1. Мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтiретiн әлеуметтiк ортаның, ақпараттың, насихат пен үгiттiң терiс ықпалынан қорғауға мiндеттi.
2. Салауатты өмiр салтын насихаттау мен балаға құқықтық бiлiм берудi мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бiрi деп таниды.
3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтiк бейiмделу үшiн қажеттi көмек көрсетiлуге тиiс.
4. Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады.
5. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген баланың тұрғын жайынан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуына тыйым салынады.
Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 176-IV, 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
37-бап. Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау
1. Баланың ата-анасы, басқа да заңды өкілдері, мемлекеттiк органдар, сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған бiлiм беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмiр салтын және алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi.
2. Балаға алкоголь өнімін, темекiнi және темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
3. Алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарын өндiруде немесе сатуда бала еңбегiн пайдалануға тыйым салынады.
4. Балалар тауарларын сататын сауда ұйымдарында және мәдениет мекемелерiнде, сондай-ақ балаларға арналған iс-шараларды жүргiзу кезiнде шылым шегуге, темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
5. Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында алкоголь өнiмiн сақтауға және өткізуге тыйым салынады.
Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
38-бап. Баланы психикаға белсенді әсер ететін заттардан, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғау
1. Бала психикаға белсенді әсер ететін заттарды, күштi әсер ететiн немесе улы заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудан, оларды дайындаудан, сатудан немесе өзге де таратудан қорғалуға тиiс.
2. Баланы психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуға тартқаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады.
Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
39-бап. Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау
Ескерту. 39-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Балаларға арнап нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік және діни өшпенділікті қоздыруға бағытталған, тектік-топтық ерекшелікті, соғысты, терроризмді насихаттайтын, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге және аумақтық тұтастығын бұзуға шақыру, порнография бар, балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін, сондай-ақ баланың рухани және имандылық тұрғысынан дамуына өзгеше түрде нұқсан келтіретін ойыншықтарды және ақпараттық өнімді көрсетуді, сатуды, сыйға тартуды, көбейтуді, прокаттауды және таратуды жүзеге асыруға тыйым салынады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған әрекеттердiң жасалғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады.
Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
40-бап. Баланы жезөкшелiктен қорғау
Баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
40-1-бап. Баланы денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін өнімдер айналымына тарту жөніндегі әрекеттерден қорғау
Ескерту. 40-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Баланы порнографиялық сипаттағы және (немесе) эротикалық мазмұндағы, баланың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, бейнелерді, өзге де заттарды не материалдарды дайындауға, жарнамалауға, көпшілік алдында көрсетуге немесе таратуға тарту, сол сияқты оларды балаға сату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. Заң 40-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
41-бап. Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу
Баланы соғыс қимылдарына, қарулы жанжалдарға тартуға, балалардың әскерилендiрiлген құрамаларын құруға тыйым салынады.
41-1-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау
Қазақстан Республикасы, орындалу мақсаттарына, нысандары мен әдістеріне қарамастан, балаларды заңсыз алып кетудің, ұрлап әкетудің, олармен сауда жасаудың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ оларды тұрақты тұратын еліне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.