Файл: Шріпханов с. Д., Румянцев ю. В., Маышев ж. К, Мазеев д. Т. Имарат пен рылысты рт ауіпсіздігін амтамасыз етуді жалпы Аидаттары 1516000 рт ауіпсіздігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 2047

Скачиваний: 11

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдинг» коммерциялық емес акционерлік қоғам ШӘРІПХАНОВ С.Д., РУМЯНЦЕВ Ю.В., МАҚЫШЕВ Ж.К, МАҒЗЕЕВ Д.Т.

ҒИМАРАТ ПЕН ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАТТАРЫ

1516000 – «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесі үшін өзектендірілген типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша оқу құралы ретінде әзірленді Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ 699.8 (075.8) КБЖ 38.59 я7 Ғ71 Ғимарат пен құрылыстың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары: Оқу құралы/2019. – С.Д. Шәріпханов, Ю.В. Румянцев, Ж.К. Мақышев, Д.Т. Магзеев - Нұр-Сұлтан: «Кәсіпқор» коммерциялық емес акционерлік қоғам, 2019 ж. ISBN 978-601-333-836-1 Оқу құралында өрттің жану және сөндіру теориясының заманауи тұжырымдамалары негізінде жасалған негізгі қағидат, алгоритмдердің және өрт қауіпсіздігі жүйесінің, өндірістік және қызметтікқ үрдістің жарылыс және өрт қауіптілігін анықтау қағидаты, ғимарат құрылымының отқа төзімділігі саласындағы тәжірибелік және теориялық зерттеулердің мазмұнын, өрт қауіпті факторлардың пайда болу, таралу және әсер ету заңдылықтары жинақталған. Нұсқаулық ғимарат пен имараттың өрт қауіптілігін, олардың отқа төзімділігіне арналған инженерлік шешімдерді және өрт туындаған кезде адамдар мен материалдық құндылықтарды қауіпсіз көшіруді талдауға негізделген. Өртке қарсы практикалық қызмет органдарының қызметкерлері мен экономикалық және әлеуметтік нысандардың өрттің алдын-алу жағдайын қамтамасыз етуге қатысатын лауазымды адамдармен кездесетін өзін-өзі бақылаудың, қолданбалы және жағдаяттық мәселелерінің тізімі келтірілген. «Ғимарат пен құрылыстың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары» оқу құралы 1516000 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің типтік оқу бағдарламасының ПМ01-ПМ03, ПM09-ПM10 кәсіби модульдерінің жекелеген мазмұны бойынша білім, дағдыларды алуға арналған оқу материалын сипаттайды және кәсіптік қызметтің осы саласындағы білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған. ӘОЖ 699.8 (075.8) КБЖ 38.59 я7 Рецензенттер:

  • Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, «Геология, тау-кен өнеркәсібі, пайдалы қазбаларды өндіру, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайда қорғау» бейіні бойынша оқу – әдістемелік бірлістігі;

  • «Сартай» оқыту және құтқару орталығы» ЖШС.

«Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен ұсынылған © КеАҚ Холдинг «Кәсіпқор», 2019 «Delta Consulting Group» ЖШС аударған Мазмұны Кіріспе 5

  1. тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық негіздері 6

    1. Негізгі түсініктер мен анықтамалар 6

    2. Жану туындау шарттары және өрттің топтастырылуы 8

    3. Нысанның өрт қауіпсіздік жүйесін әзірлеу қағидаттары 14

      1. Өрттің алдын алу жүйесі 17

      2. Өрттен қорғаныш жүйесі 18
1.3.3. Ұйымдастыру техникалық шаралар жүйесіне қойылатын талаптар 19 20

  1. тарау. Ғимарат пен құрылыстың өрт қауіпсіздігіне талдау жасау 22
негіздері.

