Файл: Сабата олданылатын дістсілдермен психологиялы тренингтер жинаы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 381
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Теориясы:
«Түсіну» Неліктен? Не себепті? Не үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек меңгереді.
Бос орындарға қажетті сөздерді қой.
-
Толымсыз сөйлемнің басты ерекшелігі түсіп қалған немесе қажет болған сөзді орнына қойғанда, ол толымды сөйлемге айналады. -
Диалог жағдайында не себепті толымсыз сөйлемдер жиі кездеседі?
Диалог жағдайында толымсыз сөйлемнің жиі кездесетін себебі, яғни, сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмауы, көбінесе оның алдындағы сөйлемде айтылғандығына, жалпы,оның нетуралы екені белгілі болып тұруына байланысты.
-
Толымды сөйлемнің қасиеті қандай?
Сөйлем толымды сөйлем болу үшін айтушыға керекті сөйлем мүшелері сөйлемге түгел қатысу керек.
Теориясы:
«Талдау» 1.Салыстыр 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады
Кестедегі толымды, толымсыз сөйлемдердің жасалу жолын салыстыр, ерекшелігін тап.
Сөйлем түрі | Ойға қатысты қанша сөйлем мүшелері қатысады? | Басты ерекшелігін ата | Жасалу жолын салыстыр |
Толымды | Айтушыға керекті сөйлем мүшелерінің барлығы қатысады | Бастауыш пен баяндауыштан тұрса да, ой толық жеткізілуі мүмкін. | Қарапайым жай сөйлем |
Толымсыз | Ойға қатысты сөйлем мүшесініңбірі түсіп қалады | Түсіп қалған немесе қажетболған сөзді орнына қойғанда, толымды сөйлемге айналады. | Екі түрлі жасалу жолы бар: а) өзара желілес сөйлемдер тобында; б)диалог жағдайында |
Теориясы:
«Жинақтау»Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш; т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек.
Жаңа тақырып бойынша өз ойыңмен анықтама беріп, қорытынды жаса. Жауаптарын сәйкестендір.
Үлгі:
Не жазығым бар? | Толымсыз сөйлем |
Бұлаққа келе жатырмын. | Толымсыз сөйлем |
Кеш болды. | Толымды сөйлем |
Лепірген көңіліне шапшаң басқан аяғы ілесе алмайды. | Толымды сөлем |
Практикасы:
«Қолдану» Оқулықпен жұмыс. Тек қарапайым тапсырмалар орындалады.
1. Кітаппен жұмыс. Мысалы, жаттығу. Берілген сөйлемдерден екі толымды, екі толымсыз сөйлемдерді тауып, жасалу жолына ауызша талдау жаса.
2. Осы жаттығудан бір толымсыз сөйлемнің жетпей тұрған мүшелерін тауып, толымды сөйлем етіп шығар.
– Біздің ауылдың баласы. Екі жас үлкен. – Сейіл біздің ауылдың баласы. Ол бізден екі жас үлкен.
Практикасы:
«Баға беру»Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген сөздер тапсырма шартында болу керек.
Бұл тапсырмалар оқушылардың жоғарыда алған білімін (теориясы бойынша) және бойында қалыптасқан біліктілігін (практикалық тапсырмалар арқылы) күнделікті өмірде қолдану.
Сен қалай ойлайсың, күнделікті өмірде толымды сөйлемді жиі қолданамыз ба, жоқ толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз ба? Біз үшін қандай маңызы бар?
Бір шәкірттің ойы: Менің ойымша, біз толымсыз сөйлемдерді күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Себебі, адамдар бір-бірімен сөз арқылы қарым-қатынас жасау барысында диалог арқылы сөйлеседі және диалог барысында сөйлемге қажетті мүшелерді толық айтып жатпайды. Өйткені, олар (адамның аты-жөні, белгілі бір мәселе жайы) алдыңғы сөйлемде айтылып кеткен, не екенін белгілі. Толымсыз сөйлемдердің маңызы қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылығында.
Кері байланыс - бағалау кезеңіндегі осы материалды меңгерту кезеңі
Теориясы:
«БІЛУ» мақсатына жету үшінКім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді? т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы оқушылар тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді.
1-деңгей
-
Толымды сөйлемдерде ой қалай жеткізіледі?
Толымды сөйлемде айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысады, сондықтан ой толық жеткізіледі.
-
Толымсыз сөйлемдер қандай жағдайларда қолданылады?
Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады:
а) Өзара желілес сөйлем тобында. Мысалы, Қарлығаштар тағы келді. Тағы кетті. Қайта-қайта келе берді.
э) Диалог жағдайында (екі не бірнеше адамның сөйлесуінде) жиі кездеседі.
Яғни, ойға қажетті мүшенің айтылмауы оның алдыңғы сөйлемде айтылғандығында, жалпы, ойдың не туралы екені белгілі болып тұруына байланысты. Мысалы,
-Айару! - деді Қамқа әжесі, - анау сөмке сенікі ме?