    1. Заттек пен материалдардың өрт жарылыс және өрт қауіпсіздік 22
көрсеткіштері

    1. Заттек пен материалдардың жанғыштық топтары 24

    2. Ұшқын және жалындау температурасы 25

    3. Жалын таралуының шоғырланған шектері 27

    4. Заттек пен материалдың өздігінен жалындану температурасы 31

    5. Өрт қауіпсіздігі деңгейі бойынша ғимарат пен құрылыстың
топтастырылуы 34

  1. тарау. Өрт таралуына шектеу жасау 46

    1. Өртке қарсы бөгеттің жұмсалу мақсаты мен құрылымы 47

    2. Өртке қарсы қабырғалар мен аймақтар 49

    3. Өртке қарсы бөгеттер 51

    4. Өртке қарсы жабындар 52

    5. Өртке қарсы үзінділер 54

    6. Өртке қарсы перде мен экрандар 55

    7. Су тосқауылдар 57

    8. Минералданған жолақтар 60

  1. тарау. Өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды 62
қамтамасыз ету қағидаттары

    1. Өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау шарттары 62

    2. Эвакуациялық мен шығу жолдарын қалыптау 67

    3. Баспалдақ арқылы эвакуация жолдары 71

    4. Өрт кезінде эвакуациялау жоспары 78

    5. Эвакуациялау бойынша жаттығуларды дайындауды ұйымдастыру 81

      1. Өрт кезінде эвакуациялау бойынша жаттығуларын өткізу тәртібі 84

      2. Жаттығу нәтижесін талдау және оның қорытындысын шығару 85

      3. Өрт кезіндегі адам тәртібінің психологиялық ерекшелігі 86

      4. Жанып жатқан ғимараттан эвакуациялау бойынша ұсыныстар 88

      5. Өрт кезінде зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек 90

  1. тарау. Өртті жою үшін жағдай жасау 93
5.1. Өрт нысанына өрт сөндіру бөлімшесінің келу уақытын анықтау 93

    1. Ғимаратқа көлікпен келу құрылғылары 94

    2. Өрт сатылары 97

    3. Өртке қарсы сумен қамту 98


  1. тарау. Ұйымдар мен мекемелерде өрт қауіпсіздігі шараларына 104
оқытуды ұйымдастыру және жүргізу

    1. Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізуді ұйымдастыру 104

    2. Өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқытуды
ұйымдастыру 109

    1. Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықты әзірлеу ережелері 112
6.3.1 Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтың мазмұны 113 Қорытынды 119 1-қосымша. Түрлі материал жану кезіндегі өрттің температурасы 120 2-қосымша. Жылу сәулесінің жанғыш затқа әсері 120 3-қосымша. Өрттің кей түрі кезінде химиялық заттек бөлінуі 121 4-қосымша. Өрт сөндіру кезінде қолданылатын өрт сөндіру құралдары 121 5-қосымша. Кейбір газдардың, сұйықтықтардың және оларды 122 сөндірудің құралдарының өрт қауіп көрсеткіштері Пайдаланылған әдебиет тізімі 123 Кіріспе Өрттің салдарынан болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар табиғат пен қоғамға, оның материалдық және рухани адамгершілік құндылықтарына айтарлықтай зиян келтіреді. Мысалы, АҚШ-тың Ұлттық өрттен қорғаныс қауымдастығы (NФPA: National Фire Protection Association) нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың 43% өрттен кейін бірден өндірісті қалпына келтірмейді, кәсіпорындардың 28% үш жыл ішінде қалпына келтіреді және кәсіпорындардың тек 23% өрттен кейін қалыпты режимде жұмыс істейді деген дерек келтіреді [18]. Адамзат дамуының қазіргі кезеңіндегі өрт қаупі жағдайының күрделенуі ғылыми-техникалық үрдістің күшеюімен, жаңа технологиялар, машиналар мен жабдықтардың пайда болуымен, экономиканы электрмен жабдықтаудың өсуімен байланысты. Осы және басқа да көптеген фактор сөзсіз өрттердің көбеюіне және олардан келетін әлеуметтік-экономикалық шығындардың өсуіне әкеп соғады. Екінші жағынан, ғылыми-техникалық үрдістің арқасында ғарыштық жоспарлау шешімдерінде биік және ерекше ғимараттарды жобалаудың жаңа тәсілдері жасалуда («ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі «Нұр Әлем» көрме павильоны), жаңа техникалық жүйелер жасалуда, робототехника дамуда, өрт сөндіру құралдары жетілдірілуде (Novec1230 сөндіргіш, ең жақсы сөндіргіш және экологиялық қасиеттері бар). Сонымен, Қазақстан Республикасында қабылданған өрт қауіпсіздігі жүйесінің әдіснамалық негізі болып өрттер кезіндегі жанудың пайда болуы мен дамуы теориясы, өндірістік және қызметтікқ үрдістердің жарылыс және өрт қауіптілігін анықтау қағидаты, құрылыс құрылымының өртке қарсы тұрақтылығы саласындағы эксперименталдық және теориялық зерттеулер, қауіпті факторлардың пайда болуы мен әсер етуінің компьютерлік модельдерін зерттеу және салу болып табылады.
Сонымен қатар, соңғы жылдары өрт, жарылыс, сондай-ақ өрт бөлімдерінің жедел қызметін математикалық модельдеу саласында белсенді зерттеулер жүргізілуде. Оқу құралының мақсаты - өрт қауіпсіздігі жүйесінің нормативтік, құқықтық, әлеуметтік және экономикалық мәнін зерттеу, сондай-ақ өртке қарсы жүйелерді дамытуда өртке қарсы қызметтің ғылыми-зерттеу және практикалық іс-әрекетінің бар тәжірибесін жүйелеу. Оқу құралы «Төтенше жағдайлардағы қорғаныс» және «Өрт қауіпсіздігі» мамандықтарының білім алушыларына арналған. I тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық негіздері 1.1 Негізгі түсініктер мен анықтамалар Құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің кәсіби тілі кез-келген құбылысты, ауаның жай-күйін, жағдайын, әрекетін, техникалық құрылғысын не өз қызметіндегі нормативтік ұстанымды (талапты) сипаттауға арналған арнайы терминдерден тұрады, олар бір мәнді мағынасымен ерекшеленеді. Маңызды! Қалыптық-құқықтық не өзге актідегі әр сөздің тек бір ғана мағынасы бар. Термин мен заң қалпын жазылған күйінде түсіну қажет. Оқу құралында пайдаланылған терминдер тізімі 1.1-кестесінде келтірілген. 1.1-кесте. Пайдаланылған терминдер тізімі

Вестибюль: Келушілер ағынын қабылдауға және таратуға арналған ғимараттың ішкі бөлігіне кіре беріс алдындағы бөлме [5].



Жану: Заттың экзотермиялық тотығу реакциясы, кем дегенде үш фактордың бірі: жалын, жарқыл және түтін.



Түтін: Толық емес жанудың ұшпа өнімдері.



Ғимарат: Адамдардың тұруы не күн кешу, өндірістік тапсырысты орындау, сондай-ақ материалдық құндылықты сақтау үшін пайдаланылатын, қызметтікқ мақсатына байланысты жер бетіне міндетті түрде жабық көлемді құрайтын, жүк көтергіш және қоршаушы құрылымдардан тұратын жасанды құрылым. Ғимараттың жерасты бөлігі болуы мүмкін

[4].



Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету: Нормативтік-құқықтық актілерді, өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын, сондай-ақ өртке қарсы шараларды қабылдау және сақтау.

Жалын: Жану аумағының көрінетін бөлігі.

Өрт: Адам өмiрi мен денсаулығына қатер төндіретін, зиян келтiретiн, жеке және заңды тұлға, қоғам мен мемлекет мүддеciне материалдық нұқсан келтiретiн бақылаусыз жану.

Ғимараттың өрт қаупі: Өрттің болу ықтималдығымен және күтілетін залалдың мөлшерімен сипатталатын нысанның жағдайы.