-
Менікі. -
Ауыр ма? -
Жеңіл.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»қарапайым үлгідегі тапсырмалары орындалады.
Мына сөйлемді толымды сөйлемге айналдыр, сөйлемдердіқұрылысына қарай талдап, ерекшелігіне тоқтал.
Оңаша қоштасты. Абай Ділдәмен оңаша қоштасты.
Талдау үлгісі: қоштасты – етістіктен болған баяндауыш;
Абай – атау тұлғалы зат есім;
Ділдәмен – зат есімнен болған толықтауыш;
Оңаша – үстеуден болған пысықтауыш.
Теориясы:
«ТҮСІНУ»Неліктен? Себебі? He үшін? Неге? т.с.с.сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек меңгереді.
-
Жай сөйлемдер неліктен толымды, толымсыз болып екіге бөлінеді?
Себебі:
а) Толымды сөйлемде ойды жеткізуде айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысады. Мысалы:Ол кешке дейін барлық жұмысын түгел аяқтады.
ә) Толымсыз сөйлемде ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалады. Мысалы: Шараны сайладьқ.
-
Диалогта неге толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз?
Себебі: Екі не бірнеше адамның сөйлесуі кезінде ойға қатысты сөйлемдерді қайталап айта бермеу үшін, ол сөздердің алдыңғы сөйлемде айтылғандығына байланысты жиі қолданамыз.
Теориясы:
«ТАЛДАУ»1. Салыстыр. 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4. Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе, 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
Мысалы, жаттығудағы берілген мәтіннен бір шешендік сөзді алып, сөйлемдерін толымсыз сөйлемге айналдыр.
Үлгі: Үргеніш шешені:
-
Сөз анасыне? -
Су анасы не?
-Жол анасы не? - деп сұрайды.
Сонда Сырым батыр:
-
Сөз анасы– құлақ, -
Су анасы- бұлақ, -
Жол анасы- тұяқ!- деп жауап береді.
Толымсыз сөйлем: Үргеніш шешені: Сөздің, судың, жолдың анасы не? – деп сұрайды.
Сырым батыр: Сөздікі – құлақ, судікі – бұлақ, жолдікі – тұяқ! – деп жауап береді.
-
Шешендік сөздің көркемдігіне нұқсан келе ме, жоқ па? Себебін айт.
Толымды сөйлемді толымсыз сөйлемге айналдырғанда, шешендік сөздің көркемдік нұсқасына нұқсан келеді. Ссбебі: ырғақ, ұйқас өзгереді.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ» Қарапайым тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады. Оқулықтағы жаттығуды орында (екі толымды, екі толымсыз сөйлемді теріп жаз. Толымды сөйлемде айтылмай қалған сөзді анықта)
Толымды сөйлемдер:
-
Бірақ атайтын кісі бұл жиыныңнан табылмайды дen тe айтпаймын. -
«Осының бірі лайық қой» - деген қошеметші де бұл жиында жоқ емес.
Толымсыз сөйлемдер:
-
Сендер кімнің төбе би болатынын атамадыңдар ғой. -
Асыл ағаң болыс та, би де боламын деп өктеген де емес.
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш, т.б.сөздер тапсырма шартында болу керек. Сұрақтарға жауап беру арқылы бос торларды толтыр.
Үлгі:
1) ж | А | л | а | ң | | | |
2) ж | А | қ | с | ы | з | | |
3) ж | А | қ | т | ы | | | |
4) т | О | л | ы | м | с | ы | з |
-
Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем қалай аталады? -
Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрі. -
Құрамында бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы тауып алуға болатын сөйлем. -
Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлемнің түрі.
Практикасы:
«БАҒА БЕРУ» Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? сұрақтары қатыстырылған тапсырмалар болуы керек.
-
Төменде берілген сөйлемдердің құрылысы қалай жасалған?
Мен оны таныдым. Ағам! Атақты ағам! Аты осы атырапқа әйгілі ағам! Бейшара, бақытсыз ағам! Жүрегім аузыма тығылды. Көкірегіме өксік толды. Көзіме жас келді.
Бұл толымсыз сөйлемдер, оларды өзара желілес сөйлемдер тобына іріктеу арқылы жасалған.
-
Сен қалай ойлайсың? а) бұл толымсыз сөйлемдерді толымды сөйлемдерге айналдырсақ, автордың ойын көркемдеп жеткізу тәсіліне нұқсан келе ме? ә) егер нұқсан келсе, себебін түсіндір; б) мұндай баяндау әдебиеттің қай түрінде кездеседі?
Шәкірт пікірі: Менің ойымша: а) жоғарыда берілген толымсыз сөйлемдерді толымдыға айналдырсақ, автордың айтқысы келген ойына ңұқсан келеді; ә) себебі, ол сөйлемдердегі қажетті мүшелердің айтылмауы арқылы автордың жан тебіренісі байқалып тұр және кейінгі ойда алдыңғы ойдың желісі үзілмеген; б) мұндай баяндау көркем әдеби шығармаларды жиі кездеседі.