Нысанның өрт қаупі: Өрттің қауіпті факторлары, соның ішінде олардың қайталама көріністері арқылы зиян келтіру мүмкіндігі.

Өрттің алдын алу: Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өрттің алдын алуға, оның таралуын шектеуге, сондай-ақ өртті сөндірудің сәтті өтуіне жағдай жасауға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық шаралар кешені.

Өрт қауіпсіздік ережелері: Нысанды салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары мен стандарттарын сақтау тәртібін белгілейтін ережелер жиынтығы.



Түттінге қарсы қорғаныш: Адамдарды түтінге, температураның жоғарылауына және улы жану өнімдеріне жол бермеуге бағытталған ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық құралдар кешені.

Өртке қарсы режим: Азаматтар үшін белгіленген мінез-құлық ережелері, өндірістікшаруашылық қызметті ұйымдастыру тәртібі, өрт қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының бұзылуын болғызбауды қамтамасыз ететін құрылым, ғимарат, үйжайларды (аумақтарды), өндірістік және арнайы құралдарды ұстау шарттары.

Өрт қауіпсіздік жүйесі: Өрттің және оның шығынының алдын алуға бағытталған


ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық құралдар кешені.

Өрттің алдын алу жүйесі: Өрт жағдайларын жоюға бағытталған ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық құралдар жиынтығы.

Өрттен қорғану жүйесі: Адамдарды қауіпті өрт факторларының әсеріне жол бермеуге және олардан болатын материалдық шығындарды азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық құралдар жиынтығы.

Құрылыс: Табиғи не жасанды кеңістіктік шекаралары бар және өндірістік үрдістерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға не адамдардың, тауарлардың және адамдардың уақытша тұруына (қозғалысына) арналған жасанды түрде жасалынған көлемді, жазықтық не сызықтық объект (жер, жер үсті және (не) жер асты, суасты); жабдықты не коммуникацияларды орналастыру (төсеу, сымдау). Құрылым көркемдік, эстетикалық, сәндік, қолданбалы не мемориалдық мақсатта болуы мүмкін [3].

Өрт кезінде адамдарды құтқару: Аумақты өздігінен тастай алмайтын адамдарды қауіпті өрт факторларына ұшыратуға болатын жерлерге көшіру бойынша іс-шаралар.

Ыдыс – сұйықтықты жылытатын ыдыс.

Өрт кезінде адамдарды көшіру: Адамдарды қауіпті өрт факторларының әсер ету мүмкіндігі бар аймақтан мәжбүрлеп көшіру үрдісі.
Атау, құжат, терминдердің оқу құралында қабылданған қысқартулары

  1. 2-кестесінде ұсынылған.
1.2-кесте. Атау, құжат, терминдердің қабылданған қысқартулары

Терминдер атауы

Қабылданған қысқартулар

ГПС/МӨқҚ

Өртке қарсы мемлекеттік қызмет

НГПС/МеӨқҚ

Өртке қарсы мемлекеттік емес қызмет

ОФП/ӨҚФ

Өрттің қауіпті факторы

ППБ/ӨҚЕ

Өрт қауіпсіздік ережелері

СН/ҚҚ

Құрылыс қалыптары

СП/ҚЕ

Құрылыс ережелері

ТР/ТР

Техникалық регламент

НТП/ҚТН

Қалыптық техникалық нұсқаулық

ТП/ТЖҚ

Технологиялық жобалау қалыптары

ГОСТ/МемСТ

Құрылымтағы мемлекетаралық стандарт

СТ РК/ҚР ҰС

Қазақстан Республикасы Құрылым саласының ұлттық стандарты

ЛВЖ/ЖТС

Жеңіл тұтанушы сұйықтық

ГЖ/ЖС

Жанғыш сұйықтық

ПУЭ/ЭОЕ

Электрқондырғы орнату ережесі

ПВПО/ЖӨҚК

Жарылысөрт әрі өрт қауіп көрсеткіштері

АУПТ/ӨСАҚ

Өртсөндіру автоматтық қондырғысы